Бекітілген батыс Қазақстан облысы




Скачать 263.94 Kb.
НазваниеБекітілген батыс Қазақстан облысы
страница1/4
Дата конвертации24.11.2012
Размер263.94 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2010 жылғы « » ______________

№ _____ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН
Батыс Қазақстан облысы

жер қатынастары басқармасының 2011-2015 жылдарға

арналған стратегиялық жоспары
1 бөлім. Миссия және пайымдау

Миссия: Батыс Қазақстан облысының жерлерін ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру және жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру

Болашақ болжам: Жерлердің ұтымды пайдаланылуын және ұйымдастыруды қамтамасыз етуді, жер ресурстарын басқару саласындағы өзара экономикалық, техникалық, шаруашылық-ұйымдастыру және құқықтық шараларды бірыңғай байланыста болу негізінде жүргізу.

2 бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтің тиісті салаларының даму үрдісі




1 Стратегиялық бағыт. Жерлердің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану



Батыс Қазақстан облысының аумағы 15133,9 мың га құрайды және батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, шығысы мен оңтүстігінде Қазақстан Республикасының Ақтөбе және Атырау облыстарымен шектеседі.

Шекара ұзындығы 2423 км құрайды, соның ішінде Ресей Федерациясымен келесі облыстарына қатысты ұзақтық: Астрахань – 79 км, Волгоград – 208 км, Саратов – 685 км, Орынбор – 560 км, барлығы – 1532 км. Қазақстан бойынша: Ақтөбе облысы – 235 км, Атырау облысы – 656 км, барлығы – 891 км.

Қазіргі уақытта облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйесіне 12 әкімшілік аудан, 155 ауылдық (селолық) округ, 4 кенттік округ, бір облыстық маңызы бар қала (Орал қаласы) және бір аудандық маңызы бар қала (Ақсай қаласы), 474 ауылдық елді мекен кіреді.

Аумағы бойынша облыс аудандары үлкен артықшылықтарға ие. Аумағы жағынан ең үлкені (2524,9 мың га) Ақжайық ауданы, ең кіші көлемдерімен Шыңғырлау (723,0 мың га) және Бөрлі (556,6 мың га) аудандары алып жатыр.

Ресей Федерациясы жер пайдаланушыларының ұзақ мерзімді пайдалануында 1465,1 га жер (әскери полигон) бар.

2011 жылғы 1 қаңтарға егістік жерлер көлемі 703,3 мың га, көпжылдық екпелер 1,7 мың га болды. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер құрамында 310,8 мың га шабындықтар бар. Босалқы жерлер құрамында 609,2 мың га шабындықтар бар.

Жайылымдық жерлер облыста алқаптар құрамының басым бөлігін алады, олардың ауданы 10 106,8 мың га. Жайылымдардың 8240,5 мың га немесе суландырылған жайылымдар. Жайылымдар жақсартылмағандықтан және елді мекендерден алшақ жатқандықтан олардың басым бөлігі пайдаланылмай жатады. Қазіргі уақытта босалқы жерлерде 5002,8 мың га жайылым жерлер бар.

Облыста жер реформасын жүргізу жерге жеке меншік құқығының аясын біртіндеп көбеюіне әкелді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру шаралары негізінде 2010 жылдың 1 қаңтарына 4397 шаруа қожалығы (фермер) құрылған, мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы кәсіпорындары - 159, соның ішінде акционерлік қоғамдар - 4, ауыл шаруашылығы кооперативтері - 7, басқа мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы кәсіпорындары -11.

Осы орайда облыс аудандарында ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру қажеттігі туындайды.

Жерлерді аймақтарға бөлу жұмыстары салық түсіру мақсатында қалада, облыстың барлық аудандарында жүргізілді. Ауыл шаруашылығы жерлерін трансформациялау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасында Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді және ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарды экологиялық және экономикалық жағынан артта қалған ауылдық аумақтардан көшіру мен жұмысқа орналастыру, ауылдық жерлерді пайдалану аймақтық сызбасын әзірлеу қажеттілігін тудырады.

Аймақтық сызбасын әзірлеудің негізгі мақсаты - ауылдық аумақтарда экологиялық-демографиялық зерттеу жұмыстарын елді мекендер бойынша анықтау, жер ресурстарының қажеттілігін анықтау, оларды қорғап, тиімді пайдалануды жүзеге асыру болып табылады.

Картографиялық өнімдерді жаңғырту жұмыстары басталды, себебі бұрынғылары ескірді. Бүгінгі таңда оларға деген қажеттілік 1813 дананы құрайды.

Облыста жер реформасы енгізілгелі бері жер учаскелері мен жер пайдалану иелігін нарықтық жағдайда жүргізуге бағытталған жер қатынастары қалыптасты.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы көлемі 42,0829 га 430 жер учаскесі 564 046,0 мың теңгеге жеке меншікке сатылып, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 9 062,2 га 59 жер учаскесі 68 593,9 мың теңгеге сатылды.

Облыс көлемінде жер нарығын құру, жер учаскелерін жеке меншік иелікке беруде ашықтықты сақтап, аукциондар мен конкурстар өткізуде нақты жұмыстар жүргізіле бастады.

Жергілікті атқарушы органдар бұл саясатты жүзеге асыру үшін аукциондарда сатылуға ұсынылған жер учаскелерін анықтауға кірісті.

2 Стратегиялық бағыт. Жер ресурстарын пайдаланудағы проблемалар
Бүгінгі таңда нарық заңына сай жер ресурстарын пайдалануда проблемалар кездесіп жатады. Олар жалпы жерлердің барлық санаттарына тиісті кездеседі, мысалы:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде - облыстың барлық аудандарында жер сапасының төмендеу тенденциясы байқалады - ол топырақ құрамында гумустың азаюы, өсімдіктердің құрамында қоректі заттар мен қуаттылығының аз болуы азықтық базаның мүмкіншіліктерін төмендетті. Ауыл шаруашылығы алқаптары бүлінуге, ластануға ұшыраған және құнарлылығын толықтыруға мүмкіндігі азайған.

Соңғы он жылдың ішінде облыстың барлық аудандарында көптеген жерлер ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылып, босалқы жерлерге ауыстырылған: бүгінгі таңда олар облыс жер қорының 6 458,5 мың га құрайды, оның ішінде 5 979,0 мың га ауыл шаруашылығы алқаптары.

«Мемлекеттік Ғылыми Өндірістік Жер орталығы» БҚО еншілес мекемесінің 1980-2003 жылдар аралығында жүргізген мәліметтері бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарындағы 172 мың га бар, оның 134,2 мың га жыртынды жерлер су және жел эрозияларына ұшыраған, сондықтан жел және су эрозияларының топыраққа келтіретін әсерін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, одан әрі ауыл шаруашылығында су және жел эрозияларымен күрес жүргізу жөніндегі кешенді шараларын қолдану қажет.

Жер сапасын жоғары деңгейде ұстаудың бір компоненті танаптардың тазалығы болып есептеледі. Бірақ бүгінгі таңда негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары танаптарының арам шөптермен қатты ластанғаны байқалады.

Топырақ өңдеу технологияларының бұзылуына байланысты минералды және органикалық тыңайтқыштарды топыраққа сіңіру көлемінің азайғаны, топырақ құнарлылығының төмендегені байқалуда, осының салдарынан ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімдері төмендеді.

Барлық меншік үлгісіндегі жер пайдаланушылар:

- жер учаскелерін тиімсіз пайдаланады, топырақ құнарлылығын арттыруға талпындыратын экономикалық тетіктердің жоқтығы, әрі топырақ құнарлылығы жағдайын нақты қадағалап отыру өз деңгейінде емес, жер учаскелерін пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдаланудағы жауапкершілігін төмендетеді;

- егістік алқаптарын ғылыми негіздеу сақталмайды:

- минералды және органикалық тыңайтқыштар өте аз мөлшерде топыраққа сіңіріледі, соңғы онжылдықта жыртынды қабатын ұдайы пайдалану салдарынан топырақ қыртысының табиғи тозуы және гумустың төмендеуі байқалды;

- химиялық препараттарды қолдану өз дәрежесінде емес;

- ауыл шаруашылығы дақылдары аурулары мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу тиімсіз жүргізіледі;

- астық өндірісінде ылғал сақтау және басқа да жаңа технология баяу енгізілуде.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, барлық тауар өндірушілер топыраққа пайдалы заттарды қайтару арқылы топырақ құнарлылығы төмендеуін тоқтату, ғылыми-негізделген егіс ауысымын игеру, сидералдық дақылдарды пайдалану, көп жылдық шөптер себу үшін бөлек жатқан танаптарды қолдану, қуатты ылғал сақтау технологиясын қолдану талаптарын сақтаудың жүйесін әзірлеу қажет.

  1   2   3   4

Похожие:

Бекітілген батыс Қазақстан облысы iconБатыс Қазақстан облыстық маслихат сессиясының 2002 жылдың 8 қазанындағы №25-2 шешімімен бекітілген батыс қазақстан облысының

Бекітілген батыс Қазақстан облысы icon«Казталов ауданының ішкі саясат бөлімі» мм батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы Шарафутдинов көшесі, 3 ү
Бекітілген батыс Қазақстан облысы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша
Бекітілген батыс Қазақстан облысы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері Орал қаласының коды 7112
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері
Бекітілген батыс Қазақстан облысы iconБатыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы
Мақалада Батыс Қазақстан облысының өнеркәсібінің қазіргі жағдайы және даму болашағы қарастырылған. 2000-2007 жылдар аралығындағы...
Бекітілген батыс Қазақстан облысы iconБатыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2011 жылдың 8 желтоқсан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2011...
Бекітілген батыс Қазақстан облысы iconБатыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012 жылдың 04 сәуір
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012...
Бекітілген батыс Қазақстан облысы iconБатыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012 жылдың 04 қыркүйек
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012...
Бекітілген батыс Қазақстан облысы iconБатыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012 жылдың 11 сәуір
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012...
Бекітілген батыс Қазақстан облысы iconБатыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012 жылдың 1 тамыз
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница