Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница8/12
Дата конвертации05.11.2012
Размер1.32 Mb.
ТипЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бақылау сұрағы:

1.Облыстағы оқу –ағарту ісі облыста қалай ұйымдастырылды.

2.Рухани отарлау жолы-миссионерлерлердің қызметі қандай болды.

Әдебиет.

1.Черныш П.М. Очерки истории Костанайской области. Костанай. 1995.

2. Костанай: вчера, сегодня, завтра. Алматы: 1979.

3. Мехонцев Н.И. Костанайская область. Челябинск. 1955.

4. Батищев – Тарасов С.Д. Большой Тургай. М. 1959.

8. Тақырыбы: ХХ ғ бас Қостанай уезіндегі қоғамдық-демократиялық қозғалыстар.

Мақсаты: Қазақ интеллегенциясының қызметіне тоқталу, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептерін ,барысын ашып көрсету.

Жоспары:

1.Қазақ интеллегенциясының қызметі.

2.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

3. Азамат соғысы жылдарындағыҚостанай.

1.Демократиялық-ревалюциялық қозғалыстар

XIX-XX ғасырларда Тобыл өзенінің бойында ең бірінші орыс қоныс аударушылары қоныстанғанда Қостанай қаласы пайда болды.1895 жылы шыққан энцоклопедиялық сөздікте бұлай жазылды. «Қостанай Американдық үлгідегі сияқты ерекше қарқынмен өсті делінді». ХХ ғасырлардағы Қостанайдың қоғамдық өмірін жазған газеттерде оны Орыс-Қазақ чикагасы деп атады.Бұл эпитеттің астында қоғамдық өмірдің үлгілері жер іздеп қиналған шаруалар өз шаруашылығын қалағысы келген адамдар айтылды.

Патша Үкіметі Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныстандыру арқылы аграрлық ретсіз нәтижелерді және ревалюциялық қозғалыстарды басқысы келді. Бұл қозғалыстар ХIХ ғасырдың аяғында үлкен мәнге ие болды.

Сонымен қатар Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыру арқылы үкімет қазақ халқымен күрес үшін колонизациялар қойғысы келді. Елде аграрлық қозғалыстың өсуіне байланысты шаруалардың ,үкімет шаруаларды басу үшін басқа да әдістер қолданды. Солардың бірі аграрлық көтерілістің қатысушыларын империяның басқа райондарына жөнелерттіру болды.

1904-жылғы 29-қаңтардағы патша үкіметінің жарлығы бойынша тыңдалмаған шаруалар үшін жергілікті жерлерге қоныс аудартты. Сол бұйрық бойынша Торғай облысынан шаруалар Домск, Бессарабск, Волинск және т.б жерлерге қоныс аудартылды. 1913-жылғы Торғай облысының Қостанай және Ақтөбе уездері Қазақстандағы шаруалар үшін алдыңғы қатарда болды. 1904-1907 жылдары аталған губерниялардан облысқа 565 отбасы, 1907-1909 жылдары 538 отбасы қоныс аударды.

Қостанай уезінен қоныс аударған отбасыла: 1911-384, 1912ж-573 және 1913ж-580. Торғай облысынан сонымен қатар жұмысшы қозғалыстары да қоныс аударды. Мұндай жұмысшылар саны 1912 жылы облыс бойынша 226 адам болды.

ХХ ғасыр басында уезд Ресей экономикасына қосыла бастады. Жер және мал шаруашылық өнімдері өсті. Сауда және шикізет өнімдерінің өсуі аймақта ревалюциялық ойлардың өсуіне алып келді. Уездегі жұмысшы отрядтарының жағдайы қиын болды. ХХ ғасыр басында Қостанай қаласы тек әкімшілік-іскерлік орталығы ғана болған емес, мұнда мұғалімдер мен жұмысшылардың саны көп болды. Қаланың қоғамдық саяси өміріне ең бірінші ықпалын тигізген қала және ауыл мұғалімдері болды. 1905 жылы 9 қаңтарда Петербургте бейбітшілік демонстрациясы солдаттармен атылды.

. Соның нәтижесінде 5000-нан астам адам өлтірілді. Елде ревалюция басталды. Бұл оқиғаның салдарынан Қостанай қаласының тұрғындары да үлкен зардап шекті. Январлық оқиғалар Қостанай қаласының тұрғындарына қатты әсер етті.

Осы жылдары Мұхаммеджан Сералин әдеби дарынға ие бола отырып, осы жылдары патша үкіметін сынайтын шығармалар жазды.

Бұл шығармалар қазақ даласында кең тарады және ол шығармалардың көбі С. Ужгиннің аудармасымен орыс мектеп мұғалімдеріне де таныс болды.

1905 жылдары әр түрлі саяси ағымдар қаланың қоғамдық әсеріне әсер етті. Социал демократияны жақтаушылар большевиктер мен меньшевиктер болды.Большевиктер қатарында с.Ужгин, З.Толстых, Д.Пустовалов болды. 1906 жылы қалада «Союз-Русского народа» атты реакциялық ұйым ұйымдастырылды.

1905 жылы Ресейде мемлекеттік дума құрылды. Қостанайда белсенді сайлаушылар либералдар мен эссерлер болды.Қостанайда сайлаушылар атынан бірінші мемлекеттік думаның депутаты болып Федоровск селосынан Д.Некифор және қазақ халқының ішінен юрист Ахмет Беремжанов болды.

1906 жылы жаз айында Қостанай қаласының қоғамдық өмірінде үлкен өзгеріс болды. Ол уақытша көтерілістер қарақшылық,әрекеттер және өрт туралы өсек-аяңдар болды. Жергілікті большевиктер мұны жергілікті полициялардың ойлары деп ойлады.

6 тамызда қала шетінде Тобыл өзенінің бойында большевиктер митингтер өткізді. Митингті басуға келген полицилерді митингке қатысушылар ревалюциялық әнмен қарсы алды. Бір апта өткен соң Қостанай қаласында полицейлердің ісін әшкерелейтін жарнама парақтары таратылды.

Бұл парақтарды тарату үкімет жиналысының болуымен байланыстыруға болады. 1906 жылы желтоқсан айында департамент полициясының директоры, Торғай облысының губернаторына саяси-қуғын сүргінді ұйымдастыру туралы мәліметпен келді. 1907 жылдың басында екінші мемлекеттік думаға сайлау басталды. «Торғай газетінің» тағы бір санында айтылғандай Қостанай да бұл сайлаулар 1906 жылдың күз айында басталды.

Екінші мемлекеттік думаның тағдыры ұзаққа созылған жоқ. 1907 жылы 3 маусымда патша манифесі бойынша екінші дума таратылды.

2.Қазақ интеллегенциясының қызметі.

ХIХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресей құрамына толығымен қосылды. 1867-1968 жылдары басталған әкімшілік соттық реформа Қазақстанда империя құрамында жаңа саяси құқықтық статустың қалыптасуына алып келді. Осы үлкен колонниалдық аппаратты басқару үшін көптеген шенеуніктер қажет болды. Елде капиталистік қатынастардың дамуы қазақ қоғамындағы білімнің қажеттілігіне алып келді.

Бұл білімдерді жақын аймақта орналасқан Ресей қалаларындағы білім мекемелерінен алуға болатын болды. Осындай тарихи жағдайда қазақ интелегенциясының қалыптасуы басталды.

ХIХ ғасырдың ортасында Торғай облысындағы кадрларды дайындайтын патшалық әкімшілік орталығы Омск және Оренбург қалалары болды.

Бұл қалаларда негізгі әскери типтегі оқу орындары- кадет корпустары болды. Орыстар мен қатар мұнда қазақ білгірлері-би, сұлтандардың балалары оқыды. Омск қаласындағы Сібір кадет корпусын бітірген әйгілі ғалым-шығыстанушы Ш.Уалиханов болды. Ол Аманқарағай аймағының сұлтаны-билеушісінің ұлы еді.

ХIХ ғасырдың 50 жылдары Ш.Уалихановпен қатар Неплюв кадет корпусын Қостанай уезінен шыққан ағйынды Сидалиндер- Альмуханбет және Тілеу аяқтады. Бұл оқу орнын аяқтаған Аристократтың балалары болашаққа еш қиындықсыз қарады.

Мыс: А.Сидалин Иргизде уездік судья болып жұмыс істеді. Т.Сидалин Қостанай уезінің басшысының бірінші көмекшісі болды.

ХIХ ғасырдың 70 жылдары Оренбург және Троицк гимназиясының толық курсын бітірген Торғай облысының жастарына империяның жоғарғы оқу орындарына есік ашық болды.

Бұл оқу орнының ең бірінші студенттері болып қазақ бюрократиясының балалары болды. Гимназияда оқыту қазақ тұрғындарына жиналған ақша арқылы жүргізілді.

Осы қаражат арқылы Казань, Санк-Петербург, Москва қалаларының жоғарғы оқу орындарына шәкіртақылар дайындалды.




Оқу орнының атауы

1890ж(адам)

1895ж(адам)

1

Санк-Петербург университеті

1

1

2

Казань университеті

-

3

3

Казань ветеринарлық институты

-

2

4

Троицк гимназиясы

6

6

5

Орнбург гимназиясы

12

12

6

Оренбург-қазақ мұғалімдер мектебі

22

28

7

Красноуфимск шикізат кәсіби білім беру орталығы

8

1

8

Казань мұғалімдкр семинариясы

-

3

9

Қорытынды

49

59


Бірақ мұнда оқитындар саны болды және бұл оқу орнындағы курсты толық аяқтау бәріне бірдей мүмкін болған жоқ. Орыс тілін жетік білмеу, қаражаттағы қиындықтар және басқа да себептер оқуларын аяқтамауына үлкен әсер етті.

1867 жылғы Ресей империясының бірінші санағы бойынша Торғай облысындағы Қазақ тұрғындарының ішінен 63 адам ғана жоғары білімді болды. Бұл жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар негізінен соттар, сот тергеушісі және ауыл мектептерінде мұғалім болды.

1905 жылдың соңында Бөкейханов пен Қаратаевтың ұсынысы бойынша ұлттық саяси партия құрылды. Желтоқсан айында Қазақстан бойынша бес облыста мындай партиялар болды. Слонымен қатар татар газет «Факер» Орал қаласында шығатын қазақ кадеттерінің пронграммасы көрсетілді.

1913 жылы қарашада Торғай губернаторының Қостанай қаласында жер туралы мәселе қаралды.Қазақ прессасының қызметі Оренбург әскери губернаторының бақылауында болды.

Өзінің ұсыныстары арқылы ол «Айқап» және «Қазақ» газетіне Ресей империясын тигізген кесірі үшін ақшалай айыппұл салып отырды. «Айқап» «журналы» қазақ халқының тарихында үлкен роль атқарды.

2. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс . Торғай уезі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының ірі ортальщтарының бірі болды. Мұнда қазақ шаруаларының күресі мейлінше табанды болып, ұзаққа созылды. Жергілікті ауылдық-болыстық әкімшілік басқарудан аластатылып, билік көтерілісшілердің қолына көшті. Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, өз руластары арасында беделі өте жоғары болған Әбдіғапар (Өбділғафар) Жанбосыновты өздерінің ханы етіп сайлады. Сайланған хан Шыңғыс ұрпақтарынан шықпаған еді, сондықтан өзін "әмір" деп жариялады.

Көтеріліске шыққан халық ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Кеңесары Қасымовтың ең жақын серіктерінің бірі, Нияз бидің руласы, атақты Иман батырдың немересі Амангелдіні — еңбекшілер мүддесін қорғауда сыннан өткен әрі батыр, өрі шешенді өздерінің сардарбегі — қолбасшысы етіп тағайындады.

Торғайдағы көтеріліс ошағы биліктің орталықтандырылуымен, көтерілісшілер қозғалысын басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен ерекше болды. Әскери оқу мәселелеріне Әскери Кеңес баса назар аударып отырды. "Кеңес, — деп еске түсірді Ә. Т. Жангелдин, — көтерілісшілерді қарумен жөне оқ-дәрімен жабдықтау мәселелерімен жанын сала айналысты. Біз бірнеше ұстахана ұйымдастырдық. Онда біздің ұсталар өскерге алынудан Атбасардан, Ақмоладан, тіпті Семейден де қашып келген жұмысшылармен бірге бытыралы мылтықтарды, аңшылық және ескі білтелі мылтықтарды қайтадан қалпына келтіріп жөндеді, пышақтар, балталар, семсерлер соқты... Біз өзіміз оқ-дәрі жасап, бытыра құйдық, ер-тұрман дайындадық".

1916 жылғы қыркүйекте Торғай уезінде Амангелді көтерілісшілердің үлкен отрядын құрып, қару өндіруді ұйымдастырды және көтерілісшілерді әскер өнеріне өзі үйретті. Осы уақтқа қарай олардың жалпы саны 20 мыңга дейін жеткен еді. Көтерілісшілер қатарын Ырғыздан, Қостанайдан, Ақтөбеден, Байқоңыр кенішінен, Шоқпаркөл таскөмір кеніштерінен, Орынбор-Ташкент темір жолынан келген жұмысшылар толықтырды. Қазан айында Торғай және Ырғыз уездерінде көтерілісшілердің 20 шақты отрядтары болды. Торғайдың әскери губернаторы ішкі істер министрлігіне телеграфпен былай деп хабарлады: "Торғайдың өзінен бір апта мерзімде жетуге болатын Шоқпаркөл таскөмір кенішінде елеулі тәртіпсіздіктер жасалып, күш колданылды, мүлік талауға салынып, барлық қырғыз (қазақ) жұмысшылары қашып кетті".

А. Иманов Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола жөне Семей облыстарының көтеріліске шыкқан қазақтарының басын біріктірді. Қазақ әскери округі Бас штабының бастығы генерал Сандецкийдің 1916 жылғы 26 қарашадағы деректеріне карағанда, Торғайдағы кетерілісшілердің саны 50 мың әскерге дейін жеткен.

Көтерілістің сардарбегі А. Иманов халық даналығы мен қаһармандығының үлгі-өнегесін бойына жинағанын іс жүзінде дәлелдеді. Ол ұрыс жүргізудің өзіндік тактикасын ойлап тапты: мергендерден ерекше отрядтар құрып, оларды шағын құмдардың арасына орналастырды, жазалау отрядтарының коммуникациясына тез қимылдайтын атты әскер жіберіп отырды. Жазалаушылар Торғай көтерілісшілерінің "әскери сап құратынын, колоннамен лек-лек болып жүріп, бірден лап қоятынын; тынығу кезінде тосқауыл қойып қорғанып, 25 шақырымнан астам жерге шолғыншылар жіберіп отыратынын"1 мойындауға мәжбүр болды.

Қазан айының аяғында Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оларды талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаврентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы экспедициялық корпус жіберді.

Торғайға беттеген жолында жазалаушылар отряды қазақ ауылдарын шапты. Сол жылдардағы оқиғаларды көзімен көріп, куә болған публицист В. Бегман кейіннен былай деп жазды: "Ауылдар өртенді, ал дүние-мүлікпен бірге оған қуып тығылған тірі адамдар да жалынға оранды. Азаппен өлуден құтылу үшін қырғыз әйелдері биік шыңнан төменге басымен құлады".

Торғайды ала алмайтын болғандыктан көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, қарашаның орта шенінде Түнқойма почта станциясының маңында Торғайға жакындап келген патша отрядына шабуыл жасады.

Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына ірге теуіп, партизандық күрес әдісіне көшті. Шағын отрядтарға бөлінген олар кенеттен шабуыл жасап, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Сардарбек Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр отрядының ер жүрек жігіттерінің құйындай ұйтқытып жасаған шабуылдары жазалаушылардың зәресін ұшырды. Амангелді сарбаздары жазалаушылар отрядтарына Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал-үрпек түбіндегі шайқастарда, Торғайды қоршаған кезде табан тіресе қарсылық көрсетті.

Қозғалыстың сипаты, жеңілу себептері және тарихи маңызы

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатта болды. Ол Шығысты қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі болған еді.

Қазақтардың ата қоныстарына Ресей мұжықтарын қоныстандыру арқылы жүргізілген отарлау саясаты қарқын алған сайын көптеген орыс-украин поселкелері мен қазақ станицалары пайда болған аймақтардағы қозғалыс орыстарға қарсы айқын аңғарылған сипат алды. Атап айтқанда, Жетісу облысында осылай болды, онда қоныстанушылардың 94 селосы көтерілісшілердің шабуылына ұшырады. Ұлтаралық кақтығыстардың салдарынан орыстар мен украиндардан 1905 адам еліп, 684 адам жараланды, Жазалау отрядтары не бары 171 адамын жоғалтты.

Отаршылдық психологиямен уланып, патшалық генералитет пен отаршыл әкімшілік айдап салған патша чиновниктері, қоныстанушы шаруалар, қазақтар империялық саясат жүргізді. Олар жауынгерлік жасақтарға, жазалау отрядтарына, қазақ ауылдары мен қырғыз ауылдарын ойрандауға қатысты. Осындай жағдайда IV Мемлекеттік думаның кадет және эсер фракциясы көтерілісшілерді жақтап, орыс демократиясының ар-намысын корғады.

Халық-азаттық соғысының жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, аймақ ауқымында "ұйымшылдықтың жеткілікті болмауы еді. Патша үкіметі қалыптасқан жағдайды бағалап, халық қозғалысына қарсы шүғыл шаралар қолданды. Оның үстіне күш те соның жағында болды. Ол қоныстандыру козғалысы жеделдете жүргізіліп жатқан аймақтарда орыс, украин шаруалары, қазақтар және қазақ, қырғыз шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылықтарды пайдалана білді. Саны аз жергілікті пролетариат оқиғалардың барысына өлімде азды-көпті елеулі ықпал жасай алмады. Қозғалыстың біртұтас басшылығы және ұйымдық орталығы болмады. Патша әкімшілігі қазақтардың ру аралық тартыстарын шебер пайдалана білді.

Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскерге қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді. Даланың бетке ұстарлары (батырлар, хандар, қазылар) көптеген реттерде қозғалыс басына келгеннен кейін дөйектілік, батылдық көрсетпеді. Бірқатар жағдайларда кейбір бай-феодалдар, хандар көтерілісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница