Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары




Скачать 289.8 Kb.
НазваниеЕгіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары
страница2/3
Дата конвертации24.11.2012
Размер289.8 Kb.
ТипДокументы
1   2   3

1 ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР

Астық дақылдарының жалпы сипаттамасы

Астық өндірісін арттыру ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың маңызды мәселесі. Қазақстан халық шаруашылығы үшін астық өндірудің маңызы, егіс көлемі құрамы. Астық өндіру мәселесін шешу жолдары.

Күздік және жаздық дақылдардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Дән құрылысы және химиялық құрамы. Өсімдіктердің өсу және даму кезеңдері. Гүлдену және дән толысу, пісу кезеңдері. Дәннің толысуына және пісуіне кері әсерін тигізетін факторлар (егістің жатып қалуы, үсіп кетуі т.б.). Олармен күрес шаралары.
Жаздық астық дақылдар

Астық өндірісін қарқындатудағы жаздық астық дақылдарының маңызы. Жаздық бидай – негізгі тағамдық дақыл. Жоғары сапалы жұмсақ және қатты бидайлар өндірісін арттыру. Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидай өсіру технологиясы және егінді жинау ерекшеліктері.

Арпа және сұлы – бағалы мал азықтық дақылдар. Тағамдық, мал азықтық және сыралық арпалар және оларға қойылатын талаптар. Арпа өсіру технологиясы. Сұлының тағамдық және малазықтық маңызы. Сұлы өсіру технологиясының ерекшеліктері.

Жүгері – аса бағалы дәндік, мал азықтық және техникалық дақыл. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

Тары – маңызды жармалық дақыл. Тары өсіру технологиясы және өнім жинау ерекшеліктері.

Қонақ жүгері дақылының өсірілу бағыттары (дәнге, қантқа, мал азығына және техникалық мақсатқа). Республиканың қуаң аудандарындағы өсіру ерекшеліктері.

Күріш – негізгі жармалық дақыл. Күріштің маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі. Күрішті суару әдістері. Күріш өсіретін атыз әзірлеу және ирригациялық құрылыс жұмыстары. Күріштің арнайы арамшөптері және олармен күрес шаралары. Себу тәсілдері мен мөлшері. Күріш атыздарын күтіп-баптау шаралары және егінді жинау ерекшеліктері. Күріш өсірудің тиімділігі.

Қарақұмық – бағалы жармалық дақыл. Қарақұмықтың өсу ерекшеліктері. Өсіру технологиясы.
Күздік астық дақылдар

Түрлері, маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі. Күздік дақылдардың күзде және көктемде даму ерекшеліктері. Қысқа төзімділіктің физиологиялық негіздері. Күздіктердің қыс және көктемнің қолайсыз жағдайларына ұшырау себептері және оны болдырмау шаралары. Күздіктердің қыстан шығу жағдайларын бақылау.

Күздік бидай. Бидай дәнінің белоктылығын жоғарлату шаралары. Күздік бидайды суармалы және тәлімі жерлерде өсіру ерекшеліктері.

Күздік қара бидайдың маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі. Өсіру технологиясы.

Күздік арпа. Өсірілетін аудандары және өнімділігі.Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.
Дәнді бұршақ дақылдар

Дәнді бұршақ дақылдарының астық өндірісін қарқындатудағы және мал азықтық белок проблемасын шешеудегі орны. Атмосферадағы азотты фиксациялаудағы дәнді бұршақ дақылдарының ролі. Дәнді бұршақ дақылдарына сипаттама.

Ас бұршақ – республикадағы негізгі дәнді бұршақ дақылы. Тағамдық және мал азықтық құндылығы. Ас бұршақ формалары және түрлері. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

Май бұршақ – бағалы белокты және майлы дақыл. Өсірілетін аудандары және өнімділігі. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

Үрме бұршақ және жасымық. Тағамдық маңызы. Түрлері. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиялары.

Ноғаттық және ноқат. Маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі. Құрғақ аудандардағы өсіру ерекшеліктері.
2. ТАМЫР, ТҮЙНЕК ЖЕМІСТІЛЕР ЖӘНЕ БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ

Тамыр жемістілер түрлері, маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі.

Қант қызылшасы – негізгі қант өндіруші дақыл. Қант қызылшасы тамыржемісінің қанттылығын және қант шығымдылығын жоғарлату жолдары. Биологиялық ерекшеліктері және суармалы жерлерде өсіру технологиясы. Қант қызылшасын тұқымға өсіру ерекшеліктері.

Картоптың маңызы, өсірілетін аудандары және түйнек өнімділігі. Биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиялары. Картоп жинау әдістері. Картоп өсірудің озық технологиялары мен экономикалық тиімділігі.

Бақша дақылдары. Халықшаруашылығындағы маңызы, тағамдық құндылығы. Қазақстандағы бақша шаруашылығы. Өсірілетін аудандары және өнімділігі.

Қарбыз, қауын және асқабақ – морфологиялық ерекшеліктері. Түрлері, шаруашылықтық сипаттамалары. Өсіру ерекшеліктері.
3 МАЙЛЫ ЖӘНЕ ЭФИРМАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР

Майлы дақылдардың маңызы, өсірілетін аудандары және тұқым өнімділігі. Майлы дақылдар майларының сапа көрсеткіштері.

Күнбағыс – бағалы майлы дақыл. Түрлері, жіктелуі, топтары. Биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиясы және өнімді жинау ерекшеліктері.

Мақсары қуаңшылыққа, ыстыққа және тұзға төзімді майлы дақыл. Өсірілетін аудандары және өнімділігі. Өсіру технологиясы.

Рапс, қыша және майлы зығыр – бағалы майлы дақылдар. Түрлері, биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиялары.

Майкене – бағалы техникалық май беруші дақыл. Түрлері, биологиясы және өсіру ерекшеліктері.

Жер жаңғағы – жоғары майлы дақыл. Биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы.

Эфир майлы дақылдар. Көп түрлілігі және пайдалану аясы. Біржылдық және көпжылдық формалары. Республикада кездесетін эфир майлы дақылдар (кориандр, анис, мята және т.б.) биологиялық ерекшеліктері және агротехникасы.
4 ТАЛШЫҚТЫ ДАҚЫЛДАР

Талшықты дақылдар түрлері, маңызы, жіктелуі және өсірілетін аудандары.

Мақта – республикадағы негізгі талшықты дақыл. Негізгі түрлері мен аудандастырылған сорттары. Мақта арнайы ауыспалы егісі. Мақта плантациясын суғару ерекшеліктері. Мақтаның биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы. Мақта талшығының технологиялық сапа көрсеткіштері.

Талшықты зығыр және сора. Дақылдардың өсіру бағыттары. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиялары.
5 ЕСІРТКІ ДАҚЫЛДАР

Темекі және қара темекі. Маңызы, өсірілетін аудандары және шикізат өнімділігі.

Республикада темекіні көшетте және танапта өсіру ерекшеліктері. Темекі өсірудің озық тәжірибелері және экономикалық тиімділігі.

Темекі шикізатын өңдеу және сақтау шаралары.
Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. Әубәкіров Т.Ә., Жұмағұлов Ж.Ж. «Өсімдік шаруашылығы және селекция» Алматы, 1988

2. Жанабаев Қ.Ш. және т.б. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Алматы, 1994

3. Әрінов Қ.Қ «Өсімдік шаруашылығы» Ақмола, 1996

4. Әрінов Қ.Қ және т.б. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау» Астана, 2001

5. Жанұзақов М.М. «Өсімдік шаруашылығы» Қызылорда, 2008

6. Атақұлов Т.А. және т.б. Өсімдік шаруашылығы практикумы. Алматы, 2008ж.

7. Қазақстан Республикасы облыстарында ауылшаруашылық жүйесін жүргізу ұсыныстары. Алматы, 2001-2005жж.
Қосымша әдебиеттер:

1. Әбуғалиев І., Әлдеков Н. Қант қызылшасы және оны өсірудің индустриалды технологиясы. Алматы, 1986ж.

2. Ерлепесов М., Амантаев А. Суармалы егіншілік. Алматы, 1988ж.

3. Қойшыбаев Ә. және т.б. Қазақстан күріші. Алматы, 1982ж.

4. Оразалиев Р.А. Қазақстан бидайы. Алматы, 1984ж.

5. Саудабаев Т., Қыдыралиев А. Жармалық дақылдар. Алматы, 1985 ж.

6. Нұрғасенов Т.Н. және т.б. Тұқымтану, сорттану, тұқым шаруашылығы. Алматы, 2005 ж.

7. Сағитов А.О. және т.б. Справочник защиты растений. Алматы, 2004ж.

МАЛ АЗЫҒЫН ӨНДІРУ

3 кредит
1 Шалғындық мал азығы шаруашылығы

Шалғындықтың жалпы сипаттамасы. Әр аймақта табиғи шабындық пен жайылымның негізгі типтері. Мал шаруашылығында шалғынның мал азығын өндірудегі орны. Бүгінгі кезеңдегі табиғи шабындық пен жайылымның жағдайы. Ғылымның және ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде шалғындық шаруашылығының дамуы мен келешегі. Еліміздегі және шет елдердегі шалғынтану ерекшеліктері. Мал азықтық жерлерді жіктеу оның көлемі. Әртүрлі аймақтарда таралуы. Табиғатта өсу жағдайына және оны пайдалануына қарай шабындық пен жайылымның өсімдік қауымының өзгеруі. Өсімдік қауымының пайда болуына адамзаттың тигізетін әсері: шөп шабу, суару, минералды тыңайтқыштар пайдалану, гербицидтер пайдалану т.б.

Табиғи өсімдік қауымын есепке алу, әр типтеріне ерекше құжаттар толтыру, шабындық пен жайылымдардың өсімдік сапасын анықтау. Табиғатты қорғау міндеттері.
2 Шалғынтанудың биологиялық және экологиялық негіздері

Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілік жүйелері және олардың жем шөптік ерекшеліктері. Өсімдіктердің өркен құру және тамыр жаю ерекшеліктері . шабындық және жайылым өсімдіктерінің өніп-өсу, даму кезеңі, оның ұзақтығы. Өсу мерзімі. Өсу мерзімі кезінде өсімдіктердің дамуы, жапырақтардың орналасу ерекшеліктері. Алшынкөк шығу ерекшеліктері.

Өсімдік және тіршілік ортасы олардың ара қатынасы және өзара әсері. Шалғын өсімдіктерінің ылғалға, жылуға, жарыққа және ауаға қоятын талаптары. Өсімдік тіршілігіне топырақтың тигізетін әсері. Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілігіне тигізетін биологиялық және ортаның өзгеру факторлары.
3 Табиғи шабындық және жайылымның негізгі өсімдіктері

Табиғи өсімдіктердің мал азығын өндірудегі маңызы. Өсімдіктердің шаруашылық-ботаникалық топтары: астық, бұршақ, қияқ-өлең және аралас шөптер. Мал азықтық өсімдіктерді желінгіштігі, химиялық құрамы, сіңімділігіне байланысты салыстырмалы бағалау.

Астық, бұршақ, қияқ-өлең, күрделігүлділер, шатыршагүлділер, алаботалар, раушан гүлдер, айқышгүлділер, қырықбуындар тұқымдастарына жататын көп тараған өсімдіктердің түрлерінің қысқаша морфологиялық, экологиялық және өндірістік сипаттамалары. Олардың малазықтық қасиеттерін, әр аймақта малға тиімділігін, сіңімділігін бағалау негіздері. Шабындықтың өнімі туралы түсінік, жайылымның мал азықтық көлемі оны есептеу әдістері.
4 Табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістері

Табиғи өсімдік қауымын жақсартудың әдістері мен негіздерін қолдану. Шабындық пен жайылымға жеңіл-желпі мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу. Сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және ретке қою. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту және алдын-ала себудің негіздері. Ауыспалы егіс қолдану. Шөп қоспаларының негіздері. Шөп тұқымдарын себу әдістері мен уақыты. Күтіп баптау негіздері.

Үстіртін жақсарту жүйесінің кейбір ерекшеліктері. Өзен алқаптарында екпе шабындықтар мен жайылымдар қолдану. Көлтабандағы табиғи өсімдік қауымын жақсарту. Сортаң жерлердің табиғи өсімдіктерін жақсарту, өнімін көтеру. Шөлейт жерлердің құм басқан жерлерін жақсарту. Таулы жерлердің жартылай шөлейт және шөлейт аймақтарында екпе шабындықтар мен жайылымдар орналастыру.
5 Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану

Жайылым мен шабындықты тиімді пайдаланудың басты теориялық негіздері. Жайылым үлесі, жайылымдық шөптің қоректік құнарлығы және малды жазда жайылымда ұстаудың экономикалық тиімділігі. Жайылымды және шабындықты тиімді пайдалануда қойылатын негізгі талаптар. Жайылым сыйымдылығы. Жайылымды пайдалану, шабындықты пайдалану жүйелері. Ауыспалы жайылым және шабындық айналымын енгізу.

Көк балауса конвейері, маңызы және түрлері. Көк шөп пайдалану әдістері. Мәдени жайылымдар мен шабындықтар.

6 Мал азықтық егін шаруашылығы

Мал азығын егістікте өсіру – жемшөп қорын жасап, мал шаруашылығының тікелей өркендететін, ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бір бөлігі. Танаптық дақылдар, оларды жіктеу қағидасы.

Дақылдар туралы мағлұматтар. Қазақстанда таралуы.Алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы өндірісінің, ғылыми- зерттеу ошақтарының, аудандар мен облыстардың жетістіктері. Мал азығының жалпы өнімін көбейтуде және сапасын арттыруда республика алдында тұрған міндеттер.

Өсіру технологиясы және жемшөп дақылдарын жинау ерекшеліктері. Интенсивтік егіншілікте малазықтық ауыспалы егістің орны.

Ферма маңындағы малазықтық ауыспалы егістік, шабындық-жайылым ауыспалы егістігі.

Өндіріске малазықтық егісті енгізу, оны толықтай пайдалану.
7 Жемдік дәнді дақылдар

Жемдік астық дақылдарының өнімін молайту- мал шаруашылығын құнарлы жемдермен қамтамасыз ету, олардың тағамдық мал азықтық құндылығы және қолданылуы.

Ерте егілетін жаздық дақылдар. Арпаның, сұлының шаруашылық маңызы. Биологиялық қасиеттері, таралуы, өнімі және сорттары. Интенсивтік өсіру технологиясы. Өнімді жинау мерзімі мен әдістері.

Күздік дақылдар. Жүгерінің, қонақ жүгерінің, тритикале, дәнді мал азықтық бидай, қара бидайдың шаруашылық маңызы. Биологиялық қасиеттері, таралуы, өнімі және сорттары. Интенсивтік өсіру технологиясы. Мал азығына пайдалану ерекшеліктері.
8 Дәнді бұршақ дақылдары

Халық шаруашылық маңызы және азық белогын көбейтудегі дәнді бұршақ тұқымдас дақылдардың алатын орны. Олардың малазықтық және агротехникалық маңызы. Қазақстанда ас бұршақ, ноқат, жасымық, май бұршақ, мал азықтық бұршақ өсірілетін аудандар. Өсірудің интенсивті технологиясы. Дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды басқа дақылдармен араластырып себу жолдары, маңызы.
9 Сүрлемдік дақылдар

Жем-шөп қорын жасауда сүрлемдік дақылдардың маңызы. Сүрлемге салудың мән-мағынасы. Жоғары сапалы сүрлем салудың жолдары. Негізгі сүрлемдік дақылдар – жүгері, күнбағыс, қонақ жүгері. Олардың биологиялық және өсіру агротехникалық ерекшеліктері. Басқа да, әдеттен тыс сүрлемдік дақылдар (құлқайыр, мақсары, гүлтәжі, перко, рапс т.б.). олардың өсіру технологиясы.
10 Тамыр жемісті, түйнек жемісті және бақша шырынды мал азықтары

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда шырынды мал азығының маңызы. Мал азықтық тамыр жемістілер. Қант қызылшасы және мал азықтық қызылша. Олардың халық шаруашылық маңызы. Биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиясы.

Мал азықтық сәбіз, шалқан, тарна. Мал азықтық маңызы және өсетін аудандары. Оларды өсірудің агротехникалық негіздері. Тамыр жемістілерді қоймаға салу және сақтау жолдары. Тамыр жемістілердің сабағы мен жапырағын пайдалану. Түйнекті жемістілер. Мал азықтық маңызы. Картоп пен жер алмұртының мал азықтық құндылығы, өсетін аудандары, сорттары, өсіру технологиясы.

Мал азықтық бақша дақылдары. Олардың мал азықтық құндылығы, таралуы. Мал азықтық қарбыздың, асқабақтың, кәдінің биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.
11 Мал азықтық шөптер

Екпе шөптердің азықтық ерекшеліктері мен маңызы. Олардың топырақ құнарлығын арттырудағы рөлі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер- жоңышқа, түйе жоңышқа, сиыр жоңышқа, беде, мүйізбас шөп. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер – еркек шөп, қылтықсыз арпабас, жима тарғақ, тарлау, бидайық, субетеге, шалғындық қарабас, субидайық. Олардың малазықтық құндылығы, биологиялық ерекшеліктері, тарауы және өсіру технологиясы.

Біржылдық бұршақ тұқымдастары (сиыр жоңышқа, сераделла, парсы бедесі, ноқат, жасымық, вигна, сары үрме бұршақ, егістік бұршақ, бөрі бұршақ) және астық тұқымдастары (судан шөбі, атқонақ, қонақ тары, күздік қара бидай, сорго-суданка буданы, біржылдық үй бидайығы).
12 Мал азығын дайындау және сақтау технологиясы

Шөп дайындаудың және кептірудің теориялық негіздері. Әртүрлі пішен дайындаудың технологиясы (пішен-престелген, ұсақталған, түйіршіктер т.б.).

Пішендеме. Оны дайындауда қойылатын талаптар. Дайындау технологиясы. Сүрлем салу, оның сипаттамасы.

Мемлекеттік стандарт бойынша мал азықтары сапасын анықтау.
13 Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы

Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығының маңызы. Шабындық- жайылым өсімдіктерін тұқым алу үшін өсіру әдістері. Көпжылдық шөптерден тұқым алу жоспары. Тұқым шаруашылығында интенсивті технология қолдану. Әдеттен тыс өсімдіктердің тұқымын өсіру ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

1. Тен А.Г. Кормопроизводство. Москва, 1982 г.

2. Можаев Н.И., Серекпаев Н.А. Кормопроизводство. Астана, 2007г.

3. Андреева И.И., Родман Л.С. Ботаника, М., Колос, 2003

4. Жуковский П.М. Ботаника. М., Колос, 1982
Қосымша әдебиеттер:

1. Андреев Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. Москва, 1989г.

2. Асанов К.А. Пастбища и экология. Алматы, 2000г.

3. Аубакиров К. Пойменные и лиманные луга Казахстана. Алматы, 2002г.

4. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995г.

5. Часовитина Г.М. и др. Полевое кормопроизводство в Казахстане. Алматы, 1986г.

6. Ларин И.В. и др. Луговодство и пастбищное хозяйство. Ленинград, 1990г.

7. Андреев Н.Г. Малораспространенные кормовые культуры. Москва, 1991г.

8. Суворов В.В., Воронова Н.Н. Ботаника с основами геоботаники. Л.,Колос, 1979.
1   2   3

Похожие:

Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары iconЕгіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары
М081100 – Өсімдік қорғау және карантин мамандығына магистранттарға қабылдауға арналған бағдарламасы
Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары iconАвторефераты Қазақстан Республикасы
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында орындалған
Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алмалыбақ, 2010
Диссертациялық жұмыс «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» жшс-інде жүргізілді
Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары iconМадақтау түрі
«Сәкен тағылымы 6» шеңберінде өткізілген Республикалық ғылыми-теориялық конференцияда «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» секциясындағы...
Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары icon5В090300- «Жерге орналастыру»
Постреквизиттер: Егіншілік және өсімдік шаруашылығы, топырақты эрозиядан қорғау, жерді
Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары iconАвторефераты Қазақстан Республикасы, Алмалыбақ 2010
Диссертация «19» қараша 2010 жылы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жанынан құрылған бд 55. 05....
Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары iconКүні: Тексерді: Пәні: Дүниетану 4«В» Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы. Сабақтың мақсаты
...
Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары iconЕлеманова Жанар Рахманбердиевна Қылшық жүнді қойлардың гормональдық статусы және эмбриондарын трансплантациялау негіздері
Жұмыс «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жшс-де орындалған
Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары iconЖерді мелиорациялау, баптау және қорғау
Постреквизиттер: ландшафтық егіншілік; ландшафты-бейімдеушілік мелиорациясы; ауылшаруашылық жерлерінің мелиорациясын экологиялық...
Егіншілік І егіншіліктің Ғылыми негіздері 1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары icon6D080100 – Агрономия мамандығы бойынша докторантураға түсуге арналған емтиханның қысқаша бағдарламасы суармалы егіншілік
Топырақ құнарлылығын жоғарылатудағы «төгінді» сулардың орны және оларды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдалану
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница