Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009




НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница1/6
Дата конвертации24.11.2012
Размер0.49 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4   5   6


ӘОЖ 811.512.122'373 Қолжазба құқығында

ӨТЕМІСОВА ГҮЛМИРА ЖЕТКЕРГЕНҚЫЗЫ


Сыр бойы ақын-жыраулары тіліндегі көнерген аталымдардың функционалды-семантикалық сипаты

(Е.Көлдейбекұлы мен Н.Кенжеғұлұлы шығармалары бойынша)


10.02.02 – Қазақ тілі


Филология ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының докторы,

профессор Ж.Сәдуақасұлы

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,

профессор Б.Қ.Қасым

филология ғылымдарының кандидаты

Ж.М.Жампейсова

Жетекші ұйым: Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы

атындағы Тіл білімі институты

Диссертация 2009 жылы 21 желтоқсанда сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, кіші конференция залы) филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30).

Автореферат 2009 жылы «20» қарашада таратылды.




Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор Қосымова Г.С.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ жыраулар тілінің тілтаным ғылымында зерттеле бастауы қазақ тіл білімінің негізін қалаушылар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінен бастау алатыны және әдеби тіл нормаларының қалыптасуына, ауыз әдебиеті мен жыраулар, көркем шығармалар тілі негізгі іргетасы екені қазақ лингвистикасында дәлелденген (С.Аманжолов, Р.Сыздық т.б.).

Қазақ халқының мәдениетінде жыраулық дәстүрдің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасын жалғайтын алтын көпір, ұлттың рухани, мәдени болмысын танытатын – жыраулар шығармасы. Ал тілдің аймақтық ерекшелігін көрсететін және тілдің алуан түрлі қасиеттерін, лексикалық қордың баюына, молығуына ауқымды үлесі бар, грамматикасының кемелденуіне негіз боларлық тұлғалардың ақын-жыраулар тілінде мол кездесуі заңды құбылыс. Тұтас бір кезеңді қамтитын осы – жыраулар тілі. Осымен байланысты қазіргі қазақ тіл білімінде тарихи тілдік тұлғаларды, соның бір көрінісі көнерген аталымдарды саралау, жалпы адамзатқа тән таным мен көзқарастар деңгейінде талдаудың қажеттілігі айқындалады.

Көнерген аталымдарды тілдік айналымға қайта енгізу арқылы, ана тілінің сөздік қорын байытуға өз үлесін қоспақ. Өйткені қазақ халқы өмір сүргеннен бергі тарихтан хабар беретін, қазіргі тіл қолданысында көнерген аталым болып табылатын сөздерді қайта тірілту − көнерген аталымдармен сөздік қорды толықтыру.

Көнерген аталымдардың ішінде, соңғы уақыттары заман талабына сай, жалпы сипаттаудан гөрі жекелеген салаларына баса назар аударылып, көнерген аталымдардың мағыналық құрылымына, лексика-семантикалық топтарына, олардың қалыптасуындағы теориялық заңдылықтарына, ерекшеліктеріне т.б. аспектілеріне мән берілуде. Ал, осы тұрғыдан алғанда қазақ тіл білімінде көнерген сөздердің аталым тұрғысынан зерттелуі көнерген аталымға қаншалықты дәрежеде уәжділіктің қатысы бар деген мәселелер сөз болып көтеріліп, арнайы тақырып болып, табиғаты белгілі дәрежеде айқындалып, зерттелген емес. Сондықтан, көнерген аталымдардың осы тұрғыдан саралануы, айқындалуы – тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді.

Демек, халықтың тіл байлығында этнос болмысын танытатын тіл бірліктері, соның ішінде көнерген аталымдары сақталған. Соған сәйкес түрлі экстралингвистикалық факторлар мен тілдік жағдаятқа байланысты бүгінде белгісіз я болмаса мағынасы күңгірт аталымдар белгілі бір аймақ төңірегінде қолданыс тауып, әдеби тілден көрініс таба бермейді. Сондықтан осындай аталымдарды арнайы және біртұтас жүйе түрінде қарастыру зерттеудің қажеттілігінен, өзектілігінен туындайды.

Зерттеу нысаны. Ерімбет Көлдейбекұлы мен Нұртуған Кенжеғұлұлы шығармаларындағы көнерген аталымдардың функционалды-семантикалық сипаты.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Жұмыстың зерттеу нысанына орай дереккөз ретінде Е.Көлдейбекұлы мен Н.Кенжеғұлұлы шығармалары негізге алынып, ақындар шығармаларынан жинақталған екі мыңға жуық көнерген аталым зерттеуге арқау болды. Сонымен қатар А.Ысқақов «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1976), Н.Оңдасынов «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі» (1984; 1989), Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді» (2004), «Қазақ тілінің сөздігі» (2008), «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (2008), К.Юдахин «Киргизско-русский словарь» (1965), «Персидско-русский словарь» (1960), «Арабско-русский словарь» (1958) атты сөздіктері және баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары алынды.

Зерттеудің әдістері. Ақындар тіліндегі көнерген аталымдарды зерттеу синхрондық және диахрондық тұрғыдан жүргізілді. Жұмысты жазу барысында дәстүрлі ғылыми сипаттама әдісі, жүйелеу, компоненттік, этимологиялық, жіктеу, семантикалық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің әдіснамалық негізі. Зерттеу жұмысында тіл ғылымының іргелі зерттеулері және соны бағыттары мен жаңалықтары негізге алынды. Ақындар тіліндегі көнерген аталымдардың табиғаты мен қалыптасу, даму жолдарын зерттеу барысында Б.М.Юнусалиев, Э.Н.Наджип, В.В.Бартольд, Е.Е.Малов, қазақ тіл біліміндегі Қ.Қ.Жұбанов, І.К.Кеңесбаев, К.Аханов, Ғ.Ғ.Мұсабаев, А.Ы.Ысқақов, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық негіздемелерге сүйендік.

Сөзжасамға қатысты теориялық заңдылықтар мен принциптерді, көнерген аталымдарды уәжділік және аталым теориясы тұрғысынан қарастырғанда Н.Оралбай, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, А.Салқынбай, Б.Қасым т.б. ғалымдардың зерттеулерінің негізгі тұжырымдары бағыт болды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Сыр бойы ақын-жыраулары тіліндегі көнерген аталымдарды тіл біліміндегі уәжділік және аталым теорияларының қағидаларына сүйене отырып, лексика-семантикалық және функционалдық тұрғыдан талдау, олардың сөзжасамдық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

- жалпы тіл біліміндегі көнерген аталымдарға қатысты берілген бұрынғы және кейінгі анықтамаларды жинақтап, сараптама жасау арқылы ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдардың басқа лексикалық топтардан басты айырмашылығын көрсету және өзіне тән ерекшеліктерін айқындау;

- ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдардың коммуникативті-функционалдық қырынан қарастырып, негізгі қызметтерін көрсету;

- Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы көнерген аталымдардың уәжділігін анықтай отырып, олардың қазіргі тіл қолданысына қатысын, сипатын белгілеу, синонимдік қатарын анықтау;

- ақындар-жыраулар шығармаларындағы көнерген аталымдардың жігін ажыратып, лексика-семантикалық топтарға бөліп, оларға лингвистикалық сипаттама беру;

- Е.Көлдейбекұлы мен Н.Кенжеғұлұлы шығармаларындағы көнерген аталымдардың фонетика-семантикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне талдау жасап, сөзжасамдық тәсілдерге жіктеп, метафоралану үдерісін тілдік деректер арқылы дәйектеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Е.Көлдейбекұлы мен Н.Кенжеғұлұлы тіліндегі көнерген аталымдардың (архаизм, историзм) өзіне тән белгілері анықталып, олар лексика-семантикалық топтарға жіктелінді;

- Сыр бойы ақындары шығармаларындағы көнерген аталымдар коммуникативті-функционалдық тұрғыдан қарастырылып, синонимдік қатары түзілді;

- ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдардың даму жолдары мен қалыптасуында сапалық өзгеріске ұшырауын саралау тіл біліміндегі уәжділік, аталым теориясы тұрғысынан зерделенді;

- ақын-жыраулар шығармаларындағы көнерген аталымдардың сөзжасамдық тәсілдері арқылы жасалуы, аталымның семантикалық өрісін дамытатын өнімді тәсілдердің бірі екендігі дәлелденді.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу жұмысы нәтижелері қазақ тіл біліміндегі көнерген аталымдардың теориясын дамытады, уәжділік, аталым теориясына үлес қосады, сол арқылы көнерген аталымдардың заңдылықтары айқындалады. Көнерген аталымдарға этимологиялық талдау және функционалды-семантикалық сипаттама негізінде жасалған жаңа тұжырымдар тарихи лексикология мәселелерін теориялық тұрғыдан дұрыс шешуге септігін тигізеді. Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі көнерген аталымдардың мағынасын ашуда жаңа бағыт береді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы қазіргі қазақ тіл білімінде көнерген аталым теорияларына сүйеніліп жазылғандықтан, сол бағыттағы зерттеулерге қосылған үлес болып саналады. Диссертацияның негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде лексикология, тарихи грамматика, этнолингвистика салалары бойынша оқытылатын дәрістер мен семинарларда, арнайы курстарда пайдалануға болады. Сонымен бірге, ақындар тіліндегі көнерген аталымдарға арналған қосымша сөздік жалпы оқырман қауымға кейбір шығармаларда кездескен түсініксіз көнерген аталымдарды ұғынуға көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдардың уәжділік және аталым теориясы тұрғысынан зерделенуі, олардың даму жолдары мен қалыптасуында сапалық өзгеріске ұшырауын саралауда, лексика-семантикалық жіктелуіне ықпалын тигізеді;

- Сыр бойы ақындары шығармаларындағы көнерген аталымдар сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалып, синонимдік қатар түзеді;

- Е.Көлдейбекұлы мен Н.Кенжеғұлұлы тіліндегі көнерген аталымдар ұлттық сөздік қорымыздың сүбелі қабатын құрайтын тілдік бірліктердің мағыналы жүйесі болып табылады. Себебі, олар қазақ тілінің лексикалық қорын диахрондық және синхрондық тұрғыдан зерделеуге мүмкіндік береді;

- ақындар тіліндегі көнерген аталымдардың сөзжасамдық тәсілдері арқылы жасалуы, аталымның семантикалық өрісін дамытатын өнімді тәсілдердің бірі.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеудегі негізгі ойлар, диссертацияның мазмұны, ондағы негізгі тұжырымдар халықаралық ғылыми-практикалық және ғылыми-теориялық конференциялардың материалдары жинақтарында 5 мақала баяндалды, республикалық басылымдарда 3 мақала, «Қазақстан мектебі» журналында 1 мақала жарияланды. Диссертациялық жұмыс бойынша барлығы 1 сөздік, 9 ғылыми мақала жарық көрді.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедраларының бірлескен мәжілісінде, лингвистикалық семинарда талқыланып, мақұлданды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен шартты қысқартулардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертацияның «Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы көнерген аталымдардың лексика-семантикалық сипаты» атты бірінші тарауында Е.Көлдейбекұлы мен Н.Кенжеғұлұлы тіліндегі көнерген аталымдар коммуникативті-функционалдық қызметі тұрғысынан алынып, зерттеу аспектілері, көнерген аталымдарды қолдануда уәжділік мәні, ақындар тіліндегі көнерген аталымдардың лексика-семантикалық топтары анықталады.

1.1 Тіл біліміндегі көнерген аталымдардың зерттелу аспектісі.

Болашаққа нық қадам басу үшін үнемі өткенді саралап, қажет еткенді жаңғыртып алған жөн. Қазақ ұлтының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы тарих сабақтастығы жөнінде: «Біздің заманымыз − өткен заманның баласы, келер заманның атасы, − деген еді [1, 13 б.]. Бұл ұлағат сөздің көнерген аталымдарға да қатысы бар.

Жалпы көнерген аталымдардың ішкі мағыналық құрылымы – көп жайттардың себебін, мәнін ашуға мүмкіндік береді. Демек, ішкі мағыналық құрылым – оның ұғымдық құрылымын анықтайтын өзек. Сондықтан көнерген аталымдардың жалпы мазмұндық белгісі – аталымның дербес мағыналы лексема ретіндегі ұстанымы. Көнерген аталымдардың арасындағы мазмұндық байланыс түрлері – олардың уәжділік дәрежесін көрсететін болса, екіншіден солардың негізгі ерекшелігін мағынаның жасалуы, дәлірек айтқанда, уәж түбір мен құрамға, сол сияқты мағынаға тәуелді келеді.

Аталымның көнеру тәртібі көптеген халықтар тілдерінде бір-біріне ұқсас болады. Бұл ретте басқа халықтардағы көне лексика туралы пікірлерге қосымша орыс ғалымдары Н.М.Шанский, Е.М.Галкина-Федорук, А.А.Реформатский, Ф.П.Филиннің еңбектерінде біршама мәлімет берілген.

Көнерген аталымдардың басқа лексикалық бірліктерден өзгешелігін көрсету үшін көнерген аталымдардың басты-басты қасиеттеріне тоқталған жөн. Олар:

- көнерген аталым − олар ертеде сөздік қордан тұрақты орын алып, халықтың күнделікті өмірінен елеулі маңыз алған, жалпыға ортақ кең көлемді қамтыған қатынас құралы. Бұл туралы орыс ғалымдары Галкина-Федорук пен Ф.П.Филин көнерген аталымдарды негізінен әдеби тілден, жазба мұралардан, халықтың ауыз әдебиет үлгілерінен іздестіру керектігін айтады.

- көнерген аталымдар ерте кездегі бір-біріне тегі жақын туыстас көне түркі әдеби тілінде қалыптасқан норма болғандықтан, еш уақытта жойылып кетпейді, тарихи немесе этимологиялық сөздіктерде өмір сүреді.

- көнерген аталымдардың кейбіреулері ертеде сөздік қордан тұрақты орын тауып, өз заманында белсенді қызмет атқарған байырғы сөздерден жасалған жаңа ұғымдар болып келеді. Бұл − тілдің ішкі даму заңдылығында үнемі болып тұратын табиғи құбылыс. Тілдің жаңа сөздермен толығып баюы қоғам өмірімен тығыз байланыста қаралады.

- қоғамдық формациялардың ауысуына байланысты бір қатар аталымдардың көнергендігі байқалады. Мұндай жағдайда ескі аталымдардың мағынасы күңгірттеніп, жаңа аталымдардың белсенділігі артады. Жаңа аталым өзінің саласы жағынан ескіге сай синоним бола алмайды.

Осы орайда қазақ тіл білімінің жекелеген мәселелерін зерттеуші Қ.Қ.Жұбанов, І.К.Кеңесбаев, Н.Т.Сауранбаев, М.Б.Балақаев, О.Ж.Досқараев, К.Аханов, Ғ.Ғ.Мұсабаев, А.Ы.Ысқақов, Ә.Т.Қайдар, Р.Ғ.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, С.Исаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде аталымның көнеруіне қатысты құнды пікірлері зерттеу жұмысына зор ықпал етті.

Сөз мағынасының тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Қоғамның әр дәуірінде дамуына қарай сөз мағынасы да өзгеріп, ілгері дами түседі.

Ғалым Р.Сыздық Махамбет пен Жамбыл поэзиясының тіліндегі көптеген көнерген аталымдардың мағынасын қалпына келтіріп, текстологиялық талдаулар жасайды. Бұлардың көпшілігі «Сөздер сөйлейді» [2] кітабына енген. Осы іспеттес арнайы бір бағытта «маманданған» ғалым Е.Жанпейісов ұзақ ізденістері нәтижесінде «Абай жолы» эпопеясының тілін саралаған монографиялық еңбегін [3] жазып шықты. Бұл – қазақ тіл біліміндегі этимологиялық зерттеулердің ең көлемдісі болумен қатар өзінің ғылыми тереңдігі, этимологияларының дәлелділігімен ерекшеленеді.

Көнерген аталымдарды жоғарыдағы ғалымдардың барлығы «көнерген сөз» ретінде қарастырса, қазір оны «аталым», «атау» тұрғысынан қарастырып жаңа бағытқа жол салған белгілі ғалымдар Н.Оралбай, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, А.Салқынбай, , Б.Қасым еңбектері басшылыққа алынды.

Қазақ тілінің негізгі байлығы сөздік қоры болса, оның қалыптасуы, дамуы, толығуы – үздіксіз болып отыратын үрдіс. Бұл үрдістің негізгі көзі қоғам өміріндегі саналы да сапалы өзгерістерге баланысты еніп жататын заттар мен құбылыстарды атау. Атау жасау аталым үрдісі – сөзжасамның нәтижесі.

Ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдар (архаизм) мен тарихи аталымдардың (историзм) әрқайсысының ерекшеліктері мен өзіне тән басты-басты белгілері анықталды. Диссертацияның ғылыми жаңалығының бірі ретінде ақындар шығармаларындағы тарихи аталымдарды (историзм) қарастыру барысында былай топтастырылды:

- тарихи аталымдар қазіргі тіл қолданысында жойылғанымен, бір заманға тән көне дәуірдегі шындықты көрсететін аталымдар. Мысалы, құл, күң, атшабар, бек, сұлтан, төлеңгіт, қарашы т.б.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница