Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша




НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша
страница1/18
Дата конвертации11.05.2013
Размер2.43 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




№ исх: 4-06-2/1601-ПП от: 02.07.2011

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ





п/п

Мемлекеттік органды атауы

Қызметі

Аты жөні

Қолы

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Министрдің міндетін атқарушы,

С. Ырсалиев




2

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі







3

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі







4

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі







5

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруышылығы министрлігі







6

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі







7

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі







8

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі































«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізілсін.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22, 130-құжат; 2011 жылғы 31 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 наурыздағы Заңы):

1) 1-бапта:

1) тармақшада «жастар» және «жасқа дейінгі» деген сөздер «жасты қоса алғандағы» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«6-1) жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет – жас азаматтардың кіріс алуға бағытталған, өздерінің атынан, олардың тәуекелі үшін және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын және мемлекеттік қолдауды пайдаланатын бастамашылық қызметі;»;

2) 3-бапта:

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жастардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету;»

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жастардың рухани, мәдени, білім беру, кәсіби қалыптасуына және жеке басының дамуына жәрдемдесу, оның толық шығармашылық әлеуетін ашу;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты:

1) жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдықтары, олардың абсолютті және ажыратылмайтын сипатын, сондай-ақ ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін тану;

2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының сақталуын және көбеюін қамтамасыз ету;

3) жастардың тән саулығын сақтау және нығайту;

4) жастардың адамгершілік және рухани дамуы;

5) жас азаматтардың бойында қазақстандық патриотизмді, өзінің міндеттерін адал орындауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына құрметті қалыптастыру;

6) жас ұрпақтың бойында азаматтықты, қоғамдағы істердің жай-күйіне жауапкершілік және өзінің қатыстылығы сезімін қалыптастыру;

7) жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі, олардың шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларының, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қарым-қатынасы, сенімдері, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге де жағдайлардың себеп-салдары бойынша кемсітушілікке жол бермеушілік;

8) жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділік;

9) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға жастардың тiкелей қатысуы қағидаттарына негiзделедi.»;

3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі құзыреті

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) мемлекеттік жастар саясатын әзiрлейдi;

2) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымның қамтамасыз етілу нормативтерін бекітеді;

3) «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығын берудің тәртібін айқындайды;

4) мемлекеттік жастар саясатының дамуына талдау және болжау жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Уәкiлеттi орган:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының орталық және жергіліктi атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметiн үйлестiреді;

3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi қызметтi ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органының қызметiн ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi жүзeге асырады;

6) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымның қамтамасыз етілу нормативтерін әзірлейді;

7) мемлекеттік жастар саясатының дамуына талдау және болжау жүргізу тәртібін айқындайды;

8) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндама әзiрлейді және Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады;

9) жастардың еңбек, құрылыс, педагогикалық, әлеуметтік жасақтарын құруды және олардың қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Өзге орталық атқарушы органдар өз құзыретi шегінде:

1) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруды қамтамасыз етеді;

2) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды әзiрлейді және iске асырады;

3) мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi әзiрлейдi;

4) жастарды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу жөнінде шаралар қабылдайды;

5) мемлекеттік жастар саясатының дамуына талдау және болжау жүргізеді;

6) балалар үйлерiнің мүгедек және тәрбиеленушi жастарының әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етеді;

7) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тiлдi дамыту үшін жағдайлар қамтамасыз етеді;

8) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтiк көмек көрсетудi қамтамасыз етеді;

9) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдайларды айқындайды;

10) талантты жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

11) жастар саясаты саласында жастар ұйымдарымен ынтымақтасады;

12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Жергілiкті өкілді органдар өз құзыреті шегінде:

1) жастар және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының мемлекеттiк жастар саясатын iске асырудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;

2) өңірлерде мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнаманың сақталуына және жастардың құқықтарын іске асыру және қорғау бойынша жергілікті атқарушы органдардың шаралар қабылдауына бақылауды жүзеге асырады;

3) жастар және жастар ұйымдары өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, жастар саясаты мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамдарын бекітеді.

5. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде:

1) өңiрлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) жастар өкілдерінің және жастар ұйымдарының қатысуымен аумақты дамыту бағдарламасында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бөлімді әзірлейді, іске асырады және қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

3) өңiрлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнiндегі консультациялық-кеңесшi органдарды құрады және олардың қызметiн қамтамасыз етедi;

4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымның қамтамасыз етілу стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

5) жастардың тұрғын үй проблемаларын шешуге жәрдемдеседі;

4) 6-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«6-бап. Жастарды әлеуметтік қамтамасыз ету»;

4) тармақшада «жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша» деген сөздер «жергілікті бюджет есебінен тасымалдаушы белгілеген жол жүру құнының елу пайызын төлей отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақшада «әлеуметтiк» деген сөз алып тасталсын;

5) 8-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасында «бірлестіктерін» деген сөзден кейін «құрылыс, педагогикалық, әлеуметтік отрядтарын» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 9-бапта:

3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

4-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыру;»;

7) 10-бапта:

1-тармақта:

бірінші абзацта «және өңірлік бағдарламаларды» деген сөздер «бағдарламаларды және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі аумақтарды дамыту бағдарламаларының бөлімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта:

«және өңiрлік бағдарламаларды» деген сөздер «бағдарламаларды және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі аумақтарды дамыту бағдарламаларының бөлімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

«әлеуметтік-экономикалық даму болжамына» деген сөздер «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Қазақстан Республикасының жас азаматтарына жемісті ғылыми, шығармашылық, спорттық және қоғамдық қызметі үшін «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығы беріледі. Сыйлық талантты жастардың сіңірген ерекше еңбегін ынталандыру және таныту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен беріледі.»;

9) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

«11-1-бап. Ауыл (село) жастарын мемлекеттік қолдау

Ауыл (село) жастарын мемлекеттік қолдау және дамыту мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мына бағыттарда жұмыс жүргізеді:

1) әлеуметтік сала мен аграрлық бейін мамандарын ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін тартуды және бекітуді ынталандыру;

2) республикада ұлттық жазғы және қысқы ауыл спартакиадаларын ұйымдастыру және өткізу;

3) әрбір аудан орталығында жастарға арналған жеңілдік тарифтері бар мәдени-бос уақытын өткізу және спорттық-сауықтыру инфрақұрылымын құру және дамыту;

4) өз құзіреті шегінде ауыл (село) жастары бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлуді қамтамасыз етеді;

5) ауыл жастарын мемлекет қатысатын жеңілдікті тұрғын үймен несиелендіруді жүзеге асыру.»;

10) 14-бапта:

тақырыбында «және iске асыруға» деген сөздер «, іске асыруға және тиімділігін бағалауға» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта «және жүргiзуге» деген сөздер «, іске асыруға және тиімділігін бағалауға» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

екінші абзацта:

бірінші сөйлемде:

«саласындағы» деген сөз алып тасталсын, «және өңiрлiк бағдарламалардың» деген сөздер «бағдарламалардың және аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі бөлімдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлемде «құрылуы мүмкін» деген сөздер «құрылады» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен құрылады. Жергілікті өкілді органдар жастар өкілдерінің және жастар ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органдардың құрамдарын екі жылға дейінгі мерзімге бекітеді. Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органдардың әрбір құрамында кем дегенде елу пайыз жастардың және жастар ұйымдарының өкілдері болуы тиіс. Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органдар қызметінің тәртібін жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен типтік қағиданың негізінде тиісті жергілікті атқарушы орган белгілейді.»;

4-тармақтың екінші абзацында «Үкiметінің» деген сөз «Президентінің» деген сөзбен ауыстырылсын;

11) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

«15-1-бап. Жастарға және жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталықтар.

Жастарға және жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталық жастар

мен жастар ұйымдары үшін қызметтер көрсету және ресурстар ұсыну мақсатында жергілікті атқарушы орган құрған көпбейінді сервистік коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Ресурстық орталықтардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.

Ресурстық орталықтардың қызметін ұйымдастыру, ұсынылатын ресурстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі жастар саясаты саласындағы уәкілетті органы бекіткен стандартпен регламенттеледі.»;

12) 16-бапта:

1-тармақтың үшінші абзацында «құралдары» деген сөзден кейін «және интернет-ресурстар» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта:

бірінші сөйлемде «сәйкес» деген сөзден кейін «жастар ұйымдарының қатысуымен» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші сөйлемде «саласындағы» деген сөз алынып тасталсын, «және өңiрлiк бағдарламаларды» деген сөздер «бағдарламаларын және аумақты дамыту бағдарламаларының іске асыру жөніндегі бөлімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24 (2577), 149-құжат; 2011 ж., № 1 (2578), 2-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңы, 2011 жылғы 12 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы):

1) 6-бапта:

1- тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

2- тармақтың 21) тармақшасы алып тасталсын;

3- тармақтың 23) тармақшасы алып тасталсын;

4- тармақтың 17) тармақшасы алып тасталсын;

2) 47-баптың 4-тармағының 1) тармақшасында «жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша» деген сөздер «жергілікті бюджет есебінен тасымалдаушы белгілеген жол жүру құнының елу пайызын төлей отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын».
2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қантардаң бастап қолданысқа енгізіледі.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша iconҚазақстан республикасының заңЫ
...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – заң жобасы)

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобынын құрамы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша icon№1 2011 жылғы 15 ақпан Жетекші – вице-министр, жұмысшы тобының жетекшісі Сарыбеков Махметқали Нұрғалиұлы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша iconҚазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша iconҚазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница