Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат




Скачать 146.31 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат
Дата конвертации05.11.2012
Размер146.31 Kb.
ТипДокументы


Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының

2010 жылғы қызметі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауға бағытталды.

Мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сай жұмыстар негізгі 3 бағыт бойынша жүргізілді.

Олар:

мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін нығайту және қолданылу аясын кеңейту;

орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;

облыста тұратын этникалық топтардың тілдерін дамытуға жәрдемдесу және әлемдік экономикаға кірігу тілі ағылшын тілін үйренуге бетбұрыс жасау.
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 1246 қаулысының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2009 жылғы 16 қаңтардағы № 293 қаулысымен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың

2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы кезекті XXІV сессиясында «Облыстың мекемелері мен ұйымдарында мемлекеттік тілді дамыту және енгізудің жағдайы мен шаралары туралы» мәселе қаралып, осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту мақсатында тиісті шешім қабылданды.

2010 жылдың 17 мамырында облыс әкімдігінің отырысында «Өскемен қаласы әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелерінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығын орындаудағы жұмысы туралы» мәселе қаралды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы

№ 67 қаулысымен құрылған Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі өз жұмысын жалғастырып,

2010 жылы оның 3 отырысы өткізілді, мемлекеттік тіл саясатына қатысты 13 мәселе қаралды.

Мемлекеттік басқару органдарындағы тілдік даму
Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде қолданылу аясын одан әрі кеңейту басқарманың басты назарында болды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуын тексерудің облыстық прокуратурамен келісілген кестесіне сәйкес 2010 жылы 1 қала мен 4 аудан, 5 облыстық басқармалар мен департаменттер және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты, жиыны 97 мемлекеттік орган тексерілді. Тексеру қорытындылары бойынша кеңестер өткізіліп, кемшіліктерді жою шаралары белгіленді. Тіл заңнамаларының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы бірінші басшыларына ұсыныс енгізіліп, 26 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазаға тартылды.

Басқарма тарапынан облыстық басқармалар мен департаменттердің, аудан және қала әкімдіктерінің құжат айналымына ай сайын мониторинг жасалды.

2010 жылы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын басқармаларда мемлекеттік тілдің үлесі 82,5%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 75%, аудан және қала әкімдіктерінде 88,5%, облыс әкімі аппаратында 73,9% болды. Жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі 82,9% құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 9,9% -ға артты.

Мемлекеттік тілді өз қызметінде пайдаланатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2009 жылы 59% болса, 2010 жылы ол 64,9%-ды құрап, 5,9%-ға артты.

Басқарма облыстың мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру мақсатында 2010 жылы үшін 3 рет біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырып, 55 аудармашы қамтылды. Облыстың мемлекеттік органдары мен мекемелерінде, ұйымдарында және кәсіпорындарында мемлекеттік тілде сауатты іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері», «Мемлекеттік терминология комиссиясының 2000-2008 жылдары бекіткен терминдері» және «Бұрыштама қондыру үлгілері», «ШҚО-дағы тілдік ахуал», «Мемлекеттік тілде дайындалатын құжаттарда кездесетін әр түрлі атаулардың, сөз тіркестерінің, терминдер мен сөздердің жазылуы жөніндегі қысқаша анықтамалық» жинақтары бастырылып, таратылды. Жыл ішінде облыстың барлық мекемелері мен ұйымдарына, кәсіпорындарына 9 мыңнан астам сөздіктер, оқулықтар және көмекші құралдар таратылды.

Облыс көлемінде 8 аудан мен қала әкімдіктерінің, сондай-ақ алқа мәжілісін өткізетін 8 басқарманың мәжіліс залдары ілеспе аударма қондырғыларымен жабдықталып, тұрақты түрде пайдаланылуда. Облыс, қала және аудан әкімдіктерінің отырыстары мен мәслихат сессиялары басым түрде мемлекеттік тілде жүргізіліп, ілеспе аудармамен қамтамасыз етілуде. Облыстың мемлекеттік органдарындағы ілеспе аударма жүргізуші мамандарды дайындау және біліктіліктерін арттыру мақсатында 2010 жылы 1,5 млн. теңгеге ілеспе аударма қондырғысы алынып, 25 маман арнайы курстан өткізілді.

Мемлекеттік органдарда іс жүргізудің сапасын арттыру, мамандардың біліктілігі мен тәжірибесін сараптау, озық іс-тәжірибені тарату, тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік тілде іс жүргізудің шебері» және «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты облыстық конкурстары өткізілді. Конкурстарда жаңа технологияларды меңгеру, тіл мәдениетін қалыптастыру, бекітілген терминдерді қолданысқа кеңінен енгізу мәселелеріне баса назар аударылды.
Білім беру мен тіл оқыту салаларындағы тілдік даму
Облыстың мемлекеттік органдары мен мекемелерінде, ұйымдарында Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабына сәйкес азаматтардың мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажеті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдай жасау басқарманың басты назарында болды. 2009-2010 оқу жылында әкімдіктердің 1 облыстық және 7 аудандық , жиыны 8 мемлекеттік тілді оқыту орталығы, сондай-ақ 23 жекеменшік тіл үйрету орталықтары жұмыс істеді. Барлық орталықтар мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық заманауи әдістемелік оқу құралдарымен, оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілген.

Жалпы облыс көлемінде 2009 жылы 2683 мемлекеттік қызметші тіл үйрету үйірмелерімен қамтылса, 2010 жылы олардың саны 5560-қа жетіп, 48,2%-ға артты.

Тыңдаушылардың тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында оқыту орталықтарында Казтест жүйесіне жақындатылып жасалған жеке тест жүйесі бойынша қаңтар айында аралық, мамыр-маусым айларында қорытынды сынақтар жүргізілді. Сынақ нәтижесі бойынша 2009 жылы 20 облыстық басқармада тыңдаушылардың тілді меңгеру деңгейі 62% болса, 10 орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 66%, Өскемен қаласы әкімдігінің 14 бөлімінде 58% болса, 2010 жылы сәйкестігінше 70%, 72%, 62,5% болды.

Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарындағы кадрлардың, мекемелердегі тіл оқыту үйірмелері оқытушыларының біліктілігін жетілдіру, оқытудың сапасын арттыру мақсатында есепті кезеңде 5 семинар және 4 әдістемелік кеңес өткізілді.

Елбасының мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының желілерін кеңейту туралы тапсырмасына сәйкес Бородулиха ауданының мемлекеттік тілді оқыту орталығы негізінде «Жалпы білім беру мектептер базасында ересектерге мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру» атты облыстық семинар өткізілді. Аудандық, қалалық орталықтардың кадрлары, мекемелердегі тіл оқыту үйірмелері оқытушыларының біліктіліктерін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тілді сала бойынша оқыту. Ізденістер мен перспективалар» атты облыстық ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығында қашықтықтан оқытудың жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылдың қараша айында облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының әдіскері С. Ақыласова «Қашықтықтан оқытудың интернеттік сабақтары» атты жобасымен республикалық конкурсқа қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді. Бұл жоба облыста мемлекеттік тілді оқытуда қолданысқа енгізіліп, алдағы жылда «КАЗГрид» ғылыми өндірістік орталығымен бірлесе оқытудың интернет сайтын ашу жоспарланып отыр.

Басқарманың ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлерге сабақ берудің сапасын арттыру мақсатында қазан айында мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық конкурсы өткізілді. Конкурс мемлекетік органдарда сабақ беретін мұғалімдердің педагогикалық қызметтегі инновациялық тәсілдерді кеңінен енгізуге және өз шеберліктерін шыңдай түсуге бағытталды.

Жыл сайын «Үлгілі қазақ тілі кабинеті» конкурсын өткізу дәстүрге айналды. Осының нәтижесінде тіл үйренуге тілек білдіргендердің жұмыс орындарында оқуына, үйірмелердегі қазақ тілі кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қол жеткізілді. Есепті кезеңде облыста 23 кабинет жұмыс істеуде. Сөйтіп 2009 жылмен салыстырғанда 7 кабинетке артты.

Елбасының тапсырмасына сәйкес облыстың елді мекендеріндегі 329 мектептің негізінде 651 үйірме ашылып, 7980 тыңдаушы дәріс алуда. Азаматтардың басқа санатарына ауызекі сөйлеу тілінің негізін меңгертуге бағытталған «Тілашар» курсына 2009 жылы 198 тыңдаушы тартылса, 2010 жылы 366 тыңдаушыны құрап, саны 54%-ға артты.

Жалпы облыстағы оқу орындары мен мектептердегі тіл үйрету үйірмелерін қоса есептегенде облыста 240 мыңнан астам тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.

Облыстағы этникалық топ ұлт өкілдерінің ана тілдерін үйренуі де басқарманың басты назарында болды. Облыстағы 81 этномәдени бірлестіктердің жанынан өзге ұлт өкілдерінің ана тілін үйренуіне арналған жексенбілік мектептер мен үйірмелер құрылды. Сол үйірмелердегі 121 топта 15 ұлт өкілдерінің 1731 тыңдаушысы ана тілдерін үйренуде. Өскемен қаласындағы «Возрождение» қайта түлеу жексенбілік мектебіндегі 54 топта 15 ұлттың 904 өкілі ана тілдерін, соның ішінде 7 топта 140 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде. Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы курстарда ана тілдерін үйреніп жүрген этникалық топ өкілдерінің үлесі 2009 жылы 15 пайыз болса, 2010 жылы 18 пайызға жетті.

Басқарма тарапынан мемлекеттік тілде оқытып, тәрбиелейтін мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептердің санын арттыру бағытында облыстың білім басқармасымен бірге мақсатты жұмыстар жүргізді. 2009 жылы облыста 108 мектепке дейінгі балалар мекемесі болса, 2010 жылы олардың саны 133-ке жетіп, оның 39-ы (29,3%) қазақ тілінде, 44-і (38,2%) аралас тілде, 32-сі (27,8%) орыс тілінде тәрбие беруде.

2009 жылы облыстағы мектептердің жалпы саны 767 болды, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептер саны 384 (50%) болған еді, қазір 750 мектептің 379-ы (50,5%) қазақ тілінде, 191-і (25,4%) орыс тілінде оқытатын және тәрбиелейтін мектептер. 2009 жылы облыста 3 қазақ мектебі және 3 қазақ балабақшасы ашылса, 2010 жылы облыс көлемінде 10 мектеп, соның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын

5 мектеп, 5 балабақша ашылды.
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарындағы, денсаулық сақтау мен тұрғындарға қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму
Басқарма тарапынан өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді оқып-үйренуіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2010 жылы облыстық деңгейде 5 конкурс, 3 «дөңгелек үстел» өткізілді. Бұл конкурстарға өзге ұлт өкілдерінің балабақшалардағы тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының студенттері, ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы отбасылар тартылды. Маусым айында Абай ауданында 15-35 жас аралығындағы басқа ұлт өкілдерінің арасында «Мақсұтым –тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай оқулары өткізілді. Байқауға қатысушылар Жидебайдағы кешенде болып Абайдың, Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражайымен танысты.

Балалар әлеуметтік коммуникациялардың алғашқы дағдысын құрдастарымен араласу кезінде алатынын ескере отырып, олардың бастапқы тіл даярлығын дамыту мақсатында наурыз айында «Радуга» балабақшасында өзге ұлт өкілдері тәрбиеленушілері арасында «Қазақшаң қалай, балақай?» облыстық конкурсы өткізілді. Конкурс тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарын қазақ тілін үйренуге ынталандыруға бағытталды.

Оқу орындары түлектерінің мемлекеттің әлеуметтік кеңістігіне одан әрі табысты кірігуі мақсатында сәуір айында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында мемлекеттік тілді білуден облыс әкімінің жүлдесі үшін «Тілі бірдің – тілегі бір» атты облыстық конкурсы өткізілді. Жыл сайын өткізіліп жүрген конкурс жастар арасында мемлекеттік тілді білетіндердің саны артып, мемлекеттік тілде сөйлеушінің жағымды бейнесі қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Қараша айында орыс жастарының арасында «Тіл -халық жанын танудың кілті» атты қазақ тілі білгірлерінің облыстық конкурсы өтті. Бұл конкурстың мақсаты-орыс жастарының мемлекеттік тілді білуге деген ынта-ықыласын арттыру, қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсетіп, көтермелеу болды.

Мемлекеттік тілді отбасылық құндылық ретінде қабылдау үрдісін қалыптастыру, тіл үйрену тәжірибелерін көпшілікке тарату мақсатында

қараша айында «Мемлекеттік тіл және отбасы» облыстық конкурс өткізілді. Конкурс нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгерген отбасылардың тіл үйрену іс-тәжірибесі көпшілікке таратылды. Басқарма тарапынан өткізілген әрбір іс-шара басқарманың сайтына дер кезінде орналастырылып, көпшілік назарына ұсынылып отырылды.

Басқарма тарапынан жексенбілік мектептердегі өзге ұлт өкілдері балаларының және ата-аналарының ана тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыру жұмыстары жүргізілді. Маусым айының соңынан шілде айының 10 дейін облыстың жексенбілік мектептерінің ана тілдерін үйренуде жетістіктерге жеткен 19 оқушысы Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тегін жолдамасымен «Аюлы» демалыс базасындағы «Тіл лагерінде» өз демалыстарын мемлекеттік тілді және қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйренумен ұштастырды.

2010 жылғы 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдерін кеңінен насихаттау мақсатында «Ел бірлігі-тәуелсіздік тұғыры» деген атпен айлық өткізілді. Айлық этностық топтар тілдерінің апталықтарын өткізу арқылы олардың мемлекеттік тілдің төңірегінде топтасып, өзара келісім мен ынтымақтастықпен қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал етті.

Тілдер айлығы барысында облыста 23 «дөңгелек үстел» отырысы,

134 конкурс, 239 кітап көрмесі, 73 рейд ұйымдастырылды. Фестиваль аясында облыстың барлық өңірлерінде балабақшалардан бастап, мектептер мен басқа оқу орындарында, мекемелер мен ұйымдарда тілге арналған түрлі іс-шаралар жоғары белсенділікпен өтті.

Шығыс Қазақстанда тілдер фестивалі аясында 2010 жылғы 17 қыркүйекте Өскеменде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Биылғы Тілдер мерекесі Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығы, Қазақстаннның Европалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалығы мен Абай Құнанбаевтың 165 жылдығы аясында тойланды.

Тілдер фестивалі қыркүйек айының 29-да аудан тұрғындарының 82,2%-ы басқа ұлт өкілдерін құрайтын Зырян қаласында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері жастарының «Тілі бірдің-тілегі бір» атты ІІ облыстық форумымен аяқталды. Форумға 700-ден астам адам қатысты. Форумда мемлекеттік тілді оқыту, жастардың қазақ тілінің болашағына мемлекеттік құндылық ретінде қарауын қалыптастыру, мемлекеттік тіл арқылы патриотизмді дәріптеу сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Форумға қатысушылар облыс жастарына арналған үндеу қабылдап, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оны насихаттау, қоғамды біріктіру үшін қазақ тілінің әлеуетін кеңінен пайдалану жөніндегі Елбасы белгілеген міндеттерді іске асыруға шақырды.

«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасының аясында қазан айында үш тілді бірдей жетік меңгерген жастар арасында басқарманың ұйымдастыруымен «Тілдарын-2010» облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты үш тілді еркін меңгерген жастарды анықтап, қолдау болды.

Тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты да талантты жастарды іздеп табу мақсатында шілде айында Катонқарағай ауданында О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің дәстүрлі ХІІІ облыстық байқауы өткізілді. Соңғы 3-4 жылда бұл конкурсқа өзге ұлт жастарының да қатысып, жүлделі орындардан көрінуі мемлекеттік тілге деген құрмет пен ізетті қалыптастуда елеулі рөл атқарды.

Қазан айында басқарманың ұйымдастыруымен «Жастарды қазақ тілін терең меңгеруге ұмтылдыру жүйесін қалыптастыру» атты «дөңгелек үстел» өткізіліп, жастар арасында тіл үйренудегі проблемалар және оны шешу жолдары қарастырылды. Оған облыстағы жастар ұйымдары, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, ғалымдар қатысып өз ұсыныстарын ортаға салды.

Облыста 2009 жылы 17 қазақ тілді, 62 орыс тілді, 77 қос тілді бұқаралық ақпарат құралдары ақпарат таратса, 2010 жылы қазақ тілді БАҚ саны

28, орыс тілді 64 БАҚ, қос тілді БАҚ саны 79 болып отыр. БАҚ-тарда мемлекеттік тіл саясатына қатысты жарияланған материалдардың саны: 2007 жылы 383, 2008 жылы 386, 2009 жылы 426, 2010 жылы 433 болып, алғашқы кезеңмен салыстырғандағы өсуі 11,6%-ды құрады.

Басқарманың ұйымдастыруымен желтоқсан айында «Тілдік орта қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар. облыстық БАҚ өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық конкурсының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өткізілді. Конкурстың мақсаты БАҚ мен журналистердің мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен түсіндірудегі шығармашылығын жандандыру және ынталандыру болды.

Басқарма өз жұмысында тіл мәдениетін көтеру, облыс тұрғындарын Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен сөздермен таныстыру және оларды қолданысқа енгізу мақсатында телеарналарда «Жаңа сөздер энциклопедиясы» айдарымен жаңа терминдер тізбесін беріп отырды. Сонымен қатар, тұрмыстық қарым-қатынасқа байланысты диалогтар, сөздердің дұрыс жазылымы мен айтылымын көрсету де тәжірибеге енді. Мемлекеттік тіл саясатын электронды бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мақсатында басқарма тарапынан 2010 жылы 2 млн. теңге, баспа ақпарат құралдарына 1 млн. 788 мың теңге бөлініп, мақсатты түрде игерілді.

Халыққа қызмет көрсету салаларының мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізу жағдайы (ХҚКО, қазпошта, телеком) басқарма тарапынан әлденеше рет тексеріліп, тұрғындар пайдаланатын құжат үлгілерінің екі тілде болуы талап етілді. Басқарманың ұсынысы бойынша аудандық және қалалық әкімдік отырыстарында да осы мәселені қарау ұсынылды.
Ономастика жұмыстары
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесін нығайту жұмыстарында жетекші бағыттардың бірі болып табылатын ономастикалық жұмыстарға баса назар аударылды. Бұл орайдағы жұмыстар Үкіметтің 2005 жылы 21 қаңтарда қабылдаған қаулысымен бекітілген тұжырымдамасына сәйкес мынадай 3 бағытта жүргізілді:

  • әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын ретке келтіру;

  • ұлты қазақ азаматтарының тегін, әкесінің атын, жалқы есімдерін реттеу;

  • көрнекі ақпараттар мен жарнама ресімдеуді біріздендіру.

Қазақстанның жаңа мемлекеттігіне сәйкестендіру барысында облыста 10 елді мекенге, 4 ауылдық округке өздерінің тарихи атаулары қайтарылды. Облыс орталығында 9, қалалар мен аудандарда 120 көшенің атаулары өзгертілді. «Шығыс Қазақстан облысы жер-су атауларының атласы», «Шығыс Қазақстан топонимикасы» атты арнайы жинақтар әзірленді.

2010 жылы облыстық ономастика комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, 21 мәселе қаралды. Оның ішінде Глубокое, Ұлан, Көкпекті аудандары әкімдіктерінің хабарламалары тыңдалды.

Ұлты қазақ азаматтарының аты-жөнін қазақ тілінде жазу мәселесіне тұрақты мониторинг жасалып отырылды. Егер 2005 жылы жаңа туған нәрестелердің 28%-ы ғана аты-жөні қазақша ресімделсе, биыл 59% -ға жетті. Бұған басқарма тарапынан өткізілген «Тілге қолдау-ататектен басталады» акциясы үлкен ықпал етті. Акция барысында облыс бойынша өткен 76 семинар-кеңес, «дөңгелек үстелдерге» 3419 адам қатысты. Нәтижесінде 2699 азамат тегін, әкесінің атын өзгертуге тілек білдірсе, 501 азаматқа салтанатты түрде қазақша куәлік табыс етілді.

Облыстың елді мекендеріндегі деректемелер мен көрнекі ақпаратты, жарнамаларды тіл заңнамаларының талаптарына сай етіп ресімдеу басты назарда болды. Оған жұртшылықтың назарын аудару, қоғамдық серпін беру мақсатында «Тілге құрмет-елге құрмет» атты айлық, «Тілбұзарға–тосқауыл» акциясы өткізілді. 2010 жылы облыс көлемінде көрнекі ақпарат пен жарнамаларды тәртіпке келтіру мақсатында 179 рейд ұйымдастырылып, 2390 нысан тексерілді. Рейд нәтижесі бойынша 1149 (47,9%) бұзушылықтар анықталып, оның 886-ы (77,3%) бірден түзетілсе, 263-ін түзету үшін уақыт беріліп, бақылауға алынды, қазір оның 80%-ы тәртіпке келтірілді. Терминдерді біріздендіру мақсатында орысша-қазақша слогандар мен жарнама мәтіндерінде жиі қолданылатын сөз тіркестері мен сөйлемдердің, азық-түлік өнімдеріне байланысты орысша-қазақша жарнама мәтіндерінің үлгілері жинақ етіліп шығарылып, таратылды.
Бағдарламаны жүзеге асыру іс-шараларын қаржыландыру.
2010 жылы облыстық бюджеттен 29 млн. 873,3 мың теңге бөлініп, мақсатты түрде толығымен игерілді.

Басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар төмендегідей нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

  • 2009 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 65 %-ды

құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 68% -ға жетті.

  • Облыс тұрғындарының орыс тілін меңгергендерінің үлесі 2009 жылы

85,6 % болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 87 %-ға жетті.

  • Ағылшын тілін меңгерген ересектердің үлесі 2009 жылы 1,5 % болса,

2010 жылы 1,8 % -ды құрады.

  • Облыста мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген тұрғындардың үлесі 2009 жылы 1,5 % болса, 2010 жылы ол 1,8 %-ға жетті.

  • Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейі

артып келеді. 2009 жылы әлеуметтік зертеулердің нәтижесінде бұл көрсеткіш

38 %, 2010 жылы 45 %-ға жетті.

  • Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанында ана тілдерін үйреніп жүрген этникалық топ өкілдерінің үлесі 2009 жылы 15%, 2010 жылы 18% болды.

  • Көрнекі ақпарат пен деректемелерді «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарына сәйкес ресімдеу дәрежесі 2009 жылы 48% болса, 2010 жылы 50%-ға жетті.

  • Ономастика саласында жүргізілген жұмыстарға облыс тұрғындарының қанағаттану деңгейі 2009 жылы 50 % болса, 2010 жылы 53,4 %-ды құрады.

  • Мемлекеттік органдардың жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс

жүргізудің үлес салмағы 2009 жылы 70,5 % болса, 2010 жылы 82,9 %-ға жетті.

Жыл ішінде өңірде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері болған жоқ.

Тұтастай алғанда 2010 жыл жүргізілген тіл саясатының мәселелері, оның ішінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмыстары негізгі конституциялық принцип−қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді нығайтуға қызмет етті.

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы


Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат
Жылғы 11 шілдедегі №151-i қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңын орындау мақсатымен Шығыс қазақстан...
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Жомартұлы Шаймардановтың «Аумақтағы тіл саясаты» атты республикалық семинар-кеңестегі баяндамасы
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Жомартұлы Шаймардановтың «Аумақтағы тіл саясаты»
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
«Қала және аудан әкімдіктерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Тілдерді дамыту мен...
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат icon18 орта мектебінде 2011-2012 оқу жылы бойынша «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының орындалуы туралы ақпарат
Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес №18 орта мектебінің 2011-2012 оқу жылындағы «Тілдерді...
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат iconШымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасының...
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыттары,...
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат iconҚызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының 2012 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі атқарған жұмыстары жайлы
Атап айтқанда, басқармада 2012 жылдың 10 қаңтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңнамасын орындау бағытындағы мекеменің іс-шаралар...
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат iconШығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Көкпекті ауданының №2 медициналық бірлестігі» кмқК 2012 жылғы ii-тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница