1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН




Название1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН
Дата конвертации02.11.2012
Размер89 Kb.
ТипДокументы
1) МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович
2) МЕКТЕП, СЫНЫП, ПӘН: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 7 сынып, қазақ тілі, оқыту орыс тілінде.
3) ТАПСЫРМАЛАРДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ:

I. А критериі бойынша берілетін тапсырмалар

Мәтінді оқу және түсіну

Үлкендер жапон туралы ең жақсы әңгімесін ең алдымен балаларға, жастарға айтады. Олар бүгінге бас ауыртпайды, болашақты ойлайды. Жаны тыным таппай, жаңалық іздейді. Қысқасы, мұнда бәрі де жастар үшін жасалады. Ал жастар оған адал еңбегімен жауап береді.

Бұл елдің жастары өзін биік ұстайды, биікке ұмтылады екен. Токионың қақ ортасында жастар көшесі, жастар алаңы бар. Бұнда бәрі жастарға арналған. Тамақ та, киім де арзан. Үкімет болашақтан үміт үзбес үшін жастарға бар жағдайды жасап қойған. Жастар осы жерде өзін қызықтырған, толғандырған шаруалармен айналысады. Провинцияда тұратын жастар, мектеп оқушылары жастар көшесін бір көруді армандайды. Сол үшін де мектеп оларға жағдай жасап, жақсы оқыған жастардың арман-тілектерін орындап отырады. Жастардың арманы орындалар жер осы. Мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу, оларды басың жерге тигенше сыйлау күндері өтеді. Жастардың алдында ең ақылды, данагөй, шешен шалдары, Нобель сыйлығының иегерлері, жазушылар, ақындар, актерлер жүректен шыққан сөздерін айтады. Үлкен кісілер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады. Жапон жастары бүгінгімен қанағаттанбайды, болашақ үшін, мемлекеттің гүлденуі үшін жұмыс істейді.

Қазақ халқы да жастарына «Ақыл жастан» деп, үлкен үмітпен қараған. «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» - деген А. Байтұрсыновтың дана сөзі де жастарға ел тарапынан, мемлекет, үкімет тарапынан үлкен қолдаудың әрқашан керектігін есімізге түсіреді.

Бес жасқа дейін баласын патшадай көретін қазақ 15 жасқа дейін аямай еңбекке баулып, үйрете білген, 15 жастан кейін жастарға сенім артып, біліктілігін бөліскен, үлкен өмірге шыңдаған.
1-сұрақ

Мәтіндегі басты ақпарат ... туралы.

А) жастар туралы

В) жапон елі және жастары

С) жастар және қарттар

D) жастар көшесі
2-сұрақ

Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.

Мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу күндері өтеді.

А) үлкенге

В) үлкендерге

С) іні-сіңіліге

D) досқа
3-сұрақ

Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.

Жазушылар, ақындар, актерлер жүректен шыққан сөздерін айтады.

А) шынайы

В) көп

С) дана

D) ақыл

4-сұрақ

Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.

Үлкен кісілер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады.

А) толғанады

В) ойланады

С) сырласады

D) пікір береді
5-сұрақ

Мақалдың жалғасын табыңыз.

Ақыл жастан, ..........

А) жастардан

В) асыл тастан

С) жақсылық жасаудан

D) даналықтан

II . В критериі бойынша тапсырмалар

В ( мак 6)

1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.

Оқушылар мәтіннің мазмұнын әңгімеле... берді. Бұл оқиғаны айт... жүретін болды. Сол әңгімені есті... пікірі өзгер.. кетті.Сөйле.., сөйле... шешен болар; көр.., көр.. көсем болар.. Сол кітапты сатып алма...... көңілім тынышталар емес.

2. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз: айта бастады, жазып берді, орындағалы келді, анасымен ақылдасар.

3. Есімшелерді табыңыз.

«Ақтамақ» деген мысығым бар. Өзі – қара, тамағы – ақ . «Ақтамағым келе ғой» десем ол маған жүгіріп келер. Кейде мысығымды далаға алып кетемін. Ол өрмелеп биік ағашқа шығып, жан-жаққа қарап отырады. Ақтамақ, жүр үйге десем, ол ағаштан секіріп түсіп, менің соңымнан еріп үйге кіреді. Үйге кіргенде, бірден ас үйге барып, тамақ ішетін ыдысының жанында сүт тосып отырады. Тамақ ішкен соң, оны апам жуындырар. Ақтамақ айтқан сөздің бәрін түсінеді.Өзі ақылды-ақ!
ІІІ. С критерийі бойынша тапсырмалар.

«Менің досым» тақырыбы бойынша шағын шығарма жазыңыз. Мәтінде есімше, көсемшелердің түрлерін қолданыңыз.



4) ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ЖАУАПТАРЫ:


А критериі бойынша:

1-сұрақ

Дұрыс жауабы:

С) жастар және қарттар
2-сұрақ

Дұрыс жауабы:

С) іні-сіңіліге
3-сұрақ

Дұрыс жауабы:

А) шынайы
4-сұрақ.

Дұрыс жауабы:

D) пікір береді
5-сұрақ

Дұрыс жауабы:

В) асыл тастан

В критериі бойынша

А. Сараң адамның

1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.

Оқушылар мәтіннің мазмұнын әңгімелеп берді. Бұл оқиғаны айтып жүретін болды. Сол әңгімені естіп пікірі өзгеріп кетті.Сөйлей, сөйлей шешен болар; көре, көре көсем болар. Сол кітапты сатып алмайынша көңілім тынышталар емес.

2. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз: айта бастады, жазып берді, орындағалы келді, анасымен ақылдасар.

3. Есімшелерді табыңыз.

«Ақтамақ» деген мысығым бар. Өзі – қара, тамағы – ақ. «Ақтамағым келе ғой» десем ол маған жүгіріп келер. Кейде мысығымды далаға алып кетемін. Ол өрмелеп биік ағашқа шығып, жан-жаққа қарап отырады. Ақтамақ, жүр үйге десем, ол ағаштан секіріп түсіп, менің соңымнан еріп үйге кіреді. Үйге кіргенде, бірден ас үйге барып, тамақ ішетін ыдысының жанында сүт тосып отырады. Тамақ ішкен соң, оны апам жуындырар. Ақтамақ айтқан сөздің бәрін түсінеді. Өзі ақылды-ақ!

С критериі бойынша оқушы өз шығармашылығын, тіл байлығын көрсетеді



5) КРИТЕРИЙЛЕР:





Критерийлер

Ең жоғарғы ұпай

А

Түсіну Тақырыпты түсіне отырып, сұрақтарға жауап бере білуі. Теориялық білімді меңгеруі.

6

В

Қолдану және талдау. Алған теориялық білімді практикада қолдана білуі. Жаттығу жұмыстарын, сызбалар, талдауларды жасай білулері.

6

С

Стиль және тілді қолдану. Шығармашылық жұмыстарда, мәтін құрастыруда, , ой толғау жазуда тілдік қорларын қолдана білулері.

8


6) КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ (рубрикаторлар мен дескрипторлар).


Критерийлері

Ұпайлары

Дескрипторлар

А (мак.)

0

Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған.

1-2

1 тестік сұраққа толық жауап берген.

3

2 тестік сұраққа толық жауап берген.

4

3 тестік сұраққа толық жауап берген.

5

4 тестік сұраққа толық жауап берген.

6

Барлық сұрақтарға толық жауап берген.

В (мак.)

0

Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған.

1-2

3 тапсырманы да орындаған. Алайда үш тапсырма бойынша емлелік қателер саны: 6-7

Сөйлем құруда стильдік қателер саны: 6-7

3

3 тапсырманы да орындаған. Алайда үш тапсырма бойынша емлелік қателер саны: 5

Сөйлем құруда стильдік қателер саны: 5

4

3 тапсырманы да орындаған. Алайда үш тапсырма бойынша емлелік қателер саны: 4

Сөйлем құруда стильдік қателер саны: 4

5

3 тапсырманы да орындаған. Алайда үш тапсырма бойынша емлелік қателер саны: 3

Сөйлем құруда стильдік қателер саны:3

6

3 тапсырманы нақты және толық орындаған .

Үш тапсырмада да емлелік қателер 1-2 немесе мүлде жоқ.

Сөйлем құруда стильдік қателер 1-2 немесе мүлде жоқ .

С (мак. 8)

Стиль және тілді қолдану

0

Төменде көрсетілген талаптардың ешқайсысына қол жеткізе алмады.

1-2

Мәтіннің сөздік қоры аз: сөздер қайталанып, біртектес сөйлемдер көп қолданылған. Тілдік қателер көп. 8 қате жіберілген. Оның 4-еуі орфографиялық. Оқушы стилі жанрға сәйкес келмейді.

3

Мәтіннің сөздік қоры алуан түрлі емес: сөздің 3 рет қайталануы, бірдей құрылған сөйлемдер, 4 не одан да көп тілдік қате. Оның 2-еуі орфографиялық. Жалпы алғанда стиль жанрға сәйкес келмейді.

4

Мәтіннің сөздік қоры әрқашан алуан түрлі емес: екі не үш рет сөздің қайталануы және бірқұрылымды сөйлемдер қолданылған. 3 немесе 4 тілдік қате. Барлығы 4 қате жіберілген. Оның 2-еуі орфографиялық. Стиль ұстамды емес.

5

Мәтіннің сөздік қоры алуан түрлі. Бір не екі қате жіберілген. Орфографиялық және пунктуациялық қателер саны - 5. Стиль жалпы алғанда жанрға сәйкес келеді.

6

Мәтіннің лексикалық аясы кең: сөз қайталаулар кездеспейді,орынсыз қолданылған сөз жоқ. 2 орфографиялық, 2 пунктуациялық қателер кездеседі.. Стилі жанрға сай.

7

Мәтіннің лексикалық аясы кең: сөз қайталаулар кездеспейді,орынсыз қолданылған сөз жоқ. 1 жеңіл орфографиялық, 1 пунктуациялық қателіктер жіберілген. Стилі жанрға сай.

8

Мәтіннің лексикалық аясы кең: сөз қайталаулар кездеспейді,орынсыз қолданылған сөз жоқ.. Стилі жанрға сай. Тілі көркем


7) ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ:


Критерийлер бойынша ұпайлары

Ұпайлар жиынтығы

Баға

А

В

С







6

5

7

18

5

5

5

6

16

4

5

4

4

13

3

















8) БАЛДЫ МЕКТЕП БАҒАСЫНА АУДАРУ:


Алған ұпайлар жиынтығы

Баға

88 – 100 ℅ - 17 – 20 ұпай

«5»

70 – 87 ℅ 14-16 ұпай

«4»

50 – 69 ℅ 11-13 ұпай

«3»

0 – 49 ℅ 0-10 ұпай

«2»

Похожие:

1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Ерниязова Жупат Ораловна 2 мектеп, сынып, ПӘН
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. 7 сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан...
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН
...
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 7-орыс сыныбы, қазақ тілі
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Жамиева Алия Касымхановна 2 мектеп, сынып, ПӘН
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 8-сыныбы, физика
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты жөНІ: Нысанбаева Толеугайша Гайдашевна. 2 Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі»
Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі» Семей қаласы. 7 класс, математика
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты жөНІ: Нысанбаева Толеугайша Гайдашевна. 2 Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі»
Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі» Семей қаласы. 7 класс, математика
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты жөНІ: Нысанбаева Толеугайша Гайдашевна. 2 Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі»
Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі» Семей қаласы. 7 класс, математика
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты жөНІ: Сулейменова Алуа Берікқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі»
Тапсырманың мазмұны : «Үйкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша бақылау жұмысы
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН iconМектеп директорларына!!!
Тізім қағаз және электр нұсқада (флешка) тапсырлады. Сонымен қатар қала сыртындағы лагерлерге оқушыларды жіберуге жауапты мұғалімнің...
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН iconМұғалімнің аты-жөні

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница