Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау




Скачать 377.65 Kb.
НазваниеИскаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау
страница1/4
Дата конвертации09.05.2013
Размер377.65 Kb.
ТипДиссертация
  1   2   3   4


УДК 621.879.48.004 Қолжазба құқығында


ИСКАКОВ ҚАЙРАТ МҰРАТҰЛЫ

Құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау


05.05.04 – Жол, құрылыс және көтеру-тасымалдау машиналары


Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

AВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде орындалды
Ғылыми жетекшілері: техника ғылымдарының докторы, профессор


Таукелев Ренат Нүрекелұлы

техника ғылымдарының докторы, профессор

Кульгильдинов Мұрат Сапарбекұлы

Ресми оппоненттері: техника ғылымдарының докторы, профессор

Қайнарбеков А.К.
техника ғылымдарының докторы, профессор

Мауленов Ж.К.

Жетекші ұйым: Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы қ.


Диссертация 2010 жылдың «27» желтоқсан күні сағат 1500 М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясындағы (КазАТК) ОД 14.11.01 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Шевченко көшесі 97 (мәжіліс залы).

Диссертациямен М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының (КазАТК) ғылыми кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Шевченко көшесі 97


Автореферат 2010 жылы «26» қарашада таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, техника

ғ

ылымдарының докторы,

профессор Ли С.В.
Кіріспе
Мәселенің өзектілігі. Үздіксіз қимылдағы роторлы экскаваторлар өзінің құндылығына қарай үлкен көлемде жер қазу жұмыстарын орындаған кезде маңызды рольді атқарады.

Аса берікті топырақтарды өңдеу қажеттілігі кезінде қазу күшін жоғарлатуды арттыру, жүргізілетін жұмыстардың өзіндік құнының және энергия шығынының көбеюіне келтіреді.

Өндіріс қажеттілігі оның өсуімен байланысты экскавацияланатын машиналарды қолдану саласын кеңейту, жұмыстың өзіндік құндылығының төмендетілуін қамтамасыз ету және роторлы экскаваторлардың өнімділігін жоғарлату қажеттілігін туғызады. Құрылыс индустрия өнеркәсібінде соңғы 20 жылдың ішінде экскавацияланатын машиналар жаңартылмаған (жаңалар енгізілмеген), қолданымдағы роторлы экскаваторлардың техникалық мүмкіндіктері толық көлемде тозды, бұл өнімділік пен өндірісте көрсетіледі, сондай-ақ олардың жұмысына пайдаланудың әртүрлі шарттарының ықпалын зерттеу бойынша ғылыми зерттеулер өткізілмеген.

Қолданымдағы машиналар гравитациялы, ортадан тепкіш және инерциялы жүк түсірмелі роторларымен жабдықталған. Роторлы экскаваторларды дұрыс пайдалануға кедергі тудыратын бірінші себеп негізгі жұмыс органын - ротор доңғалағын және түгелдей машинаны, экскавациялау сілемін өңдеу әдісін және оның рационалды параметрлерін тиімсіз пайдалану болып есептеледі.

Экскаватордың негізгі жұмыс мөлшеріне сәйкес сілемнің параметрлерін анықтайтын дәлелді әдістер жеткіліксіз.

Роторлы блоктың шөмішін толтыру және қосымша операцияларға бөлінген уақыт шығындарының заңдылығын есептейтін орындалған сараптамалық зерттеулер технологиялық процестің барлық мамандығын толық қамтымайды және қосымшалауға мұқтаждық етеді.

Қазақстан Республикасында қолданымдағы роторлы экскаваторларды қолдану зерттелуде және роторлы экскаватордың жұмыс сипаттамасынан (сілемнің параметрлерінен) технологияның тәуелділігінен бірнеше зерттеудің талдаулары көрсетілген.

Роторлы экскаваторларды құрылыста қазіргі заманға лайықты көліктермен бірге қолдану (жебелік конвейермен) циклдік істегі машиналармен салыстырғанда олардың үлкен әсерін тигізетін тиімділігін көрсетті.

Бірақта, технологияны есептеу және роторлы экскаватордың қажетті жұмыс сипаттамалығын таңдау секілді бірнеше мәселелер жеткілікті әзірленбеген. Мәселен, УкрҒЗИжобасы, ДКИ, МИҚИ және де басқа шетел фирмаларымен ұсынылған экскаватор роторының негізгі параметрлерін және өнімділігін эмпириялық анықтау формулалары ең жақсы модельді экскаваторлардың жұмыс органдары параметрлерінен кейбір ауытқулар береді.

Осы кезеңдер біздің мемлекетімізде үлкен мәселелерді қамтиды, сонымен қатар экскавациялау-көліктік машиналарды рационалды қолдану, оның пайдалану көрсеткіштері мен нақты өнімділігін жоғарлату, сондай-ақ өндіріс жағдайындағы технологиялық ерекшеліктерін тиімді пайдалану мәселелері шешілмеген.

Ротордың аталып шыққан жұмыс органының тиімділігі экскавациялау техникасы мен жұмыс жүргізу технологиясы зерттелмеген, оқылмаған салаға жатады, сондықтан, өнімділікті есептеу әдісін әзірлеу және машинаның негізгі пайдалану параметрлерін таңдауды, сондай-ақ, жұмыс жүргізудің нақтылы шарттарына жұмыс процесінің техникалық ерекшеліктерін есепке ала отыра мәліметтердің теоретикалық талдауын талап етеді.

Сондықтан, олардың өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беретін жұмыс жүргізу технологиясын есепке ала отыра, роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және пайдалану параметрлерін таңдау өзекті болып есептеледі.

Жұмыс С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Металлургия, машина құрылысы және көлік» факультетінің ғылыми зерттеулер жұмысының үйлестіруші жоспарына сәйкес мемлекеттік бюджет тақырып шеңберінде орындалды.

Жұмыстың негізгі идеясы құрылыс индустрия карьерлерінде өңдеу кезінде роторлы экскаваторларды пайдаланудың тиімділігін жоғарлатудан тұрады.

Жұмыстың мақсаты есептеу әдістемесін әзірлеу және құрылыс индустрия карьерлерін өнеркәсіптік өңдеу кезінде роторлы экскаваторлардың параметрлерін таңдау болып саналады.

Зерттеу мәселелері:

- құрылыс индустрия карьерлерін өңдеудегі экскавациялық-көліктік машиналарды қолдану саласында ҒЗЖ-ға шолу жасау;

- өндірістік пайдалану жағдайларындағы роторлы экскаваторлардың параметрлерін есептеу әдісін әзірлеу;

- экскавациялық-көліктік машиналарға өзара әсер етуші орта сияқты өңдеудегі сілем параметрлерін таңдау әдісін әзірлеу;

- өнімсіз шығындарды төмендету есебінен құрылыс индустрияның карьерлерін роторлы экскаваторлармен өңдеудегі тиімді әдісті әзірлеу;

- өңдеудегі сілем өнімділігін есептеу үшін формула сараптамасын жүргізу;

- карьерді өңдеуге ұсынылған әдістің тиімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін эксперимент түрде тексеру;

- мынадай коэффициенттер көмегі арқылы, яғни экскаваторланатын материалдар шығыны, өнімділік және жұмыс уақытын пайдаланумен, тығыз орындарды, қолданылмаған ресурстар мен роторлы экскаваторлардың резервтерін анықтау.

Зерттеудің объектісіне сілем материалының параметрлері және экскавациялау машиналарының жұмыс органы жатады.

Зерттеудің тәсілі. Роторлы экскаваторларды зерттеу көпшілік мақұлдаған іздеу әдістерімен жүргізілген - жұмыс істейтін экскавациялық -көліктік машиналарды (ЭКМ) есептеу әдістері мен қолданыстағы ережелерді пайдалану арқылы жұмыс органының (ротор доңғалағы) негізгі параметрлеріне эксперименттік және сараптық талдау жасау.

Экскавация режимдерінің теоретикалық және эксперименттік зерттеулері құрылыс материалдар комбинаты карьерінің, Семей қаласындағы силикат зауытының, «Богатырь» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС разрездерінде пайдалану жағдайларында жүзеге асырылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы

- ҒЗЖ талдауы негізінде өнімсіз шығындарды жою және жұмыс уақытын тиімсіз пайдаланудан тұратын роторлы экскаваторлардың пайдалану мүмкіншілік резервтері және пайдаланылмаған ресурстары анықталды, қазудың дәстүрлі әдісімен роторлы экскаваторларды пайдалану мүмкіншілігін талдау инерциялы типті экскаваторларды келешекте қолданылатынын көрсетті;

- құрылыс индустрия карьерлерінде экскавациялық-көліктік жұмыстарының өзгеше әдісі ұсынылды, соның негізінде №2010/1368.1 инновациялық патентімен расталған карьерлерді қабат-қабат тігінен-көлденең-тігінен өңдеудегі құрамдастырылған әдісі ұсынылды;

- роторлы экскаваторлардың пайдалану параметрлерін есептеу әдістемесі әзірленді және мақұлданды, есептеу әдістемесі үшін алғашқы рет экскавациялық – көліктік машиналарды пайдаланудың тиімділік коэффициенті ұсынылды;

- өңделетін сілемнің рационалды параметрлерін таңдау әдістемесі ұсынылды және мақұлданды;

- өңделетін сілем материалдарының дәлелденген коэффициентін жедел анықтау үшін номограммалар құрастырылды, сонымен бірге өңделетін сілемнің өнімділігін есептеу әдісі ұсынылды.

Диссертацияда қорғалатын негізгі ғылыми қағидалар:

- Экскавациялық-көліктік машиналарды пайдалану жағдайлары мен әдебиеттер сараптамасы, өңделіп жатқан сілемнің материалдарын инерциялы ротордың тік сызықты және көлденең сызықты қозғалыспен қабат-қабат кезектесіп қазуын құрылыс индустриясы разрездерінің өңделуіне болашақты және орынды екенін көрсетті;

- ұсынып отырған құрама қабатты сілемді өндеу әдісін қолдану сілем материалдарын одан әрі өңдеу үшін қолайлы жағдайлар туғыздыра отыра, экскаватордың жұмыс органын (шөміш) сапалы және толық жүк көптігімен қамтамасыз етті;

- алғашқы ұсынған өнімділігін есептеу кезінде экскавациялық-көліктік машинаның тиімді пайдалану коэффициенті, аталған типті машина жұмысының негізгі тиімді пайдалану көрсеткіші ретінде қолданылады;

- ұсынған әдісті қолданған кезде сілемді өңдеудің тиімділігі келесі ұсынылған сілемнің геометриялық параметрлері арқылы жетіледі: сілем материалының биіктігі, өндірілетін сілемнің ені, экскаватордың кіріс ұзындығы;

- өңделетін сілем материалының коэффициентін толық есепке алу арқылы алғашқы құрастырылған номограммалардан табылатын сілемнің материалын өндіру өнімділігінің дәлденген есептемесі.

Ғылыми қағидалардың, қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелділігі зерттеудің мақұлданған әдісін қолданумен және өндіріс жағдайындағы эксперименттің нәтижелерін растаумен қамтамасыз етіледі.

Алынған нәтижелердің сенімділігі. Эксперименттік зерттеу барысында алынған мәліметтерді өңдеу және экспериментті жүргізудің ғылыми – негізделген әдістемесі және тексерілген зертханалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптары қолданылған. Ғылыми зерттеулердің дұрыстылығы теоретикалық және эксперименттік зерттеулерінен, оның қойылған міндеттерінің биязылығымен, өндірістің технологиялық сипаттарымен салыстырғандағы сараптамалық талдауымен алынған мәліметтермен негізделген.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы

- ұсынып отырған құрама қабатты сілемді өндеу әдісін қолдану, өнімсіз уақыт шығынын жою және пайдаланатын параметрлерді дұрыс таңдау есебінен және де машина жұмысының аяқталуы кезеңінде аралық технологиялық адырында және экскаватор шөміші толық тиелгенде сілемді сапалы және тиімді өндеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- экскавациялау машиналарын (Ктп) тиімді пайдалану коэффициентін есепке алу және алғашқы құрастырылған номограммалар бойынша анықталатын өңдірілудегі сілем коэффициентінің Көс түзетілген мағыналары арқылы өнімділіктің дәлденген есептеме әдістемесі.

-сілемнің геометриялық параметрлерін таңдау әдістемесі: сілем материалының биіктігі, өңдірілетін сілемнің ені, экскаватордың кіріс ұзындығы.

Автордың жеке үлесі. Міндеттерді қойылудан және зерттеу тәсілдерін таңдаудан, есептеу әдістемесін құрудан және роторлы экскаваторлардың рационалды технологиялық параметрлерін таңдаудан, экспериментті және оларға сараптама жүргізуден құралады.

Жұмыс нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Роторлы экскаваторларды тиімді пайдаланудың есептеу әдістемесі және сілемнің өңделетін материалдарын тиімді пайдалану параметрлерін таңдау құрылыс индустрияның келесі карьерлерінде технологиялық процестерді өңдеуде қолдану үшін ұсынымдар арқылы берілді:

  • балшықты қолданумен кірпіш шығару бойынша құрылыс материалдар комбинаты;

  • «Майкубен-Вест» ЖШС-те жол төсемдерін (кеспе тастар) шығаруға материалдарды қолданумен қазба жұмыстарын жүргізуде.

Тәжірибелік зерттеулердің апробациясы. Диссертациялық жұмыстың материалдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессор оқытушы құрамының жыл сайынғы ғылыми-техникалық семинарларында тыңдалып, талқыланған (2001-2009жж.); Халықаралық ғылыми-техникалық конференция «Құрылыс құрылымның теоретикалық және эксперименттік зерттеулері» (Алматы, КазГАСА, 2009ж.); «IV Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Павлодар, ПМУ, 2010ж.); «Индустриядағы, білімдегі және ғылымдағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты халықаралық симпозиум (Қарағанды, КарМТУ, 2010ж.); «VII Машхур-Жусип оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Павлодар, ПМУ, 2010ж.).

Зерттеу нәтижелерін енгізу. Зерттеу нәтижелері Қ.И. Сәтбаев атындағы ЕИТИ, С.Торайғыров атындағы ПМУ «Көлік, көлік техникасы мен технология» мамандықтарының 3-4 курс студенттеріне арналған әдістеме оқыған кезде оқу процесіне енгізілді. Құрылыс индустрия карьерлерінде экскавациялық жұмыстарын жүргізген кезде, оның ішінде Құрылыс материалдар комбинаты, Семей силикат зауыты, сондай-ақ «Богатырь» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС разрездеріне ашу жұмыстарын жүргізген кезде технологиялық процеске енгізілді. Толық көлемде диссертация жұмысы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Көлік, көлік техникасы және технология» және «Көлік құрылысы және өнеркәсіптік оқыту» кафедраларында біріккен семинарда қарастырылып мақұлданды (қазан, 2010ж.).

Жарияланымдар. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша 8 ғылыми мақала, оның ішінде 4-і Білім және ғылым министрлігінің білім мен ғылым саласын қадағалау және аттестациялау комитетінің тізіміне кірген журналдарында, 4-і халықаралық конференцияларда және симпозиумда талқыланған мақалалар жарық көрді және Қазақстан Республикасы инновациялық патентіне өтінім берілді.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Кіріспеде мәселенің өзектілігі, зерттеудің негізгі мақсаттары мен мәселелері көрсетілген, сондай-ақ жұмыстың жалпы сипаттамасы, оның ғылыми жаңалығы, тәжірибелік маңыздылығы, негізгі ғылыми қағидалар мен нәтижелері негізделген.

Диссертациялық жұмыстың бірінші тарауында Қазақстан Республикасы құрылыс индустриясының ашық разрездерінде әртүрлі жұмыс органдарымен бірге экскавацияланатын машиналардың жұмыс технологиясын жетілдіру мәселелері талқыланған. Сондай-ақ, роторлы экскаваторлардың технологиялық жұмыс ерекшеліктері, олардың жұмыс өлшемдері, өндірілетін сілемнің өзара қатынасы қарастырылған, машинаның жұмыс өнімділігі көрсеткішіне ықпалын тигізетін қысаң жолдар белгіленген. Шолу негізінде зерттеудің мақсаттары мен мәселелері сипатталған.

Аталған мәселелерді зерттеу көптеген отандық және шетел ғалымдарымен жүргізілген. Бұл жұмыстар автормен роторлы экскаватордың жұмыс процесін зерттеу үшін қолданылды.

Алексеева Т.В., Васильченко В.А., Грузин В.В., Гурьянов В.А., Джиенкулов С.А., Диметов Х.Н., Додин Л.Г., Кабашев Р.А., Кульгильднов М.С., Каверзин С.В., Куанышев Г.И., Мирзоян Г.С., Мануйлов В.Ю., Нураков С.М., Лейко В.С., Таукелев Р.Н., Янцен И.А. ғалымдар еңбектерінің арқасында пайдалану кезінде әртүрлі тау геологиялық және ауа райының жағдайында жер қазғыш және көлік машиналарын қолдануды арттыру саласында көптеген тәжірибелер жинақталған. Волков Д.П., Владимиров В.М., Беляков Ю.А., Гарбузов З.Е., Кузин Э.Н., Лебедев М.Н., Подэрни Р.Ю. және басқа да ғалымдардың еңбектерінің арқасында роторлы экскаваторлардың теориясын, есептемелерін және құрылымын одан әрі дамыту саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.

Топырақтарды кесу процесінің мәселесі Горячкин В.П., Далин А.Д., Айзенштон Н.Я., Домбровский Н.Г., Ветров Н.А., Зеленин А.Н., Баловнев В.Н., Холодов А.Д. және т.б. ғалымдармен зерттелген.

Толық бұрылмалы роторлы экскаваторларды пайдалану мәселелерімен бірнеше ғылыми–зерттеу ұйымдары және жоғарғы оқу орындары айналысады – ХДУ, ММТИ (МТИ), ММҚУ (МИҚИ), МАЖИ-[МТУ], ЛИҚИ, ДТИ, КазҰТУ (КазПТИ), КазАТК және басқалары. Осы зерттеулерге бірнеше даярлау зауыттары (НКМЗ, ДМЗ, ЖЗТМ) және олардың құрылымдық бюролары да аса маңызды роль атқарады.

А.А. Скочинский атындағы ТІИ және УкрҒЗИжобасымен жүйеленген инерциялы роторлы экскаватордың экскавациялық-көліктік жұмысын өндіру бойынша барлық белгілі технологиялық сұлбалардан аса маңызды қызығушылық туғызатын тәсілдің бірі болып инерциялы ротор үшін өте қолайлы және тиімді әртүрлі қазу әдісімен көрсетілген сілем материалдарын өндіру тәсілі болып есептеледі.

Роторлы экскаваторлардың жұмыс органдары жүктемелігін зерттеу жұмыстары көптеген зерттеушілердің еңбектерінде орындалған: ЦНИИСПа – техникалық ғылымның докторы профессор Ю.Г. Козиннің жетекшілігімен, ММИ - техникалық ғылымның докторы профессор Р.Ю. Подэрнидің жетекшілігімен, ММҚУ (МИҚИ) - техникалық ғылымның докторы профессор Д.П.Волков, техникалық ғылымның докторы профессор А.А.Вайсон, техникалық ғылымның докторы профессор В.А.Черкасовтың жетекшілігімен, КазАТК - техникалық ғылымның докторы профессор Р.А.Кабашев, техникалық ғылымның докторы профессор С.А.Джиенкуловтың жетекшілігімен.
  1   2   3   4

Похожие:

Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау iconКөзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау iconГаз және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
Газ және газоконденсат кен орындарын-газды, газоконденсатты және басқа да қосындыларды тиісті экономикалық көрсеткіштерге сай пайдалану...
Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау iconҰңғымаларды роторлы және турбиналық тәсілмен жүргізу кезіндегі әдістемелік ұсынымдар
...
Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау iconСтуденттерге арналған пән бағдарламасы
Техникалық машиналар және жабдықтар, 050901 Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану, 050420 Сәулет, 050729...
Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау iconЖұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым
Кен және ұнтақты пайдалы қазбаларды өндіру және байыту; Кенді агломерациялау; Тау-кен шикізатын өндіру және байыту; Құрылыс материалдарын...
Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау iconИ. О. судьи Стороны по делу Суть дела, статья
Р индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің орталық Қазақстан геология және...
Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау iconТаблица на гос языке
Р индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің орталық Қазақстан геология және...
Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау iconКейбір шет елдердегі құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік сарапатама жүргізу тәжірибесі туралы
Рады. Ақпарат әдебиеттер мен өзге де ақпараттық материалдарда келтірілген, сондай-ақ тәжірибе алмасу тәртібімен Қазақстан Республикасы...
Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау iconИ. О. судьи Стороны по делу Суть дела, статья
Р индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің орталық Қазақстан геология және...
Искаков қайрат мұратұлы құрылыс индустрия карьерлерінде роторлы экскаваторларды есептеу әдістемесі және өңдеу кезіндегі пайдалану параметрлерін таңдау iconҚара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Бұл Талап қара металлдар сынықтар мен қалдықтарын конструкциялау және оларға құрал-жабдықтарды дайындау кезінде қайта өңдеу және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница