Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы




Скачать 133.25 Kb.
НазваниеАстана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы
Дата конвертации10.05.2013
Размер133.25 Kb.
ТипДокументы
Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ризашылық» «Доброта во благо детям!» қайырымдылық мерекесін өткізу туралы тапсырмасын орындау үшін төмендегіні хабарлайды.

«Ризашылық» «Доброта во благо детям!» мерекесіне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 5 білім мекемесі – Астана қаласының Балалар үйі, «SOS Астана балалар ауылы», Астана қаласының Отбасы үлгісіндегі балалар үйі, №1, №2 Жасөспірімдер үйлері; 1 денсаулық сақтау мекемесі – Астана қаласының Мамандандырылған балалар үйі; 1 халықты әлеуметтік қорғау мекемесі – Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі; сонымен қатар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, Астана қаласының мектептері қатысты.

«Астана қаласының Балалар үйі» ММ-де «Ризашылық», «Доброта во благо детям» мерекесіне 200 бала және 57 ересектер (мемлекеттік органдардан – 10, спонсорлар – 7, Балалар үйінің қызметкерлері – 40) қатысты.

Осы тамаша күні Балалар үйіне келесі қонақтар барды:

  • ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Шер Р.П.;

  • Астана қ. Білім басқармасының бастығы Бимендина Ә.Т.;

  • Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Жұмабекова Р.М.;

  • ҚР ҰҚК Кадрлар бөлімі департаментінің директоры Қ.И.Секербаев;

  • ҚР ҰҚК Офицерлік жиналысының төрағасы ҚР ҰҚК полковнигі С.Г. Дәулетов.

ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағүловтың атынан балаларға қазіргі музыкалық орталық және бейне камера сыйланды.

Ұлттық қауіпсіздің комитетінің тәлімгерлері жас музыканттарға цифрлық пианино сыйлады.

Спонсорлар: Астаналық әуежай президенті, Астана қ. Мәслихатының депутаты Жауханов Қайрат Кеңесбекұлы және жеке Заяц Надежда Степановна слесарлық және ағаш шеберлік үшін жиынтықтар (10 жиынтық), өсімдіктерді күтуге арналған құралдар (2 жиынтық), тігу, кестелеу және тоқуға арналған жиынтықтар (30 жиынтық) сыйлады. Барлығы 835 000 теңге сомасына.

  • d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03149.jpgd:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03100.jpg







d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03079.jpgd:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03092.jpg

Бүкіл мереке бойына залда балалар бақыты, жақсылық пен жақсы көңіл күй бойлады. Балалар үйінің «Асыл арман» би ұжымының кішкентай қуыршақтарымен балалар мен қонақтар «Ризашылық» еліне барды. Осы тамаша елдің тұрғындары балалар мен мереке қонақтарын қызықты музыкалық ойынға шақырды, ал «ДоМиСолька» вокал тобының қыздарымен ересектер мен балалар «Улыбка» әнін айтты. Мерекенің барлық қонақтарына «Асыл арман» би ұжымы «Мерекелік би» биін сыйға тартты.

d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03125.jpgd:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03090.jpg


d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03133.jpg
«Бәйтерек» костюмдерін киген қыздар елдің Бас Анасы Сара Алпысқызының атынан хатты оқып шықты.

Түлектердің атынан ризашылық білдірген жылы сөздерін қазіргі кезде «Өнер» ұлттық университетінің студенті Серікова Милана айтты.

Түрлі кәсіп адамдарының формаларын киген балалар барлық балалар мен қонақтарды «Шеберлер» көшесіне шақырды.
d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03208.jpgd:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03211.jpg
d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03216.jpg d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03223.jpg
Қонақтар мен балалар барлық тапсырмаларды тамаша орындады, нәтижесінде бірлескен шығармашылықтың қолөнерлері туындады.

d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03175.jpgd:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03133.jpg


Балалар қонақтарға әл-ауқаттылық пен өркендеудің символы болып табылатын алмаларды сыйлады.d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03259.jpgd:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03228.jpg

Мерекенің соңында «Кыран тобы» вокал тобының орындауындағы ән айтылды.

Мерекенің екінші жартысында шебер-сыныптар өтті.

d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03272.jpg d:\рабочий стол\ризашылык 2012 фото\dsc03274.jpg

Мерекенің барысында «Твори добро», «Дорогою добра», «От улыбки», «Вместе весело шагать...» әндері айтылды, клоундар мен ертегі кейіпкерлерінің өнер көрсетуі өтті. Ересек топтың балалары Ұлттық қауіпсіздің комитетінің тәлімгерлерімен шапшаңдылық пен ептілігін тексеру үшін спорттық эстафетаға спорт залында жиналды. Достық жеңді!

Отбасыларда балалар қызметкерлер мен бір-біріне көркем ризашылық-открыткаларын, қолөнерлер, суреттер, өлеңдер мен хаттар дайындады.

Холлда «Ризашылық және сенім» поштасы орналастырылды.

Балаларға арналған «Осы әлем қандай тамаша!» концерттік бағдарламасын №3 БММ, №61 орта мектептің музыканттары және Астана қ. М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының жас тәрбиеленушілері көрсетті.

«Ризашылық», «Доброта во благо детям» мерекесі шаммен жарқыраған отбасылық кешкі асппен және «Ризашылық» әнін айтумен аяқталды. Бас Ана – Сара Алпысқызына махаббаты, көңілі, қамқорлығы мен осындай тамаша мереке үшін ризашылық білдіру жылы сөздері айтылды. Еркін жағдайда бақытты балалар тұс-тұстан мереке, тамаша сыйлықтар және жаңа достар туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Балалар бір-біріне махаббат, көңіл және жүректен шыққан мейірімділік үшін ризашылығын білдірді.

«Астана қаласының Отбасы үлгісіндегі балалар үйі» ММ-де спонсорлар: «Нұр Отан» ХДП, ҚР ІІМ әскери училищесі, Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы, «Дара» ҚҚ, Bosh Servis «Шебер қолдар» жиынтықтары (тігу жиынтығы – 10, тоқу жиынтығы – 10, кесте тігу жиынтығы – 10), «Жас бақташы» (бау-бақшалық құрал-саймандар – 1), «Сиқырлы шабадан» (слесарлық құралдар жиынтығы – 3, ағаш шебері құралдарының жиынтығы – 3), тігін машиналары – 2 сыйлады. Барлығы сыйлықтар – 276 000 теңгеге жасалды.

c:\documents and settings\владелец\рабочий стол\ризашылык-2012\p1060396.jpg

Мереке қонақтары: Астана қаласы Білім басқармасының бөлім бастығы Қ.С. Сәркенова, Ақмола гарнизонының әскери прокуроры Е.Е. Жанатаев, Bosh Servis директоры Е.М. Құлдыбаев, ҚР ҚК Тыл бастығы – Т.Қ. Дәулетов, өртке қарсы басқарманың бастығы – полковник Б.Д. Балжанов, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А.С. Бозшаева балаларға өз махаббаты мен шынайы тілектерін сыйлады.

Барлығы мерекеге 50 бала және 20 ересек қатысты (мемлекеттік құрылым өкілдері – 7, спонсорлар – 1, Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің қызметкерлері – 12).

Балалар осы мерекені асығыстықпен күтті және дайындалды: әндер жаттады, сурет салды, ризашылық-открыткаларын дайындады, достарына және Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің қызметкерлеріне өлеңдер жазды.

Балалар қонақтарға саяхат ұйымдастырды, өз жетістіктері, мақсаттары мен армандары туралы айтып берді. Қонақтар тәрбиеленушілердің өміріндегі үлкен өзгерістерге жағымды таңқалыстары мен қуанышын білдірді. Балалар үйі қызметкерлерінің шалдықпас еңбегі үшін ризашылық сөздері айтылды. Қонақтарды үй жайлылығы қоршады.

c:\documents and settings\владелец\рабочий стол\ризашылык-2012\pb290248.jpg

c:\documents and settings\владелец\рабочий стол\ризашылык-2012\pb290255.jpgc:\documents and settings\владелец\рабочий стол\ризашылык-2012\pb290290.jpg

Күн блоктарға бөлінді: «Қайырлы таң!», «Шеберлер көшесі», «Мерекелік түскі ас», «Менің достарым менімен болғанда», «Бірге жүру қызық», «Осы әлем қандай тамаша», «Ризашылық кешкі асы».

Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің директоры С.Қ. Шарыпов барлық балаларды мерекемен құттықтап, осы жылғы Сара Алпысқызының сыйлықтары ерекше, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына Жиырма қадам» Бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында балалардың жасампаз шығармашылығы арқылы еңбек дағдыларының дамуына септігін тигізеді. Ол барлық балалардың атынан балаларға білдіретін аналық қамқорлығы үшін, қолдау көрсеткені үшін және жақсы қарым-қатынасы үшін Сара Алпысқызына алғысын білдірді. Сара Алпысқызына зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік мен барлық істерде амандықты тіледі.

c:\documents and settings\владелец\рабочий стол\ризашылык-2012\pb290408.jpg
Тәрбиеленушілер өлеңдер оқыды, Сара Алпысқызының сүйікті әндерін айтты.

c:\documents and settings\владелец\рабочий стол\ризашылык-2012\pb290367.jpg

c:\documents and settings\владелец\рабочий стол\ризашылык-2012\pb290398.jpg

Отбасыларда «Еңбек дегеніміз не?» тақырыбына шебер-сыныптар өткізілді. Балалар қызығушылықпен «Өз қолғабыңды тап», «Гүлді жина» ойындарын қызығушылықпен ойнады.

j:\dcim\106_pana\p1060430.jpg

j:\dcim\106_pana\p1060440.jpgj:\dcim\106_pana\p1060435.jpg
Мерекелік түскі асқа балаларды Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің директоры мен Жақсылық перісі шығарып салды. Тәрбиеленушілер қонақтарға «Ризашылық гүлін» сыйлады және «Твори Добро» әнін айтты.

j:\dcim\106_pana\p1060493.jpg j:\dcim\106_pana\p1060500.jpg
j:\dcim\106_pana\p1060515.jpg j:\dcim\106_pana\p1060517.jpg

j:\dcim\106_pana\p1060536.jpg


Мерекеге «Наз» би тобы мен №1 «Өнер» музыкалық мектебі қатысты.

j:\dcim\106_pana\p1060539.jpgj:\dcim\106_pana\p1060552.jpg

j:\dcim\106_pana\p1060584.jpg

Мерекелік күннің соңы әсерлерімен алмасу, әндер айту және жақсы тілек сөздері болды. Елдің Бас Анасы – Сара Алпысқызына махаббаты мен көңілі үшін, жүректен шыққан қайырымдылығы және тамаша мереке үшін алғыс сөздер айтылды. Мерекелік күннің қатысушыларымен шын жүректен және махаббатпен «Ризашылық» әні айтылды. Тәрбиеленушілер үшін жағымды жалғасы би кеші болды.
d:\акмарал\мероприятия разные\ризашылык\детский дом семейного типа\ризашылык-2012\pb290447.jpg
«SOS Астана балалар ауылы» МЕБМ-де «Ризашылық», «Доброта во благо детям» мерекесіне барлығы 73 бала және 32 ересек қатысты (Болашақ қоры – 1, Туризм және спорт ассоциациясы – 1, мемлекеттік органдар өкілдері – 5, Балалар ауылының ұжымы – 25).

Балалар ауылының спонсоры жеке тұлға – Нұрова Ж.Н. «Шебер қолдар» жиынтықтарын (тігу жиынтығы – 14, тоқу жиынтығы – 14, кесте тігу жиынтығы – 14), «Жас бақташы» (бау-бақшалық құрал-саймандар – 14), «Сиқырлы шабадан» (слесарлық құралдар жиынтығы – 9) сыйлады. Барлығы 205 900 теңгеге сыйлықтар жасалды.

d:\акмарал\мероприятия разные\ризашылык\сос деревня\img_0548.jpg

Балалар мен ересектер үшін «Ризашылык» сүйікті және жүрекке қымбат мереке болды. Жақсы көңіл-күй, көңілді музыка, балалар күлкісі балалар және ересектермен бүкіл мереке бойына бірге жүрді.

Балалармен қуанышын бөлісуге көптен күткен қонақтар келді: «SOS Қазақстан балалар ауылдары» Корпоративтік қорының Ұлттық директоры Дженалаев Б.И., ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілі Қазтаев Р.Қ., Астана қ. Білім басқармасының Балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Молдағалиева Г.М., Астана қ. Білім басқармасының бас маманы Жанайдаров М.К., Астана қ. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Смағұлова Ә.Б., Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Жағыпарова Т.Т., «Болашақ» қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы ШайжүнісоваД.

Балалар мен ересектерді дәстүр бойынша Ризашылық күнімен Балалар ауылының директоры Мұқатаева Светлана Аркадьевна құттықтады. Ол Сара Алпысқызының бастамасымен төртінші жыл бойына Балалар ауылының үлкен отбасында Ризашылық күні мерекесі өткізілетіндігін айтты.

d:\акмарал\мероприятия разные\ризашылык\сос деревня\img_0610.jpg

Ол сондай-ақ жыл сайын балалардың Сара Алпысқызынан алуан түрлі және өте пайдалы сыйлықтар алатындығын айтты. Осы жылы балалар еңбек дағдылары мен мүмкіндіктерін дамытуға септігін тигізетін сыйлықтарды алды. Балалар ауылының диркторы барлық балалардың атынан балаларға көрсететін аналық қамқорлығы үшін, қолдау және жақсы қарым-қатынасы үшін Сара Алпысқызына алғыс білдіріп, Сара Алпысқызына зор денсаулық, ұзақ өмір және жақсылық тіледі.

«SOS Қазақстан балалар ауылдары» қорының ұлттық директоры Дженалаев Батырхан Ибрагимовұлы балалар мен ересектерді мерекемен құттықтап, біз бір-бірімізге, ата-аналарымызға, мемлекетке барлығы үшін, олардың жасап жатқан ісі үшін ризашылық білдіруді ұмытпауымыз қажет деп айтты. Ерекше ризашылық сөздерін ол Сара Алпысқызына шынайы балаларға жасаған қамқорлығы үшін айтты.

Тамаша сыйлықтар үшін ризашылық білдіру ретінде балалар мен ересектер Сара Алпысқызына арнап Ризашылық әнін айтты.

d:\акмарал\мероприятия разные\ризашылык\сос деревня\img_0570.jpg

Мерекелік күннің екінші жартысы отбасылық үйлерде өтті. Балалар сүйікті әндерін айтты, өлеңдер оқыды, Бас Ана – Сара Алпысқызына қамқорлық, махаббат пен сыйлықтар үшін алғыс білдірді, өз аналарына және барлық қызметкерлерге ризашылық гүлдерін сыйлады.

Концерттік бағдарламада Астана қаласының №1 және №2 музыкалық мектептерінің оқушылары қатысты.

Мерекелік кешкі ас дәстүр бойынша Ризашылық әнімен аяқталды.

«Қарлығаш» және «Болашақ» Жасөспірімдер үйінде «Ризашылық», «Доброта во благо детям» мерекесіне барлығы 26 бала және 14 ересек қатысты (мемлекеттік органдар өкілдері – 2, спонсорлар – 3, ҮЕҰ – 2,
Жасөспірімдер үйлері – 7).

Балаларды мерекемен құттықтау үшін Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, «SOS Қазақстан балалар ауылдары» корпоративтік қоры директорының орынбасары Н.Сүлейменов, жоба үйлестірушісі Родионова К., Beeline ұялы байланысынан және «Kegoc» коспаниясынан спонсорлар келді.

Жасөспірімдер үйлерінің балаларына спонсорлар тігу жиынтықтарын – 2, тоқу жиынтықтарын – 2, кесте тігу жиынтықтарын – 2, слесарлық және столярлық құралдар жиынтықтарын – 4 шт., бау-бақшалық құрал-саймандар – 2 шт. сыйлады. Барлығы 85 000 теңге сомасына.

Сонымен бірге, Beeline компаниясы тәрбиеленушілерге "Beeline" жазуымен футболкалар сыйлады.

Балалар мерекелік бағдарлама дайындады.

c:\documents and settings\admin\рабочий стол\фото ризашылык дю\img_4456.jpg c:\documents and settings\admin\рабочий стол\фото ризашылык дю\img_4487.jpg

«Астана қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ-де мерекеге 23 бала және 20 ересек қатысты (мемлекеттік органдар өкілдері – 2, «Ақ Жол» партиясының – 6, спонсорлар – 2, Орталық қызметкерлері – 10).

Спонсорлар «Астана Өндіріс 2030» ЖШС, «Ақ Жол» партиясы, жеке тұлғалар – Енисеевтер отбасы балаларға «Шебер қолдар» жиынтықтарын (тігу жиынтығы – 5, тоқу жиынтығы – 5, кесте тігу жиынтығы – 3), «Жас бақташы» (бау-бақшалық құрал-саймандар – 2), «Сиқырлы шабадан» (слесарлық құралдар жиынтығы – 2, ағаш шеберлігінің құралдар жиынтығы - 2) сыйлады. Барлығы 85 000 теңге сомасына.

Осы отбасылық мерекелік күні музыка тыңдалды, әндер айтылды, би биленді, бір-бірімен және ересектермен қатынасу, ұжымдық шығармашылық істер мен ойындар ойналды. Балаларға №3 Балалар музыка мектебі, №22 мектеп-гимназиясының бал билерінің ансамблі концерт қойды, №14 мектеп-гимназиясы оқушыларының мерекелік құттықтауы өтті, мерекелік би кеші өтті.
d:\акмарал\мероприятия разные\ризашылык\цан\фото ризашылык\dsc06011.jpg d:\акмарал\мероприятия разные\ризашылык\цан\фото ризашылык\dsc06130.jpg
Астана қаласының Мамандандырылған балалар үйінде «Ризашылық» «Доброта во благо детям!» мерекесі бойынша іс-шаралар 2012 жылғы 26 қарашада басталды. Бұл Балалар үйіне Ресей, Латвия, Тәжікстан, Украина және Эстония елшіліктері өкілдерінің баруымен байланысты. Мереке үстіміздегі жылдың 29 қарашасында жалғасты. Балалар үйінің спонсорлары: ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ҚР Әділт министрлігі, Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша ҚР агенттігі, «Мирас» мектебі. Спонсорлардың қаражатына психологиялық жеңілдеу бөлмесі (1), Монтессори жиынтықтары (2), 200 000 теңгеге киім, аяқ киім, ойыншықтар, 25 000 теңгеге шырша алынды. Барлығы 1.025.000 теңге сомасына қайырымдылық көмек жасалды.
d:\акмарал\мероприятия разные\ризашылык\дом ребенка\sam_1708.jpg d:\акмарал\мероприятия разные\ризашылык\дом ребенка\sam_1712.jpg

Балалар үйінің бүлдіршін тәрбиеленушілері қазақ-түрік лицейінің балаларымен ән айтты, би биледі, өлең оқыды.

Балалар үйінің бас дәрігері Құлышева Гүлнар Ережеқызы Бірінші Ханым Сара Алпысқызына қамқорлығы, көңілі және балалар үшін жасап жатқан барлық жақсылығы үшін алғысын білдірді. Спонсорларға алғысын білдіріп, оларға алғыс хаттарды табыс етті.

Спонсорлардың атынан балалардың алдында қобызшылар дуэті, цирк әртістері өнер көрсетті. Барлық балаларға сыйлықтар берілді.

Әр топта балаларды мерекелік жайылған дастарқан күтті.

«Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» ҚММ-де мерекеге 60 бала және 20 ересек қатысты (мемлекеттік органдардың өкілдері – 1, спонсорлар – 2, тәрбиешілер – 17).

Спонсорлар «Халық Банкі» АҚ, «ОАСАРМАТ» 200 000 теңгеге Монтессори психологиялық жеңілдену кабинетін рәсімдеді.

Осы мерекеге арнайы балалар өз қолдарымен түрлі-түсті қағаздардан гүл жасады.

Сара Алпысқызы Назарбаеваға ризашылық сөздері айтылды.

c:\documents and settings\admin\рабочий стол\dsc01786.jpgc:\documents and settings\admin\рабочий стол\dsc01763.jpg
Алғаш рет, 2012 жылғы 29 қарашада Астана қаласының барлық мектептерінде «Ризашылық» «Доброта во благо детям!» Ризашылық күнін мерекелеуге арналған түрлі іс-шаралар жүргізілді.

Осы мереке аясында білім мекемелерінде салтанатты жиындар; «Жақсы адам болу дегеніміз не», «Ата-аналарға махаббат» сөзін мен қалай түсінемін», «Отбасы дәстүрлері», «Бүкіл әлем мен үшін» тақырыптарына сынып сағаттары; «Біз бақытты балалармыз», «Мен Сізге жүрегімнің бір бөлігін беремін», «Менің көзіммен» жеке суреттер көрмесі; балалар мен ата-аналарының қолымен жасалған жеміс-жидектерден жасалған көрмелер; «Бірге дос болайық!» ата-аларға арналған концерттер мен кездесулер; «Барлығы жақсылықтан басталады» шығармалар байқаулары; мерекелік дастарқандар; «Мейірімділік тамшысы» спорттық жарыстар; достық, өзара құрмет және қайырымдылық туралы қуыршақ қойылымдары; «Балалар бақытты болсын», «Балалық шаққа құқық. Барлығы балалар үшін» психологпен әңгімелесулер өткізілді.

dsc06938dsc07052d:\рабочий стол\ризашылық күні\img_7404.jpg

d:\фото сентябрь-декабрь 2010г\dsc04230.jpgc:\documents and settings\admin\мои документы\выставка подделок 2012г\фото0044.jpg
«Ризашылық» «Доброта во благо детям!» мерекесі концерттік нөмірлермен қос жүрді, ҚР Бірінші Ханымының сүйікті әндері айтылды, Сара Алпысқызына алғыс сөздер айтылды.

Іс-шара барлық қатысушыларға жарқын әсер қалдырды. Мереке көп бақыт, күлкі және жақсы көңіл-күй әкелді, қала мектептерінде дәстүрлі болып қалады.

Похожие:

Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы iconО проведенном благотворительном празднике «Ризашылық», «Доброта во благо детям» в городе Астане
Департамент по защите прав детей города Астаны во исполнение поручения Комитета по охране прав детей Министерства образования и науки...
Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы iconПрограмма проведения благотворительного праздника «Ризашылық», «Доброта во благо детям…»
Место проведения: дома ребенка, детские дома, школы-интернаты для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, sos детские...
Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы iconКонкурс тәсілімен өткізілген жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Театр-сервис “Жаңалық” ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу” жұмыстарды сатып алу қайталама...
Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы iconМәуліт мерекесі аталып өтілді
«Қызыр» атындағы мешіттің ұйымдастыруымен Мұхаммед Пайғамбар с.ғ. с-ның туған күніне орай мәуліт мерекесі өткізілді
Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы icon«Ғылыми конференциялардың жеңімпаз студенттерін құттықтау» туралы баяндауы бойынша
Республикасының Бірінші Президентінің қоры ұйымдастыруымен 2011 жылдың 12-14 мамырында өткізілген «Жастар ғылымда 2011» Халықаралық...
Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы icon«Вернисаж-2012: искусство и доброта»
...
Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы iconҚайырымдылық көмек көрсету туралы шарт
«2-Тарап» деп аталатын коммерциялық
Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы iconАстана қаласындағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2011 жылғы I жартыжылдыққа арналған талдау есебі
Жылғы 1 шілдедегі мемлекеттік басқару органы Мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдары желісі бір бірлікке қысқартылды
Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы қайтадан өткізілген конкурс хаттамасы
Жоқ және іс-әрекетсіз борышкерлерді жою мен банкроттау процедураларын өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ашық конкурс тәсілімен...
Астана қаласындағы өткізілген «Ризашылық», «Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі туралы icon«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 14 мамырдағы шешімімен бекітілді корпоративтік хатшы туралы ереже
«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) корпоративтік хатшысы туралы осы ереже Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница