Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы




Скачать 140.67 Kb.
НазваниеӘлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Дата конвертации25.11.2012
Размер140.67 Kb.
ТипДокументы
Телжан селолық округі әкімінің міндетін атқарушы – Мұсайбеков Руслан Қайыркенұлы:
Телжан селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және

әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен

алға қойылған міндеттері туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есептері биылғы жылмен санағанда жетінші рет өткізілуде. Әкімдердің халық алдында есептік кездесулері Қазақстан Республикасының демократиялық ел болғаның белгісі болып табылады. Бұл біз үшін ең басты мәселе, яғни жыл бойы атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесі деп саналуда. Олар атқарушы органдардың емтиханы болып табылады. Есептік кездесулер арқылы тұрғындарға әкімдерінің жұмысына баға беріп сараптама жасауға болады. Елбасшысы Н.Назарбаевтың салиқалы және сенімді басшылықпен мемлекет егемендіктің 20 жыл ішінде біздің ел барлығымен мойындаған мемлекеттік құрылыста, күшті әлеуметтік экономикалық өсу, саяси демократиялықта үлкен жетістіктерге жетті.

Біздің ел Президентіміз Н.Назарбаевтың басшылығымен 2010 жылғы 12 маусымнан 2011 жылғы 15 шілдеге дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымында төрағалық етті. Өткен жылы біздің Республикамыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 20 – жылдығын мерекеледі. Осы жыл

Президент Жарлығымен 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылы деп аталды.

Тәуелсіздіктің 20 – жылдығын өткізу бойынша мемлекеттік комиссия құрылды, жалпыұлттық іс – шаралар жоспары бекітілді.

«Жасампаздық пен бейбітшіліктің 20 жылы» мерейтойының ұраны бекітілді. Осы оқиға біздің Республика және округ үшін өте маңызды болып отыр.

Телжан селолық округі екі елді мекеннен тұрады. Ол Телжан ауылы және Көбенсай селосы. Округте 1071 тұрғын тұрады. Оның ішінде: оқушылар 186, 6 жасқа дейінгі балалар 129. Округте осы жылы 18 бала туған.

“Телжан селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде

4 мемлекеттік қызметші, 1 азаматтық қызметші, 2 еңбек шартымен жұмыс істейтін және 4 техникалық қызметкер.

Жыл басынан округ тұрғындарынан ауызша және жазбаша 117 өтініш түсті. Барлық өтініштер мерзімінде қаралып, мерзімінде жауаптар берілді.

Округ әкім аппараты тұрғындарымен тығыз байланыста, жиналыстар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, әр түрлі отырыстар, діни және мерекелік іс шаралар өткізеді.

Округтің тұрғындарында ақпараттық мәдениетке қызығушылық жоғарылатылды. Оған дәлел тұрғындарының 2012 жылғы 1 жартыжылдығына басылымдарға жазылуы.

Ағымдағы жылы округте Президент жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру бойынша, есептік кездесу барысында туындаған сұрақтардың орындалу бойынша және басқа сұрақтар бойынша 26 жиналыс өткізілді.

Округ әкімі Петропавл қаласында орналасқан аумақтық біліктілікті көтеру және қайта даярлау орталығында біліктілікті көтеру курсынан өтті.

Округ әкімі аппаратымен тұрғындарға 130 қап 6 500 кг ұн жеткізуді ұйымдастырды.

Округ әкімі аппараты “20 игі іс ” акциясы бойынша округтегі “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқалармен марапатталған 20 көпбалалы анаға 20 аудандық «Кзылту» және «Нұрлы ел» басылымға жазылды. ЖШС «Беркут» басшысы Оспа Владимир Леонидович Телжан орта мектебіне көмір ікелді, ЖШС «Жана Нур» басшысы Оспанов Болат Хасенович Садуов Мереке Зейноллаұлына көмірді әкелуді ұйымдастырды.

Жеңіс күні мерекесіне екі елді мекенде тыл ардагерлері мен Ұлы Отан соғысында қайтыс болған ардагерлерінің жесір әйелдерінің шақырылуымен концерт, мерекелік ас ұйымдастырылды.

Қариялар мен мүгедектерге арналған айлық өткізілді. Зейнеткерлер мен мүдектерге үйлерінде медбикелер медициналық қызмет көрсетілді. 2 қазан күні “Фортуна”дәмханасында және Көбенсай орта мектебінде қариялар мен мүгедектер күнін әкім аппараты ұжымы, мектеп мұғалімдері ұжымы және оқушылармен бірге қайырымдылық іс шаралар өткізді. Аталған іс шарада құттықтау, концерт, мерекелік ас ұйымдастырылды.

Округте 9 баннер орнатылды. Оның ішінде: Республиканың Конституциясына арналған – 1, “Болашақты бірге қалаймыз” Президент Жолдауына арналған – 5 баннер, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған – 1 баннер, патраиоттық – 2 баннер.

Наурыз мерекесінде округте мерекелік іс шаралар ұйымдастырылды. Аталған мерекеде округ тұрғындары би, ұлттық тағамдар сайысына қатысты.

Үздік киіз үй, үздік үстел, үздік ұлттық дәстүр және әр түрлі спорттық сайыстары, теннис, армлестлинг, гір көтеру үшін жеңімпаздар бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Округ аудан бойынша Наурыз мерекесін жоғары деңгейде өткізгені үшін ІІІ орын иеленді.

21 сәуір күні Телжан селолық округінде “Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі” жастар марафон эстафетасы бастау алды. Марафон эстафетасының өткізу бойынша округ ІІ орын иеленді және округ әкімі мадақтамамен және кубокпен марапатталды Өткізген жұмыстарының көрсету бойынша презентация үшін округ командасы ІІ орын иеленіп мадақтамамен марапатталды.


Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Телжан селолық округінде «Мәуліт мерекесі» өткізілді. Қызылжар орталық мешіттің найыб имамы Қадырбек қоран және Мухаммед пайғамбардың өмірбаяны туралы баяндама оқылып, Телжан орта мектебінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Г.Досханина діни концерт өткізді, оқушылар Айтимов Мейірбек, Амангелді Жанболат, Кеңесов Нұржан құран оқып Хадисті жатқа айтты. «Пайғамбар Мухаммед – Аллахтың елшісі» атты бейне фильм көрсетілді. Аталған мерекеге белсеңді қатысқан азаматтарды аудан мешіттің имамы Ө.Шәкенов мадақтамамен марапаттады. Соңында мерекелік үстел жасалынып, ас берелді.

Мәуліт мерекесіне «Қызылту Нан» АФ – ның бас директоры Кашаев Кенжебай Абилькажинович – 50 мың тенге, «Қайнар» ШҚ –ның басшысы Махатов Болат Шарипович – 30 мың тенге, «Саяхат Әлі» ЖШС – ның директоры Уалиев Талғат Даниярович – 20 мың тенге, «Жаңа Нұр» ЖШС – ның директоры, «Нұр» ШҚ – ның басшысы Пшенбаев Марат Исполович, «Узбай» ШҚ – ның басшысы Маликов Амантай қажы, округ әкімі Қадіров Бауыржан Хамзеұлы, «Данияр» Раев Максут Габдулативович және тұрғындар Танатаров Нурмухаммед, Жунусов Қайролла, Жунусов Аскар, Айтмаканов Жусупбек, Садвокасов Шамрат, Қабылкерем қажы – 10 мың тенге көлемінде демеушілік көмек көрсеткен және бір қойдан бергендер Жантлеуов Кенжебек, Жунусов Көбеген.

6 маусым күні округ әкім аппаратының ғимаратында Астана мерекесіне арналып ақпараттық күн өткізіліп, кітап көрме ұйымдастырылды.

Маусым айында мектеп жанындағы учаскелерінің абаттандыру бойынша Телжан орта мектебінде аудан мектепрінің қатысуымен аудандық семинар өткізілді.
Әлеуметтік сала
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 13 бірінші бағыт бойынша қатысушыға және өз шаруашылығымен айналысушыларға, аз қамтылған және жұмыссыз азаматтарға жұмыс орындар ұсынылып жұмысқа орналастырылды.

Округте жастарды қысқа мерзімді кәсіптік курстан өтуді тілеген мамандыққа оқуға тарту және аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар өткізіледі. Ақысыз механизатор мамандыққа кәсіби дайындық курстарды аяқтаған 3 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Олар «НҰР» ШҚ –ға Магубаев Марат Сарсенбаевич, «Степной – 4» ЖШС – ке Щур Ринат Николаевич және Ужкеев Руслан.

Петропавл гуманитарлық колледжіне «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша тауартанушы мамандыққа жұмыссыз Ягудина Ксения Викторовна, Вяткина Галина Сергеевна 2 жыл 10 ай мерзіміне және Чубатенко Николай Владимирович механик мамандыққа 1 жыл 10 ай мерзіміне оқуға жіберілді.

Кәсіби лицейде он айлық ақысыз кәсіби дайындау курстарда стипендияның төленуімен референт – хатшы мамандыққа Габбасова Батима Амангелдіқызы және аспазшы мамандыққа қайта даярлау курстарында Искакова Салтанат Жанболатовна оқуда.

«Астык-Нан» ЖШС – не жастар іс – тәжірибесіне жіберілді және оған 78000 тенге төленді. Бүгінгі күні Гизатова Ксения Айзатовна Телжан орта мектебінде лаборанттың қызметінде жұмыс істейді.

2011 жылы мекенжайлы әлеуметтік көмек 45 отбасыға 187 адамға 985,7 мың.тенге төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік әлеуметтік көмек 186 отбасыға 435 адамға 1970,7 мың тенге төленді

Төлемді қоғамдық жұмысқа 670,6 тыс.тенге төленіп, 12 адам орналастырылды. Тұрақты жұмысқа 23 адам, ауылшаруашылық саласына 36 адам орналастырылды. Түзету орынынан шыққан Грабовский Юрий әр түрлі жұмысты атқарушы ретінде «Жана Нұр» ЖШС –не жұмысқа қабылданды.

Жұмыс орындарға жұмыссыз Каримжанова Людмила Григорьевна ЖК «Карина» наубайханаға жіберіліп, онда тұрақты жұмысқа орналасты.

Округ бойынша 90 зейнеткер, 23 мүгедек және олардың ішінде 3 бала мүгедек.

Солтүстік Қазақстан облысында 2010 – 2014 жылдарға бала тууын ынтыландыру «Фонд поколений» бағдарламасы аумақта демографиялық жағдайды көтеру және көп балалы 4 және одан көп аналарды қолдау үшін жасалында. Осы бағдарлама бойынша төртінші немесе одан артық балаға жүз алпыс минималды айлық көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек төлеу қарастырады. Біздің округте Шохтык Жанасхан, Капаров Ерболат және Жанкин Ержан құжаттарын рәсімдеп, олардың атындағы депозиттерге қаражат аударылды.

Округте «Мектепке жол» қайырылымдылық акциясы өткізілді. Аталған акция бойынша балаларға «Актумар-Север» ЖШС –ның басшысы Өтегенова Сәния Фазылқызы – 4 мың тенге, «Жана Нур» ЖШС –ның басшысы Оспанов Болат Хасенұлы – 110 мың тенге, «Фархад» ШҚ –ның басшысы Уәлиев Талғат Даниярұлы, «Рябина» ЖК –ның басшысы Лохан Ирина Борисовна – 2 мың тенге, «Карина» ЖК –ның басшысы Бектасова Тамара Григорьевна – 3800 тенге, округ әкім аппараты басшысы Кадіров Бауыржан Хамзеұлы – 3 мың тенге, Телжан орта мектебі директоры Адилов Серік Абайұлы – 6 мың тенге, Көбенсай орта мектебі директоры – 8 мың тенге көлемінде қайырылымдылық көмек жасалынды.
Ауыл шаруашылық
Жалпы ауыл шаруашылық алаң көлемі – 68561 га құрайды , оның ішінде егістік жер –40470 га, мемлекеттік қордағы жерлер – 6636 га , орман алаңы -7500, көше жолдар алаңы, құрылыстардың астында – 5640 га. Басқа жерлер 4260 га.

2011 жылы Телжан селолық округі бойынша ауыл шаруашылық дақылдардың егістік көлемі 31560 га құрды. Оның ішінде бидай – 21638 га, арпа – 222 га, майлы дақылдар – 250, араластырылған бидай – 9450.

Егін ору алаңы 31560 га құрады. Оның ішінде бидайды дақылдар – 31310 га, жалпы түсімі 55003 тонна, 17,6 ц/га егін жинауда, майлы дақылдар 250 га жалпы түсімі 113 тонна, 0,5 ц/га егін жинауда.

Аграрлық секторда етті мал ша­руашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.

2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең.

Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі.

Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүм­кін­дік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде жұмыстар тұрақты жүргізіледі. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша біздің округте ірі қара малдың санын көбейту үшін 3 несие 22500000 тенге сомасына алынды.

«Фархад» ШҚ басшысы Уәлиев Талгат Даниярұлы 46 бас ірі қара мал сатып алды. Оның ішінде сиыр – 24 бас, 2010 жылғы бұқа - өндіруші – 1 бас, 2009 жылғы тайшалар – 6 бас, 2010 жылғы тайшалар – 9 бас, 2011 жылғы тайшалар – 6 бас.

ЖШ «Қайнар» шаруашылық басшысы Махатов Болат Шәріпұлы 46 бас ірі қара мал сатып алды. Оның ішінде сиыр – 8 бас, 1 бас – бұқа -өндіруші, 5 бас, 2009 жылғы тайша – 12 бас тайша – 2010 ж., 8 бас – 2011 ж., 12 бас бұқа – 2011 жылғы.

ЖК «Карина» басшысы Бектасова Тамара Григорьевна 47 бас ірі қара мал сатып алды. Оның ішінде 29 бас- сиыр, 5 бас тайша – 2009 ж.,13 бас – 2010 жылғы.

Округ бойынша жалпы - 139 бас ірі қара мал сатып алынды.




01.01.2012 ж. мал және құстардың бар болуы.
Ірі қара мал – 1209, оның ішінде 484 – сиыр, 377 – жылқы , 133 -шошқа, 1557 – қой, 2886 – құс.

Округ тұрғындарынан 16529 литр сүт сатып алынды, сомасы 629000 тенге. Сүтті көп мөлшерде және тұрақты тапсырған Телжан селосы бойынша Лохан Ирина Борисовна және Көбенсай селосынан Садуова Гүлнар Есімқызы Ең жақсы тапсырғандар: Лохан Ирина Борисовна – Телжан село тұрғыны, 2012 жылдың мамыр айнан бастап тағы сүт сатып алушылар келеді.

Селолық округ бойынша барлық ветеринарлық – профилактикалық жұмыстар жасалды, жалпы іс шаралар жоспар бойынша өткізілді. ІҚМ бруцеллезге қарсы ИФТ (Имунно –ферменттік талдау) әдісімен зерттелді. 28 бас – бруцеллез ауруы болып шықты.Барлы қ ауырған малдар дереу тапсырылды. Ауру малдар тұрған желерге дезинфекция жасалды.

Сондай ақ округ бойынша 858 бас ірі қара мал лейкоз талдауы зерттелді, 2857 бас қой- бруцеллезға зерттелді, 18 бас – жылқы, 30 бас- шошқа, 36 – қошқар бруцеллез аурына зерттелді.

1200 бас ІҚМ, 1892 бас – қой, 480 бас - жылқыға вакцинация жасалды.168 бас ІҚМ ұрықтандыру жасалды.

Селолық округте өлген малдарға жасалған арнайы орын бар. 2010 ж. желтоқсан айынан бастап 2011 жылдың ақпан айлары арасында 35 ит ауланды.
Жәрмеңке
Телжан селолық округімен Кішкенекөл селосында өткізілген 16 аудандық жәрмеңкеге қатысты. Аталған жәрмеңкелерде 2 ірі қара мал еті, 27 қой еті, 120 кг астам бал, 500 кг астам үй майы және т.б. сатылды. Округ Петропавл қаласында өткізілген облыстық жәрмеңкеге қатысып, Телжан селолық округінен кең азық түлік сұрыпталымды ұдайы апарып тұрды.

Былтырғы жылы қазан айының 10 - 12 күндері біздің округ Астана қаласында өткізілген республикалық ауыл шаруашылық жәрмеңкеге қатысты. Республикалық жәрмеңкеде әкім аппаратының мамандары ауданнан апарылған 20 бас қойды сату үшін жауапты болды. Өткізілген жәрмеңкелерде азық түлік (15 пайыз нарықтық бағадан төмен) төмен бағамен сатылды. Барлық өткізілген жәрмеңкелерге округ тұрғындары белсеңді қатысты, сол үшін алғысымды білдіреміз.
Республикалық жәрмеңке Аудандық жәрмеңке

Астана қаласы Кішкенекөл селосы


Абаттандыру.

Телжан және Көбенсай селоларында үш айлық (10 сәуірден бастап 10 шілдеге дейін ) санитарлық – тазалық , елді абаттандыру бойынша келесі жұмыстар жасалды:

11 км көшелер, барлық үйлердің маңайы, мектептердің, балабақшалардың, ескерткіштердің маңайы тазаланды, село ішіндегі жолдарындағы шұңқырлар тегістелді. Жалпы округ бойынша 238 жасыл желек отырғызылды, оның ішінде: әкім аппараты – 35, Телжан медициналық пункті – 36, Телжан намазханасы – 27, Телжан орта мектебі – 110, Көбенсай орта мектебі – 30. 80 ағаш талшығы және әр мекеме көшелеріне гүлдер отырғызылды.

1 Қоқыс көң шығаратын орын тиісті қалыпқа келтірілді, елге кіре беріс жолдың шетіндегі белгілер ақталып, сырланды. 5 билборд орналастырылды. 250 ағаш және 130 тірек ақталды. Телжан стадионы және балалар ойнайтын алаң сырланып тазартылды. 3 қоқыс көң орны жойылды. Жалпы 493 шаршы метр қоқыс шығарылды.
17.11.2011 жылғы салық

Жер салығы 74900 тенге, мүлік салығы 23500 тенге, көлік салығы 673500 тенге, біржолғы салық 79700 тенге жиналды.
Қаржылық жоспардың орындалуы

«Телжан селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 жылға қаржылық жоспары 8220 мың тенге құрайды. Оның ішінде:

001 бағдарламасы «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 7342,0 мың.тенге

006 бағдарламасы «Жергілікті деңгейде мәдени демалыс жұмыстарын қолдау» 744,0 мың.тенге

009 бағдарламасы «Елді мекендерді санитариясын қамтамассыз ету» 89,0 мың. тенге

011 бағдарламасы «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» 45,0 мың. тенге

2011 жылғы 11 ай бойынша қаржылық жоспар 7563,3 мың.тенге құрайды. 2011 жылғы 11 ай ішінде 7563,0 мың.тенге немесе 99,9% пайыз игерілді.

001 бағдарламасы бойынша 2011 жылғы 11 айға жоспарланған соммасы 6746, 7 мың.тенге құрайды. 2011 жылғы 11 ай ішінде 6746,7 мың.тенге немесе 100% игерілді.

006 бағдарламасы бойынша 2011 жылғы 11 айға жоспарланған соммасы 684 мың.тенге құрайды. 2011 жылғы 11 ай ішінде 683,8 мың.тенге немесе 99,9 % игерілді.

009 бағдарламасы бойынша 2011 жылғы 11 айға жоспарланған соммасы 87,6 мың.тенге құрайды. 2011 жылғы 11 ай ішінде 87,5 мың.тенге немесе 99,9 % игерілді.

011 бағдарламасы бойынша 2011 жылғы 11 айға жоспарланған соммасы 45,0 мың.тенге құрайды. 2011 жылғы 11 ай ішінде 45,0 мың.тенге немесе 100 % игерілді.
Мәдениет және спорт

Округ бойынша үш кітапхана жұмыс істейді . Селолық кітапхана – 1, мектеп кітапханалары – 2. Селолық кітапхана қорында 5103 кітап. Селолық кітапханада дөңгелек үстелдер, кітап көрмелер, іс шаралар өткізіледі. Биылғы оқырмандар арасында балалардан Тулепбергенов Дамир 5 «А» сынып оқушысы, ересек адамдардың арасында Рақымжанова Жібек үздік болып шықты. 2011 жыл бойынша 102 жаңа кітап түсті.

Демек, кітап –рухани қазына, өмір айнасы, заманының сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы. Ол бүкіл адам баласына ортақ. Білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы.

Кітап – ақылдың кені, бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы.

Олай болса Телжан село кітапханасында кітаптар, энциклопедиялар, газеттер, журналдар арқылы пайдалынатын оқырмандар аз емес.

Мерзімді басылымға тоқтай кетсек, жылдан жылға жақсарып, уақытымен келіп тұрады. Келген басылымдар рет-ретімен тігіліп, арнайы дәптерге нөмір бойынша белгіленіп отырады. Үстіміздегі жылы Уәлиханов ауданында мемлекеттік қызметкерлер арасында арнайы сайыс өткізілді, сол сайысқа Телжан селолық округінің командасы қатысып, ІІІ орынға және мадақтама мен бағалы сыйлыққа ие болды.

Округ әкім аппаратының барлық мемлекеттік қызметкерлер «Казтест» бағдарламасы бойынша тестілеуден өтіп, аудан бойынша аудандық білім бөлімі, Көктерек әкім аппараты және Телжан әкім аппаратының қызметкерлері жоғары баға алды.

Округ бойынша екі мешіт жұмыс істейді. Мешіттерде ең басты бағыт бойынша адамды имандылық – инабаттылыққа тәрбиелеуге насихаттау жасалып, барлық имандалаққа байланысты іс шаралар ұйымдастырылады.
Білім

Телжан селолық округ бойынша екі мектеп жұмыс істейді. Мектептер барлық компьютерлық техникамен жабдықталған, мультимедиалық кабинет интернетқа қосылған. Жалпы метептер бойынша 186 оқушы оқиды.

Президент жолдауында жемқорлыққа қарсы бұйрық айтылған. Әкімшілік аппаратында сенім телефоны жұмыс істейді. Әр тоқсан сайын аудандық басылымдарға жарияланады.

ҚР Президентінің «Өзін-өзі қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша мектептердің жанындағы бақшада және жылыжайларда көкөністер отырғызылып, сол көкөністер асханаларда бүгінгі күні пайдаланылады.

Ағымдағы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарлама бойынша Телжан орта мектебіне 2 жас мұғалім орналасты, ол Ягудина Анастасия Викторовна және Вяткина Екатерина Сергеевна.

Өткен жылғы Президенттің халыққа «Жаңа онжылдық – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында саламатты өмір салтына көп назар аударады. Бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады.

Бұқаралық спортқа 30%-ға дейінгі қазақстандықтар тартылуы тиіс.

Армлестлингтен және қалашық спортынан біздің округіміздің құрама командасы 1 орын иеленді. Қалашық спортында Рахимжанов Байкебай, Гассерт Олег, Мирошниченко Федор, Тлеукабылов Марат, Хамзин Нуржан қатысты. Армлестлингте Досханин Дархан, Ахметбек Ержан, Корсуков Сергей, Мирошниченко Федор қатысты. Тенистен 1 орынды Гассерт Олег иеленді.

Облыстық жазғы «Ак бидай 2011» спортакиадасында біздің спортшымыз армлестлингтен Корсуков Сергей 3 орынды алды.

Жазғы «Жастар - 2011» спартакиадасында гір спортынан 65 кг салмағында Көбенсай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Кнаус Александр 1 орын, армлестлингтен 75 кг салмағында Көбенсай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Аубакиров Мурат 2 орын алды. Көктерек селолық округте өткен 8,9,10 сынып оқушылары ерлер мен әйелдер арасында баскетболдан және волейболдан кобенсай орта мектебінің командасы 2 орын иеленді.

1.Жеңіл атлетика - жалпы командалық 1орын

Гришакова Тамара – 800 м –ІІ орын, Кнаус О – 800 м – І орын, Адильбаев Е – 1600 м – І орын, эстафета – І орын.

Шахмат –10 команда арсында – 5 орын Есмуханов Нурбек.

Конституция күнінде өткізілген ерлер арасында волейболдан – І орын округ командасы иеленді.

Былғары доп – Облыстық жарысында Кенесов Нуржан – ІІ орын алды.

Аудандық қысқы «Солтүстік – 2011» спартакиадасында Көбенсай орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Болатов Жанат Жақсыгелдіұды 3 орынды алды.
Округте спорттық іс шараларға көп назар аударылады және келесі іс шаралар: «Спорт күні», «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Бекітілген кесте бойынша әкім аппаратының ұжымы апта сайын жұма күні Телжан орта мектебінде спортпен айналысады.


Денсаулық
Селолық округінде 2 медициналық пункт орналасқан, 2 медбике жұмыс істейді. Медбике ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарымен барлық профилақтикалық жұмыстарды өткізіп, ЖҚТБ-ға қарсы және басқа да ауруларға байланысты әнгімелер өткізеді. Медпунктте керекті дәрі-дәрмек жеткілікті.

Төтенше жағдайларға байланысты санитарлық топ ұйымдастырылған.

Округ бойынша 2 пошта жұмыс істейді. Газет пен журналдарға жазылу жоспарға қарағанда асуымен орындалады. Жазылуға белсенділік жасаған Телжан отра мектебінің директоры Адилов С.А., Көбенсай орта мектебінің директоры Рихишева А.Х., пошта меңгерушілер Искакова С.И., Адилоа К.Т. атап өткім келеді.

  1. Көбенсай орта мектебінде дене шынықтыру сабағын өткізу үшін «Білім бөлімі» ММ-мен 5 дана шанғы және 5 дана коньки бөлінді.

  2. Телжан орта мектебінде спортзалға ремонт жасалынуда.

  3. Телжан орта мектебіне жылыту жүйесінің қылтықсыз жұмыс істеу үшін «Білім бөлімі» ММ-мен дизель бөлінді.

  4. Көбенсай мектебіне «Білім бөлімі» ММ-мен 2 қазандық орнатылды.

  5. Көбенсай тұрғындары және әкімшілік ұжымының көмегімен Көбенсай селосындағы зират қоршалды.

Шешілмеген сұрақтарға тоқталып кетсек ол көшелерді жарықтандыру, Көбенсай селосына клуб және кітапхана ашылуы, селоларды қоқыстардан тазалау.

Қорытындылай келгенде 2011 жылды біз барлық ұйымшылдықпен және бірлікпен барлық жұмыстардын аяқтадық. «Бірлік болған жерде - тірлік болады» дегендей, нндігі алдымыздағы жасалмаған жұмыстарды бірліктің және ұйымшылдықтың арқасында өткізіледі деген үміттемін.

Похожие:

Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы iconКішкенекөл селолық округінің әкімі – Сейтуаров Азамат Көшербайұлы: Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен
Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы iconӘлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылға арналған даму келешегі туралы есебі
...
Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы iconТелжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
Олар атқарушы органдардың емтиханы болып табылады. Тәуелсіздіктің 19 жыл бойы Елбасымыздың халық үшін жасалып жатқан, яғни бүгінгі...
Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы iconАқтүйесай селолық округінің әкәмә Ж. С. Сұнғатовтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздіктің 19 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы өзінің құттықтау сөзінде республиканың...
Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы iconМаңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға,...
Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы iconОблыс АӨК әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы 1-тоқсандағы қорытындылары және 2 тоқсанға арналған міндеттер туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі индикаторларын орындау мақсатында аудандар...
Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы iconГеоргиевка ауылдық округінің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы есеп
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясы мен «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауындағы бағыт-бағдарлары...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница