Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы




Скачать 49.81 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы
Дата конвертации24.11.2012
Размер49.81 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1262 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 49, 624-құжат


      Үкiметтiк емес секторды, оның мемлекеттiк органдармен сындарлы өзара iс-қимылын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Үйлестiру кеңесi туралы ереже;
      2) Үйлестiру кеңесiнiң құрамы бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 21 желтоқсандағы 
N 1262 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы
Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi
үйлестiру кеңесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Үйлестiру кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бiрлестiктер туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңдарын, өзге де
нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерi және функциялары

      3. Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi:
      мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығы жүйесiн жетiлдiру;
      үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға тарту;
      азаматтық бастаманың өсуi үшiн жағдай жасау;
      үкiметтiк емес ұйымдардың қызметi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

      4. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында, мынадай функцияларды орындайды:
      үкiметтiк емес ұйымдардың дамуы үшiн қолайлы жағдай жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және кеңейту жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi;
      мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдарға қарау үшiн талдамалық, әдiстемелiк және өзге де материалдарды жiбередi.

      5. Үйлестiру кеңесiнiң:
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
      мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратуға;
      үкiметтiк емес ұйымдар мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Үйлестiру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру

      6. Үйлестiру кеңесiн төраға басқарады.

      7. Төраға:
      Үйлестiру кеңесiнiң қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
      Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарында төрағалық етедi;
      Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдында есеп бередi.
      Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Үйлестiру кеңесiнiң Хатшысы Үйлестiру кеңесiнiң жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi, отырыстың күн тәртiбi бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстардың хаттамаларын ресiмдейдi.

      9. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай, кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi және егер оларға Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысса заңды болып саналады.

      10. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.

      11. Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi болып саналады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 N 1113 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 21 желтоқсандағы 
N 1262 қаулысымен      
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес
ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң
құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.27
N 588, 2007.07.17 N 603, 2008.06.11 N 577, 2008.06.20 N 597, 2008.12.31. N 1338, 2009.11.13 N 1834, 2010.10.26 N 1113, 2011.06.23 № 696 Қаулыларымен.

Құл-Мұхаммед           - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы          министрi, төраға

Төлебаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы        вице-министрi, төрағаның орынбасары
 

Нұрғазиева             - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Бану Ғаниқызы            министрлiгi Қоғамдық-саяси жұмыс
                         департаментi директоры, хатшы

      Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерi:

Дүйсенова              - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Тамара Босымбекқызы      халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң
                         жауапты хатшысы

Аманбаев               - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Әмiрхан Тапашұлы         министрiнiң орынбасары

Дәленов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы        вице-министрi

Құрманғалиева          - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы           сақтау вице-министрi

Оразаев                - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбiлахатұлы        вице-министрi

Тұрмағамбетов          - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдiқалықұлы       қорғау вице-министрi

Котенко                - Қазақстан Республикасы Премьер-
Наталья Леонидовна       Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
                         экономикалық бөлiмiнiң меңгерушiсi

Нәубетова              - Қазақстан Республикасының Президентi
Рашида Аронқызы          жанындағы Әйелдер iстерi және
                         отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi
                         ұлттық комиссия хатшылығының консультанты

Калюжный               - Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық
Вячеслав Афанасьевич     орталық басшысы (келiсiм бойынша)

Әбдiкәрiмов            - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Сержан Оралбайұлы        министрлiгiнiң Ерекше тапсырмалар жөнiндегi
                         елшiсi - Еуропадағы қауiпсiздiк және
                         ынтымақтастық жөнiндегi ұйымы
                         департаментiнiң директоры

Ақпенова               - "Қазақстан телерадио хабарларын
Раушан Төлеқызы          таратушылар қауымдастығы" қоғамдық
                         бiрлестiгiнiң директоры (келiсiм бойынша)

Байсақова              - "Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы"
Зүлфия                   заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң басқарма
Мұхамедбекқызы           төрайымы (келiсiм бойынша)

Гуляев                 - "Десента" қоғамдық қорының бас
Сергей Николаевич        директоры (Үкiметтiк емес ұйымдарды
                         дамыту және қолдау орталығы)
                         (келiсiм бойынша)

Перуашев               - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы         экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
                         бiрлестiгiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)

Соловьева              - Қазақстан Республикасы Парламентi
Айгүл Сағадибекқызы      Мәжiлiсiнiң депутаты, Қазақстан Азаматтық
                         альянсiнiң президентi (келiсiм бойынша)

Сыдықов                - "Қазақстан жастар конгресi" заңды
Нұрлан Ерболатұлы        тұлғалар бiрлестiгiнiң атқарушы
                         директоры (келiсiм бойынша)

Цеховой                - "Халықаралық ақпараттандыру академиясы"
Алексей Филиппович       қоғамдық бiрлестiгiнiң бас директоры
                         (келiсiм бойынша)

Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы iconЖастар iсi жөнiндегi Кеңестi құру туралы
Республикасының мемлекеттiк жастар саясатын тиiмдi үйлестiру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтiк белсендiлiгiн арттыру...
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы iconҚазақстан Республикасында ЖҚтб iндетiне қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Елдегi ЖҚтб iндетiне қарсы iс-қимыл жөнiндегi күрес шараларын одан әрi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы iconМемлекеттiк статистика мәселелерi жөнiнде кеңес құру туралы
Статистикалық жүйенi жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы iconМемлекеттiк статистика мәселелерi жөнiнде кеңес құру туралы
Статистикалық жүйенi жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы iconҚазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құру туралы
Республикасының ПҮаж-ы, 2008 ж., N 32, 332-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 2 шiлде, n 198-199 (25170)
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы iconҚазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құру туралы
Республикасының ПҮаж-ы, 2008 ж., N 32, 332-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 2 шiлде, n 198-199 (25170)
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы iconҚазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құру туралы
Республикасының ПҮаж-ы, 2008 ж., N 32, 332-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 2 шiлде, n 198-199 (25170)
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Үкiметi
Республикасының Үкiметi мен Украина Үкiметi табысқа қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы iconХалықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы
Республикасының инвестициялық имиджін арттыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық қоғамдастықпен тиімді өзара іс-қимылын...
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы iconҚазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы
Оса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница