Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»




Скачать 289.15 Kb.
НазваниеБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»
страница1/2
Дата конвертации05.11.2012
Размер289.15 Kb.
ТипДокументы
  1   2
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 303 Заңына сәйкес Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі, 130/132 мекен-жайы бойынша орналасқан «Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекеме, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментіне және аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларына дизельдік отынды дизель генераторларға құюды мемлекеттік сатып алуды өткізеді. Сатып алынатын дизелдік отының қысқа сипаттамасы №1 қосымшада келтірелген.

Тауарларды жеткізіп беру орны:

Ақсу аудандық қазынашылық басқармасы, Жансугуров кенті, Жамбыл көшесі, 2;

Алакөл аудандық қазынашылық басқармасы, Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 68;

Балқаш аудандық қазынашылық басқармасы, Бақанас ауылы, Қонаевкөшесі, 83;

Еңбешіқазақ аудандық қазынашылық басқармасы, Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 255;

Ескелді аудандық қазынашылық басқармасы, Қарабұлақ кенті, Балпық Би көшесі, 122;

Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасы, Үзынагаш ауылы, Байдібек көшесі, 186;

Іле аудандық қазынашылық басқармасы, Өтеген батыр ауылы, Гагарин көшесі, 1 А;

Қапшағай қалалық қазынашылық басқармасы, Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 1;

Көксу аудандық қазынашылық басқармасы, Балпык-би кенті, Измайлова көшесі, 10;

Кербұлақ аудандық қазынашылық басқармасы, Сарыөзек кенті, Маметова көшесі, 1А;

Қарасай аудандық қазынашылық басқармасы, Қаскелен қаласы, Наурызбай көшесі, 27;

Қаратал аудандық қазынашылық басқармасы, Үштобе қаласы, Рысқұлов көшесі, 37;

Панфилов аудандық қазынашылық басқармасы, Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, 18;

Райымбек аудандық қазынашылық басқармасы, Кеген ауылы, Райымбек көшесі, 33;

Сарқан аудандық қазынашылық басқармасы, Сарқанд қаласы, Абай көшесі,75;

Талғар аудандық қазынашылық басқармасы, Талғар қаласы, Абылайхан көшесі, 93;

Текелі қалалық қазынашылық басқармасы, Текелі қаласы, Октябр көшесі, 6;

Ұйғыр аудандық қазынашылық басқармасы, Шонжа ауылы, Кудабердиева көшесі, 70А.

Жеткізілетін тауарлардың мерзімі:

2008 жылғы шілде, тамыз айларында.

Жеткізілетін тауарлардың шарттары:

Өнім беруші сапалы дизельдік (жазғы, қысқы) отын ұсынуы қажет;

Дизельдік отынды жеткізетін орнына тасымалдау Өнім-берушімен жүзеге асырылады және төленеді.

Ақы төлеудің мерзімі мен шарттары:

Жеткізілген тауарларды төлеу үшін өнім беруші тапсырыс берушіге шот-фактурасын тапсырады.

Өнім берушілерге тауарларды жеткізуге байланысты барлық шығыстарды баға ұсынысына енгізу қажет.

Маңызды шарттарды көрсете отырып мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың жобасы ұсынылады.

2008 жылғы шілденің 17 мен 24 аралығында мына мекен жайға: Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі,130/132, 4 бөлме, ұйымдастыру жұмыстары бөлімі, елеулі Өнім берушілер тауарлардың баға ұсыныстары көрсетілген мөрленген конверттерді табыс етуі қажет.

Баға ұсыныстары көрсетілген мөрленген конверттердің соңғы тапсыру мерзімі 2008 жылғы 24 шілде сағат 10-00 дейін.

Әлеуетті Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың қол қойылған жобасын ұсынған күннен бастап 5 күннің ішінде қол қою қажет. Өнім беруші тек бір баға ұсынысын ғана береді.

Әлеуетті Өнім берушілер мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) Әлеуетті өнім берушінің атауы, заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы (заңды тұлға үшін), патентінің және жеке куәлігінің (паспортының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін), СТН-і және банктік деректемелері;

2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы мен саны, көрсетілетін қызметтердің және орындалатын жұмыстардың атауы мен көлемі;

3) көрсетілетін қызметтердің, орындалатын жұмыстардың және жеткізілетін тауарлардың орыны мен мерзімі;

4) енгізілген шығыстар туралы мәліметтерді көрсете отырып тауарлардың бір бірлігінің құны.

1-қосымша
Дизельдік отынның (қысқы) техникалық ерекшелігі:
Көрсеткіштердің атауы Нормасы Нақты мәліметі
1. Сай келу сертификаты

2. Цетандық саны 45-тен кем емес 46

3. Фракциондық құрамы:

С темпер. кезінде 50% айдалады,

жоғары емес 280,0 225

С темпер. кезінде 96%жанар

жағар май айдалады

(айдаудың аяғы), жоғары емес 340,0 307

4. 20С-те кинематикалық

жабысқақтық, мм2/с 1,800-5,000 2,2

5. Қату температурасы, град. С,

жоғары емес, климаттық аумақ үшін -35 -37

6. Лайлану температурасы, град.С,

жоғары емес, климаттық аумақ үшін -25 -27

7. Шоғырланған күкірттің

үлесі% жоғары емес 0,200 0,10

8. Шоғырланған меркапандық

күкірттің үлесі% жоғары емес 0,0100 0,0003

9. Күкірт сутегі үлесі жоқ жоқ

10. Жезді пластинкада сынақ төзеді төзеді

11. Суда ерігіш қышқылдың

және сілтінің болуы жоқ жоқ

12. Жарқ ету температурасы, град.С,

жабық тигл бойынша, кем емес -35 40

ортақ қолданылатын дизелдер үшін

13. Нақты шайырдың шоғыры,

мг на 100 грамм, жоғары емес 25 4

14. Отынның 100см3-ге мг

КОН қышқылдығы, жоғары емес 5,00 0,28

15. Йодтық сан, 100г

отынға г. йод, жоғары емес 5,00 0,58

16. Күлі % , жоғары емес 0,0080 0,0003

17. Фильтр коэффициенті, жоғары емес 2,0 1,0

18. Механикалық

қосындылардың болуы,% жоқ жоқ

19. Судың болуы жоқ жоқ

20. 20 С, кг/м3 бойынша тығыздығы,

жоғары емес 840,0 813

21. Кокстелуі 10% қалдықтан, %,

жоғары емес 0,100 0,01

2-қосымша
Дизельдік отынның (жазғы) техникалық ерекшелігі:
Көрсеткіштердің атауы Нормасы Нақты мәліметі

1. Сай келу сертификаты

2. Цетандық саны 45-тен кем емес 46

3. Фракциондық құрамы:

С темпер. кезінде 50% айдалады,

жоғары емес 280,0 225

С темпер. кезінде 96%жанар

жағар май айдалады

(айдаудың аяғы), жоғары емес 340,0 307

4. 20С-те кинематикалық

жабысқақтық, мм2/с 1,800-5,000 2,2

5. Қату температурасы, град. С,

жоғары емес, климаттық аумақ үшін -10 -8-10

6. Лайлану температурасы, град.С,

жоғары емес, климаттық аумақ үшін -5 -7-8

7. Шоғырланған күкірттің

үлесі% жоғары емес 0,200 0,10

8. Шоғырланған меркапандық

күкірттің үлесі% жоғары емес 0,0100 0,0003

9. Күкірт сутегі үлесі жоқ жоқ

10. Жезді пластинкада сынақ төзеді төзеді

11. Суда ерігіш қышқылдың

және сілтінің болуы жоқ жоқ

12. Жарқ ету температурасы, град.С,

жабық тигл бойынша, кем емес -35 40

ортақ қолданылатын дизелдер үшін

13. Нақты шайырдың шоғыры,

мг на 100 грамм, жоғары емес 25 4

14. Отынның 100см3-ге мг

КОН қышқылдығы, жоғары емес 5,00 0,28

15. Йодтық сан, 100г

отынға г. йод, жоғары емес 5,00 0,58

16. Күлі % , жоғары емес 0,0080 0,0003

17. Фильтр коэффициенті, жоғары емес 2,0 1,0

18. Механикалық

қосындылардың болуы,% жоқ жоқ

19. Судың болуы жоқ жоқ

20. 20 С, кг/м3 бойынша тығыздығы,

жоғары емес 840,0 813

21. Кокстелуі 10% қалдықтан, %,

жоғары емес 0,100 0,01

3 қосымша
Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті және аумақтық басқармаларының дизелдік генераторлары үшін 2008 жылға сатып алынатын дизелдік отынның (қысқы, жазғы) мөлшері және жеткізу орыны




Тауарлардың атауы

Өлшем бірілігі

Саны мөлшері (жазғы)

Саны мөлшері (қысқы)

Тауарлардың жеткізу уақыты

Тауарлардың жеткізу орны

1

Дизельдік отын

литр

200


300

2008ж

11 тамызға дейін

Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті, Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі 130/132

2

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Ақсу аудандық қазынашылық басқармасы, Жансугіров кенті, Жамбыл көшесі, 2;

3

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Алакөл аудандық қазынашылық басқармасы, Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 68;

4

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Балқаш аудандық қазынашылық басқармасы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 83;

5

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Еңбекшіқазақ аудандық қазынашылық басқармасы, Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 255;

6

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Ескелді аудандық қазынашылық басқармасы, Қарабұлақ кенті, Балпық Би көшесі, 122;

7

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасы, Үзынағаш ауылы, Байдібек көшесі, 186;

8

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Іле аудандық қазынашылық басқармасы, Өтеген батыр ауылы, Гагарин көшесі, 1А;

9

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Қапшағай қалалық қазынашылық басқармасы, Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі,1;

10

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Көксу аудандық қазынашылық басқармасы, Балпык-би кенті, Измайлова көшесі, 10;

11

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Кербұлақ аудандық қазынашылық басқармасы, Сарыөзек кенті, Маметова көшесі, 1А;

12

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Қарасай аудандық қазынашылық басқармасы, Қаскелен қаласы, Наурызбай көшесі, 27;

13

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Қаратал аудандық қазынышылық Үштобе қаласы, Рысқұлов көшесі, 37;

14

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Панфилов аудандық қазынашылық басқармасы, Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, 18;

15

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Райымбек аудандық қазынашылық басқармасы, Кеген ауылы, Райымбек көшесі, 33;

16

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Сарқан аудандық қазынашылық басқармасы, Сарканд қаласы, Абай көшесі, 75;

17

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Талғар аудандық қазынашылық басқармасы, Талғар қаласы, Абылайхан көшесі, 93

18

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Текелі қалалық қазынашылық басқармасы, Текелі қаласы,

Октябрь көшесі,6;

19

Дизелдік отын

литр

100

100

2008ж

11 тамызға дейін

Ұйғыр аудандық қазынашылық басқармасы, Шонжа ауылы, Кудабердиев көшесі, 70А.


Дизелдік отынды

мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы
Талдықорған қаласы 2008 ж. ___ _____________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекеме __________ ______________

(Тапсырыс берушінің толық атауы)

атынан Нурсеитов Р.С. , ҚР Қаржы министрінің Қазынашылық комитеті Төр ағасы 2008 жылғы маусымның 05 № 73 бұйрығымен бекітілген Ережесін, 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 7226-1907-ММ мемлекеттік қайта тіркеу куәлігі, ОКПО 2000 ж. 21 қырқұйектегі № 38033054 стат. картасы бойынша кодын негізге алып, бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын __________________________________________________________________атынан

(өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

_____________________________________________________ негізінде әрекет ететін

(Жарғының, Ереженің және т.б.)

_______________________________________________________________________,

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) және _______ жылы ___ __________ (баға ұсыныстары тәсілімен) өткен Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті және аумақтық басқармаларының дизелдік генераторларына дизелдік отынды мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде келесі паспортқа сай:

Бюджеттік бағдарламаның аты:

217 - ҚР Қаржы Министрлігі

Бағдарлама–001–мемлекеттік бюджетті бақылау және орындауды қамтамасыз ету

Кіші бағдарлама 002 - аумақтық органдардың аппараты

139 Ерекшелік – өзгеде тауарларды алу

осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

1) «Шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) «Шарттың бағасы» - Тапсырыс беруші Шарттың аясында Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төлейтін тиіс соманы білдіреді;

«Тауарлар» - нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;

4) «Ілеспе көрсетілетін қызметтер» - тауарларды жеткізуді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;

5) «Қызметтер» - тапсырыс берушінің қажеттілігін қанағаттаңдыруға бағытталған іс-әрекет;

6) «Тапсырыс беруші» – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

7) «Өнім беруші» – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).
1. Міндеттерді орындау тәртібі, құңы және мөлшері

1. Өнім беруші 2000 литр ( жазғы) дизелдік отынды теңге бағамен (сомасы жазбаша турде көрсетіледі), 2 100 литр (қысқы ) дизелдік отынды теңге бағамен (сомасы жазбаша турде көрсетіледі) Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті және аумақтық басқармаларының дизелдік генераторларына 2008 жылғы « » жеткізіп, құйып беруге міндеттеледі, ал Тапсырыс беруші қойылған дизелдік отынды 1,2 қосымшаларға сәйкес 2008 ж. « » дейін қабылдап алуға міндетті болады.
2. Тапсыру құжаттары

2.1 Өнім беруші дизелдік отынды жеткізіп, ілеспе қызметтерді көрсеткеннен кейін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) дизелдік отынның мөлшері, бірлік бағасы және Шарттын жалпы сомасы көрсетілген шот-фактураны;

2) жүк құжаттары ( әр аудандық (қалалық) қазынашылық басқармалардан және жиналған жүк құжаты-1 дана);

3. Ақы төлеу шарттары

3.1 Осы шарт бойынша қол қою уақытқа жалпы сома (сомасы жазбаша турде көрсетіледі) теңгені құрайды.

3.2 Өнім беруші 1 қосымшаға сәйкес дизелдік отынды тағайындалған жерге жеткізу керек. Тағайындалған жерге дизелдік отынды тасымалдауды Өнім беруші іске асырады және төлейді, осыған байланысты шығындар Шарттың бағасына кіреді.

3.3 Ақы төлеу тәртібі осы Шарттың төлем кестесіне сәйкес 30 % алдын ала төлеуді көздейді:

3.4 Төлем кестесі:

Мерзімі

Сомасы

2008 ж. шілде -30 % алдын ала төлеу




2008 ж. 11 тамызға дейін – толық төлеу




3.5 Төлем түрі : аударма
4. Екі жақтың құқықтары мен міндеттері

4.1 Тапсырыс берушінің құқығы:

- Шарттың орындалуын тексеру үшін уақытылы және толық көлемде қажетті ақпаратты алуға;

4.2 Тапсырыс берушінің міндеті:

- Шарт бойынша міндеттердің орындалу барысы туралы берілген мәліметті қабылдауға;

4.3 Өнім берушінің құқығы:

- уақытылы және толық көлемде орындалған міндеттер үшін төлем ақы алуға;

- дизелдік отынның сапасын бағалайтын және сараптама жасайтын комиссияның жұмысына қатысуға;

- комиссияның актілерімен танысуға;

- Өнім беруші осы Шарт бойынша міндеттемелерін уақытынан бұрын орындауға құқығы бар.

4.4 Өнім берушінің міндеттері:

- Өнім беруші Шартта көрсетілген уақытқа дизелдік отынды жеткізуге міндетті;

- Өнім беруші дизелдік отынды тағайындалған жерге жеткізу керек;

- Өнім беруші Шарт бойынша міндеттерін орындауда, Шарттың ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын 1,2 қосымшаларда ( техникалық ерекшелік) көрсетілген талаптарға дизелдік отын сай болуын ескеру керек;

- Өнім беруші Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша, Шартта көрсетілген міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпаратты және Шарттың орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттарды беруге тиіс;

- Өнім берушінің баға ұсынысы Шартта көрсетілген бағаға сәйкес келуге тиіс;

- Егер Шарты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте Тауарларды уақтылы жеткізуге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс;

-Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) сатып алынатын тауардың аты , жеткізілетін орны-1 қосымша;

3) техникалық ерекшелік -1, 2 қосымша.
5. Екі жақтың жауапкершіліктері:

5.1 Тапсырыс берушінің жауапкершілігі:

- уақытылы ақшалай аударылмаған жағдайда ақша шығынын төлеу;

5.2 Өнім беруші тарапынан орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою;

5.3 Өнім беруші жағынан дизельдік отынды өндіру шарттары бұзылған жағдайда оған келесі жазалау шаралары жүктеледі:

- форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші Тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

- өндірілген дизельдік отын сапасыз болған жағдайда барлық ескертулерді жою үшін Өнім беруші қосымша мерзім белгілейді. Өнім беруші қосқан қосымша мерзім үшін Тапсырыс берушіге өткізген әр күн үшін келісілген бағадан 0,5 % айыппұл төлейді.

Айып төлем Өнім берушіні келісімшарт бойынша өз міндеттерін орындаудан босатпайды.

6. Келісімшарттың өзгерістері және бұзылуы

6.1 Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

6.2 Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

6.3 Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

6.4 Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.

6.5 Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуге тиіс.

Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

1) осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаны өзгертпеу шартымен сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;

2) егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау үдерісінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгертпеу шартымен, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі;

3) егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.
7. Форс-мажор

7.1 Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

7.2 Форс-мажорлы жағдайлар туындаған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада жазбаша түрде осындай жағдайлар және олардың себебі туралы ескерту жолдауы керек. Егер Тапсырыс берушіден басқаша жазбаша нұсқау түспесе, Өнім беруші келісімшарттағы міндеттерін орындауды жалғастыра береді және форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес келісімшарттың орындалуына баламалы тәсіл іздеуді жүргізеді.

8. Басқа да шарттар

8.1 Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінд олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс;

8.2 Егер келіссөз басталғаннан кейін 21(жиырма бір) күн аралығында Тапсырыс беруші мен Өнім беруші келісімшартқа байланысты таласты шеше алмаса, онда екі жақтың әрқайсысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы сұрақтың шешімін талап ете алады;

8.3 Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

8.4 Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда Шарттың орыс тіліндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс. .

8.5 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

8.6 Нақты келісімшарт «Тапсырыс берушімен» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық аймақтық органында тіркелген күннен бастап күшіне енеді; соңғы екпін болып табылады және 2008 жылдың «31» желтоқсанына дейін жарамды.

8.7 Нақты келісімшарт екі данада дайындалған, тең заңды күші бар:

- біреуі – «Тапсырыс беруші» үшін; екіншісі – «Өнім беруші» үшін
9. Екі жақтың заңды мекен-жайы және төлем реквизиттері:

Тапсырыс беруші Өнім беруші

____________________________ ___________________________

(толық атауы) (толық атауы)

____________________________ ___________________________

____________________________ ___________________________

(мекен-жайы) (мекен-жайы)

____________________________ ___________________________

(телефоны, факсы) (телефоны, факсы)

____________________________ ___________________________

(Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)

____________________________ ___________________________

(қолы) (қолы)

______ ж. «___»_____________ ____ ж. «___» ______________
М.О. М.О.

  1   2

Похожие:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті Балқаш, Кербұлақ, Панфилов, Саркан, Райымбек аудандық қазынашылық басқармаларының...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»
А сәйкес Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі, 130/132 мекен-жайы бойынша орналасқан мемлекеттік мекеме «Алматы облысы бойынша қазынашылық...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңынын 32-бабынын 2-тармақшасына және Қазақстан Республикасының...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алудың ұзартылуы туралы қайталап хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»
П алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі, 130/132 мекен-жайы бойынша орналасқан...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Лу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес: 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83 мекен-жайы бойынша орналасқан «Алматы...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сауал тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы жариялау 2009 жылғы «17» тамыз «Мемсараптама»
«Мемсараптама» емк мына мекен –жай бойынша орналасқан: 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі,15, лоттар...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сауал тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы жариялау 2009 жылғы «05» маусым «Мемсараптама»
«Мемсараптама» емк мына мекен –жай бойынша орналасқан: 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі,15, лоттар...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconХабарландыру
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница