«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты




Скачать 116.91 Kb.
Название«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Дата конвертации11.05.2013
Размер116.91 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы « »

№ Жарлығымен

бекітілген

«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету келесі мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, тел: (7172) 75-35-85, 75-32-21, факс: 75-34-58.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы Ережесі және 2004 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1457 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» Ережесінің 12-тармағының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Агенттіктің www.kyzmet.kz интернет-ресурсында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына (бұдан әрі – бағдарламалар) келісім берілгенін растайтын немесе келісім берілмейтіні туралы уәждемесі бар уәкілетті тұлғаның қолы қойылған қағаз жеткізгіштегі хат (бұдан әрі – хат).

6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында білім беру қызмет көрсету туралы құқығын растайтын құжаты бар білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – өтініш білдіруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі өтініш білдірушінің Агенттіктің құжатпен қамтамасыз ету, бақылау және кадр жұмысы Басқармасында (бұдан әрі – Кеңсе) тіркелген ресми өтініш білдірген кезден бастап есептеледі;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш білдірушіге қызмет көрсетуге берілген барынша мүмкін уақыт – 15 күнтізбелік күн.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Өтініш білдірушінің өтініші бойынша, хат нысанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру білім беру бағдарламалары түрінде жолданған өтініштеріне мемлекеттік қызмет көрсету сенбі, жексенбі, демалыс және мерекелік күндерді, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі асқа үзілісті қоспағанда күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін көрсетіледі.

Бағдарламалар келісім беруге осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына қойылатын Талаптарға сәйкес қабылданады.

Агенттікпен келісім берілмеген бағдарламалар түзетулерден кейін қайта келісім алуға бір рет қана қабылданады.

Агенттікпен келісілген бағдарламалар, келісім алған күннен бастап бір жыл ішінде жарамды болады.

Бағдарламаларды келісуге қабылдау мерзімдері:

  • 1 жартыжылдық: 15 қаңтар мен 15 мамыр аралығында;

  • 2 жартыжылдық: 10 қыркүйек пен 10 желтоқсан аралығында.

Қызмет көрсету құжаттарды тіркеу тәртібімен, алдын алу жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету:

1) өтініш білдіруші бағдарламаларын келісуге қолма-қол немесе Агенттіктің пошталық мекен-жайына жолдау арқылы ұсынғанда жүзеге асырылады.

2) Хат Кеңсемен өтініш білдірушінің пошталық мекен-жайына жіберіледі немесе бағдарламаны келісуге ұсынған тұлға келген жағдайда қолма-қол беріледі.

Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру бөлек кіреберісі бар рұқсаттама бюросы беретін бір реттік рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсат қағазы бағдарламаны келісуге ұсынатын тұлғаның жеке куәлігі болған жағдайда Агенттіктің Кеңсе қызметкерінің телефон арқылы берілген өтінімі бойынша ресімделеді.

Құқықтық тәртіпті қолдау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары болады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш білдіруші:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін хат түріндегі өтінішті;

2) білім беру қызметін көрсету құқығын растайтын құжатты;

3) осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын рәсімдеу Талаптарына сәйкес әзірленген бағдарламаны ұсынады.

12. Хат жүзіндегі өтініш еркін нысанда уәкілетті тұлғаның қолы қойылған ұйымның бланкісінде рәсімделеді.

13. Кеңсеге өтініш білдірушімен бағдарламаны келісуге тиісті құжаттар жиынтығы қолма-қол немесе Агенттіктің пошталық мекен-жайына жолдау арқылы ұсынылады.

Хаттың көшірмесі білім беру ұйымының өкілі келгенде немесе өтініш білдірушінің поштасы бойынша 15 күнтізбелік күн ішінде беріледі.

14. Өтініш білдірушінің тиісті құжат жиынтығын тапсырғанын Кеңсенің кіріс корреспонденциясында өтінішті тіркеуі растайтын болады.

15. Қызмет көрсетудің нәтижесі білім беру ұйымының өкілі келген жағдайда немесе өтініш білдірушінің пошталық адресі арқылы жолданады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін осы стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттардың толық болмауы негіз бола алады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы ақпарат өтініш білдірушіге хат түрінде жеткізіледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Агенттік қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі толық ақпарат беру, оның қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Агенттіктің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Агенттік Төрағасының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Агенттіктің Кеңсесі 813 кабинетте, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а мекен-жайы бойынша немесе 8 (7172) 75-35-96 телефондары арқылы түсіндіреді.

21. Тұтынушылар Агенттіктің атына шағым жасай алады. Шағым нысаны – Агенттіктің басшысына жіберілетін жазбаша түрдегі арыз.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым жазбаша түрде поштамен немесе Кеңсе арқылы тікелей беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Агенттік төрағасының немесе оның орынбасарларының атына хат түрінде (электронды түрде - info@kyzmet.kz) немесе Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, Агенттік төрағасы қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (7172) 75-30-02. мекен-жайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мерекелік күндерді, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі асқа үзілісті қоспағанда күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш білдіруші заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

24. Қорытындыны беруге арыз көшірмесін қоса берілетін шағым еркін нысанда беріледі.

25. Шағымды Агенттіктің Кеңсесі тіркейді. Шағым берген тұлғаға тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты осы стандарттың
1-тармағында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.

Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіп бойынша анықталған мерзімде жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

стандартына 1-қосымша

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын мемлекеттік қызметшілерге арнайы кәсіптік білім қызметін ұсынғысы келетін білім мекемелері әзірлейді.

Білім беру бағдарламаларын келісу үшін Агенттіктің жанынан мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру бойынша комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады, оның құрамы Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Қажет болған жағдайда комиссияның құрамына тиісті саланың мамандары тартылады.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары мемлекеттік қызметшілерді оқытудың үздіксіздігі, жоспарлылығы және жүйелілігі қағидаттарына сәйкес келуі, олардың қызметтік мансабы бойынша өсуіне тығыз байланысты болуы, мемлекет дамуының келешегін, мемлекеттік қызмет функциялары мен өкілеттіктерін ескере отырып озық сипатта көрінуі, мемлекеттік қызмет ұйымдастырудың әлемдік және отандық тәжірибесін және мемлекетте саяси әкімшілік қызметті қамтуы тиіс.

Жоғарыда айтылғандарға қоса, комиссия мына талаптарды белгілейді:

1. Мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырудың кең мамандандырылған білім беру бағдарламалары блок-модульдік қағидат бойынша құрылуы тиіс және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистрлер даярлау сызығымен қиылысуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілерге тілді оқытуға арналған бағдарламада А1-А2 деңгейлері бойынша тілді қарапайым түрде пайдалану, тілді В1-В2 деңгейлері бойынша өз бетінше пайдалану және тілді С1-С2 деңгейлері бойынша біліктілікпен пайдалану көрсетілуі тиіс.

2. Бағдарламада курстың атауы (тақырыбы), мақсаты, негізгі мазмұны, сабақ түрлері, әр тақырып бойынша сағат саны, міндеті, мақсатты аудитория және күтілетін нәтижелері көрсетілуі тиіс.

3. Бағдарламаның оқытатын ұйымның толық атауы және бағдарлама тақырыбы көрсетілген титулдық беті болуы тиіс.

4. Бағдарламаның ішкі мазмұны және мақсаттары мен міндеттерін ашу бағдарламада көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келуі тиіс.

5. Бағдарламада оқыту түрі (күндізгі, сырттай, жұмыс орнында және басқалар) және курстың ұзақтығы көрсетілуі тиіс:

а) қысқа мерзімді курстар – 36 – 72 сағат;

б) орта мерзімді курстар – 72 – 108 сағат;

в) ұзақ мерзімді курстар –108 сағаттан астам (екі аптадан асатын күндізгі оқыту).

6. Бағдарламада бағдарламаның әзірлеушісі, тыңдаушылардың өзіндік жұмыс түрі, білімді бақылау тәртібі көрсетілуі тиіс.

7. Бағдарламада оқу процесінде пайдаланылатын үлестірме материалдар және техникалық құралдар тізбесі көрсетілуі тиіс.

8. Бағдарламада семинардың профессор-оқытушылар құрамы, әдебиет және пайдаланылған нормативтік-құқықтық актілер тізбесі көрсетілуі тиіс.

9. Мемлекеттік тіл бойынша білім беру бағдарламалары блоктік-модульдік қағидаларға сәйкес келуі және мемлекеттік қызметтегі құжат айналымы мен ресми жазбаға, стандарттарға, типтік ережелерге іс-құжаттарды мемлекеттік тілге енгізуге сәйкес болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын ресімдеу ережелері
СЕМИНАРДЫҢ АТАУЫ
Мақсаты:
Міндеттері:
Контингент:
Сағат саны:
Бағдарламаны әзірлеуші:
Семинардың өзектілігі:
Семинардың құрылымы мен мазмұны:
Оқыту түрі:
Тыңдаушылардың өзіндік жұмыс түрлері:
Білімді бақылау тәртібі:
Оқытудың үлестірме материалдары мен техникалық құралдарының тізбесі:
Күтілетін нәтижелер:

1-модуль

Модуль атауы



Тақырыбы

Мақсаты

Негізгі мазмұны

Сабақ түрі

Сағат саны

1.1
















1.2

















2-модуль

Модуль атауы



Тақырыбы

Мақсаты

Негізгі мазмұны

Сабақ түрі

Сағат саны

2.1
















2.2


















Семинардың профессор-оқытушылар құрамы



Аты-жөні

Лауазымы, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, атағы

Тақырыптары

1










2











Әдебиет

«Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

стандартына 2-қосымша

Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәндері


Сапа мен тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған кезден бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі)










3. Қол жетімділігі

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Сол жөнінде ақпарат электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызмет көрсетулердің %-ы (үлесі)










4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)












Похожие:

«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу жөніндегі комиссия мәжілісінде бекітілген
Мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар
«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша білім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
...
«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconҚарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconАтырау облысы Білім беру басқармасының «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Білім беру қызметін лицензиялау – сәйкесінше лицензиардың заңды тұлғаға қызметтің білім беру түрімен айналысуға берілетін рұқсат
«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
Змет осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен балаларға...
«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты iconС. С.Қонтаев Иманғалиев Е. Н. 2010 ж. 2010 ж. Облыстық эксперттік кеңес жайлы ереж е
Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) қорғаншылық...
«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты icon«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру»
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница