«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны




Название«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/6
Дата конвертации10.05.2013
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6





Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2009 жылғы «___» ________________

№ ________ қаулысымен бекітілді

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Мазмұны



1.

Миссиясы мен пайымдауы

2.

Ағымдағы ахуалды талдау

3.

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, қызметінің мақсаттары мен міндеттері

4.

Функционалдық мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптер

5.

Нормативтік құқықтық актілер

6.

Бюджеттік бағдарламалар

1. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы – қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, жаңаратын табиғи ресурстарды тұрақты тиімді пайдалану, ормандылықты арттыру және флора мен фаунаның биологиялық әртүрлілігін сақтау, тұрғындардың салауатты, қауіпсіз өмір сүруі және өздерін жайлы сезінулері үшін қоршаған ортаның сапасын жақсарту.

Пайымдауы – қоршаған ортаның қолайлы жағдайы мен қазіргі заманғы ресурс үнемдеуші технологияларды кеңінен қолдану, табиғат қорғау және экологиялық заңнамаларды бұзу саласындағы қылмыс деңгейінің төмендеуі, өңірдегі ормандылық пайызының жоғарылығы, жабайы жануарлардың аңшылық-кәсіптік түрлерінің оңтайлы саны, жаңаратын табиғи ресурстарды тиімді және тұрақты пайдалану, пайдалануға негізделген жоғары үстемеқұнмен өнеркәсіп және колөнер өндірісі салаларын дамыту үшін қолайлы жағдайдың болуы, инвестицияның және осы салаларда қамтылғандар санының өсуі.
2. Ағымдағы ахуалды талдау
Шығыс Қазақстан облысында экономиканың өнеркәсіп секторының кеңінен дамуына әсерін тигізетін табиғи ресурстардың потенциалы жоғары. Осының салдарынан бұның соңында экологиялық проблемалардың тұтас спектрі тұр.

Экономиканың өнеркәсіп секторындағы оң үдерістерге қарамастан өңірдің өнеркәсібі шикізатқа бағдарланған, энергияны көп қажет ететін, төмен технологиялы, техникалық және экологиялық қауіпті күйінде қалуын жалғастыруда. Облыстың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайына әсер ететін ішкі факторларға мыналар жатады:

технологиялық үрдістердің энергияны біршама көп қажет етуі;

қоршаған ортаны ластау үлесінің жоғарылығы;

түсті металлургияның кіші салаларында төртінші (илек) және бесінші (дайын бұйымдар) қайта бөлістерінің жоқтығы;

негізгі қорлардың физикалық және моральдық біршама жоғары тозуы;

өнімдерде, ресурстар мен энергия үнемдеуші технологияларда жоғары технология мен ғылымның үлесі төмен.

Сыртқы факторлар. Отандық тұтынудың шамалы көлемін ескерумен, өңір әлемдік нарыққа мырыш, қорғасын және басқа да бірқатар сирек кездесетін және сирек жер металдарын, сонымен қатар уран отынын негізгі жеткізушілердің қатарында қалуда (еуропалық және Азияның оңтүстік-шығыс өңірі).

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымы мынадай: тау-кен өндіру өнеркәсібінің жалпы көлемдегі үлесі - 16 %, өңдеуші – 72 %, электр энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу бойынша салалар – 12 % құрайды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің табиғи ресурстарға ең көп залал келтіретіні белгілі. Шығыс Қазақстан облысы сумен неғұрлым көп қамтылған облыстардың біріне жатады. Сонымен бірге, тау-кен өндіру кешенінің әсері есебінен су объектілерінің ауыр металдармен ластануының жоғарылығы байқалады (Брекса, Глубочанка, Красноярка өзендері). Жер үсті және жер асты суларының жағдайына әсер ететін негізгі факторлар тарихи ластану болып табылады (тау жыныстарының үйінділері, қалдық қоймалары, өнеркәсіп қалдықтарын жинақтауыштар). Өскемен, Риддер, Семей, Зырян қалаларындағы атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін негізгі факторлар өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары мен жылжымалы көздер шығарындылары санының артуы болып табылады. Облыс аумағы ядролық сынақ полигонының салдарының әсеріне ұшыраған.

Соңғы жылдары тұрақты және жылжымалы көздер шығарындылары көлемінің өсімі байқалады, бұл облыс экономикасы дамуының негізгі салдары болып табылады. Ластаушы көздер саны жыл сайын орта есеппен 14% артуда. Пайда болатын ластаушы заттардың көлемі жылына 1,5 миллион тоннадан асып түсті. 89,5% деңгейінде шаң аулауға және залалсыздандыруға қол жеткізілсе де ластаушы заттардың біршама көлемінің ауаға, суға және жер ресурстарына кері әсер тигізуі жалғасуда. Сарқынды сулардың жалпы көлеміндегі ластанған судың көлемі 34 % құрайды.

Облыс бойынша атмосфераға шығарылатын барлық шығарындының 80% астамы Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларына келеді. Өскемен қаласында рұқсат берілген шектегі концентрациядан арту азот диоксиді, фенол, формальдегид, күкірт диоксиді, шаң бойынша байқалады. Таяудағы жылдарда атмосфераға ластаушы заттар шығарудың негізгі көздері түсті металлургия кәсіпорындары – «Қазмырыш» акционерлік қоғамы, «Қазақмыс» корпорациясы, «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы, жылуэнергетикасы, құрылыс материалдарын өндіру бойынша кәсіпорындар – «Семейцемент» акционерлік қоғамы, Бұқтырма цемент компаниясы болып қалмақ.

Облыстағы су шаруашылығының жағдайында тұрақтану беталысы байқалады. 2008 жылы су объектілерінің тарихи ластану мен «Қазақмыс» корпорациясының, тау-кен өндіру және байыту кәсіпорындарының өндірістік қызметінің әсерінен Красноярка, Глубочанка өзендерін есепке алмағанда, ластану индексі төмендеді.

Кәсіпорындарда жыл сайын 1,4 млн. тонна уытты қалдық пайда болады. Тарихи қалдықтарды есепке алғанда, облыстың аумағында осындай қалдықтардың 1,4 млрд. тоннасы жиналды. Олардың неғұрлым көп саны Шемонаиха, Зырян, Глубокое аудандарында, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында жиналған.

Осыған байланысты мынадай проблемалық мәселелер туындайды:

1) автомобиль көлігінен атмосфера ауасының ластануы жоғарылады;

2) шекарааралық Ертіс өзенінің ластануы;

3) Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан болған экологиялық проблемалар;

4) облыстың елді мекендеріндегі тазарту ғимараттары мен канализация желілерінің тозуы;

5) облыстың елді мекендерінде тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған полигондардың жоқтығы.

Көрсетілген проблемаларды шешу мақсатында стратегиялық бағыт ретінде өңірдің қоршаған ортасына техногендік жүктемелердің деңгейі мен тұрғындардың денсаулығына экологиялық қауіптерді төмендету анықталды.

Осы бағытта Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) сапалы экологиялық сараптама жүргізетін болады, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерін белгілейді. Қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерін белгілеу «таза» технологияларды енгізу үшін жағдай жасайтын болады.

Облыстың су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілетін болады. Бұл – облыстың қалалары мен аудандарында тазарту ғимараттарын жобалау, құрылысын жүргізу және қайта жаңарту, түгендеу және тарихи ластануды жою бойынша шаралар әзірлеу, су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау. Белгіленген су қорғау аймақтары мен белдеулерінің болуы олардың аумақтарында су объектілерінің жағдайына кері әсерін тигізетін шаруашылық етуші объектілерді орналастыруға мүмкіндік бермейді.

Жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен «2007-2009 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару», Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 06 қазандағы № 19/299-ІІІ шешімімен бекітілген және атмосфералық ауаны қорғау, су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану, жер ресурстарын қорғау және тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату, радиациялық қауіпсіздік, биоресурстарды қорғау және өсімін молайту, экологиялық білімді насихаттау бойынша іс-шаралар енгізілген «Шығыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау», Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 4/47-ІV шешімімен бекітілген өңірлік бағдарламалары әзірленіп, іске асырылуда.

Облыстың табиғат пайдаланушы – кәсіпорындары өздерінің меншік қаражаттарының есебінен қоршаған ортаға тигізілетін келеңсіз әсерді төмендету бойынша табиғат қорғау іс-шараларын әзірлеуде және оларды жоспарлы түрде іске асыруда. Аталған жоспарға тазарту сүзгілерін қайта жаңарту, электрлі сүзгілердің құрылысы, тазарту жүйесін жетілдіру, жең сүзгілерімен тозған батарея циклондарын ауыстыру, қазандықтар мен күл аулағыш қондырғыларды қайта жаңарту енгізілген. Өнеркәсіптің топыраққа тигізетін әсерін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде: бұрыннан жатқан шлактарды пайдаға жарату, жуылған құмды қайта өңдеу, кеніштердің тау жыныстарын пайдаға жарату, қалдық қоймаларын қайта жаңарту, қоқыр жинақтауыштарды қайта қалпына келтіру, бұзылған жерлер мен күл үйінділерін қайта қалпына келтіру.

Тазартылмаған сарқынды сулардың су объектілеріне қосылуын қысқарту мақсатында Зырян және Риддер тау-кен байыту кешендерінде айналма су жүйелерін енгізу бойынша іс-шаралар орындалуда. Өскемен және Семей қалаларында тазарту ғимараттарын қайта жаңарту және дамыту жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысында республикадағы пайдаланылатын орманның негізгі бөлігі шоғырланған (Қазақстанның пайдалы сүрек қорының 70%). Облыстың ормандылығы 6,2% құрайды. Орман, ағаш өңдеу және орман-химия өнеркәсібін дамыту, ағаш өңдеу өнімінің негізінде құрылыс материалдарын өндіру үшін айтарлықтай әлеуеті бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәтінен бастап орман саласы қалыптасу сатысында. Осы сатыға тән проблемалар: төменгі сұрыпты жұмсақ жапырақты түрлер сүрегіне сұранымның жоқтығымен және қылқан жапырақты шаруашылық бойынша басты мақсаттағы шабуға мораторий жариялануымен сипатталатын орман шаруашылығы өнімі нарығының қалыптаспағандығы; Шығыс Қазақстан ормандарындағы өрт қауіптілігінің жоғарылығы; техникалық жарақтанудың төмендігі және орман күзеті кадрлерінің дайындық деңгейінің төмендігі.

Басты пайдалану бойынша жыл сайынғы есеп кеспе ағашының 695,8 мың м3 кезінде, шабудың барлық түрі бойынша рұқсат берілген көлем 330,7 мың м3 құрайды. Олардың нақты игерілгені 197,8 мың м3 немесе 59,8% ғана. Орманның біршама бөлігін ұзақ мерзімді пайдалануға беру де ормандарды тиімді пайдалану проблемасын шешпейді. Орман пайдаланушыларға ағаш дайындау үшін 106,0 мың м3 бөлінгенімен, іс жүзінде олардың дайындағаны рұқсат берілген көлемнің 30,8 мың м3, немесе 29,1% ғана. Жанама орман пайдалану көлемі тым төмен күйінде қалуда.

Қазіргі кезде орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің барлығында жер пайдалану актілері жоқ, бұл мемлекеттік орман күзетінің жұмысын қиындатады, жеке секторға орман ресурстарын ұзақ мерзімге орман пайдалануға беру процесін тежейді.

Шығыс Қазақстан облысының ормандары ағаш түрлерінің құрамы мен өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты өрт қауіптілігінің жоғарылығымен сипатталады, бұл өртке қарсы алдын алу іс-шаралары мен өрт ошақтарын жою бойынша іс-шараларға үлкен көңіл қоюды талап етеді. Мұндай жағдайларда орман дақылдарын, сондай-ақ орманның табиғи жаңаруына ықпал ету жұмыстарын жүргізу арқылы ормандарды қалпына келтіру бойынша жұмыстардың маңыздылығы ерекше бола бастайды.

Шығыс Қазақстан облысы өте бай биологиялық саналуандылығымен сипатталады, бұл - облыста экологиялық туризмді, рекреацияны, спорттық-әуесқойлық аң аулау және кәсіптік аң аулау, мамық жүн – тері өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар КССРО-ның ыдырауы кезеңінде және Қазақстан егемендігінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жануарлардың негізгі аңшылық – кәсіптік түрлері санының төмендігі, табиғат қорғау және экологиялық заңнаманы бұзу бөлігіндегі қылмыстың жоғары деңгейі, бұзушылықтарға қарсы күрес мәселесінде орман күзеті персоналының дайындық деңгейінің нашарлығы, білікті мамандардың жоқтығымен кәсіптік-аң аулау саласы мен спорттық-әуесқойлық бағыттағы аңшылық шаруашылығының тұралауы және қоғамдық аңшылық бірлестіктері мен жеке аң шаруашылықтарының қаржы проблемалары, мамық жүн – тері өніміне әлемдік бағаның тым төмендігінен мамық жүн – тері өнеркәсібінің іс жүзінде жойылып кетуі, оны өндіруге кететін шығынның жоғарылығы.

Жоғарыда аталған проблемаларды жеңу үшін өткен жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорында өсімдік және жануарлар әлемін қорғаудың тұтас жүйесін қалыптастыру кезеңі аяқталды, штат санын оңтайландыру, персоналдың біліктілігін арттыру мен мемлекеттік орман күзетін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі шешілді; табиғат қорғау және экологиялық заңнаманы бұзуды анықтау және жолын кесу жүйесі пысықталды, орман күзеті жүйесінің ішкі істер органдарымен, прокуратурамен, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық уәкілетті органдарымен өзара әрекеттестіктің айқын механизмі жұмыс істейді; басқармаға ведомстволық қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтау мен оның жолын кесу мақсатында жоспарлы тексерулер мен рейдтік іс-шараларды ведомстволық қарасты мемлекеттік орман қорының аумағында да, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда да жүргізеді (табиғат қорғау прокуратурасы мен аумақтық уәкілетті органдардың жазбаша өкімдері бойынша).

Басқарма жүргізіп отырған іс-шаралардың нәтижесінде мемлекеттік орман қорындағы жабайы жануарлардың негізгі аңшылық – кәсіптік түрлерінің өсіп-өнуін тұрақтандыруға және олардың сандарының тұрақты өсуіне қол жеткізілді. Мәселен, қайта құру кезеңінен кейін өсімі тоқтаған жабайы тұяқты жануарлардың саны 2004 жылдан бастап 2008 жыл бойынша 2,5 есе көбейді (бұлан - 1180 бастан 1932 дейін; кермарал – 1520 бастап 3587 дейін; сібір елігі – 6850 бастап 16602 басқа дейін). Құнды аңшылық – кәсіптік түрлер – қырғауыл, өзен құндызы, ондатр, америка күзенін, қабанды жерсіндіру және қайта көндіктіру бойынша жұмыстар сәтті өткізілді. Олардың санының мониторингісі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлық түрлер 2009 жылдың лимитіне енгізілді. Мамық жүнді жануарлардың негізгі түрлері, жабайы кәсіптік құс, суыр, аю, өңірдің жабайы фаунасының өзге де түрлері сақталды және олардың өсіп-өну үрдісі байқалады. Қасқырдың, аңшылық алқаптарындағы тағыланып кеткен иттердің, орман және суда жүзетін құстардың ұя салатын орындарындағы сұр қарғаның басымдылығын төмендету бойынша биотехникалық іс-шаралар тиімді жүргізілуде.

Басқарма мен оған ведомстволық қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері анықтаған құқық бұзушылықтың жалпы саны рейдтік, профилактикалық және насихат жұмыстарын нақты жоспарлау нәтижесінде 2005-2008 аралығында 2 есеге азайды (3170 бастап 1451 дейін) рейдтік іс-шаралардың саны мен жиілігін арттыру кезінде және бұзушылықтарды ашу артты (иесіз (ашылмаған) істердің саны аталған кезеңде 305-тен 65 дейін азайды).
3. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары,

қызметтің мақсаттары мен міндеттері


Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен мақсатты индикаторлар

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
...
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға стратегиялық жоспары 1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconАтырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
...
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыттары,...
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница