Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009




НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница1/4
Дата конвертации04.05.2013
Размер0.51 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4


ӘОЖ 373.3.016.02:51:004.4(574) Қолжазба құқығында

ЖЕТПІСБАЕВА СӘРСЕНГҮЛ ОРАЗБЕКҚЫЗЫ

Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика)


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалды


Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы

Искакова Л.Т.

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы

Мүбәраков А.М.
педагогика ғылымдарының кандидаты

Қайыңбаев Ж.Т.


Жетекші ұйым: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік

университеті
Диссертация 2009 жылы 27 наурызда сағат 16.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05 диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі 86, 4-қабат, 415-бөлме.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30)

Автореферат 2009 жылдың 26 ақпанында таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Ж.Ә.Шоқыбаев



КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: «...практикалық қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту», – деп анықтайды. Жалпы білім беретін мектептерде математикадан сапалы білім беру мәселесі Қазақстанда А.Е.Әбілқасымова, Б.Баймұханов, М.Е.Есмұқан, А.Көбесов, Ә.К.Қағазбаева, А.М.Мүбәраков, Д.Рахымбек, О.Сатыбалдиев және басқалар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінде И.Б.Бекбоев, В.А.Гусев, В.А.Далингер, Ж.Икрамов, А.И.Мордкович, В.А.Оганесян және басқалар тарапынан зерттелген. Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері Ә.Б.Ақпаева, Ж.Т.Қайыңбаев, М.И.Моро, Т.Қ.Оспанов, А.М.Пышкало және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертеді делінген.

Қоғамды ақпараттандыру мәселесіне, оның негізгі белгілері мен сипаттамаларын анықтауға В.Г.Афанасьев және т.б. философтардың, В.В.Давыдов, Г.Е.Журавлев, Е.И.Машбиц сынды психологтардың, С.И.Архангельский, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектері арналған. О.П.Таркаев, А.В.Иващенко, В.К.Цонева, В.П.Пустовойтов зерттеулерінде компьютерлік техниканы пайдаланудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Ақпараттық технологиялардың оқыту процесіне тигізер әсерінің психологиялық-педагогикалық негізі Б.С.Гершунский, В.М.Монахов, В.А.Новиков, А.Я.Савельев, Н.Ф.Талызина және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелінсе, жалпыға бірдей компьютерлік сауаттылық, оның мәні, оқыту мазмұны Я.Ваграменский, С.Гримм, А.П.Ершов, Г.Б.Кочетков және басқа ғалымдардың еңбектерінде келтірілген.

Математиканың жеке тақырыптары мен бөлімдерін компьютерді пайдаланып оқыту мәселесін Т.Ж.Байдильдин (алгебра және анализ бастамаларын оқыту тиімділігін арттыруда), Б.Беседин, М.Вахидов, М.Е.Степанов (функцияларды зерттеуде), Ю.А.Дробышев (көпмүшеліктерді оқытып-үйретуде), К.А.Таңатаров (математиканың мектептік курсында қолданбалы есептерді шығаруда), Н.И.Аманжолова (жалпы математиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолдану), Р.Б.Бекмолдаева (бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын оқытуда), Р.С.Шуақбаева (көпжақтарға берілген есептерді шығаруда), А.Ө.Байдыбекова, Е.А.Вьюшкова (бастауыш сынып математикасын оқытуда) және т.б. ғылыми еңбектерінде негізге алған.

Балалардың ЭЕМ ерте жастан бастап танысуының тиімділігі оқушыларды ақпараттық қоғамдағы өмірге дайындау қажеттілігі болып табылады. Бұл міндетті шешу информатика негіздерін игеруді бірнеше сатыға бөлу және ақпараттық мәдениетті алғашқы болып бастауыш сыныптардағы пропедевтикалық курс ретінде мектептегі оқу процесіне енгізу. Бастапқы буын педагогтары өзінің технологиялық дайынсыздығы себебінен оқу үрдісін информатика пропедевтикасы аспектісінде оқу пәндерінің сапалы ұйымдастыра алмайды.

Бастауыш мектептер үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында қажетті білім деңгейін жетік меңгерген педагогтардың қажетті санын дайындау педагогикалық жоғары оқу орындары үшін қиын соғуда. Математикадан есептер шығаруға үйрету сапасын басқару үшін біріншіден істің жай күйін білу қажет. Мұндай білімді бақылаудың әр түрін өткізу жолымен жүзеге асыруға болады. Оқушылар білімін сапалы бақылау – бұл бақылау тапсырмаларын қалыптастыру және тексеру бойынша маңызы көп қыруар жұмыстардың жүргізілуі себебінен қиындатылған жүйелілік бақылау. Автоматтандырылған бақылау жүйелері оқушы мен ЭЕМ аралығында жүретін диалогпен іс жүзіне асырылатын жаңа ұғынумен бірге қарапайым біліктілік пен жұмысқа дағдыландыруда оқытушы еңбектерін елеулі түрде жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Белгілі қазақстандық ғалым Л.Т.Искакованың зерттеу жұмысы мектепте математиканы оқытудың нәтижесін әр деңгейлі жеке-дараланған тапсырмалар жүйесін қолданудың негізінде, оның тиімділігін арттырудың ғылыми-әдістемелік негізіне арналған. А.Б. Медешованың еңбегінде бастауыш сынып оқушыларының икемділігін ақпараттық технологияны қолдану арқылы дамытудың педагогикалық шарттары қарастырылған.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылаудағы тиімділігіне қарамай, оның мектеп тәжірибесінде қолданулылығы айтарлықтай емес. Оған көптеген себептер, соның ішінде аса назар аударып айтатыны, ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылауда қолданудың ғылыми-әдістемелік туралы зерттеулердің жеткіліксіз болуы, біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін көрсетеді.

Сонымен, қазіргі бастауыш мектептегі математиканы оқытудың барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытудың нәтижесін бақылауда қолданып, оқытудың тиімділігін арттыру мен оның ғылыми-әдістемелік негізінің жасалмауының арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Осыған орай, ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру негізінде оқытудың сапасын жақсарту жолдарын анықтау диссертацияның тақырыбын таңдап алуға негіз болды.

Зерттеу мақсаты. Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттырудың технологиялық-педагогикалық негіздерін анықтап, оның әдістемесін жасау және оны эксперименттік тексеруден өткізу.

Зерттеу нысаны. Бастауыш мектепте математиканы оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылауда ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланса, онда бақылаудың тиімділігі артып, оқыту сапасы жақсарады, өйткені, бұл жағдайда мұғалімнің бақылауды жүргізудегі жұмысы жеңілденіп, тексеру дер кезінде жүргізіліп, оқушылардың оқуға деген жауапкершілігі артады.

Қойылған зерттеу мақсатына сәйкес, зерттеу болжамын тексеру үшін зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:

  • бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны математиканы оқытудың нәтижесін бақылауда қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау;

  • бастауыш сыныптарда математикалық білімдердің сапасын тексеретін компьютерлік бағдарламаларды жасаудың технологиясын айқындап және осы технологияны қолданып оқытудың нәтижесін тексеруде математикалық есептердің атқаратын ролін анықтау.

  • бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың тиімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы жүзеге асырудың әдістемесін жасау және оны эксперименттік тексеруден өткізу.

Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты философиялық педагогикалық, психологиялық, және әдістемелік еңбектермен танысу және талдау жасау; бастауыш мектеп бағдарламаларына, математика оқулықтарына, есептер жинағына дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау жасау; бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үрдісін бақылау, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу, бақылау жұмыстарын жүргізу, тексеру және талдау жасап, қорытындылау; зерттеу мәселесіне сәйкес жүргізілген жеке өз тәжірибесін талдап, одан қорытынды жасау; экспериментті ұйымдастыру, оны жүргізу және эксперимент нәтижелерін өңдеп қорытындылау.

Зерттеудің жетекші идеясы. Математиканы оқытудың нәтижелерін бақылауда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық білімді меңгеру сапасын арттыруға, жалпылама оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, математикалық білімді саналы түрде меңгертуге, есептерді шығара білу, өзін-өзі бақылау, бағалау, оқулықпен жұмыс жасай білу және т.б. іскерліктерін қалыптастыруға, өзіндік-танымдық белсенділіктерін арттыруға болады.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері:

Таным, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау құндылықтары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасы және оны арттырудағы бақылаудың алатын рөлі мен атқаратын қызметі туралы теориялар. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның оқу сапасын арттырудағы мүмкіндіктерін анықтайтын ілімдер. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары, білімді ақпараттандыру концепциясы, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.

Зерттеу кезеңдері:

Зерттеу бірімен бірі жалғасқан үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде (2002-2004 жылдар) философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге және қарастырылып отырған мәселеге қатысты басқа да құжаттарға талдау жасалды; бастауыш сыныптардың математика сабақтарына қатысып, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың математикадан алған білімдері мен меңгерілген іскерліктердің және қалыптасқан дағдылардың сапасы анықталды; олардағы кемшіліктердің себептері айқындалды, және ол кемшіліктерді болдырмау жолдары іздестірілді; бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде қолдану жағдайы анықталды.

Екінші кезеңде (2004-2006 жылдар) ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі бастауыш сыныптарда математиканы оқыту нәтижесін бақылауды жетілдірудегі басты идеяларға, бастауыш мектепте математиканы оқыту саласындағы алдыңғы қатарлы әдістерге сүйене отырып және қәзіргі заманда қоғамның алға қойып отырған талаптарын жүзеге асыру мақсатында математиканы оқыту нәтижесін бақылаудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері мен атқаратын рөлі анықталды, соның ішінде компьютерді тиімді пайдалану арқылы тексеруді дер кезінде жүргізіп, оның қорытындысын оқу үрдісінде тиімді пайдалану жолдары қарастырылды. Іздену эксперименті жүргізіліп бастауыш сыныптарда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру әдістемесі жасалып, өңделді, оқу үрдісінің іс-тәжірибесіне енгізілді.

Үшінші кезеңде (2007-2008 жылдар) жүргізілген теориялық және тәжірибе-экспериментталдық жұмыстардың қорытындылары шығарылып, нәтижелері анықталып жүйеленді. Оқыту экспериментінің нәтижелеріне сандық және сапалық жағынан талдау жасалып, өңделіп, қойылатын талап бойынша рәсімделді. Зерттеу жұмысының қорытындаларын диссертация түрінде жазу жүзеге асырылды.

Зерттеу базасы. Шымкент қаласының Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық лицей мектебі, Н.Оңдасынов атындағы №38 гуманитарлық гимназия-мектебі және №64 Ж.Аймауытов атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының №90 М.Мәметов атындағы орта мектеп, Шардара қаласының Қ.Аманжолов атындағы орта мектебі мен Б.Соқпақпаев атындағы негізгі мектеп.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  1. Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны математиканы оқытудың нәтижесін бақылауда қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері анықталып жүйеленді.

  2. Бастауыш сыныптарда математикалық білімнің сапасын және іскерлік пен дағдының қалыптасу дәрежесін тексеретін компьютерлік бағдарламаларды жасаудың технологиясы айқындалып, бір жүйеге келтірілді.

  3. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың тиімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып арттырудың әдістемесі жасалды.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы:

Бастауыш мектепте математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың білімін арттыруда, іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, олардың қабілеттерін дамытып, танымдық белсенділігін, ұмтылушылығы мен қызығушылығын арттыруда оқу нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың мүмкіншіліктері анықталып, оған мұғалімдерді дайындаудың жолдары айқындалды.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы:

Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындайтын оқу орындарында математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны мен бағдарламасын жетілдіруде әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар оқу-әдістемелік кешен авторлары үшін бастауыш мектепте оқытуды ұйымдастыру формаларын, мазмұнын және әдістерін жетілдіруге үлкен ықпал етеді.

Диссертацияда баяндалған теориялық материалдар мен жасалған ұсыныстарды мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында және бастауыш сынып мұғалімдері күнделікті жұмысында қолдана алады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың нәтижесін бақылауда қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі;

  • бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың тиімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып арттырудың әдістемесі;

  • бастауыш сыныптарда математикалық білімнің және іскерлік пен дағдының қалыптастыру сапасын тексеретін компьютерлік бағдарламаны жасаудың технологиясы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып оқыту нәтижесін тексергенде математикалық есептердің атқаратын қызметі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі Диссертацияның негізгі нәтижелері мен қорытындыларының қәзіргі заманғы психология мен дидактиканың ережелеріне сай келуімен және бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесіне сүйене құрылуымен, зерттеліп отырған мәселеге жасалған теориялық талдауымен, экспериментке қатысқан оқушылар санының жеткіліктілігімен, ақпараттық-коммуникациялық технологияның бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыруға қолданудың бірнеше рет тексеруден өтілгендігімен, зерттеу нәтижелерінің тәжірибеде пайдаланылумен қамтамассыз етіледі.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу. Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда ғылыми баяндамалар түрінде талқыланды: «Жастар-Қазақстанның стратегиялық потенциалы» (Талдықорған, 2007), VII «Сәтбаев оқулары» (Павлодар, 2008), «Психолого-педагогические основы профессионального формирования личности в условиях перехода к двухуровневой модели образования» (РФ, Пенза 2009), Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, Сарыағаш ауданы және Шардара қаласы жалпы білім беретін орта мектептерінің әдістемелік бірлестіктерінде талқыланды. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының ғылыми-педагогикалық басылымдарында: “Ізденіс” (2008, №1,2), “Бастауыш мектеп” (2008, №10) журналдарында ғылыми мақалалар көрінісінде жарияланып, іс-тәжірибеге енгізілді.
  1   2   3   4

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница