Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы




Скачать 136.52 Kb.
НазваниеСырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы
Дата конвертации25.11.2012
Размер136.52 Kb.
ТипДокументы
Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы

№ №187 қаулысы,

облыстық әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қызылорда облысының Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі. Нормативтік құқықтық акт 2011 жылғы 7 маусымдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-8-149 болып енгізілді.

Жекелеген санаттағы азаматтарға

әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін

төлеудің мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңының 20- бабына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеу төмендегідей мөлшерде белгіленсін:

1) Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтарға, «Халық қаһарманы», «Даңқ», «Отан» ордендерімен наградталған азаматтарға көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік төлем мөлшері жиырма төрт;

2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік төлем мөлшері қырық;

3) Ауғаныстанда және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, сондай-ақ жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің, ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына; 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар ішінен оқшаулау және көшіру жүргізілген аймақтан Қазақстан Республикасына көшірілген (өз еркімен көшкен), көшірілген күні анасының құрсағында болған балаларды қоса алғанда адамдарға бір жолғы әлеуметтік төлем мөлшері отыз;

2

4) «Кеңес Одағының батыры», «Халық қаһарманы», «Социалистік Еңбек ері», «Даңқ» орденінің үш бірдей дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған азаматтарға және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жерлеуге көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік көмектің мөлшері қырық;

5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығындағы кемінде 6 (алты) ай жұмыс істеген (әскери қызметін өткерген) адамдарға көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері он жеті айлық есептік көрсеткіш.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі С.Тауипбаев

Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 маусымдағы

145 қаулысы,

облыстық әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қызылорда облысының Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі. Нормативтік құқықтық акт 2011 жылғы 13 мамырдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-8-147 болып енгізілді.
Сотталған азаматтар үшін

пайдалы қоғамдық

жұмыстардың түрлерін

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 42 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару Кодексінің 30 бабы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сотталған азаматтар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі С.Тауипбаев


«КЕЛІСІЛДІ»

Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-

атқару жүйесі Департаментінің Сырдария

аудандық қылмыстық-атқару нспекциясының

аға маман аға инспекторы әділет капитаны

Н.Дүйсенбаев______________

« » сәуір 2011 жыл

2

2011 жылғы 22 сәуірдегі

№145 аудан әкімдігінің

қаулысына қосымша
Сотталған азаматтар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері


Мекеменің атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Шаған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Н.Ильясов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Жетікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Қалжан ахун ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары

«Құндызды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары



Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 мамырдағы

№ №189 қаулысы,

облыстық әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қызылорда облысының Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі. Нормативтік құқықтық акт 2012 жылғы 11 мамырдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-8-177 болып енгізілді.
Сырдария аудан әкімдігінің

2012 жылғы 2 сәуірдегі № 120

«2012 жылдың сәуір-маусымында

және қазан-желтоқсанында

азаматтарды мерзімді әскери

қызметке шақыруды өткізу туралы»

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңының 31 және 37 бабына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында

азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі №120 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 10-8-172, 6.04.2010 жыл, «Тіршілік тынысы» газетінің №29 санында 11.04.2011жылы жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«Сырдария ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-

2

желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.»

2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Ғ.Әбілтай

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы

Ішкі істер департаментінің Сырдария аудандық

ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

бастығы Бұрханов Талғат Темірұлы

_______________________________

«_____»_________________2012 ж
«Келісілді»

Қызылорда облысының денсаулық сақтау

басқармасының «Сырдария аудандық

емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының

бас дәрігері Ерімбет Сексенбай Бұқарбайұлы

___________________________________

«_____»_________________2012 ж

«Келісілді»

«Қызылорда облысы Сырдария

ауданының Қорғаныс істері жөніндегі

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

Утжанов Чингис Кубеевич

______________________________

«_____»_________________2012
Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі

№ №120 қаулысы,

облыстық әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қызылорда облысының Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі. Нормативтік құқықтық акт 2012 жылғы 6 сәуірдегі нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-8-172 болып енгізілді.

2012 жылдың сәуір-маусымында

және қазан-желтоқсанында

азаматтарды мерзімді әскери

қызметке шақыруды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы №274 Жарлығына сәйкес, Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

  2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес құрылсын.

  3. Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Сырдария аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (С.Ерімбет, келісім бойынша):

2


  1. Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу үшін білікті дәрігер-мамандар бөлуге ықпал ету;

  2. Медициналық комиссияны қажетті дәрі-дәрмектермен, керек жарақтармен және медициналық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Т.Бұрханов, келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.

7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Ғ.Әбілтай
«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы

Ішкі істер департаментінің Сырдария аудандық

ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

бастығы Бұрханов Талғат Темірұлы

_______________________________

«_____»_________________2012 ж
«Келісілді»

Қызылорда облысының денсаулық сақтау

басқармасының «Сырдария аудандық

емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының

бас дәрігері Ерімбет Сексенбай Бұқарбайұлы

___________________________________

«_____»_________________2012 ж

«Келісілді»

«Қызылорда облысы Сырдария

ауданының Қорғаныс істері жөніндегі

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

Утжанов Чингис Кубеевич

______________________________

«_____»_________________2012 ж
3

2012 жылғы « 2» сәуірдегі № 120

Сырдария ауданы әкімдігінің

қаулысына №1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы - Сырдария ауданы әкімінің

орынбасары;

Комиссия төрағасының - «Қызылорда облысы, Сырдария

орынбасары ауданының Қорғаныс істері

жөніндегі бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің бастығы

(келісім бойынша);

Комиссия мүшелері:
Комиссия мүшесі - «Қазақстан Республикасы Ішкі

істер министрлігі Қызылорда

облысы Ішкі істер

департаментінің Сырдария

аудандық ішкі істер бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

бастығының орынбасары

(келісім бойынша);

Комиссия мүшесі, - Қызылорда облысы денсаулық медициналық сақтау басқармасының

комиссиясының төрайымы «Сырдария аудандық емханасы»

шаруашылық жүргізу

құқығындағы мемлекеттік

коммуналдық кәсіпорны

бас дәрігерінің емдеу ісі

бойынша орынбасары,

(келісім бойынша);

Комиссия хатшысы - Қызылорда облысының

денсаулық сақтау

басқармасының «Сырдария

аудандық емханасы»

шаруашылық жүргізу

құқығындағы мемлекеттік

коммуналдық кәсіпорнының

мейірбикесі,

(келісім бойынша).

Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы №107 қаулысы, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қызылорда облысының Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі. Нормативтік құқықтық акт 2012 жылғы 3 сәуір Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10-8-170 болып енгізілді.

Мүгедектер үшін

жұмыс орындарына

квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.

3. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Ғ.Әбілтай

Похожие:

Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы iconСырдария ауданы әкімдігінің 2010 жылғы
«Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы iconСырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы
Республикасы Әділет Министрлігі Қызылорда облысының Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі. Нормативтік...
Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы iconЖуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы
«Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы iconЖуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы
«Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы iconЖуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы
...
Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы icon2011 жылы Ақтоғай ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Ақтоғай аудан әкімдігінің қаулысы, Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 ақпанда №12-4-96 тіркелген
Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы iconЖуалы ауданы әкімдігінің «12»қаңтардағы 2011 жылдың
«Жуалы ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы iconЖуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы
Жуалы ауданы Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің аппаратының миссиясы және пайымдау
Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы iconСолтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 тоқсанда қабылданған қаулылар тізімдемесі
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің “Қамқор-Аққайың” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін таза кіріс бөлігінің...
Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы icon2010 жылғы 31 желтоқсаның №281 Ақтоғай аудан әкімдігінің қаулысы, Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 ақпанда №12-4-95 тіркелген
Ақтоғай аудан әкімдігінің қаулысы, Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 ақпанда №12-4-95 тіркелген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница