Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты




Скачать 56.28 Kb.
НазваниеПән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты
Дата конвертации08.05.2013
Размер56.28 Kb.
ТипДокументы
Бөлекбаева Гүлжан Ақжолтайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі
Пән: Дүниетану 4-сынып

Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам»

Сабақ мақсаты:

1. Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.

2. Ұл мен қыздар әке-шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

3. Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық жүргізу

Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Интерактивтік тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.

Гүлдер, гүлдер көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Нәзік гүлдер әніміз

Жайнап өссін бауымыз

Гүлдер деген жыр-аңыз

Сол гүлдерден сұлулық

Тазалықты ұғамыз.
ІІ. Үй тапсырмасы

  1. Үй тапсырмасын әңгімелеу.

  2. Сұрақ-жауап

  1. Күн жүйесі деген не?

  2. Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде?

  3. Күн бетіндегі және қайнауындағы температура қандай?

  4. Жер бетіндегі тіршілік үшін Күннің қандай маңызы бар?

  5. Күн қуаты қалай пайдаланылады?


3) Ой қозғау -Онда біз қазір Жер туралы әңгіме жүріземіз. Жер туралы не білесіңдер , соны ортаға салайық



4) Тест І нұсқа

1. Жерге жақын жұлдыз

А) Уран Б)Юпитер В)Күн Д) Сатурн

2 . Күн меннен Жердің ара қашықтығы

А) 150 000 000 Б) 15 000 000 В)1 000 000 Д)1,5 000 000

3. Күннің көлденең өлшем бірлігі

А)140 000 000 Б)14 000 000 В)1 40 000 Д)1 400 000

4. Күннің беткі қабығының қызуы

А) 6 000º Б) 60 000º В) 600 000º Д) 600º

5 . Ғарышқа жол қай жылы ашылды?

А)1954 ж Б)1957ж В)1959ж Д)1953ж
ІІ нұсқа

1 . Қай айда «Ғарышкерлер күні» аталып өтеді?

А)12наурыз Б)12ақпан В)12мамыр Д)12сәуір

2. Біздің мемлектіміз қай материкте орналасқан?

А) Оңтүстік Америка Б) Еуразия В)Аустралия Д)Антарктида

3.Жер шарында неше мұхит бар?

А)4мұхит Б)6мұхит В)2мұхит Д 8мұхит

4. Мұз құрсанған материк

А)Африка Б) Оңтүстік Америка В) Антарктида Д) Еуразия

5. Ең үлкен мұхит

А) Солтүстік Мұзды Б) Тынық В) Атлант Д) Үнді

5) «Басқатырғы» (жұппен жұмыс)

Дөңгелектің ішіндегі шашылған әріптерді теріп алып, жүйелеп орналастырсаңдар Жердің күн төңірегіндегі басып өтетін жолдың атауын табамыз. /жер орбитасы/



6) Ғажайып алаңы:

1. Күн жүйесі неше ірі планетадан тұрады? (Меркурий,Шолпан,Жер, Марс, Юпитер, Сатурн,

Уран ,Нептун,Плутон).

  1. Жерді қоршаған бүкіл дүние (Әлем(Ғарыш)

  2. Күнге жақын планета? (Меркурий,Шолпан ,Жер)

  3. Осы планеталардың ішіндегі ең танымал, өзімізге жақын қай планета? (Жер)


ІІІ. Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа сабақ

Жұмбақ жасыру

Тақырыбы: Отбасы мүшелері туралы болады.

С
о
өзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты шешкен кезде, сары торкөзде кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.

  1. Т
    т
    үсі нарттай,


Т
б
ілін тартпай,


Ж
а
олға шықса,


Қ
с
оймайды құртпай. /
от /


  1. Мемлекеттік рәміздің бірі. /ту/

  2. Е
    ы
    ңбек құралы.
    /балға/


  3. Ең жақын адам. /ана/

  4. Уақыт өлшемі. /секунд/

  5. Ырыс алды- /ынтымақ/



Кіріспе сөз

Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы- шағын қоғам» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.

Отбасының белгілі тұратын мекен- жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі- отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған-туыстармен қарым-қатынаста болады.Ата-ананың ақылымен қарым-қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым- қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып- сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы-адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған- туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.

Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР-ның Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
Ү. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбектей оқу.

Түсінігін сұрау.

Дәптермен жұмыс.

Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.

Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат-міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
ҚР - ның Ата заңы 27-бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі әсер етпек.
ҮІІ. Қорытындылау

  1. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасына берілген ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.




  1. Мақал-мәтелдер отбасы жайлы./3/

  2. Төрт жолды өлен шығару

4) «Алтын ұям» тақырыбына эссе жазу.
5) Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Назарбаев

Үйге тапсырма: 116-118 бет оқу. Ребус құрастыру.

ШҚО Үржар ауданы

Мақаншы ауылы

Найманбай атындағы

орта мектебі

Похожие:

Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты iconСынып: 10 Пән: География Сабақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: § Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты iconСабақ тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Өлімді жеңген ана» әңгімесі. (Горькийден аудармасы) Сабақ мақсаты: Білімділік
...
Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты iconДүниетану пәні Тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам
Ол қоғамның бір бөлшегі Қоғам дегеніміз не? Мысалы, Қазақстан Республикасының қоғамы, оның белгілі бір алып жатқан аймағы бар. Басқарушысы...
Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты iconСабақ тақырыбы: Білімді тексеру сабағы
Сабақ мақсаты: Оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу. Сабақ процесінде...
Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты iconКүнделік сабақ жоспары Мерзімі Сынып 9А, 9Ә
Сабақ тақырыбы: Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру
Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты iconАдам. Қоғам. Құқық Сынып: 9 Сабақ: 2 Күні: Тақырыбы
Білімділік: Оқушыларға Адамның проблемасы, аданың сипаты туралы жүйелі білім беру
Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты iconСабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі: ой шақыру,сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік,өздік жұмыс. Пәнаралық байланыс
Сабақ мақсаты Оқушылардың өткен сыныптарда танысқан сөз туралы,сөз мағынасы жайында білімдерін кеңейту
Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты iconКүнделік сабақ жоспары Мерзімі Сынып 8А, 8Ә
Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері. Жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты iconСабақ тақырыбы: «Шоқаны бар ел,шоқтығы биік ел!» Мақсаты: білімділігі
Мақсаты: білімділігі: Шоқан саяхат сапарының ғылыми маңызын,айналысқан ғылым салаларына шолу,оның беделдігін,білімділігін таныту,өмірі...
Пән: Дүниетану 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам» Сабақ мақсаты iconПәні бойынша Күнделікті сабақ жоспарлары
Алматы қаласы ббжмбк кд институтында шығарылған информатика пәнінен 7 сыныптарга арналған күнтізбелік жоспарга сәйкестендіріліп жасалган....
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница