Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы




Скачать 244.86 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы
Дата конвертации09.07.2014
Размер244.86 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАCЫ

10-11 сыныптар
қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Астана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

10-11 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Жұмажанова Т.Қ., Дүйсебаев С.Р., Асылов Ұ., Мадиева А.Т.

Оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 20 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

I ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы, ҚР-ның «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы негізінде ҚР-ның орыс, ұйғыр, өзбек тілді мектептерінде қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде екінші тіл ретінде меңгерту міндеттерінен туындайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беру Тұжырымдамасында белгіленгендей, еліміздің әрбір оқушысы еліміздің саяси-әлеуметтік тұрақтылығына, келісім мен ынтымақтың нығаюына ұйытқы болып отырған қазақ халқының тілі, әдебиеті, ділі бойынша неғұрлым мол сусындап, оны тану және құрметтеу деңгейіне жетуіне оңтайлы жағдай тудыру қызметін орындаудан өріс алатын қағидаттар осы қазақ әдебиеті пәні бойынша өзге тілді мектептер үшін білім беру бағдарламасының негіздерін құрайды.

«Қазақ әдебиеті» пәні оқушылардың негізгі мектептегі коммуникативтік-модульдік сипатта оқыған қазақ әдебиеті бойынша меңгерген білімдерін одан әрі дамытады. Әдебиеттік-модульдік блоктар бойынша оқушыларды қазақ әдебиетінің – Ежелгі дәуірден бергі және ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі үздік туындыларымен таныстыру және ол туралы өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге төселдіреді. Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелілігін дамытып, әдебиеттік-эстетикалық көзқарастарын кеңейтеді.

«Қазақ әдебиеті» пәнінен берілетін әдеби білім мазмұны қазақ тілінде еркін, таза сөйлей алатын мәдениетті дара тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қызмет ете отырып, оқушылардың тілді меңгеруіне лайық туындылардан құрылуы керек. Бұл көркем туындылар әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне, психологиялық даму қабілетіне сәйкес ықшамдалып, тіл үйренуге бейімделіп алынған шығармалар тізбегін құрайды, сөйтіп өзге тілді мектептердегі әдебиетті оқи отырып, оқушылар қазақ халқының әдеби, мәдени, тарихи көркем туындыларымен танысу арқылы тілдік ортаны кеңейтеді.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша орыс, ұйғыр тілді мектептер үшін білім беру бағдарламасы тиісті пән бағдарламаларына тірек болатын тұжырымдамалық негіз болып табылады. Онда тиісті деңгейде қазақ әдебиеті бойынша мазмұндық толымның түзілуінің тұжырымдамалық сипаттағы негіздері айқындалады.

Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі оқушыларды қазақ халқының төл туындыларымен, атап айтқанда халық ауыз әдебиеті үлгілерімен, қазақтың классикалық әдеби құндылықтарымен таныстыра отырып, олардың бойында Мемлекеттік тілді құрметтеу мен қазақстандық елжандылық сезімін қалыптастыру міндеті туындайды. Пәнді оқыту сонымен қатар оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамытуда да маңызды қызмет атқаруы тиіс.

Екі сыныптың (10-11) бағдарламасында да сыныпта өтілетін туындыларға қоса сыныптан тыс немесе өздігінен оқуға арналған туындылар көрсетіліп, оларды мүмкін болғанша тұтас немесе үзінді түрінде қазақ әдебиеті хрестоматияларына енгізу көзделді.

Сағат санына және қазақ әдебиеті тарихының өзге ұлт мектебіне арналып отырғанына байланысты бұл сыныптарда белгілі бір кезең әдебиетінің көрнекті өкілдері шолу түрінде қарастырылып, олардың әдебиет тарихында алатын орны, шығармаларының идеялық-көркемдік жетістіктері нақты атап көрсетіледі. Ал бір және одан көп сағат бөлінген авторлар шағармашылығын оқыту олардың қысқаша өмірбаяндарынан, елеулі туындыларына жалпы сипаттамадан және ең басты туындысына талдау жасаудан тұрады.

Қазақ әдебиеті ұлт мектептерінің 10 – 11-сыныптарында да екі бағытта: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттарында оқытылады. Олардың арасындағы айырмашылық, негізінен, талданатын материалдың күрделілігі мен меңгеруге қойылатын талап деңгейіне қатысты қарастырылады.

Ұсынылып отырған жаңа бағдарламада ақын-жазушылардың шығармашылығын дербес оқыту жолының құрылымы жоғарыдағы әдістен біршама өзгешелеу. Мұнда бірінші сағатта ақын-жазушының шығармашылығы туралы ақпараттық жағынан толымды қысқаша сөз болады; қашан өмір сүрді, қандай шығармалар жазды, не жайында жазды және шығармашылығының мәні-маңызы – бұлар қысқа-қысқа мәлімет деңгейінде беріледі. Содан кейінгі сағаттарда бірінші шолу сағатындағы ойларды аша түсетін шығармалары немесе олардың үзінділері оқылады. Басқаша айтқанда, оқыту дерексіздіктен шығарманың өз табиғаты мен тіліне жақындай түседі. Осылайша – оқыту әдебиеттанушылық сипаттың және оқулық жазатын автордың субъективтік парасатының шеңберінде шектелуден азаттанады. Оқушы оқулық авторының емес, ақын-жазушының тілінде сөйлеуге жақындайды.

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты: Оқушыларды қазақ әдебиеті шығармаларымен тарихи-хронологиялық, монографиялық негізде табыстыру арқылы ондағы суреттелген қоғамдық өмірдің, жеке кейіпкерлердің бейнесінің, қазақ халқының тұрмысының, салт-дәстүрінің, мінез-құлқының авторлық көркемдік шешімде бейнелену жолдарын аңғарту; қазақ тілінде еркін сөйлеу және қазақ әдебиеті шығармаларын өз бетінше өмір бойы оқу дағдыларын меңгерте отырып, тұлғалық адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу, оларды қазақстандық патриотизм мен толеранттық рухтарында қалыптасуын қамтамасыз ету.

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың басты міндеттері:

  • қазақ әдебиеті туралы жалпы ұғымдарын қалыптастыру;

  • қазақ әдебиетінің жекелеген үздік үлгілерін танып білу;

  • өз бетінше өмір бойында оқу дағдыларына төселдіру;

  • өз бетінше көркем әңгімелеу дағдыларының негіздерін меңгерту;

  • қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту арқылы мектеп қабырғасында қазақ тілінің қолданылу ортасын кеңейту;

  • көркем әдеби мәтіндерді оқыту барысында оқушылардың қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін біліп, меңгеруін қамтамасыз ету;

  • қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін құрметтеу, Қазақстан халықтарының өзара келісімінің ұйытқысы ретіндегі қазақ халқының қоғамдық-тарихи миссиясын құрметтеу сезімдеріне баулу;

  • қазақстандық патриотизм, толеаранттық сезімдерін қалыптастырап дамыту;

  • өзге ұлттың әдебиетін, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін құрметтей білу сезімі дамыған тұлға даярлау;

  • көркем шығармаларды меңгеру барысында қалыптасқан тілдік қорды қазақ тілінде жазбаша пайдалануға үйрету.

Жалпы білім беретін орта мектептің барлық сатыларында қазақ әдебиеті пәні бойынша білім мазмұны әр сыныпта әдебиет тарихы жанрымен түрі жағынан ең негізгі ұғымдарды қамтып, толығып отырады. Бағдарлы мектепте берілетін білім мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына және қазақ тілін білу дайындығының дәрежесіне байланысты құрылады.

Сондай-ақ әр тақырыпты өткенде пәнаралық байланыс (тарих пәні, өнер туындылары: кино, спектакль, сурет, архитектура, т.б.) ескертіледі.

10-11 сыныптардағы «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын сұрыптауда ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, сабақтастық, іс-әрекеттілік, пәнаралық ықпалдастық, сабақтастық сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың бейіндік ерекшеліктері ескеріледі. Оқытудың барлық деңгейлерінде жалғасын табатын сабақтастық ұстанымы пәндік білім мазмұнын меңгертудің әдіснамалық және әдістемелік қағидаларынан көрінеді.

1. Оқытудың іс-әрекеттілік ұстанымы білім алушылардың танымдық әрекетін дамытып, олардың өз әрекетін өзі бақылай алуының қалыптасуына негіз болады.

2. Пәнаралық интеграция ұстанымы берілетін білім мазмұнының нәтижелiлiгi мен оқытудың сапалық деңгейін танытады. Сол себептi әдебиеттің басқа пәндермен ықпалдастығы оқушының интеллектуалдық-танымдық, iскерлiк сапаларын, шығармашылық әрекетiн, қарым-қатынастық бiлiктiлiгiн, әлеуметтенуге бейiмдiлiгiн, эстетикалық, рухани-адамгершiлiк құндылықтарын дамытуға септігін тигізеді.

3. Қазақ әдебиетін оқытуда түсініктілік ұстанымы оқушылардың өзіндік қабілеті мен ерекшеліктерін ескере отырып үйлесімді психологиялық ахуал тудыруға мүмкіндік жасайды.

4. Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталады.

5. Шығармашылық ұстанымы әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай ұстанымы болмасын оқушының білік, дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді .

Сөйтіп, тұтастай алғанда «Қазақ әдебиеті» пәнінің орыс, ұйғыр мектептеріне арналған оқу бағдарламасы пәннің мақсаты, мазмұны, оқытудың жалпы ұстанымдары туралы, сонымен қатар, осы пәннің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі туралы ақпараттық-әдістемелік қызмет көрсетеді. Ұсынылған әдеби білім мазмұнын толық қамти отырып, бағдарлама оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін орайластырады.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес

а) қоғамдық-гуманитарлық бағдар:

10-сынып - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағат;

11-сынып - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат;
ә) жаратылыстану-математикалық бағдар:

10-сынып - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат;

11-сынып - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат құрайды.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.
II «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
10-СЫНЫП
XIX ғасырдың I жартысындағы әдебиет. Жалпы шолу. (2 сағат)

XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік хағдайы. Сырым Датов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күрес пен оның сол кезең әдебиетіндегі көрінісі туралы сипаттама

Аталған кезеңдегі әдебиеттің көрнекті өкілдерінің (Байтоқ, Жанұзақ, Мұрат, Шортанбай, Махамбет, Шернияз, Алмажан) өлең, толғау, дастандары туралы.
Дулат Бабатайұлы (4 сағат)

Қысқаша өмірбаяны. Әдебиет тарихындағы орны. «Зар заман» аталған отарлық дәуір қасыретін, қазақ қоғамындағы қайшылықтар мен өзгерістерді ерекше ақындық қуатпен шынайы әрі күйзеле бейнелеген үздік талант екені. Суырыпсалма дәстүрлі қазақ поэзиясын классикалық жазба поэзияға жалғаушы, қазақ өлеңнің хас шебері.

«Аягөз», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Қаршығыны қайырма», т.б. өлеңдері мен «Еспембет» дастаны. Дастандағы Еспембет бейнесі, ақынның оны жасау тәсілдері. Соғыс суретін қалай көрсеткені. Ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері, өлең өрнектері мен тіл кестесі.
Махамбет Өтемісұлы (4 сағат)

Өмірбаяны. Отаршылдыққа қарсы көтеріліс басшысының бірі болған батыр-жырау өлеңдері түгелдей дерлік сол төңкеріс туралы екені және олардың көркемдік жағынан қазақ әдебиетінде қайталанбас ерекше көркемдік құбылыс екені. 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілген (2003 ж.)

«Ереуіл атқа ер салмай», «Нарын», «Соғыс», «Ей, Махамбет жолдасым», «Толарсақтан саз кешіп», «Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», «Баймағамбет Сұлтанға айтқаны», т.б. өлеңдері.
Шортанбай Қанайұлы (2 сағат)

Өмірбаяны. Оның шығармаларының тұтас бір кезең өмір шындығының көркем бейнесі екені. «Зар заман», «Опасыз жалған», «Бала зары», «Жыр толғаулар», т.б.
Сүйінбай Аронұлы (4 сағат)

Өмірбаяны. Жамбыл бастаған Жетісудың азуымен құс тістеген дүлдүл ақындарының пір тұтқан ұстазы, «Алтын діңгегі» (М.Әуезов). Алғыр ойлы, алмас тілді айтқыш ақын, алдына жан салмаған айтыскер екені.

«Бөрілі менің байрағым», «Әділеттік орнаса», «Тезек төреге көңіл айтуы», «Жақсы мен жаманның айырмасы», «Бала Жамбылға батасы», «Үмбетәліге», т.б. өлең, толғаулары.

Айтыстары: «Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбай мен Қатаған».
Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күрімжанұлы, Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы. (2 сағат)

Аталмыш ақындар шығармаларында замана шындығының көрінісі, елдік, ізгілік, адамгершілік тақырыптары, сарындастық пен талант ерекшеліктері.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (4 сағат)

Өмірбаяны. Қазақ әдебиетінде жазба поэзиясының негізгі қалаушыларынің бірі екені.

«Үлгі сөз», «Хал-ахуал», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы», «Сарыарқа кімдікі?», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашам» өлеңдері мен «Гүлшат-Шеризат» дастаны. Ақынның әдеби мұраны жинаудағы зор еңбегі.

XIX ғасырдың II-жартысында қазақ әдебиеті мазмұндық, тақырыптық, көркемдік, түр жағынан сапалық биік сатыға көтерілгендігі. Бұл кезең әдебиетінің демократтық, ағартушылық соңы өріске бет түзеуі. Қазақтың Ыбырай, Абай, Шәкәрім есімдерімен байланысты классикалық жаңа әдебиетінің жасалуы. Романтикалық жазба дастан үлгілерінің («Медғат-қасым», «Дағыстан») шығуы. Балаларға арналған шағын әңгімелер мен ғахлия түріндегі проза жанрының пайда болуы, көркем аударма үлгілері.
Шоқан Уәлиханов (4 сағат)

Өмірі мен шығармашылығы. Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеуші, ер жүрек саяхатшы-географ.

Туындылары: «Ыстықкөл күнделігі», «Жоңғар очерктері», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері», «Қашқария очерктері», орыстың аса көрнекті ақын-жазушыларымен, ғалымдарымен жазысқан «хаттары».
Ыбырай Алтынсарин (4 сағат)

Өмірі мен ағартушылық қызметі. Оның ақындық, жазушылық шығармашылығының ағартушылық-демократтық идеясымен өзектестігі. Балаларға арналған жазбаша прозалық әдебиеттің негізін салушы.

Өлеңдері: «Өнер, білім бар жұрттар», «Жаз», «Өзен», «Ананың сүюі».

Әңгімелері: «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Әдептілік», т.б.
Абай Құнанбайұлы (10 сағат)

Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Ұлы ақын, данышпан ойшыл, философ. Әлемдік әдебиет жарық жұлдыздарының бірі (150 жылдық мерейтойының 1995 жылы ЮНЕСКО тарапынан дүниежүзілік деңгейде атап өтуі).

Өлеңдері: «Ғылым таппай мақтанба», «Мен жазбайман өлеңді ермек үшін», «Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы», «Әсемпаз болма әрнеге», «Адамның кейбір кездері», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Желсіз түнде жарық ай», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Білімдіден шыққансөз», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?»

Дастаны: «Ескендір» - философиялық мәні, көркемдігі.

Аудармалары: «Қараңғы түнде тау қалғып», «Теректің сыйы», «Татьянаның хаты», «Онегиннің хаты», «Есек пен бұлбұл», «Піл мен қанден» т.б.

Қарасөздері: «Он бесінші сөз», «Он тоғызыншы сөз», «Отыз екінші сөз», «Отыз сегізінші сөз».
Шәкәрім Құдайбердіұлы (4 сағат)

Өмірі, шығармашылық ізденістерінің кең ауқымдылығы мен алуан түрлілігі, Абайдың шәкірті әрі оның дәстүрін жаңа өрістерге бағыттап дамыта жалғастытушы екені. Ойшыл, оқымысты, философ.

Өлеңдері: «Жастарға», «Кел, жастар; біз бір түрлі жол табайық», «Насихат», «Дүние мен өмір», «Жастық туралы».

Дастаны – «Еңілік – Кебек»: Кейіпкер бейнелерін даралау шеберлігі, драмалық тартымдылығы, ізгілік-гуманистік идеяны өзек етуі.
Мағауия Құнанбаев (2сағат)

Өмірі, шығармашыдығы, әкесі Абайдың әсерімен орыстың классикалық әдебиетін оқып, үлгі алуы. Абайдаң берген материалдары және кеңесі бойынша «Еңілік – Кебек», «Медғат – Қасым» поэмаларын жазуы.

«Медғат – Қасым» - қазақ жазба әдебиетіндегі өзге халық өмірінен алып жазылған көркемдігі жоғары, алғашқы романтикалық поэма екені. Поэманың композициясы, бейне жасау тәсілдері, тілдік кестесі.
Жамбыл Жабаев (4 сағат)

Жүз жасаған Жамбылдың XIX ғасырдың II жартысындағы шығармашылығы, осы кезеңдегі өмірінен мәлімет. Сүйінбай дәстүрінде халық атынан сөйлейтін турашыл, батыл, арынды ақын болғаны. Жеңіліп көрмеген айтыскер ақын екені, өлең-толғауларында өз кезеңінің өмір шындығы бейнеленгені. Батырлық дастандар тудырған эпик-жыршы екені.

Шығармалары: «Шағым», «Мөңке туралы», «Кедей күйігі», «Жамбыл мен Айкүміс», «Жамбыл мен Құлмамбет айтысы».

Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы.
Жалпы шолу (4 сағат)

XIX ғасырдың II жартысында қазақ елінде сазы мен өлеңін қатар шығарып, теңдесі жоқ дара шеберлікпен орындайтын суырыпсалма «дала бұлбұлдары» (А.Жұбанов) – өнер жұлдыздары шоғырының пайда болуы.

Бұл топқа жататын: Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мұхит, Әсет Үкілі Ыбырай, Естайлардың әрқайсасы әуен-сазын өзі шығарған аса көрнекті сазгер, өзі орындайтын ұлы әнші, өлеңдерін де өзі тудырған тамаша ақындар екендігі.
Біржан сал: «Ләйлім «Жанбота», «Көкек», «Жамбас сипар», т.б.
Ақан сері: «Сырымбет», «Балқадиша», «Маңмаңгер», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Жақсы мен жаман», «Ләйлім шырақ», «Құлагер».
Жаяу Мұса: «Сұрша қыз», «Ақ сиса», «Көгаршын», «Хаулау».
Балуан Шолақ: «Ғалия», «Желп-желп», «Кенже қоңыр», «Дікілдек».
Үкілі Ыбырай: «Гәкку», «Шалқыма», «Қалдырған», т.б.
Әсет Найманбаев: «Арғынмын, атым – Әсет арындаған», «Тоты», «Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Адамның жасы жөнінде».

Сыныптан тыс оқуға: «Салиха – Сәмен» дастаны.
Шығармаларды оқып талдауға – 54 сағат

Сыныптан тыс оқуға – 8 сағат

Шығармашылық жұмыстарға – 6 сағат
11-СЫНЫП
XX ғасырдағы қазақ әдебиетіне жалпы шолу (1 сағат)

Шолуда XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму сатылары, кеңдік туындылары туралы айтылады. Арнайы сағат бөлінбеген, бірақ әдебиет тарихында ерекше орын алатын суреткерлер шығармашылығына тоқталған жөн. 16-жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әдебиет туралы да осы шолуда сөз болады.
Ахмет Байтұрсынұлы (1 сағат)

XX ғасырдың басында қазақ елінде өзінше бір қайта өрлеу (ренессанс) дәуірін тудырған қуатты шоғырдың рухани көсемі. Әмбебап дарын: қазақ лингвистикасы мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаған ғалым, араб алфабиті негізіндегі жаңа қазақ жазуын жасаған реформатор, ақын және аудармашы, қазақ тілі мен әдебиеті жөніндегі алғашқы оқулықтардың авторы, публицист, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.

Өлеңдері мен аударма мысалдары: «Жиған-терген», «Анама хат», «Маса», «Қазақ қалпы», «Қырық мысал», «Әдебиет танытқыш» кітабының алғашқы бөлігі.
Міржақып Дулатов (1 сағат)

XX ғасырдың басындағы қазақтың демократияшыл-ағартушы зиялыларының көрнекті өкілі. Қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы күрескерлердің ұранына айналған «Оян, қазақ!» (1909) өлеңдер жинағының авторы. Дарынды ақын әрі жазушы, публицист. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның авторы.

Шығармалары: «Шәкірт», «Шағым», «Алашқа», т.б. өлеңдері мен «Бақытсыз Жамал» романы.
Сұлтанмахмұт Торайғаров (1 сағат)

Өмір жолы. Аса дарынды лирик әрі эпик ақын екендігі. Қазақ әдебиетінде тұңғыш рет өлеңмен және қара сөзбен жазған, лирикалық және айтыс түріндегі поэмалар тудырған жаңашыл (новатор) суреткер екені.

Шығармалары: «Оқып жүрген жастарға», «Туған еліме», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Неге жасаймын», «Бір балуанға қарап», «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңдері мен «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны) поэмасы.

Сыныптан тыс оқуға: «Адасқан өмір» поэмасы.
Сәкен Сейфуллин (1 сағат)

Өмірі мен шығармашылығы. Көрнекті ақын әрі жазушы.

Шығармалары: «Далада», «Біздің жақта», «Сарыарқа», «Қамаудан», «Сағындым», «Жазғытұры», «Ақсақ киік», «Қашқынның ауылы», «Бұлшық ет», «Сыр сандық» өледері мен «Аққудың айырылуы» поэмасы.
Мағжан Жұмабаев (1 сағат)

Өмір жолы. Абайдан кейінгі дәуірдің ең көрнекті ақыны екені. Қазақ өлеңін тақырып, мазмұн, түр, көркемдеу тәсілдері жағынан жаңа сатыға көтергені. Мағжан шығармашылығының жалпы түркілік сипаты.

Шығармалары: «Өткен күн», «Мен кіммін?», «Мен жастарға сенемін», «Орал тауы», «Түркістан», «Туған жерім», «Толқын», «Шолпы», «Сүйемін», «Сағындым», «Жүлдызды жүзік, айды алқа берейін», «Сен сұлу», «Сүй жан сәулем» өлендері мен «Батыр Баян» поэмасы.
Жүсіпбек Аймауытов (1 сағат)

Жазушының өмір жолы, майталман жазушы, драматург, әдебиет сыншысы екені. Қазақ әдебиетінде шын мәніндегі роман жанрын қалыптастырушы сүреткер екені. Бұрынғы кеңестік Шығыста педогогика мен психологиядан алғаш жазылған іргелі монографиялардың авторы.

Шығармалары: «Әнші» әңгімесі. «Ақбілек» романы.

Сыныптан тыс оқуға: «Мағжанның ақындығы» әдеби-сын мақаласы.
Бейімбет Майлин (1 сағат)

Өмір жолы, шығармашылығы: жазушы, ақын, драматург. Қазақ әдебиетінде проза жанрын қалыптастырып, жоғары көркемдік деңгейге жеткізген суреткерлердің бірі екені. Әңгіме жанрының үздік шебері. Ауыл өмірінің көркем шежірешісі. Б. Майлин туындыларына: проза, поэзия, драматургиясына бірдей ортақ әзілсықақ, сатиралық сарын.

Шығармалары: «Айт күні», «Қара шелек», «Сары ала тон», «Арыстанбайдың Мұқышы» әнгімелері, «Мырқымбай» өлеңдер топтамасы, «Шұғаның белгісі» хикаяты.

Сыныптан тыс оқуға: «Талтаңбайдың тәртібі» драмасы.
Ілияс Жансүгіров (1 сағат)

Ақынның шығармашылық өмір жолы, оның поэзиясының ауыз әдебиетінің мөлдір кәусарынан нәрленген халықтық рухының күштілігі. Классикалық поэмалар тудырған қуатты эпик ақын екендігі. Тілінің аса бай әрі шұрайлылығы.

Өлеңдері: «Ағынды менің Ақсуым», «Саптыаяқ», «Мезгіл суреттері», «Гималай». Поэмасы: «Күйші».

Сыныптан тыс оқуға: «Құлагер» поэмасы.
Жамбыл Жабаев (1 сағат)

Шығармашылығы екі ғасырды (XIX-XXғғ.) тұтастырып жатқан ұлы жыраудың ақындық қуатының ақтық демінге дейін сарқылмағандығы. Ақынның егде тартқан шағында – XX ғасырдың алғашқы жартысында тудырған мұрасының да ұшан-теңіз әрі сансалалы екендігі.

XX ғасырдың I жартысындағы мұрасы: «Өстепкіде», «Зілді бұйрық», «Бесік жыры», «Балаларға», «Патша өмірі тартылды», «Абайдың суретіне», Кәрілік туралы өлеңдер, «Ленинградтық өренім», «Алатауды айналсам».

Сыныптан тыс оқуға: «Нұрила мен ақындар айтысы және Жамбылдың төрелігі».
Сәбит Мұқанов (1 сағат)

Өмірбаяаы. Әдебиеттің барлық жанрында сүбелі туындылар берген ірі суреткер екені. Әдебиетті дамытумен жас таланттарды қанағаттандырудағы зор еңбегі.Ұйғырлар өмірінен алып жазған туындылары, ұйғырдың көрнекті әдебиет қайраткерлерімен шығармашылық, достық қарым-қатынасы.

Шығармалары: өлеңмен жазылған «Сұлушаш» романында әлеуметтік теңсіздік құрбаны болған екі жастың өмір драмасы әсерлі өрілгені, тілі бай да бейнелі, оқиғасы қою да қызықты екені. «Ботагөз» романы – отаршылдық өктемдік пен ұлт-азаттық қөтерілістен кеңес өкметінің орнауына дейінгі қилы заман хикаясын баяндайтын қүрделі әлеуметтік-тариха роман.

Сыныптан тыс оқуға: «Шоқан» драмасы.
Мұхтар Әуезов (1 сағат)

Өмір жолы. Туындыларының ізгілік пен гуманистік көзқарасқа, туған халқына шексіз сүйіспеншілік пен оның тағдырына деген жанпидалық сезімге толы, философиялық терең толғаныстар мен поэтикалық сұлу сезімдерден өрілген биік көркемдігі. Ұлы жазушының үздік әңгіме, хикаяттары,драмалары, әсіресе «Абай жолы» роман-эпопаясы әлем әдебиетінің таңдаулы үлгілеріне жататыны. Дүние жүзінің атақты жазушылары мен әдебиет сыншыларының берген бағалары, 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілгені.

Шығармалары: «Қорғансыздың күні» әңгімесі, «Еңілік-Кебек» трагедиясы, «Абай жолы» эпопеясы.

Сыныптан тыс оқуға: «Қилы заман» хикаясы.
Ғабит Мүсірепов (1 сағат)

Шығармашылық өмірбаянына шолу. Әңгіме жанрының шебері екені. Оның романдары мен драмалары XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған әдеби-көркемдік табысы болып саналатыны. Сөз зергері, стилист. Халықаралық әдеби қозғалыстың көрнектіқайраткері.

Шығармалары: «Қыран жыры», «Сөз жоқ, соның іздері», «Жапон балладалары», «Өмір жорығы» әңгімелері, «Ұлпан» романы (жазушының сүйікті тақырыбы – әйел-ана туралы шығармаларының заңды жалғасы әрі тамаша сәтті түйінделуі).

Сыныптан тыс оқуға: қара сөзбен жазылған «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасы.
Ғабиден Мұстафин (1 сағат)

Жазушының өмірі мен шығармашылығы. Романист жазушының туындыларында XX ғасырдың I жартысындағы ел өміріндегі өзгерістердің көркем бейнесі жасалғаны. «Дауылдан кейін» романында Кеңес өкметі орнағаннан кейінгі алғашқы 10 шақты жылындағы қазақ ауылыныңкүрделіөмірі, замана шындығы, кейіпкерлердің реалистік толыққанды бейнелері сомдалғаны.
Қасым Аманжолов (1 сағат)

Шығармашылық өмірібаяны. Қазақ поэзиясының көркемдігі жоғары,еркіндікпафосаментаныстағанойлы, сырлы өлең, поэмаларымен байытқан ірі ақын екендігі.

Өлеңдері: «Байкал», «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Дариға сол қыз», «Туған жер», «Низами тойына, «Өзім туралы» т.б.

Сыныптан тыс оқуға: «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы.
Әбділда Тәжібаев (1 сағат)

Өмірі. XX ғасырдағы аса көрнекті қазақ ақындарының бірі. Қазақ поэзиясын мазмұн, түр жағынан байытып, әдебиетке жаңа тақырыптар әкелген лирик әрі эпик, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым.

Туындылары: «Сыр жыры» топтамасы, «Аралдар» кітабынан: «Теңізге», «Теңізбен бетпе-бет», «Қара теңізге», т.б. өлеңдері мен «Монологтар» поэмасы.
Ілияс Есенберлин (1 сағат)

Жазушыныңөміржолы. Тарихи тақырыпқа тың сүрлеу салған «Көшпенділер» трилогиясы.(«Алмас қылыш», «Алтынорда», «Қаһар» романдары).

Тарихи тұлғалар бейнесі және олардың жеңістері мен жеңілістерінің тағылымы.
Сырбай Мәуленов (1 сағат)

Өмірі мен шығармашылығы. Қазақ поэзиясында сыршыл да сұлу әуенді лирикасымен көрнектіорын алатын ақын екені.

Өлеңдері: «Сырласу сағасында», «Шөңге», «Ізгілік», «Ілияс», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Құлын», «Батсайы», «Қырғыз әуенімен», «Сәкен»,т.б.
Жұбан Молдағалиев (1 сағат)

Өмірбаяны. Ақын туындыларындағы ерлікті, ерлікті ардақтау, туған ел мен жерге деген шынайы перзенттік сүйіспеншілік сезімінің күштілігі. Ж. Молдағалиев қазақ поэзиясының айтулы табысына жататын поэмалар жазған эпик ақын екендігі.

Шығармалары: «Мен қазақпын» лирикалық поэмасы.

Сыныптан тыс оқуға: «Тек қана туған жерден айырмағай», «Мен қазақ әйеліне қайран қалам» т.б. өлендері.
Тахауи Ахтан (1 сағат)

Көптеген талантты әңгіме, хикаяттар мен қазақ прозасының идеялық-көркемдік табыстары болып табылатын романдардың, драмалық туындылардың авторы. Шебер психолог жазушы.

Сыныптан тыс оқуға: «Махаббат мұны» хикаяты.
Әбдіжәміл Нүрпейісов (1 сағат)

Жазушының шығармашылық өмірбаяны.

Соғыстан оралған жас талаптың тырнақалды туындысы – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар «Курляндия» романы болса, туған жері – Арал балықшыларының революция жылдарындағы өмірін суреттеуге арналған, жазушының есімін әлемге танытқан «Қан мен тер» трилогиясы екені.

Талдауға: «Соңғы парыз» романы.
Мұқағали Мақатаев (1 сағат)

Ақынның өмірі, шығармашылығы. XX ғасырдың II-жартысындағы әлемдік деңгейдегі ең ірі ақындардың бірі екендігі. Туындыларындағы еркіндік, шынайылық, ой мен сезім тереңдігі, драматизм.

Шығармалары: «Қазақ жері», «Үш бақытым», «Поэзия», «Музаға», «Өлең деген тумайды жайшылықта», «Қарлығашым», «Қайран Қарасазым-ай!». «Туған жерде», «Қабағы таудың қатулы», «Махаббат диалогі», «Есіңе алғайсың», «Көңілім», «Кең дүние», «Асығып алыс күндерге» т.б. өлеңдері. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Қадір Мырза әли (1 сағат)

Шығармашылық өмірбаяны. Өмір мен табиғат құбылыстарын суреттеудегі тапқырлығы. Философиялық лириканың ірі өкілі екені.

Өлеңдері: «Асауды үйрету», «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабалардың шоқ басқан табанымен», «Тігерге тұяқ қалмай қырқып атып», «Өмірдің өзі, қызық-ақ».
Тұманбай Молдағалиев (1 сағат)

Өмірбаяны. Махаббат, жастық, көктем жыршысы. Ақын шығармашылығындағы өмірсүйгіштіктен бастау алған сыршылдық пен мүң.

Өлеңдері: «Жаздың түні барқыт еді әдемі», «Жайлау ғой мынау жарасқан», «Жаз тұрды даланы жайнатып», «Залда отырды саған ұқсас бір адам», «Қайта оралды тырналар», «Түскиіз».
Қабдеш Жұмаділов (1 сағат)

Өмірбаяны. Қазақ тарихы мен Қытай қазақтары өмірін арқау еткен қатпарлы романдардың авторы екені. Өзіне тән стильдік, көркемдік тәсілдері. Тіл байлығы, тілінің сұлу орамдылығы. «Соңғы көш» диологиясы.

Сыныптан тыс оқуға: «Қаздар қайтып барады» әңгімесі.
Олжас Сүйлейменов (1 сағат)

Өмірі мен шығармашылығы. Орыс тілінде жазатыны. XX ғасырдың аса көрнекті ақындарының бірі екені. «Азия», «Қыш кітабы» шығармалары.

Өлеңдері: «Арғымақтар», «Қыз қуу», «Ришад – қыр қазағының баласы», «Бір соғыстың аяғы...», «Қасқырдың бөлтіріктері».
Мұхтар Шаханов (1 сағат)

Өмірбаяны. Есімі әлемге танымал ірі ақын екені. Өлең, поэмалары дүние жүзі халықтарының тіліне ең көп аударылған қазақ ақыны.

Шығармалары: «Төрт ана», «Түсінісу теоремасы», «Желтоқсан тағылымы» өлеңдері мен «Отырар» поэмасы.
XX ғасырдағы қазақтан шыққан ақын-жазушы әйелдер (Ш. Иманбаева, М. Хакімжанова, Т. Әбдірахманова, М. Айтхожина, Ш. Құмарова, Қ. Бұғыбаева, К.Ахметова) шығармашылығына шолу. Ф. Оңғарсынова туындыларының идеялық, көркемдік, тақырыптық, стильдік сипаттамасы.
Шығармаларды оқып талдауға27 сағат

Сыныптан тыс оқыған шығармалар жөнінде әңгіме4 сағат

Шығармашылық жұмыстарға – 3 сағат

III ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
10-сынып оқушылары:

  • әдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынып, ХХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті үлгілерін біледі;

  • ақын-жазушылардың шығармашылық өмірбаяны мен шығармашылығы арасындағы байланысты аңғарады;

  • көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін айқындай алады;

  • әдебиеттің өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино т.б.) байланысын түсіндіреді;

  • көркем шығармадағы негізгі ойды анықтай алады;

  • эпикалық, лирикалық және драмалық туындылардағы басты кейіпкер келбетін таниды;

  • әдебиет дамуынын тарихи-хронологиялық жүйеде қабылдай алады;

  • шығармадағы авторлық көзқарасты айқындай алады;

  • оқыған көркем туынды бойынша шығармашылық жазба жұмыстарын орындайды;

  • қосымша оқуға ұсынылатын шығармаларды өздігінен оқып талдайды;

  • көркем шығармалар негізінде қазақ халқының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, адамгершілік құндылықтарын жүйелі аңғарады;

  • көркем әдебиет туралы ғылыми сын мақалаларды түсініп оқиды, оларды талдауда өзіндік ой тұжырымын жасай алады;

  • берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелі жеткізе алады;

  • әдеби білімдерін ауызша және жазбаша жеткізеді;

  • әдебиеттің өзге ғылымдармен (тіл, философия, тарих, қоғамтану, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, жаратылыстану т.б.) сабақтастығын ұғынады;

  • шығарманың құрылымын талдау дағдыларын меңгереді;

  • прозалық және өлең туындыларын мәнерлеп оқып, көркем әңгімелей алады;

  • көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып, жазба жұмыстарын (эссе, шағын шығарма жазу т.б.) орындай алады;

  • өз бетінше қазақ тілінде оқырмандық әрекеттерді орындай алады;


11 сынып оқушылары:

  • ХХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті үлгілерін әдебиеттің тектері мен жанрларына сәйкес талдай алады;

  • әдебиеттану терминдері сөздіктерін, энциклопедияларды пайдалана алады.

  • көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық- тақырыптық мәнін айқындай алады; әлем елдері әдебиетімен салыстырады;

  • әдебиеттің өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино т.б.) байланысын түсіндіре алады;

  • көркем шығармадағы негізгі ойды автордың көзқарасы мен замана шындығы тұрғысынан анықтай алады;

  • эпикалық, лирикалық және драмалық туындылардағы басты кейіпкер келбетін таниды, олардың іс-әрекеттерінің өмірдегі жағдаяттарға, қоғамдық ортаның әсеріне қатысты екендігін дәйектей алады;

  • шығармадағы авторлық көзқарасты айқындайды ;

  • шығарманың көркемдік ерекшеліктерін танып, анықтайды;

  • қосымша ақпарат көздерін: сыныптан тыс оқу, электрондық оқулық, интернеттік ақпараттар, БАҚ т.б. – нақты көркем шығарманы толығырақ қабылдау үшін пайдалана алады;

  • ізденіске түсіп, сыныптан тыс және қосымша оқ⬴ға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқиды;

  • көркем әдебиет туралы ғылыми сыни мақалаларды түсініп оқиды, оларды талдауда өзіндік ой тұжырымын жасай алады;

  • ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан суреттей алады;

  • көркем шығарма мазмұнын әлем әдебиетінің үлгілерімен салыстыра талдай біледі;

  • әдебиеттің өзге ғылымдармен (тіл, философия, тарих, қоғамтану, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, жаратылыстану т.б.) сабақтастығын ұғынады;

  • реферат, баяндама, пікір, аннотация, рецензия дайындай алады;

  • шығарма немесе оның ішіндегі кейіпкерлер бойынша ой толғау, пікірнама, сыни мақала жазады;

  • мазмұндама және әдеби тақырыптарға шағын шығарма жаза алады;

  • сөздіктермен жұмыс жасай алады (түсіндірме сөздік, әдебиеттану және т.б.)

  • әдебиет пәні бойынша қалыптасқан қазақ тіліндегі тілдік қорын күнделікті сөйлеу тілінде және түрлі оқу-тәрбие шараларында қолдана алады.



IV «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқу қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген талаптар бойынша жүзеге асады. Негізгі орта деңгейді аяқтаған оқушыларға «Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытуда білім алушылардың бейімділіктері, қабілеттері мен жеке дара қызығушылықтары барынша ескеріледі.

Әдебиетті оқытуда тек ең танымал деген туындылармен таныстыру ғана көзделіп, ХХ ғасыр және егемен ел әдебиеті туралы қысқаша түсінік беріледі. Сол себепті 10-11 сыныптарда әдебиеттiң теориялық мәселелерi, құрамдас бөлiктерi, әдеби ағымдар мен бағыттар, әдеби көркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, қазiргi әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму, көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi тұтастай емес, әр тақырыптың өзіндік ерекшелігіне қарай талданады.

Бағдарлы сыныптарда тақырыптық жүйеге орай әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымынан түсініктер беріледі. Оқытудағы мұндай әрекеттер оқушылардың негізгі мектепте меңгерген әдебиеттiң тектерi, жанрлары, көркем шығарма, авторлық стиль, авторлық пафос, көркем бейне, туындының композициясы, тiлi, құрылысы сияқты теориялық ұғымдарды жүйеге келтiрiп, тереңдете түсуіне мүмкiндiк береді.

Әдебиет теориясына аса назар аударылмайды. Себебі көркем шығармаларды әдеби-теориялық тұрғыда, көркемдік тұтастықта талдау міндеті қойылмайды. Шығармашылық тапсырмалар да қарапайым түрде беріледі. Алайда, мұндай әрекеттер әдебиеттің пәндік қызметіне нұсқан келтірмейді. Сондықтан пәнді оқытуда оның жалпы қызметі басшылыққа алынып, сөз өнері арқылы оқушыларға ұлттық құндылықтарды таныту, олардың сөйлеу шеберлiгiн арттыру міндеті алға қойылады. Әдебиеттi оқып үйрену арқылы оқушылар әлеуметтiк өмiрге бейiмделiп, қоршаған орта, замана келбетiн түсiнуге қажеттi бiлiм-бiлiк дағдыларымен қаруланатындықтан, пәнді оқытуда өз ұлтының мәдениетiн құрметтеу, ана тiлiн ардақ тұту, төл әдебиетiн терең сезіммен сүйе бiлудi үйрету де назардан тыс қалмайды.

Сөйтіп, әдебиет көркем өнердiң бiр түрi ретiнде танымдық, тәрбиелiк, дамытушылық, гедонистикалық (оқушының көркемөнердi эстетикалық ләззаттану күйiн кеше қабылдауы) қызмет атқаратындықтан бұл бағдарламада көрсетiлген әдеби бiлiм мазмұны негiзгi деңгейде берiлген базалық бiлiмнiң табиғи жалғасы, бiртұтас құрамдас бөлiмi ретіндегі әдеби курс болып табылады. Түптеп келгенде, мектептің базалық деңгейінде әдебиеттi оқыту қазақ әдебиетiнiң бiртұтас жүйелi сипатын ашуға құрылып, білім алушылардың үйлесiмдi дамуына қызмет етеді. Сонымен қатар бұл пәнді оқыту оқушының коммуникативтiк құзыреттіліктерін,функционалдық сауаттылығы мен прагматикалық қабiлеттерiн жетiлдiруге де қызмет етеді.

Қорыта айтқанда, бағдарлы деңгейде «Қазақ әдебиеті» пәнін қазіргі талаптарға сай оқыту әдістемелік жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің бірі болып табылады.


Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы iconЫ. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ тілі оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ тілі оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы әдебиеттік оқу оқу бағдарламасы
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 2–4 сыныптарына арналған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламаcы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница