2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама




Скачать 346.45 Kb.
Название2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама
страница3/3
Дата конвертации11.05.2013
Размер346.45 Kb.
ТипДокументы
1   2   3

Апелляциялық сатының жұмысы туралы


Апелляциялық саты – бірінші сатының заңдық күшіне енбеген сот актілеріне аппеляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша азаматтық істерді қарайтын екінші сатыдағы сот.

Талдау жүргізілген кезеңде шағымдар мен наразылықтарды қарайтын аппеляциялық саты соттары ретінде:

облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқалары – аудандық соттар шығарған сот актілеріне;

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы – облыстық соттардың бірінші саты бойынша шығарған сот актілеріне әрекет етті.

«Аппеляциялық сатыдағы соттардың азаматтық істерді қарау жөніндегі жұмысы туралы» №7 нысандағы статистикалық есептің деректері бойынша апелляциялық сатыға /шағымдар мен наразылықтар кері қайтарылып алынған және қайтарылған істерді есептемегенде/:

2007 жылы – 23 339 немесе аяқталған істердің 6,6%-ы (оның ішінде, апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 17 134 немесе шешімдердің 7,6%-ы, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша – 6 205 немесе ұйғарымдардың 7,6%-ы);

2008 жылы – 25 809 немесе 5,9% (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 18 973 немесе 6,7%, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша – 6 836 немесе 7,3%);

2009 жылы – 32 233 немесе 6,9% (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 24 312 или 7,8%, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша – 7 921 немесе 8,5%) келіп түскен.

Сонымен, келтірілген деректер сот актілерінің 93%-дан астамына шағым берілмегенін және наразылық келтірілмегенін көрсетеді.

Статистика бойынша үш жыл ішінде апелляциялық сатыдағы соттар 81 566 іс аяқтаған, оның ішінде 2007ж. – 23 977 (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 17 754, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша – 6 223), 2008ж. – 25 652 (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 18 877, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша – 6 775), 2009ж. – 31 937 (апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша – 24 092, жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша – 7 845).
Апелляциялық қараудың нәтижелері төмендегі кестеде көрсетіледі.

Кезең

Барлық аяқталған істер

Өзгеріссіз

Күші жойылған

оның ішінде

Өзгертілген




толық

бөлігінде
















Апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша

2007

17 124

13 119

1 700

1 695

5

2 305

2008

18 877

14 760

1 547

1 543

4

2 570

2009

24 092

19 840

1 406

1 405

1

2 846

Жеке шағымдар мен наразылықтар бойынша

2007

6 223

3 917

2 186

2 182

4

120

2008

6 775

4 253

2 395

2 394

1

127

2009

7 845

5 111

2 606

2 602

4

128





Апелляциялық тәртіппен күшін жойылған шешімдердің ең көп үлесі:

2007 жылы – әскери соттарға (1,9%), Алматы облысының (1,6%), Маңғыстау облысының және Астана қаласының аудандық соттарына (1,4%-дан) қатысты болды, ал аудандық соттар бойынша орташа республикалық көрсеткіш – 0,8%;

2008 жылы – Астаны және Алматы қалаларының (0,9%-дан), Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының (0,8%-дан) аудандық соттарына қатысты болды, орташа республикалық көрсеткіш – 0,5%.

2009 жылы – Алматы қаласының (0,9%), Астана қаласының (0,8%), Солтүстік Қазақстан облысының аудандық соттарына және әскери соттарға (0,7%-дан) қатысты болды, орташа республикалық көрсеткіш – 0,5%.

Керісінше, ең аз күші жойылған шешімдер мынадай аудандық соттарда болды:

2007ж. – Оңтүстік Қазақстан (0,2%), Қостанай (0,3%) облысында;

2008ж. – Қостанай және Атырау облыстарында (0,3%-дан);

2009ж. – Қостанай және Павлодар (0,2%-дан), Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (0,3%-дан).

Апелляциялық тәртіппен күші жойылған мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар шешімдері санының елеулі қысқарғанын атап өткен жөн.

Осылай, 2007ж. бұл көрсеткіш – 268 шешім болды немесе экономикалық соттар шығарған шешімдердің жалпы санының 1,4% пайызы, 2008ж. – 278 немесе 1,2%, 2009ж. – 262 немесе 0,7%.

Олардың ішінде ең көп күші жойылған шешімдер:

2007ж. – Алматы (3,3%), Маңғыстау (2,8%) облыстарының, Астана қаласының (2,2%), Павлодар облысының (2,0%) экономикалық соттарына тиесілі болды, ал экономикалық соттар бойынша орташа республикалық көрсеткіш – 1,4%;

2008ж. – Маңғыстау (2,9%), Алматы (2,2%) облыстарының, Астана қаласының (1,6%) экономикалық соттарына тиесілі болды, орташа республикалық көрсеткіш – 1,2%;

2009ж. – Ақмола облысының (1,5%), Астана қаласының (1,1%), Маңғыстау облысының (1,0%) экономикалық соттарына тиесілі болды, орташа республикалық көрсеткіш – 0,7%.

Бұл ретте, Астана қаласы мен Маңғыстау облысы экономикалық соттарында күші жойылған шешімдердің үлес салмағы тиісінше 1,1%-ға және 1,8%-ға төмендегеніне қарамастан, бұл деректер сонда да орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болып табылады.

Керісінше, ең аз күші жойылған шешімдер мынадай экономикалық соттарда болды:

2007ж. – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан (0,1%-дан) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (0,5%);

2008ж. – Атырау (0,5%), Қостанай және Павлодар областарында (0,6%-дан);

2009ж. – Павлодар (0,2%), Қостанай, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында (0,4%-дан).

Санаттар бөлінісінде соттар шешімдеріне апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойныша қаралған азаматтық істердің ең көп саны мынадай болды:

мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы – 7 653 немесе апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша қаралған істердің 12,6%-ы (2007ж. – 2 210 немесе 12,4%, 2008г. – 2 801 немесе 14,8%, 2009ж. – 2 642 немесе 11%);

залалды өтеу туралы даулар бойынша – 4 456 немесе 7,3% (2007ж. – 1 432 немесе 8,0%, 2008ж. – 1 636 немесе 8,6%, 2009ж. – 1 388 немесе 5,7%);

шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға қатысты даулар бойынша – 4 287 немесе 7,1% (2007ж. – 1 208 немесе 6,8%, 2008г. – 1 214 немесе 6,4%, 2009ж. - 1 865 немесе 7,7%);

шарт бойынша міндеттемелерді орындауға қатысты даулар бойынша – 5 020 немесе 8,3% (2007ж. – 1 005 немесе 5,7%, 2008ж. – 1 177 немесе 6,2%, 2009ж. – 2 838 немесе 11,8%);

жерге қатысты құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша – 2 991 немесе 4,9% (2007ж. – 958 немесе 5,4%, 2008ж. – 1 113 немесе 5,9%, 2009ж. – 920 немесе 3,8%);

өзге де талап қою істері бойынша – 22 896 немесе 37,7% (2007ж. – 6 319 немесе 35,6%, 2008ж. – 7 179 немесе 38%, 2009ж. – 9 398 немесе 39%);

Тиісінше ең көп күші жойылған шешімдерде осы санаттар бойынша болды.

Талдау жүргізілген кезеңде апелляциялық саты жаңа шешім қабылдап, 1 999 істі қараған, ол күші жойылған шешімдердің 43%-ын құрайды (кесте).


Кезең

Күші жойылған шешім-дердің

саны

оның ішінде

істі

жаңа қарауға жіберіп

жаңа шешім шыға-рып

арыз-дарды қарау-

сыз

қалды-

рып

істі қысқар-тып

оның ішінде

бітім-гершілік келісім бекітіп

талаптан

бас тарту

2007

1700

961

677

7

55

13

6

2008

1547

814

669

15

49

18

7

2009

1406

698

653

7

48

18

5



  1. Қадағалау сатысының жұмысы туралы


Қадағалау сатысы – алдындағы сот сатыларының заңды күшіне енген сот шешімдерін тараптың шағымы, наразылығы бойынша істі қадағалау тәртібімен қарайтын сот.

Талдау жүргізілген кезеңде жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілеріне қадағалау шағымдары мен наразылықтарын қарайтын соттар ретінде Жоғарғы Соттың және облыстық соттардың қадағалау алқалары әрекет етті.

«Соттардың азаматтық істерді қадағалау тәртібімен қарау жөніндегі жұмысы туралы» №9 нысандағы статистикалық деректер бойынша Жоғарғы Сот және облыстық соттардың қадағалау сатыларының қараған шағымдары төменде келтірілген (кесте).

Атауы

2007

2008

2009

Жиыны

Қаралған шағымдар, оның ішінде мынадай шешімдер қабылданды:

11928

12629

14665

39222

алдын ала қарау қорытындылары бойынша қайта қарау туралы шешім

1598

1596

1631

4825

алдын ала қарау қорытындылары бойынша істі қайта қараудан бас тарту туралы шешім

10330

11033

13034

34397


Істерді қадағалау тәртібімен қараудың нәтижелері төмендегі кестеде және диаграммаларда көрсетілген.



Кезең

Шағымдар мен наразылықтар бойынша қаралған

істердің саны

Шешімдер өзгеріссіз қалдырылды

Шешімдердің күші жойылды

Шешімдер өзгертілді

2007

2313

389

909

329

2008

2058

419

851

380

2009

1775

393

897

431





Аудандық соттар ішінде қадағалау тәртібімен күші жойылған шешімдердің ең көп үлес салмағы:

2007 жылы – әскери соттарға (1,1%), Астана қаласының (0,9%), Алматы облысының (0,6%) соттарына тиесілі болды, ал орташа республикалық көрсеткіш – 0,3%;

2008 жылы – Астана қаласының (0,5%), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының (0,4%-дан) соттарына тиесілі болды, орташа республикалық көрсеткіш – 0,3%;

2009 жылы – Астана қаласының (0,6%), Алматы қаласының (0,4%) соттарына тиесілі болды, орташа республикалық көрсеткіш – 0,2%.

Экономикалық соттар бойынша қадағалау тәртібімен 2007ж. – 124 шешімнің немесе 0,6%-ның күші жойылды(экономикалық соттар шығарған шешімдердің санынан), 2008ж. – 105 немесе 0,5%, 2009ж. – 117 немесе 0,3%.

Талдау жүргізілген кезеңде мынадай экономикалық соттарда күші жойылған шешімдердің саны аса көп болды:

2007 жылы – Маңғыстау (1,7%), Ақтөбе облыстарында (1,3%), ал орташа республикалық көрсеткіш – 0,6%;

2008 жылы – Ақтөбе (1,0%), Шығыс Қазақстан (0,9%), Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында (0,7%-дан), орташа республикалық көрсеткіш – 0,5%;

2009 жылы – Шығыс Қазақстан облысында (0,6%), Астана қаласы мен Ақмола облысында (0,5%-дан), орташа республикалық көрсеткіш – 0,3%.

Санаттар бөлінісінде Жоғарғы Сот пен облыстық соттардың қадағалау сатыларына келіп түскен істердің ең көп саны мынадай болды:

- жерге қатысты құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша (2007ж. – 136, 2008ж. – 177, 2009ж. – 86);

- шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға қатысты даулар бойынша – (2007ж. – 154, 2008ж. – 145, 2009ж. – 97);

- залалды өтеу туралы даулар бойынша (2007ж. – 140, 2008ж. – 101, 2009ж. – 107);

мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы (2007ж. – 275, 2008ж. – 269, 2009ж. – 252);

өзге де талап қою істері бойынша (2007ж. – 1 024, 2008ж. – 981, 2009ж. – 1 123).

Тиісінше ең көп күші жойылған шешімдерде осы санаттар бойынша болды.

Статистика бойынша талдау жүргізілген кезеңде 1 804 апелляциялық қаулының күші жойылған (2007ж. – 614, 2008ж. – 569, 2009ж. – 621).

Қажет болған жағдайларда апелляциялық, қадағалау сатыларындағы соттар жаңа шешім шығаруға құқылы.

Талдау жүргізілген кезеңде жоғары тұрған сатылар көптеген істер бойынша оларды жаңадан қарауға жібермей-ақ, жаңа шешім шығарған.

кесте

Жаңа шешім шығарылған*

2007

2008

2009

Апелляциялық саты шығарған

677

40%

669

43,2%

653

46,4%

Қадағалау сатысы шығарған

258

28,4%

295

34,7%

315

35,1%

*пайыздар күші жойылған шешімдер бойынша көрсетілген
Келтірілген деректерден шығарылған жаңа шешімдердің үлес салмағы жылдан жылға өсіп отырғаны көрінеді.
Жоғарғы Сот Аппаратының Сот мониторингі бөлімі
1   2   3

Похожие:

2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама icon2004-2006 жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы анықтама
Осы талдау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті ұсынған статистикалық...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconСот орындаушыларының сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру
«Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы», 29. 06. 2009 жылғы №6 «Азаматтық істер бойынша сот актілерін...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconҚазтұтынуодағы
Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconҚазтұтынуодағы
Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconҚаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама
Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 12 айында және 2010 жылдың 6 айында қаржы полициясының тергеуіне жататын...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама icon2011 жылғы 30 қыркүйек Атырау қаласы
Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот төрелігі институты магистратурасының түлектері-судьялардың...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconЗайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы жұмысы туралы анықтама. Еліміздің Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деп жазылса, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»
Заңында:- жергілікті өкілді орган- аудандық мәслихат ауданның халқы cайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының...
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconАҚмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасында апелляциялық ТӘртіппен тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Күрделі жөндеудің бойынша мемлекеттік сапып алулар бойынша ашық конкурстың қорытындысын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама iconАҚмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасында апелляциялық ТӘртіппен тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстың қорытындысы және заңсыз деп тану туралы
2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама icon«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница