Лекциялық материалдың мазмұны




НазваниеЛекциялық материалдың мазмұны
страница9/12
Дата конвертации05.11.2012
Размер1.32 Mb.
ТипЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бақылау сұрағы: 1.ХХ ғ бас Қостанай уезіндегі қоғамдық-демократиялық қозғалыстарды ата, олардың құрылу себептері.

2.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталу себебі, барысын талдау.

3.Азамат соғысы жылдарындағы Қостанай.

Әдебиет:

1. Черныш П.М. Очерки истории Костанайской области. Костанай 1995

2.Костанай: вчера,сегодня, завтра.Алматы.1979г.

3.Елеуов Т. Народно-освободительное движение 1916 года в Казахстане. Алматы. 1955г.
9. Тақырыбы: Губерниялардың пайда болуы және оның географиялық жағдайы. (1920-30 жж.).

Мақсаты: Губерниялардың пайда болуы және оның географиялық жағдайын сипаттау.

Жоспар

1.Қоғамдық-саяси өмірі.

2.Халықтық білім беру және мәдени дамуы

1.Республика мен облыстарды әкімшілік – территориялық жүйеге бөлу көптеген өзгерістерге алып келді.

Қостанай облысының территориялық аймағы бай тарихқа ие. Көптеген ғасырлар бойы жоғарғы Тобылда Қыпшақ, Арғын, Керей сияқты көшпелі тайпалар өмір сүрді. ХҮІ ғ қазақтарды үш тайпалық бірлестік Ұлы жүз, Орта және Кіші жүздер пайда болды. Қазіргі Қостанай облысының территориясы Орта жүзге енді, өз еркімен 1734 жылы Ресей құрамына енді. Жүздерді асқару хан иелігінде болды. Сібір қазақтарының жарғысының енуіне байланысты дала округтерге бөлінді. Округтер, ауылдар мен болыстарға бөлінді.

Орынбор қырғыздарының аймағы екіге бөлінді Орал және Торғай аймақтары. Торғай облысының орталығы Оренбург болды. 1868 жылы Торғай облысы құрылды. Оған төрт уезд енді. Николаевск, Тоғай, Григоревск және Ақтөбе уездері. Николай уезді қазіргі Қостанай облысының территориясын қамтыды. Уезд болыстар мен ауылдарға бөлінді. Уезді уезд басшысы басқарды. Уезд жері мемлекет меншігінде болды.

1894 ж.дейін уезде екі болыс болды. Ара-Қарағай және Боровской болыстары кейінірек олардың саны 14- ке жетті. Мұндай жағдайда уезд 1920 ж.дейін өмір сүрді, 1920 жылы 26 тамызда қырғыз ССР пайда болды.

1920 ж. 7 тамызда Торғай және Оренбург облыстары Оренбург-Торғай губерняларына бірікті, астанасы Оренбург қаласы болды. Қостанай уезді Челябинск аймағының административті бағынышында болды.

1920 ж. 16 қыркүйекте Челябинск губерниясының-полкомының жарлығымен Қостанай уезді қазақ АССР-іне берілді және 1920 ж. 9 қарашада уақытша Оренбург-Торғай губерниясына берілді.

1921 ж. 21 сәуірінде қазақ АССР-құрамында Қостанай губерниясы құрылды.ол Қостанай уездінің болыстарынан және Оренбург-Торғай губерниясының орск уездінен тұрды. Оның құрамында 1921 ж.27 сәуірінде Ақтөбе губерниясынан берілген 7 аймақ болды.

Сонымен қатар аймақтардың уездерінің және болыстардың ойын өзгерту процесі жүрді.

1925 ж. аймақты 26 қазақ, орыс және аралас болыстар болса, оның біреуі қала 114 ауыл, 460 селолар мен поселктер болды.

Барлығы – 575 тұрғындар пункті. Аймақ – ауданы 114603 кв.км. құрды. Мұнда 35-117 адам өмір сүрсе, қалада 21654 адам, ауылдарда 33525 тұрғын болды. Тұрғындардың тығыздығы бір адамға 31 кв.м. құрады.

1927 ж соңында аймақтарда жергілікті орган-ауыл және село советтерінің сайлауы өтті. Соның нәтижесінде қостанай облысының территорясында 157 ауыл Советі, 160 село Советі және 12 неміс Советтері қызмет етті. Барлығы 317 ауыл және село советтері болды.

1925жылдың 1 қазанына бастап 1927 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 574 ауыл советтерінің отырыстары болды. Олар барлық мәселелерді ауыл және село тұрғындарымен бірлесіп шешуге тырысты. Совет жиналыстары негізінен кедейлердің және орташа халық тұрғындарының мәселелерін қарады. Советте өткізілген сайлау нәтижелері көрсеткендей, сайланған депутаттардың жартысы – бұл кедейлер, орташа деңгейде өмір сүретін қарапайым халық.

Қазақстанда губерниялық және уездік административті бөлінуді аймақтық райондыққа алмастыру ең біріншірет Қостанай территориясында өткізілді.

1928 ж. 19 наурызда Торғай қаласы селосы ауылға ауыстырылды. 1928 жылға дейін территориалды-административті өзгерістер аяқталды. Республика жаңа халық шаруашылығы туралы бесжылдық жоспар жасауға дайындалып жатты, 1930 ж.дейін территорялық бөліністер мен административті өзгерістер толағн жоқ.

Аштық және оның салдары. 1921 жылдың 8-нен 16 наурызға дейін жаңа эканомикалық саясатқа көшу туралы шешім қабілдаған ХКП 10 съезді өтті. Съездің мәселелері шешуі қазақтан дамуындағы ауыр кезең ашаршылыққа сәйкес келді.

1921 ж. қазақстанда улкен қиын жағдай құрғақшылық басталды. Республика территорясы мен Қостанай губерниясын қамтыған астық түгелдей тоқырауға ұшырады. Сонымен қатар ірі қараға да азық табылмай, олардың саны күрт түсті. Мыңдаған адамдар ашаршылыққа ұшырады. Құрғақшылық ең бірінші көшпелі және жартылай көшпеліжерлерге әсер етті.

1921 ж. ашаршылықтың негізгі себебі республиканың жер және ауыл шыруашылығының күрт төмендеуі болды, ірі қара негізінен «жұт» нәтижесінде қырылды. Оған келесі деректер дәлел бола алады. 1917 ж республикада 29 мыңға жуық ірі қара болса, 1921 ж. олардың саны 6,2 мыңға төмендеді. Қостанай губерниясында астық 70% азайды.

Сонымен қатар эпидемиялық аурулар саны өсіп, қараусыз балалар саны өсті.

Аштықпен күрес барлық республиканы қамтыды. Республикада аштыққа қарсы республикалы және губерниялық комиссиялар құрылды. Қостанай губерниясында аштыққа қарсы комиссия 1921 ж. 30 тамызда құрылды.

25 қазанға дейін ашаршылыққа қарсы комиссиялар губернияның барлық аймақтарында құрылды. 1921 жылы 8 аудандық, 1 губерниялық, 75 облыстық, 333 ауылдық комиссиялар құрылды. Жалпы 670 тұрғындар пунктінде 437 комиссия жұмыс істеді.

1921 жылдың жазы мен қысы губернияда өте ауыр болды. Барлық жұмысшылар мен қызметкерлер аштыққа ұшырап, олардың саны өсіп, 25-30% құрды.

1921 ж. 15 қарашада губернияда аймақ бойынша олардың саны 185 мың қала бойынша7,5 мың, ал барлық регион бойынша 192 мың адам болса, олардың 7,5 мыңы балалар болды.

Қыстың жақындауы және суықтың түсуі нәтижесінде аш адамдардың саны арта түсті. Бір ай өткен соң аш адамдар саны 237 494 адамды құрады. Оның 97 мыңға жуығы балалар болды. Сонымен қатар 30% тұрғындары ақырындап өшіп жатқан ауылдар да болды. Мемлекет өз тарапынан ашаршылық қамтыған аудандарға көмек көрсетті.

Қостанай губерниясының комиссиясының ашаршылыққа көмектесу кезіндегі мәліметтеріне сүйенсек, Қостанай райондарында 5946 адамнан 3547 (56%) адам Әулиекөл районында 30000 тұрғыннан 22500 (33%) адам аш болды.

1921 ж. құрғақшылық егістік алқабының азаюына әкелді. 1920 ж. ол 570 мың га. құраса, 1921 ж. жер көлемі 275 мың гектарға азайды.

Аштыққа қарсы балаларды сақтап қалу үшін қоғамдық асханылар ұйымдастырылды. Барлық жағдайдың жасалуына қарамастан ашаршылық пен эпидемия губернияларда кең етек жайды. Балалар үйі пансионаттар, ауруларға толық болды және азық түлікпен аз қамтылып тұрды. Соның нәтижесінде тиф және цинк эпидемиялары кең етек жайды.

Өлім 70%құрады. Балалар үйіндегі 1мың балалардың 50% қан аздықпен, асқазан ауруларымен ауырды.

Тұрғындардың әлсірегені соншалық өлген адамдарды жерлеуге де жарамады. Жерленген адамдар саны 60 қа дейін жеткен ауылдарда болды.

1922 ж. Қостанай қаласы қиын жағдайда болды. Мұнда қаңтар айында 1200 адам, ақпан айында-300, наурызда – 1500 адамаштық салдарынан қайтты.

1922 ж. қыс айлары өте суық және қатты болды, ірі қара саны төмендеді, Феодоровск және Денисовск райондарында қырғыз тұрғындарының ірі қарасының 50% жұтқа ұшырады.

Ашаршылыққа ұшырағандарға барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен комиссиялар көмектесіп отырды.

Губерниядағы жағдай 1922 ж.мамырына қарай өзгере бастады. Ашаршылық басым қалалар мен райондарға орталықтан көмек көрсетіле бастады. Губернияның бірлестіктер, ұйымдар, комиссиялар аштыққа қарсы көмек көрсете бастады. Көктем айында астық бау-бақша және басқада ауыл шаруашылық өнімдерін егу үшін жағдайлар жасалып жатты. Қостанайлықтарға сонымен қатар американдық үйлер көмектесіп отырды.

1922 ж. шілдесінен бастап губерниядағы жағдай жақсара бастады. Бұл мұнда әкелінген азық-түлік санының артуымен түсіндірілді. Жаз айында ашаршылыққа ұшыраған тұрғындар саны төмендеді. Ашаршылық губернияға физикалық және материялдық жағынан қиындық туғызды. Ең бірінші губерния тұрғындары азайды. 1920 ж. 577 мың адам саны, 1920 жылы 411,5 мың адамды құрастырды.

Сонымен қатар ашаршылықтан ірі қара саны да төмендееді. Егістік алқаптарда азайып, 610 нан 223 мың га. құрады.

Архивтік деректер бойынша Қостанайлық салдарынан 70 мыңға адам қайтқан. 1923 ж. ақпанынан бастап ауыл шаруашылығында жөндеу жұмыстары, жұмысшыларға көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

Гебернияларда ЖЭС жүзеге асыру 1921 ж. наурыз айының ортасына жаңа эканомикалық саясат қабылданды. ЖЭС В.И.Лениннің ашқан жаңалығы болды және ол енді құтқаратын бірден бір қару болды. Жалпыға бірдей еңбек тәуелділігі алынып тастанды, сауда еркіндігі енгізілді, жұмысшы күштеріне енгізуге рұқсат берілді, салық жүйесі енгізілді.

Жаңа эканомикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға алу және беру рұқсат етілді және ауыл шаруашылығының дамуына кредиттер берілді. Ұсақ кәсіпорындар жеке тұлғарарға және кооперацияларға жалға берілді.

Ең бірінші машинаны жалға беру пунктері ашылды, жәрмеңкелер өткізіліп, кедейлер ұлттық шаруашылық үшін қызмет етті. 1924 ж. 1 қаңтарынан бастап салық тек қала ақшалай түрде енгізілді. Соның әлеуметтік және прогрессивті болды. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру үшін қоғамның ауыл шаруашылық несиелер берілді.

1920 ж. соңында жер комиссиясы құрылды. 1921-1922 ж.ж. жаңа эканомикалық саясатты реттеу мақсатында жүргізілген аграрлық реформалар ауыл эканомикасының дамуына өз үлесін қосты. Қостанай губерниясында ауыл шаруашылығы дамып, шикізат өнімі артта қалды. Тұрғындардың көбі ауылды жерлерде тұрғандықтан, ең бірінші аграрлы кешен тұрды. Республиканың негізгі тұрғындары Солт.Қазақстанда шоғырланды, соған сәйкес Қостанай губерниясында 46100 және 32340 шаруашылық болды. Олар 458970 және 110990 гектар астық ексе, 674700 және 508820 ірі қара болды. Губернияда орта шаруашылықпен айналысатын тұрғындарда 2-3 басты ірі қара болды, ал 28,5% құрады.

Жаңа эканомикалық саясат жұмысшылардың өз шаруашылқтарымен біріктіруге әсер етті. Мысалы, Ресей орталығында ұжымдасқан шаруашылық 1917 ж. пайда болды. Губерния территорияларында және барлық мемлекет аумағында өндірістік бірлестіктер,яғни коммуналар пайда бола бастады. Сондай коммуналардың бірі 1922 ж. Қарасу ауылында болды. Оған 36 отбасы кірді.

1923 ж. желтоқсан айының басында Қостанайда ең бірінші губерниялық агрономиялық дөңгелек стол өтті. Мұнда ауыл шаруашылығына ғылымды енгізу туралы сұрақтар қаралды. Осы жылдары губернияға ауылшаруашылық және машиналық техникалар әкеліне бастады.

2.Халықтық білім беру және мәдени дамуы.

­Өзімізге белгілі тұлғаның қалыптасуы жалпы орта мектепсіз мүмкін емес. 20 жылдардың басында қоғам алдында екі үлкен мәселе тұрды. Бұл жалпы білім беру мектептерін құру және сауатсыздықты жою. 1919 жылы 24 желтоқсанда Ленин халық арасында сауатсыздықты жою туралы декретке қол қойды, соған сәйкес барлық Республика тұрғындары 8 жастан 50 жасқа дейін яғни жаза оқи алмайтындар өзінің ана тіліне немесе орыс тілінде оқытылуы керек. 1920жыл шілдеде жалпы Ресейлік комиссия құрылды, оның мақсаты сауатсыздықты жою еді. 1919 жылы РСФСР халықтары ішінде сауатсыздықты жою туралы Лениндік декреттен кейін Қазақстанда және барлық елде сауатсыздық үшін күрес басталды.

Қостанайда сауатсыздықты жою туралы губерниялық комиссия құрылды және содан кейін сауатсыздарға арналған мектеп ұйымдастырыла бастады. Қалада олардың саны 39 болды. Республика дамудың жаңа кезеңіне көшті. Сауатсыздықты жою тұрғындар арасында қиындық туғызды. Қазақ тұрғындарына жазғы мектептер ашыла бастады, ол үшін ауылдарға ең жақсы мұғалімдер жіберілді бірақ сауатсыздықпен күрес бірдей жүргізілмеді, өйткені мұғалімдер аз болды. Сондықтан мұғалімдер мен қатар комсомолдар мен қызметшілерде білім берді. Сол кезедегі сауатты әр адамның міндеті оқи алмайтын және жаза алмайтындарды үйрету болды. Қостанай губерниясының сауатсыздықты жою туралы комиссиясы сауатсыздыққа қарсы 347 мектеп ашты. 305 орыс мектебі болды және 42 қазақ татар мектебі болды. 39 мектеп қалада болса, 40 қызыл армия бөлімшелерінде болды. Сауатсыздарды 1539 мұғалім оқытты, олар 41024 адамды оқытты, 1927-28 жылдары жұмыстардың нәтижесі бойынша 244 адам оқытылса, қала бойынша 493 адам болды. Сауатсыздарды оқытуды ұйымдастыру үшін партиялық советтік комсомолдық ұйымдар айналысты, сауатсыздықты жоюды айналысумен қатар партия және мемлекет өсіп келе жатқан ұрпақ үшінде барлық жағдай жасады. 20 жылдың басында губернияда І дәрежеде 19 мектеп және ІІ дәрежеде 3 мектеп ашылды. Жаңа мектепке білімді мұғалімдер кітап құралдар жетіспеді. Жергілікті органдар мектептерге әртүрлі көмек беріп отырды. Қалаларда мектеп шаруашылық советтері ұйымдастырылып тұрды. Ауылдық жерлерде мектептер мен ауыл советтері, профсоюздар, жастар одағы және т.б. ұйымдар айналысты. Мектептерде ата-аналар комитеті жұмыс істеді.

Бақылау сұрақтары

1.Губерниялардың пайда болуы және оның географиялық жағдайын сипаттау.

2.Халықтық білім беру және мәдени дамуы қандай жағдайда болды?

3.Сауатсыздықпен күрес қалай жүргізілді?

Әдебиет:

1. Черныш П.М. Очерки истории Костанайской области. Костанай 1995

2. Костанай: вчера,сегодня, завтра.Алматы. 1986.

10-11. Лекция тақырыбы: Екінші дүнижүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысы

Мақсаты: Екінші дүнижүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысына сипаттама беру, майданға қатысқан қостанайлықтардың есімімен танысу.

Жоспар:

1.Майдандағы қостанайлықтар.

2.Соғыс кезіндегі ауылшаруашылық.

Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап фашисттерге қарсы соғысуға біздің жерлесіміз де қатысты.Олар Отанымыздың көбіне батыс шекарасын қорғаған еді. Олардың арасында Кеңес үкіметіне атағы шыққан И.П. Вименский,М.М. МечаевДеңес Одағының батырлары А.И Пародович,В.Е. Головченко, М. Сальников, Сұлтан Баймағанбетов.

Ақ теңізден Қара теңізге дейінгі жерлердегі фронттардың барлығында Қостанайлық жауынгерлер күрескен. Қостанайлықтар - Кеңес одағының батырлары – Бұл әр түрлі әскери шеніндегі және маман иелері, қатардағы жауынгерден полк командиріне дейін, солдаттан полковникке дейін адамдар еді.

Л.И.Беда 1942 жылы Орынбор авиациялық училищесін аяқтап, қатардағы ұшқыштан полк командиріне дейінгі жолды өтіп шықты. 214 әскери ұшуларға қатысты.Соғыстан соң эскери академияны аяқтайды. 1976 жылдарға дейін генерал-лейтенант Л.И.Беда Краснознамен Белорустік әскери округімен әскери - әуе күштерінің командирі болды.

Атақ орденінің толық кавалері атанғандар:Дарменов, Н.Л. Михайленко, Ф.Р. Поляков, В.И Пипчук, сонымен қатар Ахмет Әубэкіров, М.С. Яровон, А.Е. Спиридонов жэне М.Н. Пресняков.

Қостанайлықтардан құрылған 151 -ші атқыштар бригадасы негізінде қайта жасақталған 150-ші атқыштар дивизиясы шайқаспен Берлинге дейін барды.Біздің жерлесіміз,аға сержант,кейіннен Совет Одағының Батыры атанған И.Я.Съянов басқарған шабуылшылар тобы бірінші болып рейхстагқа кірді,фашистер ұясының төбесіне Жеңіс туын,тіпті Берлинді алуға қатысқандар арасында К.М.Волочаев,И.А.Мищенко, басқа да көптеген жерлестеріміз болды.

Біз қостанайлықтардың жанқиярлық еңбегін паш ететін жекелеген мысалдарды келтіріп отырмыз.Неміс-фашист басқыншыларына қарсы шайқаста ерекше көзге түскен мыңдаған қостанайлықтар отанымызды ордендер мен медальдарымен марапатталды. Алты адам «Даңқ» орденінің толық кавалері болды. 26 жерлесімізге Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Бұл атаққа екі мэрте ие болған Л.И.Беда мен И.Ф.Павловты біз орынды мақтан етеміз.

¥лы Отан соғысында әйелдер де еркектермен бірге Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің дем берушісі және ұйымдастырушысы лениндік Коммунистік партия болды. Өзінің сан қырлы қызметімен ол саяси, мемлекеттік жэне әскери басшылыктың, армия мен халықтың, майдан мен тылдың бірлігін қамтамасыз етті. Коммунистер басының өнегесімен, партияның жалынды сөздерімен кеңес адамдарын жеңіске жігерлендірді және соған жеткізді.

Бүгінгі жас қостанайлықтар әкелері мен аналарының Ұлы Отан соғысында, тылда көрсеткен ерліктерін жақсы біледі.Олаға ұрпақ өнегесін құрметтеп, қастерлеп, есте сақтап отырумен қатар, өз парызын, алдарында тұрған міндетті терең сезінеді.Еңбекте де, оқуда да аддынғы саптан көрінеді.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Похожие:

Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Лекциялық материалдың мазмұны iconМатериалдың аты Өлшеу саны Дана

Лекциялық материалдың мазмұны icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Лекциялық материалдың мазмұны iconОқыту әдістері Осы әдісті материалдың қандай мазмұнында қолданады
Теориялық, практикалық білім қалыптастыруда және оқытудың басқа міндеттерін шешуге қолдану
Лекциялық материалдың мазмұны iconМазмұны кіріспе I жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
Лекциялық материалдың мазмұны iconЛекциялық курс «Қылмыстық құқық»
Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды
Лекциялық материалдың мазмұны iconӘдістемелік нұСҚаулар
Материалдың жылуөткізгіштік коэффициентің цилиндірлік қабат әдісі арқылы анықтау зертханалық жұмысына «Жылумаңызалмасу» тәртібі бойынша...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница