Ұ. Н. Адырбекова




Скачать 49.57 Kb.
НазваниеҰ. Н. Адырбекова
Дата конвертации09.05.2013
Размер49.57 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010


Ұ.Н.Адырбекова

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
СПОРТШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЖАРЫСТАРҒА

ДАЙЫНДАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
В данной статье рассматриваются проблемы подготовки спортсменов к соревнованиям с психологической точки зрения.

This article deals in problems of sportsmen's training for the competitions from psychological point of view .
Спортшыларды жарыстарға даярлау барысында олардың психикалық хал-ахуалын жетілдіріп, қалыптастыру мақсатында физикалық-техникалық мүмкіншіліктерін ұлғайту қажет.

Адамды белгілі бір іс-әрекеттерге дайындау – бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысу дағдысын қалыптастыру үрдісі деген сөз. Осы дайындықтың ішінде бірқатар компоненттерді атап айтсақ: олар – бұлшықеттік, функционалдық, операциялық, психологиялық, т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағдайларда мақсатқа жету кезеңдерінде құнды бағыт-бағдарлар қажет. Спортшының іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Психологиялық дайындық – бұл спортшының бойындағы жарыс алдындағы және жарыста жақсы нәтиже көрсету үшін, педагогикалық-психологиялық жағынан әсер етудің бір жүйесі [1].

Психикалық дайындық: біріншіден, спортшы бойындағы барлық физикалық-техникалық дайындықтарды барлық мүмкіншілігін пайдалануға, екіншіден, жарыс алдындағы және жарыс кезіндегі қалыптасқан келеңсіз жағдайларға (өз күшіне сенбеу, жеңіліс қауіпінен қорқу, ұйқының бұзылуы, т.б) бой бермеуге көмектеседі.

Жарыста жоғары нәтиже көрсету, бұл спортшылардың физикалық-техникалық мүмкіндігінің жоғары деңгейімен қатар, психологиялық дайындығына да байланысты екені дәлелденген.

Шындығында, спортшыға өзінің физикалық, техникалық және тактикалық жетістіктерін көрсету үшін және бойындағы қосымша мүмкіндіктерге жол ашу үшін спортшыға психологиялық тұрғыдан дайындық керек.

Жарыстың психологиялық ерекшеліктері, заңдылықтары, себептері және жарыс алды қалыптасқан жағдай – спортшының психикасына үлкен жауапкершілік жүктейді. Спортшы бойындағы жылдар бойғы жаттығулар нәтижесінде қалыптасқан күшін, жігерін жарыста немесе жарыстан санаулы уақыт бұрын жоғалтуы мүмкін.

Сондықтан, спортшыны міндетті түрде «психологиялық» тұрғыдан дайындау - жеңістің алғы шарты.

Адамның психикасы және бойындағы ерекше қасиеттері уақыт өте келе білініп, біртіндеп қалыптасады. Спортшыларды психологиялық тұрғыдан дайындаудың тиімді жолы оны жарыстарға, спорттық бәсекелерге ұдайы қатыстыру. Жарыстарға қатысу арқылы, спортшы жоғары көрсеткіштерге жетеді және өз бойындағы спорттық жетістіктерді шыңдап, мақсатына ұмтылуға сенімділік пайда болады.

Психологиялық дайындықты екі топқа бөлуге болады:

1) Жалпы психологиялық дайындық

2) Нақты бір жарысқа психологиялық дайындық.

Психологиялық дайындық процесінің негізгі мақсаты – спортшының психикалық көңіл-күйін жасау болып табылады: 1) ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2)жалпы жарыстарға; 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын жасау. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізіледі. Бұл жалпы психологиялық ахуал кезеңіне ұласады, ал нақты бір жарысқа тікелей дайындық арнайы психологиялық дайындық деп аталады. Осы жалпы және арнайы психологиялық дайындықтар арасында дайындықтың соңғы кезеңіндегі спортшының психикалық жағдайын түзету мақсаты көзделген арнаулы іс-шаралар өткізілуі мүмкін [3].

Жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру бұл дайындықтың түпкі мақсаты болып табылады. Күнделікті іс-шаралардың мақсаты нақты қойылады. Ол спортшы бойында жаттығу немесе жарыстың табысты болуын қамтамасыз ететін жағымды психикалық жай-күй жасау болып табылады. Спорттық мінез – бұл спорттық жарыстарда, жоғары нәтижеге жету үшін дайындық барысында қалыптасатын адамға тән қасиет.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
Адырбекова Ұ.Н. Спортшыларды психологиялық тұрғыда жарыстарға дайындаудың кейбір...

Спортшының психологиялық тұрғыдан дайындығын білдіретін негізгі көрсеткіштері:

  1. Кез келген жағдайда сабырлылық таныта білуі;

  1. Оның өзіне және өз күшіне сенуі;

  2. Бойында жеңіске деген құштарлықтың болуы;

Жас спортшылардың психологиялық дайындығы жарыс барысында шынайы байқалады.

Ресми кездесулер бұл бапкердің өз командасының психологиялық, тактикалық дайындығын пысықтауы, байқауы ретінде көрініс табады. Кезекті кездесулерде спортшылар өздерінің жетістіктерімен бірге, өз кемшіліктерін біледі. Осындай кездесулерде, спортшыларға қажетті психологиялық қасиет қалыптасады және ол одан әрі шыңдала түседі.

Әрбір спортшы өз бойындағы психологиялық кемшіліктерді біліп, онымен күресуі керек. Осы кемшіліктерді жеңе отырып, спортта жетістіктерге жетуге болады. Кей жағдайларда, жарыста жеңіле тұра, психологиялық тұрғыдан жеңіске жетуге болады. Спортшыларларды психологиялық дайындау спортшылардың жалпы дайындығы, жарысқа дайындығы, өзінің жүйкелік-психологиялық жүйесін басқаруды үйренуі болып табылады. Оның дайындығының негізгі белгілері:

1) Спортқа деген қызығушылық.

2) Дайындық тәртібін бұлжытпай орындау.

3) Бапкер және ұжым алдындағы жауапкершілікті сезіну.

4) Жарыста дайындық кезінде белгіленген межеге жету.

5) Еңбек қорлық пен ұқыптылық, ыждаһаттық.

Жүйке–психикасының қалпына келуін басқару арқылы спортшы көңіл-күйін қалпына келтіре алады. Жүйкелік–психиканы әріптестерімен әзілдесу, өз ойын басқа нәрсеге бұру және т.б. әрекеттер жасау арқылы қалпына келтіруге болады.

Бүкіл дайындық барысында, спортшыға педагогикалық–психикалық әсер етудің түрлерін, әдістерін қадағалап, жетілдіріп отыру керек [2].

Сонымен спортшыны псиологиялық тұрғыдан жарысқа дайындау барысында, бойындағы жарысқа деген құштарлығын арттырып, жеңіске жетелейтін жол көрсету керек.

Жарыста бәсекелестер күші тең болған жағдайда психологиялық жағынан дайын спортшы ғана жеңіске жетеді. Себебі, ол өзінің техникалық, тактикалық, теориялық дайындықтарын жоғары дәрежеде, сапалы түрде көрсете алады.

Техникалық дайындық спортшы бойында жылдар бойғы үздіксіз әрі сапалы жаттығулардың нәтижесінде қалыптасып, жарыстарда шыңдалады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Сейдахметов Е.Е. Дене шынықтыру және спорт психологиясы. Кентау, 2007.

  2. Валиев А.В. Баскетбол в школьные и студенческие годы. Туркестан: Тұран, 2005.

  3. Попов А.Л. Психология спорта. Москва: Просвещение, 1998.

Похожие:

Ұ. Н. Адырбекова icon«достык аб»
Республика Казахстан, Южно-Казахстанская область, г. Шымкент, ул. Адырбекова, б/н
Ұ. Н. Адырбекова iconМагистр оқытушы Адырбекова Ұлзина Нұрманқызы
Жас баскетболшылардың техника-тактикалық дайындығының сипаттамасы Қ. А. Ясауи ат ХҚту хабаршы 2008ж
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница