2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама




Скачать 346.45 Kb.
Название2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама
страница1/3
Дата конвертации11.05.2013
Размер346.45 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және

басқа да соттарының азаматтық істер бойынша

сот төрелігін жүзеге асыруы туралы

талдамалық анықтама
Жоғарғы Сот Аппараты Сот мониторингі бөлімінің 2010 жылғы 1-жартыжылдыққа арналған жұмысының жоспары бойынша 2007-2009 жылдары республика соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруының жай-күйі туралы талдау жүргізілді. Осы анықтама азаматтық істерді қарау туралы статистикалық деректерді таладу негізінде жасалған.


  1. Бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (бұдан әрі – АІЖК) сәйкес, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда (бұдан әрі – аудандық соттар) қаралып, шешіледі.

Талдау жүргізілген кезеңде қолданылған заңнамаға сәйкес, облыстық және оларға теңестірілген соттар (бұдан әрі – облыстық соттар) бірінші саты бойынша министрліктер, басқа да республикалық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретiн органдардың нормативтік құқықтық актілеріне дау айту туралы және облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссияларының, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) референдум комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айтуы туралы азаматтық iстердi қараған.

Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi лауазымды адамдарының заңға қайшы әрекеттерiне талап қоюы жөнiндегi iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, министрлiктер мен басқа да республикалық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын, есеп беретiн органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың құқықтарына қатысты нормативтiк емес актiлерiне дау айту туралы, Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы iстердi Астана қаласының соты қараған.

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдануы туралы iстердi, басқа да азаматтық iстердi, егер тараптардың бiреуi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы болса, сондай-ақ олардың қызметін реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді сол уақытта облыстық сотқа теңестірілген мамандандырылған қаржылық соты қараған.

Жоғарғы Сот бірінші саты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ Орталық референдум комиссиясының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айтуы туралы iстердi қараған. Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес басқа да істер Жоғарғы Сотта қаралуға жатқызылуы мүмкін болатын.

АІЖК-ге енгізілген өзгерістерге сәйкес, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Жоғарғы Сот қадағалау сатысы ретінде, облыстық соттар – апелляциялық және кассациялық сатылар ретінде әрекет ететінін атап өткен жөн.

Статистикалық деректер бойынша талдау жүргізілген кезеңде келіп түскен азаматтық істер мен арыздар саны мынадай болды (1-диаграмма):

2007 жылы – 428 580, оның ішінде 12 554 іс және 416 026 арыз, ол 2006 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға өскен;

2008 жылы – 522 796, оның ішінде 13 250 іс және 509 546 арыз, ол 2007 жылмен салыстырғанда 18%-ға өскен;

2009 жылы – 553 885, оның ішінде 14 329 іс және 539 556 арыз, ол 2008 жылмен салыстырғанда 6%-ға өскен.

1-диаграмма

Сонымен, келтірілген деректер азаматтардың соттарға жүгінуінің саны жыл сайын өсіп отырғанын көрсетеді.

Нәтижесінде, талдау жүргізілген кезеңде бірінші сатыдағы соттарға 1 505 261 іс және арыз (40 133 іс және 1 465 128 арыз) келіп түскен.


Атауы

Республика соттарына келіп түскен істер мен арыздар

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Жиыны

Ақмола облысы

20758

23836

27461

72055

Ақтөбе облысы

19137

24644

25844

69625

Алматы облысы

27051

33900

34163

95114

Атырау облысы

9187

13145

15287

37619

БҚО

16941

21878

23718

62537

Жамбыл облысы

21552

23428

24847

69827

Қарағанды облысы

73720

84022

77866

235608

Қостанай облысы

32058

35477

39530

107065

Қызылорда облысы

9700

11999

12245

33944

Маңғыстау облысы

13491

18701

20343

52535

ОҚО

29085

34089

39063

102237

Павлодар облысы

32670

39726

44952

117348

СҚО

16973

22469

23273

62715

ШҚО

44170

52010

56887

153067

Астана қаласы

22442

28290

31017

81749

Алматы қаласы

38636

53584

55482

147702

Әскери сот

968

1538

1838

4344

Қаржылық сот

-

18

35

53

Жоғарғы Сот

41

42

34

117

Республика

428580

522796

553885

1505261


Ең көп арыздар мен істер Қарағанды облысының соттарына (келіп түскен барлық арыздар мен өтініштер саныны 16%), Шығыс Қазақстан облысының және Алматы қаласының соттарына (10%-дан) келіп түскен.

Керісінше, ең аз арыздар мен істер Атырау және Қызылорда облыстары соттарына (2%-дан), сондай-ақ әскери соттарға (0,3%) келіп түскен.

Облыстық соттар ішінде ең көп арыздар мен істер Астана қаласының соттарына келіп түскен (облыстық соттарға келіп түскен істер мен арыздардың орташа 70%).

Талдау жүргізілген кезеңде барлық келіп түскен 1 465 128 арыздардың 197 956-сы қайтарылды, бұл 13,5%-ды құрды (2007 ж. – 61 727 немесе 14,8%, 2008 ж. – 66 691 немесе 13,1%, 2009 ж. – 69 538 немесе 12,9%). Арыз қабылдаудан бас тартылған – 11 947 немесе 0,8% (2007 ж. – 3 537 немесе 0,8%, 2008 ж. – 4 011 немесе 0,78%, 2009 ж. – 4 399 немесе 0,81%).

Сонымен, қайтарылған арыздардың үлес салмағы жыл сайын төмендеп отыр (14,8%-дан 12,9%-ға дейін).

Статистика бойынша талдау жүргізілген кезеңде 1 254 851 азаматтық іс қозғалған (2-диаграмма):

2007 жылы – 350 748;

2008 жылы – 438 770, ол 2007 жылмен салыстырғанда 25%-ға өсті;

2009 жылы – 465 333, ол 2008 жылмен салыстырғанда 6%-ға өсті.
2-диаграмма




Соңғы үш жыл ішінде бірінші саты бойынша қозғалған азаматтық істерді талдау азаматтық сот ісін жүргізудің жекелеген түрлері бойынша істердің саны жағынан бөлінісі тұрақты болып қала беретінін көрсетеді. Азаматтық істердің жалпы санынан:

  • талап қоюмен іс жүргізу істері – шамамен 74%-ды;

  • бұйрық арқылы іс жүргізу істері – орташа 14%-ды;

  • ерекше іс жүргізу істері – 8%-дан астам;

  • ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері – шамамен 4%-ды құрайды.


Талап қоюмен іс жүргізу.

Статистикалық деректер бойынша барлық келіп түскен талап қою арыздарының (1 074 726, оның ішінде: 2007ж. – 301 824, 2008ж. – 373 215, 2009ж. - 399 687) көпшілігі мынадай істер санаттары бойынша болды:

- шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді орындауға қатысты даулар бойынша (327 305 немесе талап қою арыздарының жалпы санының 30%, оның ішінде: 2007ж. – 74 507 немесе 24,7%, 2008ж. – 126 258 немесе 34%, 2009ж. – 126 540 немесе 31,7%);

- некені бұзу туралы (142 827 немесе 13,3%, оның ішінде: 2007ж. – 45 182 немесе 15%, 2008ж.- 46 633 немесе 12,5%, 2009ж. - 51 012 немесе 12,8%).

Сондай-ақ, келіп түскен талап қою арыздарының елеулі саны өзге де талап қою істеріне жатады (434 035 немесе 40,4%, оның ішінде: 2007ж. - 125 428 немесе 41,6%, 2008ж. – 142 668 немесе 38%, 2009ж. - 165 939 немесе 41,5%)

Тиісінше, қаралған талап қою істерінің көпшілігі осы санаттар бойынша болды.

Талап қоюмен іс жүргізу тәртібімен қаралған істердің жекелеген санаттары бойынша жыл сайынғы көрсеткіштер төмендегі кестеде берілген.




Істердің

санаттары


2007ж.

оның ішінде, шешім шығарылып


2008ж.

оның ішінде, шешім шығарылып


2009ж.

оның ішінде, шешім шығарылып

Талап қоюмен

іс жүргізуде аяқталған барлық істер

257567

100%

189766

74%

321441

100%

245960

76,5%

351652

100%

274805

78%

Шарттарды және міндеттемелерді орындау туралы

66268

25,7%

52453

79%

113782

35,4%

94577

83,1%

117897

33,5%

97567

82,8%

Некені бұзу туралы

40919

15,9%

29114

71%

42467

13,2%

29935

70,5%

46178

13%

33332

72,2

Жалақыны төлеу туралы

3321

1,3%

2553

77%

3712

1,15%

2662

71,7%

5042

1,4%

3522

69,8%

Залалды өтеу туралы

11661

4,5%

7383

63%

12398

3,85%

8432

68%

11051

3,14%

7558

68,4%

Мүлікке меншік құқығы туралы

7001

2,72%

4710

67%

6976

2,17%

4623

66,3%

6088

1,73%

4089

67,2%

Жерге қатысты құқықтық қатынастардан туындайтын даулар

5214

2%

2437

47%

4624

1,43%

2309

50%

3496

0,99%

1865

53,3%

Талап қою істерінің қалған санаттары

16076

6,2%

11049

69%

16383

5,1%


11544

70%

18153

5,2%

12987

71,5%

Өзге істер

107107

41,6%

80067

75%

121099

37,7%

91878

75,9%

143747

40,9%

113885

79,2%



Деректер көрсетіп отырғандай, шарттарды жасасуға, өзгертуге, бұзуға және шарт бойынша міндеттемелерді орындауға, сондай-ақ некені бұзуға және жалақыны төлеуге қатысты даулар бойынша қаралған істердің саны жыл сайын өсіп келеді. Бұл ретте Жерге қатысты құқықтық қатынастардан туындайтын және мүлікке меншік құқығы туралы даулар бойынша қаралған істердің саны қысқарған.
  1   2   3

Похожие:

2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама icon2004-2006 жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы анықтама
Осы талдау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті ұсынған статистикалық...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconСот орындаушыларының сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру
«Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы», 29. 06. 2009 жылғы №6 «Азаматтық істер бойынша сот актілерін...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconҚазтұтынуодағы
Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconҚазтұтынуодағы
Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconҚаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама
Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 12 айында және 2010 жылдың 6 айында қаржы полициясының тергеуіне жататын...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама icon2011 жылғы 30 қыркүйек Атырау қаласы
Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот төрелігі институты магистратурасының түлектері-судьялардың...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconЗайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»
Заңында:- жергілікті өкілді орган- аудандық мәслихат ауданның халқы cайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconАҚмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасында апелляциялық ТӘртіппен тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Күрделі жөндеудің бойынша мемлекеттік сапып алулар бойынша ашық конкурстың қорытындысын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconАҚмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасында апелляциялық ТӘртіппен тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстың қорытындысы және заңсыз деп тану туралы
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама icon«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница