2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе




Скачать 141.64 Kb.
Название2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе
Дата конвертации09.05.2013
Размер141.64 Kb.
ТипДокументы
2013-2017 жылдарға арналған

Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы

Кіріспе

2012 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік – экономикалық даму болжамын рәсімдеу ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы (әрі қарай – ӘЭД болжамы) ресімделді.

Ауданның ӘЭД болжамы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының

Ауданның ӘЭД болжамы ауданның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері және мақсатты индикаторлары, басымдылық, үрдіс, үш жылдық мерзімге арналған бюджеттік параметрлер.

Бес жылдық мерзімге арналған аймақтың даму бағдарламасын өңдеу үшін және үш жылдық мерзімге арналған жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын және ауданның бюджетін әзірлеуге осы ӘЭД болжамы негіз болып табылады.

1. 2011 жылдың әлеуметтік - экономикалық дамудың үрдісі.
Жалпы :

Қостанай ауданының аймағы 7,5 мың шаршы метр немесе 3,8 % Қостанай облысының аймағы. Аудан халқының саны 2012 жылдың 1 қаңтарына – 68929 адам. Ауданда 55 елді мекен, аймақта 16 ауылдық округ, 3 село Затобол кентінің аймағында орналасқан.
Ауыл шаруашылығы.
2012 жылдың 1 қаңтарында Қостанай ауданында 640 ауыл шаруашылық кәсіпорындары тіркелді: оның ішінде 588 шаруа қожалығы, 49 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 – мемлекеттік кәсіпорын, 1 акционерлік қоғам.

2012 жылдың 1 қаңтарына ірі қара малдың саны – 40,1 мың, (немесе 77,8 % өткен жылдан) оның ішінде: сиыр басы – 19,7 мың бас, (немесе 82,7 % өткен жылға сәйкес). Шошқалар саны – 41,0 мың бас (немесе 95,4 % өткен жылға сәйкес); қойлар мен ешкілер –19,0 мың бас (немесе 103,9 % өткен жылдан); жылқылар – 6,2 мың бас (немесе өткен жылға сәйкес 104,6 %); құс саны 702,2 мың бас (немесе 83,1 % өткен жылға қарағанда).

Малдың, құстың барлық түрлерінің еті (тірі салмағымен) 30416,3 тонна ( 107,1 % өткен жылға сәйкес), сүт 70264 тонна (немесе 97,4 % өткен жылға сәйкес), жұмыртқа 80030,5 мың дана (немесе 87,6 % өткен жылға сәйкес).
Өнеркәсіп.
2012 жылдың 1 қаңтарында ауданда 60 өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген.

2012 жылдың 1 қаңтарында өнеркәсіп өнімінің өндірісі 5239,3 млн. теңге немесе 138,7 % өткен жылға ұқсас (2010 жылы– 3777,6 млн. теңге).

2011 жылдың 12 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен 22702 тонна ұн өндірілді 1649 мың тонна ұннан пісірілген өнімдер өндірілді .

Ауданда ірі және орта бизнестің 7 кәсіпорыны («Затобол АМО» ЖШС, «Бакас» АҚ, «Затобол жылу энергиясы компаниясы» МКК, «Затобол нан комбинаты» ЖШС, «Север-птица» АҚ, «Жас Канат» ЖШС, «БК-Стройпром" ЖШС, «Авангард Бизнес»ЖШС), 2011 жылдың 12 айына тұрған бағамен өндіріс көлемі 4143,6 млн. теңгені құрады, 1,8 % өткен жылғы мерзімнен жоғары.

Ауданда 13 диірмен, 15 нанхана, желі макарон өндіретін кәсіпорын, 9 желі шұжық өндіретін кәсіпорын, алкогольсіз сусындарды өндіретін 2 цех, 8 тәтті тағамдар дайындайтын цехтар жұмыс істейді.



Шағын кәсіпкерлік:

2012 жылдың 1 қаңтарына аудан аймағында 159 (немесе 100,0 % өткен жылға сәйкес) кәсіпорын жұмыс істейді.

Шағын кәсіпорын саласында 97 жұмыс орны құрылып, 14 шағын бизнес нысаны ашылды.


Инвестициялар:
2012 жылдың 1 қаңтарына ауданға 8063.0 млн. теңге капитал инвестициясы салынды, 2010 жылдың деңгейінен 104.6 % құрайды. Оның ішінде: қаржыландыру көзі бойынша: республикалық бюджеттен 3374,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 828,0 млн. теңге, кәсіпорындар мен халықтан 3854,0 млн. теңге, басқа заемдық қаражаттар 7 млн. теңге.

2011 жылы тұрғын ғимараттарын жалпы көлемі 20 844 шаршы метр, 2011 жылдың желтоқсанында жалпы көлемі 1896,4 жеке тұрғын үй 30 объектілері пайдалануға берілді, жалпы сомасы 144788,0 мың теңге.
Білім беру:
Ауданда 53 мектеп жұмыс істейді: оның ішінде 27 орта, 15 негізгі, 11 бастауыш, 5 мектеп мемлекеттік тілде.

Оқушылар саны 8800 оның ішінде 724 мектепке дейінгі даярлық сыныптар.

Ауданда 5 мемлекеттік балалар мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. Балалар спорт мектебі, музыкалық мектеп, балалар шығармашылық үйі жұмыс істейді.

Ауданның барлық мектептері компьютерленген, телефондандырылған және Интернет желісіне қосылған.

Ыстық тамақпен 7414 бала қамтылған, қоғамдық тамақтандырумен 616 адам қамтылған.

Қостанай ауданының есептік мерзімге 146 спорттық құрылыс бар оның ішінде 4 стадион, 50 спорт залдар, 3 атқыш тир, 59 спорт залы, 3 теннистік корт және 27 басқа спорт құрылысы. Дене шынықтыру және спорт саласында 90 штаттық қызметкерлер жұмыс істейді.

Есептік мерзімде салауатты өмір салтын насихаттауда 620 іс-шара өткізілді, оған 19114 адам қатысты,
Денсаулық сақтау:

Қостанай ауданының медициналық қызметін Қостанай аудандық емханасы көрсетеді, 40 кереует бар, Қостанай аудандық емханасы, 12- дәрігерлік амбулатория, 33 медициналық пункті бар, 6 фельдшерлік – акушерлік пункті, «Зареченский центр ПМСП» МККК.

2012 жылдың 1 қаңтарына ауданда 52 дәрігер және 216 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.

Аудандық емхананың материалды - техникамен жабдықталуы – қанағаттандырарлық.

2012 жылдың 1 қаңтарына 915 бала туылды, 708 адам жалпы қайтыс болды. Аудан бойынша 36592 адам жалпы науқас болды. 2011 жылдың қаңтар - желтоқсанына 83 адам өкпе ауруына шалдықты, оның ішінде 2 бала.

Алкоголизммен және нашақорлықпен ауратын 95 адам тіркелген. (2010 жылы - 86).

2012 жылдың 1 қаңтарына стационарда 1535 науқас емделді.
Мәдениет:

Аудан аймағында 65 мәдениет мекемелері бар. оның ішінде 48 мемлекеттік желі, оның ішінде 36 кітапхана 12- клуб. 2012 жылдың 1 қаңтарына орталық кітапханалық жүйесінің кітап қоры 439078 дананы құрайды, оның ішінде 59442 мемлекеттік тілде.

2012 жылдың 1 қаңтарына мәдени-демалыс орталығында клубтар және 122 көркем шығармашылық ұжымдары жұмыс істейді. (2011 жылдың 1 қаңтарына –118, 108 % өткен жылға сәйкес), оның ішінде 104 көркем шығармашылық тобы онда 1761 қатысушылар бар, (2010 жылы – 1691 қатысушылар).Оның ішінде балалар ұжымы - 58, қатысушылар санымен - 11176 адам. Қазақ халқының шығармашылығы үйірмесі - 53, ұжымдармен – 747 қатысушылар.

2011 жылдың қаңтар - желтоқсан айы аралығында ауданның мәдениет мекемелерімен 2800 іс-шара өткізілді ( 115 % өткен жылға сәйкес), оның ішінде 1533 –кітапханаларда , 1267 – в клубтық мекемелерде. Барлығы есептік мерзімге 253032 қатынасу.

Қаржылық көрсеткіштер, бюджет:

2012 жылдың 1 қаңтарына аудандық бюджеттің кіріс бөлімінің орындалуы 102,4% немесе 4120,3 млн. теңгені құрайды, 4024,3 млн. теңге кіріс жоспарында, оның ішінде I, II және III санат бойынша орындалуы – 107,52 %, 1939,1 млн. теңге түсімдер жоспарында, аудан бюджетіне нақты 2085,1 млн. теңге түсті.

Аудан бюджетінің шығын бөлімі 4266,8 млн.теңгеге (98,4%) орындалды.
Халықты әлеуметтік қорғау:

2012 жылдың 1 қаңтарына жағдайы төмен отбасылардың саны 120, (2010 жылы – 87 % құрайды), оның ішінде 481 адам өткен жылға сәйкес 87,5 % құрайды ).

2012 жылдың 1 қаңтарына 379 жұмыссыз есепте тұр, өткен жылға сәйкес 58,8 % құрайды.

2012 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 379 адам өтініш жасады, 311 адам жұмысқа орналастырылды.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі - 0,1 %, (2010 жылы – 0,4 %).

Кедейлік деңгейі - 0,7 %, (2010 жылы – 0,8 %).





2. Әлеуметтік – экономикалық даму басымдылығы.
Тұрғын үй және көлік инфрақұрылымын жақсарту.

Экономиканың дамытулары ерекше шарты инфрақұрылымның жақсартуы болып табылады. Қостанай ауданы облыс орталығына жақын орналасқандықтан өмір шарттарын, облыс, аудан халықтың ахуалын сапалы етуге және мемлекет және кәсіпорындардың тарапынан инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға трансферттерді бөлуде инвестицияларды салуға тырысады.

Инфрақұрылымның дамуына түбегейлi қаражаттар бағытталды: инженерлiк коммуникациялардың құрылыс және қалпына келтiруi, жаңа құрылыс ошақтарының аумақтарының жайғастыру, әлеуметтiк саланың объектілерінің құрылысы және жөндеуi.

2011 жылы 300 орынды Заречный орта мектебінің құрылысын аяқтау үшін бюджеттен 722632,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде жергілікті бюджеттен 258456,0 мың теңге.

Сонымен қатар Затобол кентінде 2000 орынды стадион пайдалануға берілді. Құрылысына барлығы 435154,0 мың теңге жұмсалды.
2011 жылы Затобол кентінде Нұрай шағын ауданындағы екінші 48 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бюджеттен 128544,1 мың теңге бөлінді.

Болжамдық мерзімде жаңа шағын аудандарды жайластыруға және тұрғын үй құрылысына қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Осылай Затобол кентінде республикалық және облыстық бюжет қаражаты есебінен Нұрай шағын ауданында 2 тұрғын үй құрылысын және тұрғын үйлерге инженерлік жүйелерді, кіру жолдарын, қазандық құрылысы жоспарлануда. Затобол кентінде спорт залының құрылысы 2012 жылдан бастап жобалау деңгейінде тұр.

2012-2013 жылдары халықты сумен қамтамасыз ету үшін Жамбыл және Озерное селоларында сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту және Семенов селосында сумен қамтамасыз ету жүйесі жоспарлануда.

Сонымен қатар Затобол және Заречный кентіндегі көшелерді газбен қамтамасыз ету және кәріз құрылысы, инженерлік коммуникациясын қайта жаңғырту және құрылысы жалғасуда.

2012 жылы көлік және коммуникация саласында Қостанай кентінде Обручев көшесінде Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің шекарасының Терешкова көшесін қайта құру жоспарлануда, Заречный кентінде Юбилейный көшесін қатты жабындысымен қайта құру, Ипподромная көшесімен Юбилейная көшесіндегі аз қабатты құрылысқа өтетін жолдың құрылысы. 2012-2014 жылдары Заречный кентіндегі Школьная көшесінен Заречный көшесіне дейін аз қабатты құрылысы, Затобол кентінің Обручева көшесін қайта құру.
Бизнес – инфрақұрылымының дамуы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде «Жаңа бизнестің бастамашылығын қолдау» бағыты бойынша «Даму» қоры 96 млн. теңге сомасында жобаларды қаржыландырды. Бұл Қостанайлық «Бк Строй пром» ЖШС еден төсенішінің өндірісі бойынша цех, Қостанай ауданының Алтынсарин кентіндегі тәулігіне 15 мың литр квас өндірісін ұйымдастыру» «Одақ» ЖШС жобасы.

Жылына 14% пайыздық мөлшерлеме, оның ішінде 7% мемлекетпен қаржыландырылады.

2011 жылы «Ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау фонды» АҚ Қостанай филиалының желісі бойынша мал және өсімдік шаруашылығының дамуына және басқа да мақсатқа 38,2 млн. теңге сомасында шағын несиелер бөлінді. 2011 жылы «ДАМУ Аймақтар III» бағдарламасы бойынша қаржыландыру ашылды. Қысқаша айтқанда, біздің кәсіпкерлеріміз айналысатын кәсіпкерлік қызметтің түрлері (Өңдеу кәсіпорындарының өнімдерінің өндірісі, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, азық – түлік өнімдерінің өндірісі, тұрмыстық тауар және жеке қолданыстағы заттарды жөндеу бойынша қызметтер, туристік операторлар және туристік агенттердің қызметтері, туристерге көмек көрсету бойынша қызметтер, халықты әлеуметтік қызмет ету және денсаулық сақтау саласындағы қызметтер, білім саласындағы қызметтер және басқалар) қаржыландырылады. Ең жоғары қарыз сомасы 500 млн. теңге. Қарыз мерзімі 7 жыл. Жылына 14% пайыздық мөлшерлеме.


2011 жылы 300 орынды Заречный орта мектебінің құрылысын аяқтау үшін жергілікті бюджеттен 62,351 млн.теңге бөлінді.

Затобол кентіндегі стадионды 2011 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Болжамдалған мерзімде жаңа шағын аудандарды абаттандыру және тұрғын үй құрылысына қаржат бөлу жалғасуда.

Затобол кентінде 2011-2013 жылдары облыстық және республикалық бюджет қаражаты есебінен 2-тұрғын үй құрылысы және инженерлік желі құрылысы қарастырылған.

2011-2013 Жамбыл және Озерное селоларының халқын сумен қамтамасыз ету үшін сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және Семенов селосында сумен қамтамасыз жүйесінің құрылысы. Сонымен қатар Затобол және Заречный селосында сумен, газбен, кәрізбен қамтамасыз ету жүйесін және инженерлік коммуникацияларды қайта құру және құрылысы жалғасуда.

2011-2013 жылдары ауданның көшелерінде көлік инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.
Бизнес – инфрақұрылымын дамыту

«2020 бизнестің жол картасы» іске асыру барысында «Даму» қоры «Жаңа бизнес бастамашылықты қолдау» бағытындағы біріші жобаны 60 млн. тенге сомасында қаржыландырылды. Бұл жоба Қостанай «Бк Строй пром» ЖШС еден жабындысы өндірісінің цехы. Пайыздық мөлшерлемесі жылына 14%, оның ішінде мемлекеттің есебінен 7% қаржыландырылады.

2010 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Қостанай филиалының желісі бойынша 43,3 млн. теңге сомасында өсімдік және мал шаруашылығын дамытуға және басқа да мақсатқа шағын несиелер берілді.

  1. Әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері және даму мақсатты индикаторлары



Ауыл шаруашылығы.
2011 жылдың қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 37480,3 млн. теңгені құрады. 2012 жылдың бағалау бойынша мал және құстың азаюына байланысты жалпы өнімнің көлемі төмендейді. Сонымен қатар жоспарлы өнімділік 13-15ц\га. 2017 жылға ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң ұлғаюы жоспарланады. Оның деңгейi 35680 миллион теңгеге жетедi, соның iшiнде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi – 17880 млн. теңге, мал шаруашылығы - 17800 млн. теңге.

2011 жылы дәнді дақылдардың жалпы жиыны 674,9 мың тоннаны құрады, өнiмділіктің 24,7 ц/га. Осы көлем жаңа өнiмге дейiн ауданның iшкi қажеттiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бидайдың қайта өңдеу есебінен бидай жартысы сатылмай қалды.

Дәндi дақылдардың өciмдiктерi жоғарылату есебiнен өндiрiс көлемiнiң ұлғаюы 2012 жылы – 373,9 мың тоннадан 2017 жылы - 344,0 мың тонна.

Бәсекеге түсе алатын ауылшаруашылық мәдениеттерге – майлы дақылдар - 2012 жылы 21,1 га, 2013 жылы майлы дақылдармен 22,6 га. көлемде себу жоспарланып отыр. Майлы дақылдарды ауданның ұлғаюы зығыр және рапсты егiн есебiнен жоспарланады. Майлы дақылдардың өнімділігін жоғарылату 5 ц/га- дан 9 ц/га - ға дейін агротехнологияларды қолдану есебінен 2017 жылы майлы дақылдар өндірісінің көлемі 20,3 тоннаға дейін көбейту жоспарлануда. 2013-2017 жылдарда картоп және көкөнiс - бақша өнімдерінің дақылдары бойынша өнімдер көлемінің ұлғаюы 22,0 мың тоннадан 25,0 мың тоннаға дейiн, және 10,9 мың тоннадан 15,5 мың тоннаға дейiн өнiм көлемiнiң үлкеюi күтілуде. Жерлерді суару көлемінің ұлғаюы және минералды тыңайтқыштарды енгізу есебінен өндiрiстiң ұлғаюы жоспарлануда.

2011 жылы минералды тыңайтқыштардың 1017 тонна нақты салмағымен енгізілді. Минералды тыңайтқыштардың 2012 жылы енгiзу 2011 жылдың деңгейiнен 1,8 есе жоғары жоспарлануда. 2012 жылдан 2016 жылдары топырақ құнарлылықты жоғалтуды қалпына келтiру және сүйемелдеу үшiн 2,5 есе минералды тыңайтқыштардың көлемнiң енгiзуiн үлкеюдi жоспарлануда.

Қазіргі кездегі ауданның агроөнеркәсiптiк кешенiндегi ахуалы, өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауыл тұрғындарының өмірі сапасының жақсартуына, ауылдағы қаржы қызметтерінің нарығының дамуымен бейнеленеді.

Мал шаруашылығының салаларында шаруашылықтардың барлық дәрежелерiндегi малдың санының және құстың өсу тенденциясы сақталынады. 2013 жылдан 2017 жылға дейін мал және құстың барлық түрлерінің мал өсімінің 1,5-3 % құрайды. Салалардың дамуына мал шаруашылығында селекциялық – тұқымдық жұмыс жүргізілуі ықпал етеді

Ауданда жергiлiктi малдың асыл тұқымды және өнiмдi сапаларының жақсартуы бойынша нысананы көздейтiн селекциялық - асыл тұқымды жұмыс жүргiзiледi, соның iшiнде шетел генофондының қолдануымен.

2013 – 2017 жылдарға дейiн мал шаруашылығының өнiмiнiң өсуi сүт сауылымының арқасында жұмырытқа, ет өнімдерінің өндiрiсi көлемiнiң ұлғаюы жоспарлануда.
Өнеркәсіп.
Өндiрiстiң тұрақтануы, болашақта тұрақты экономикалық өсудi өнеркәсіп дамуының басымдылығы болып табылады. 2011 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5239,3 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 119,9 пайызды құрайды.

2017 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 7021,2 млн.теңгеге дейін ұлғаяды. 2011 жылға қарағанда 134 пайызды құрайды.

Өңделетiн өнеркәсiптегi бәсекеге түсе алатын және экспорттық тауарлар, жұмыстар және қызметтерiнiң өндiрiсi және қызметтердiң саласына индустриалды - инновациялық саясаттың ең бастысы болып табылады.

2011 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 4977,7 млн. теңгені құрайды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін жыл сайынғы өсу өткен жылға қарағанда 104,5 % өсу күтілуде. 2011 жылдан 2017 жылға дейін 130,2 % құрайды.

Болжалатын мерзiмге тамақ өнеркәсiбiнде сапаның жоғарылатуы және шығарылған азықтарды арзандау және ауылшаруашылық өнiмін өңдеу міндеті болады. Ауданның өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің жартысынан көбі азық – түлік өндірісін құрайды. 2011 жылы ауданда 2939,9 млн. теңге сомасында азық түлік өндірілді. 2017 жылы азық түлік өндірісінің көлемін 10877,8 млн. теңге сомасына дейін ұлғайту жоспарлануда.

Болжам қайта өңдейтiн өнеркәсiптiң кәсiпорындары, жұмыс iстейтiн қуаттардың жүктеуi және енгiзу үшiн шикiзаттың жабдықтауы бойынша жұмыстың әрі қарай әбден жетiлдiруiнде жаңа тұрақтануы, өнiмнiң түрлерін кеңейту. Сонымен қатар азық – түлік өндiрiсімен шағын кәсіпорындар шұғылданады, олар макарон, кондитер, шұжық, сүт , нан және ұннан пiсiрiлген нандармен тұрғындарды қамтамасыз етеді.

Азық түлік өндірісінде басымдылық ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу өнеркәсібіне беріледі. Шұжық және жартылай дайын өнімдердің өндірісінде «ICY STAR» ЖШС, «Алтын қор» ЖШС, «Витамин Д» ЖШС шұжық цехы, «ВиД» ЖШС шұжық цехы, ИП Бурачков А.М. тағы басқалары жаңа желілерді енгізіп өндірісті жаңғыртуда.
4.2. Инвестициялық саясат.

2011 жылы бір инвестициялық жоба жүзеге асырылуы енгізілді.

2011 жылы бір инвестициялық жоба енгізіледі:

"«Ак-Кудук ҚФ" ЖШС «Жылына 3000 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау қоймасының құрылысы» Жоба құны 100,0 млн.теңге. Жоба қуаттылығы жылына 3 000 тонна көкөніс. 10 жаңа жұмыс орны ашылды. 2011 жылы пайдаланылуға берілді. Жобалық қуаттылығына шығу 100%.

2012 жылы екі инвестициялық жоба енгізіледі:

1. «Тэрра» шаруа қожалығы «Көкөністерді орау және сұрыптау бойынша желіні орнату және 2100 тонна сақтау көлемімен көкөніс сақтау қоймасын қайта жаңғырту және құрылысы және оның ішінде 350 тонна суықтандыру құрал-жабдықты сатып алу». Жоба құны 100,0 млн.теңге. Жоба қуаттылығы жылына 2100 тонна көкөніс және картоп. 8 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 2012 жылдың шілде айында қолданысқа берілетін болады. Өнімді өткізу рыногы 100% ішкі.
2. «Садчиковское» ЖШС «400 саумал орталығы бар сүт, сүт өнімдерінің кешені». Жоба құны 540,0 млн. теңге. 20 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 2012 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілетін болады. Өнімді өткізу рыногы 100% ішкі.

Іске асырылатын бір жоба жоспарлануда:

«Север Птица» АҚ «320 мың бас тауықты қамтамасыз ету үшін клеткалы құрал – жабдықты үлгілендіру» Дружба кенті. Жоба құны 280,0 млн.теңге. Құрылыстың басталуы 2012 жылдың сәуірі. 2012 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілетін болады. 20 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Қаржыландыру мәселесі шешілуде.

2013 жылы іске асырылатын ивестициялық жоба жоспарлануда.

«Сейдахметов Е.С.» Ш/Қ Алтынсарин селосында «Төлдейтін 200 мал басының репродуктор – мал шаруашылық кешенінің құрылысы» Жоба құны 416,0 млн.теңге. 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Құрылыстың басталуы 2012 жыл. Қаржыландыру мәселесі шешілуде.

2012 - 2015 жылдары екі инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда

1. «КазАгрос»ЖШС Александров селосында «Шошқаларды семірту бойынша мал шаруашылық кешенінің құрылысы». Шамаланған құны 800,0 млн.теңге. Қарастыру кезеңінде.

2. «Аян-Озат» ЖШС Затобол кетінде «Ет комбинатының құрылысы» Шамаланған құны 150,0 млн.теңге. Қарастыру кезеңінде.
5. 2012-2014 жылға арналған бюджеттік параметрлер болжамы
Бюджеттің берілген параметрлеріне жету мақсатында фискалды құралдарды қолдану бюджеттің басқа міндетті төлемдерін және салық түсімдерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталады.

Болжалған мерзімге бюджеттік саясаттың мақсаты – нәтижеге бағытталған бюджетті тиімді жоспарлау.

Міндеті – негізгі әлеуметтік – экономикалық бағыттар бойынша бюджеттік шығындарды нақты басымдылықты бекіту.

2012 жылға арналған негізгі капиталды сатудан және салықтық, салықтық емес түсімдерден бюджеттің кіріс бөлімі - -1994,2 млн.теңге, 2013 жылы – 2082 млн.теңге, 2014 жылы – 2052 млн.теңге және 2015 жылы – 2193,6 млн.теңге.

2012 жылға арналған аудан бюджетінің шығындары: -4547,3 млн.теңге, 2013 жылы – 3120,9 млн.теңге, 2014 жылы - 3209,1 млн.теңге, 2015 жылы 3433,7 млн. теңгені құрайды.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер: 2012 жылы -270,6 млн.теңге, 2013 жылы – 272,5 млн.теңге, 2014 жылы - 280,5 млн.теңге, және 2015 жылы – 300,1 млн.теңгені құрайды.

Қорғаныс: 2012 жылы – 6,1 млн.теңге, 2013 жылы – 6,5 млн.теңге, 2014 жылы – 8,8 млн.теңге және 2015 жылы– 9,4 млн.теңге.

Білім беру шығындары: 2012 жыл -2156,0 млн.теңге, 2013 жыл – 2207,2 млн.теңге, 2014 жыл – 2268,5 млн.теңге және 2015 жыл – 2427,3 млн.теңге.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету: 2012 жылы – 136,1 млн.теңге, 2013 жылы – 151,7 млн.теңге, 2014 жылы - 155,9 млн.теңге және 2015 жылы – 166,8 млн.теңге.

Тұрғын үй шаруашылық және автокөлік құрылымы: 2012 жылы– 102,7 млн.теңге, 2013 жылы– 106,8 млн.теңге, 2014 жылы - 130,5 млн.теңге және 2015 жылы – 139,6 млн.теңге.

Мәдениет, спорт, туризм және информациялық кеңістік: 2012 жылы –154,2 млн.теңге, 2013 жылы– 154 млн.теңге, 2014 жылы - 167,3 млн.теңге және 2015 жыл – 179 млн.теңге.

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары : 2012 жыл– 21,6 млн.теңге, 2013 жыл– 22,1 млн.теңге, 2014 жылы - 22,5 млн.теңге және 2015 жылы – 24 млн.теңге.

Өнеркәсіп, сәулет және қала құрылысы және құрылыс қызметі: 2012 жылы– 18,3 млн.теңге, 2013 жылы – 18,5 млн.теңге, 2014 жылы - 18,7 млн.теңге және 2015 жылы –20 млн.теңге.

Көлік және коммуникация: 2012 жылы – 53,5 млн.теңге, 2013 жылы – 150,8 млн.теңге, 2014 жылы - 113,9 млн.теңге және 2015 жылы – 121,8 млн.теңге.

Басқалары: 2012 жылы– 28,9 млн.теңге, 2013 жылы – 30,8 млн.теңге, 2014 жылы - 42,2 млн.теңге және 2015 жылы – 45,1 млн.теңге.






Похожие:

2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе iconАҚТӨбе облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы
...
2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе iconҚазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе iconҚазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
...
2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе icon2013 – 2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Бес жылдық кезеңге арналған
Мұнайдың әлемдік бағасы (Brent қоспасы), жылына орташа есеппен бір баррелі үшін АҚШ долл
2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе iconШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе iconШығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Республикасының Бюджет кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница