Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны

Скачать 191.34 Kb.
НазваниеПәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны
Дата конвертации12.05.2013
Размер191.34 Kb.
ТипДокументы
Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны
«Теориялық механика» курсы базалық пән болып табылады.

Бағдарлама студенттердің лекцияларда және практикалық сабақтарда, сонымен бірге өздік жұмыс кезіңде оқып үйренуіне арналған тақырыптарды және үсынылатын әдебиеттер тізімін қамтыған.

Студенттердің өздік жұмысы аудиториялық сабақтарды толықтырады деп қарастырылған. Өзіндік жұмысқа жекелеген тақырыптарды оқуды, тақырыптар бойынша есептерді шешуді және өздік жұмыстарды орындауды жатқызуға болады. Студенттердің өздік жұмыстарының үтымдылығын арттыру үшін кафедра оқытушылардың кеңес беру көмегін қарастыруы керек. Студенттердің өздік жұмыстарының көлемін және мазмүнын кафедра анықтайды.

Пәнді оқыту мақсаты
Курстың мақсаты - механикалық қозғалыстардың негізгі зандылықтарын оқу және материалдық нүктенің және дененің механикалық қарым-қатынасы.

Пәнді оқып білу міндеттері

Пәнді оқудағы міндеттер - теориялық механиканың негізің оқу; кейбір түсініктердің жалпы байланыстарын анықтау; студенттердің келешек жұмыстарында энергетика және мұнай-газ индустриясы саласында кездесетін мөселелерді шешу үшін логикалық ойлауын дамыту және өзіндік шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру.

Теориялық механика мүнай-газ бағытындағы мамандықтардын оку жоспарына кіретін жалпы инженерлік және техникалық пәндер машиналар және механизмдер теориясы, материалдар кедергісі, машиналарды конструкциялаудың негізі, сұйықтар және газ механикасы, гидравлика пәндерінің негізі болып табылады. Сонымен катар теориялық механикадан алған білім арнаулы инженерлік жөндердің кейбір бөлімдерін меңгеруге қажетті болып табылады.

Теориялық механиканың толық курсын оқыған студенттер тәжірибелер мен бақылаулар нәтижелерін талдау үшін математикалық аппаратты қалай қолдану туралы толык мағлүмат алады.

Студент алған білімін механиканың нақты есептерін шешуге жалпы заңдылықтар мен жаратылыстану ғьлымының принциптерін білуі қажет.
Пререквизиттер

Техникалық жоғары оку орындарында жоғары математика және физика пендері теориялық механика пәнінің негізі болып табылады.

1 – тақырып «Нүкте кинематикасы» (4 сағ.)

Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

Тәжірибелік сабақта студенттерге механизмдердің модельдерін, схемаларды немесе плакаттарды көрсету өте жөн болады.

1. Келушілер санын тексеру.

2.Теория бойынша қысқаша сұрау: қозғалыс берудің векторлық және координаттық әдістері; нүктенің траекториясы; нүкте қозғалысының заңы; қозғалыс координаттық әдіспен берілген жағдайда нүктенің жылдамдығы мен үдеуін анықтау. Қозғалыс берудің табиғи тәсілі. Нүкте қозғалысының теңдеуі. Қозғалыс берудің табиғи тәсілі кезінде жылдамдық пен үдеуді анықтау.

3. Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуін көрсетеді.

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс: ([1]- 12.7; 12.9; 12.14).

Келесі есепті тақтада студент шығарады. Оқытушы студенттің әрекетіне ілтипатпен қарау керек. Ол жетекші сұрақтар көмегімен студенттің өз тапқан әрекеттерін және түсініктерді беріп дегеніне жетуге тиісті. Сонымен қатар, орындарында отырған студенттердің жұмыстарын оқытушы ілтипатпен тексеру керек. Студенттердің әр қайсысы есепті өз бетімен шығаруға, ал шешуінің нәтижесін тақта бойынша тексеруге тиісті. Есепті шешуде қалып отырғандарға көмектесу керек, ал жалпы есепті ертерек шешкендерге жаңа есепті беру керек.

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «К-1», «К-2» карточка бойынша бір есеп беріледі.

6. Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: №2.5, 2.15-[1];12.13,12.35-[2]; № 12.12;12.25-[1], 2.16, 2.19 - [3].

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

2. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

3 Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания
2 - тақырып «Қатты дененің айналмалы қозғалысы» (2 сағ.)

Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

Тәжірибелік сабақта студенттерге механизмдердің модельдерін, схемаларды немесе плакаттарды көрсету өте жөн болады.

1. Келушілер санын тексеру.

2. Теориялық материал бойынша қысқаша сұрау: қатты дененің айналмалы қозғалысы, қозғалыс заңы. Айналмалы қозғалыстағы қатты дененің кинематикалық сипаттамалары (бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу). Қозғалмайтын өске қатысты айналу кезеңіндегі қатты дене нүктесінің сызықтық жылдамдығы мен үдеуі.

Қатты дененің айналмалы қозғалысына арналған есепті шығармастан бұрын, студент бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу векторлары сияқты негізгі түсініктерін мықты ұғып алуы керек, оларды сызба ретінде дұрыс суреттеп және олардың шамаларын есептейтін формулаларды жетек білуі керек. Онымен қатар, алгебралық шамалар мен модульдерді араластырмай оларды айыра білуі керек: берілген векторлар сырғымалы векторлар екені есте болған жөн.

Оқытушы, бір қарағанда маңызды емес жағдайға студенттердің назарын аударуы керек. Айналудағы қатты дененің кез-келген нүктесінің траекториясы шеңбер болады, ал нүктенің жылдамдық векторы осы шеңберге жанама бойынша бағытталады. Бірақ, оны сызбада суреттеген кезде, жылдамдық векторы шеңбер радиусына перпендикуляр бағытталады деп алған ыңғайлы, яғни әр-бір нүкте үшін шеңбер салу қажет емес.

Студенттер өз жазуларында бұрыштық жылдамдықты белгілейтін грек әрпі және нүкте үдеуін белгілейтін латын әрпі w жиі шатастырады. Осындай қателіктерден аулақ болу үшін басынан бастап «омега»-ны жазбаша, «дубль ве» - ні бас әрпімен белгілеп үйреткен жөн.

3. Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуін көрсетеді.

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс: ([1]-13.4;13.6;13.8; 13.15).

Келесі есепті тақтада студент шығарады. Оқытушы студенттің әрекетіне ілтипатпен қарау керек. Ол жетекші сұрақтар көмегімен студенттің өз тапқан әрекеттерін және түсініктерді беріп дегеніне жетуге тиісті. Сонымен қатар, орындарында отырған студенттердің жұмыстарын оқытушы ілтипатпен тексеру керек. Студенттердің әр қайсысы есепті өз бетімен шығаруға, ал шешуінің нәтижесін тақта бойынша тексеруге тиісті. Есепті шешуде қалып отырғандарға көмектесу керек, ал жалпы есепті ертерек шешкендерге жаңа есепті беру керек.

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «К-3» карточка бойынша бір есеп беріледі.

6. Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: №2.41;2.44[3];13.14; 14.4 [1].

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

2. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

3. Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания
3 – тақырып «Қатты дененің жазық қозғалысы» (4 сағ.)

Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

Тәжірибелік сабақта студенттерге механизмдердің модельдерін, схемаларды немесе плакаттарды көрсету өте жөн болады.

1. Келушілер санын тексеру.

2. Теориялық материал бойынша қысқаша сұрау: жазық фигура нүктелерінің жылдамдығы мен үдеуі туралы теоремалары; екі нүктенің жылдамдықтарының проекциялау теорема; лездік жылдамдықтар центрі.

Есепті шығармас бұрын, студенттердің назарларын сызбалардың дұрыс салынуына көңіл аудару керек, өйткені сызбаларды орындағанда олар есептер жинағынан сызбаларды көшіреді де есептің шартына мән бермейді. Сызбаны салғанда механизмнің буындарының орны уақыт мезетіне немесе есептің берілген шартына сәйкес келуі керек екенін ескерте айтқан жөн.

3. Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуін көрсетеді.

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс: ([2]- 16.17; 16.35; 18.40 [1]- 2.58) .

Келесі есепті тақтада студент шығарады. Оқытушы студенттің әрекетіне ілтипатпен қарау керек. Ол жетекші сұрақтар көмегімен студенттің өз тапқан әрекеттерін және түсініктерді беріп дегеніне жетуге тиісті. Сонымен қатар, орындарында отырған студенттердің жұмыстарын оқытушы ілтипатпен тексеру керек. Студенттердің әр қайсысы есепті өз бетімен шығаруға, ал шешуінің нәтижесін тақта бойынша тексеруге тиісті. Есепті шешуде қалып отырғандарға көмектесу керек, ал жалпы есепті ертерек шешкендерге жаңа есепті беру керек.

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «К-4» карточка бойынша бір есеп беріледі.

6. Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: № 16.33 [2];2.27;2.70 [1].

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қожахметова А.Қ., Мендікенов Қ.К., Үмбеталиева Ұ.Л. Теориялық механика (есптерді шешу мысалдары мен есептер жинағы) Караганда, 2003. – 185б.

2. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

3. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

3 Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания
4 – тақырып «Нүктенің күрделі қозғалысы» (2 сағ.)

Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

1. Келушілер санын тексеру.

2. Теориялық материал бойынша қысқаша сұрау: нүктенің күрделі қозғалысы, нүктенің салыстырмалы және тасымал қозғалыстары, жылдамдық пен үдеулерді қосу туралы теоремалар, Кориолистік үдеу.

Есепті шығармас бұрын, қозғалатын және қозғалмайтын санақ жүйелерін айқындау, және тасымал қозғалстын сипаттамасын анықталуы қажет. Осыдан кейін қарастырылатын нүктенің қозғалысын абсолют, салыстырмалы және тасымал қозғалыстарға жіктеу керек.

Осы тақырыпқа арналған есептерді екі әдіспен шығаруға болады: геометриялық немесе аналитикалық. Есеп геометриялық әдіспен шығарылғанда векторлық тендеулерге сүйеніп үдеулер параллелограммы немесе көпбұрышы тұрғызылады. Есеп аналитикалық әдіспен шығарылғанда абсолюттік үдеу тандап алынған өстерге проекциялары арқылы табылады.

3. Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуін көрсетеді.

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс: ([1]- 22.9; 22.18, 23.5; 23.29;23.36).

Келесі есепті тақтада студент шығарады. Оқытушы студенттің әрекетіне ілтипатпен қарау керек. Ол жетекші сұрақтар көмегімен студенттің өз тапқан әрекеттерін және түсініктерді беріп дегеніне жетуге тиісті. Сонымен қатар, орындарында отырған студенттердің жұмыстарын оқытушы ілтипатпен тексеру керек. Студенттердің әр қайсысы есепті өз бетімен шығаруға, ал шешуінің нәтижесін тақта бойынша тексеруге тиісті. Есепті шешуде қалып отырғандарға көмектесу керек, ал жалпы есепті ертерек шешкендерге жаңа есепті беру керек.

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «К-5» карточка бойынша бір есеп беріледі.

6. Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: № № 22.16, 23.28; [2], 2.82; [1].

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қожахметова А.Қ., Мендікенов Қ.К., Үмбеталиева Ұ.Л. Теориялық механика (есптерді шешу мысалдары мен есептер жинағы) Караганда, 2003. – 185б.

2. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

3. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

3 Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания
5 – тақырып «Жазық күштер жүйесінің тепе-теңдігі» (2 сағ.)

Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

1. Келушілер санын тексеру

2. Теория бойынша қысқаша сұрау: байланыстардың түрлері және олардың реакциялары; центрге қатысты күш моменті; қос күш; тепе-теңдік шарттар.

3. Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуін көрсетеді.

Берілген тақырыпқа есептерді шығарған кезде студенттермен тепе-теңдіктің үш форма жағдайының толық меңгерілуіне қол жеткізу қажет. Тепе-теңдік теңдеулерін құрған кезде центрлерді таңдау өте маңызды, сол таңдаған нүктеге қатысты күштер моменттері саналады. Сондықтанда мұндай центр ретінде байланыстар реакцияларының белгісіз күштерінің анағұрлым көп қиылысқан жерді алады.

Есеп статикалық анықталған болу үшін белгісіз реакциялардың саны тендеулердің санынаң аспау керек. Егер көбірек белгісіз күштер қиылысқан нүктені моменттер центрі ретінде алсақ тепе-теңдік теңдеулерін құрастыруға ынғайлы болады.

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс ([2]- 4.13; 4.19.),[1]-1.1ж(I),л (III).

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «С-2» карточка бойынша бір есеп беріледі.

6. Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: № № 1.1 б (II), и (III) [1], 4.15; 4.22, [2].

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қожахметова А.Қ., Мендікенов Қ.К., Үмбеталиева Ұ.Л. Теориялық механика (есптерді шешу мысалдары мен есептер жинағы) Караганда, 2003. – 185б.

2. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

3. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

4. Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания
6 – тақырып «Кеңістік күштер жүйесінің тепе-теңдігі» (2 сағ.)

Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

1. Келушілер санын тексеру

2. Теория бойынша қысқаша сұрау: екі ретті проекциялау әдісі; өске қатысты күш моменті; қос күш; тепе-теңдік шарттар.

3. Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуін көрсетеді.

Студенттер кеңістіктегі суретті дұрыс және сызба геометрияның талабына сәйкес салуы қажет. Координаттық өстерді берілген күштердің өске қатысты моменттерін жеңіл табуға ынғайлап таңдап алу керек. Күштің өске қатысты моменті мына жолмен анықталады:

- өске перпендикуляр жазықтық аламыз;

- күшті сол жазықтыққа проекциялаймыз;

- осы проекцияның жазықтықтың өспен қиылысқан нүктесіне қатысты моментің аламыз.

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс [2]- 8.24, [1] - 1.8 (5).

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «С-4» карточка бойынша бір есеп беріледі.

6. Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: № № 1.7 (2), 1.9 (5) - [1], 8.17; 8.20 - [2].

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қожахметова А.Қ., Мендікенов Қ.К., Үмбеталиева Ұ.Л. Теориялық механика (есптерді шешу мысалдары мен есептер жинағы) Караганда, 2003. – 185б.

2. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

3. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

4. Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания

7 – тақырып «Нүкте динамикасы. Екі мәселе» (4 сағ.)

Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

1. Келушілер санын тексеру

2. Теория бойынша қысқаша сұрау: динамиканың аксиомалары; нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері; динамиканың екі мәселесі

3. Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуін көрсетеді.

Есептің суретін салғанда қозғалушы нүктеге әсер ететін күштердің және жыдамдық пен үдеу векторларын міндетті түрде көрсету керек екенін студенттерге ескерту керек. Сонымен қатар, еркін және еркін емес нүкте туралы айтып кету жөн.

Екiншi мәселеге жататын есептердi шешу үшiн қозғалыстың теңдеулерiн интегралдау керек. Материалық нүктенің екінші мәселесін шешу реті:

- Есептің шарты бойынша қозғалысы қарастырылатын нүкте таңдалады.

- Нүктеге әсер ететін күштер жүйесі уақыт өтуімен өзгересі бар ма анықталады. Егер күштердің өзгерісі бар болса, онда еспеті күш өзгермейтін этаптарға бөліп шешу керек.

- Нүктенің қозғалысының сипаттамаларын анықтау керек (еркін немесе еркін емес, түзу сызықты немесе қисық сызықты).

- Қозғалушы нүкте кез-келген жағдайында суретте көрсетіледі. Нүктеге әсер ететін күш векторлары көрсетіледі, олардың ішінде реакциялар да болуы керек.

- Координаттар жүйесі таңдалады, оның бас нүктесі нүктенің бастапқы жағдайында қабылданады. Егер нүктенің траекториясы түзу сызық екені белгілі болса, декарт координаттар өсінің біреуі сол түзудің бойымен бағытталады, ал траектория берілген қисық болса, табиғи координаттар өстері ыңғайлы. Траектория туралы мағлұматтар жоқ болса, таңдалған бас нүктеден суретте көрсетілген нүктенің жағдайындағы координаттары оң таңбалы болатындай қылып, өстер бағытталады.

- Векторлық теңдестіктер таңдалған өстерге проекцияланады.

- Есептің шартына сәйкес дифференциалдық теңдеулердің бастапқы шарттары жазылады, оларға сәйкес теңдеулердің шешімдері табылады. Осыдан кейін есептің шарты бойынша керекті шамалар анықталады.

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс: № 26.24, 27.7 [2]; 3.16, 3.39 [1].

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «Д-1,2» карточка бойынша бір есеп беріледі.

6. Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: № 26.19, 27.14- [2]; 3.12,3.42 -[1].

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қожахметова А.Қ., Мендікенов Қ.К., Үмбеталиева Ұ.Л. Теориялық механика (есптерді шешу мысалдары мен есептер жинағы) Караганда, 2003. – 185б.

2. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

3. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

3 Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания
9-тақырып «Қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Механикалық

жүйенің массалар центрінің қозғалуы туралы теорема» (2 сағ.)

Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

1. Келушілер санын тексеру

2.Теория бойынша қысқаша сұрау: материалық нүктенің және механикалық жүйенің қозғалыс мөлшері; қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема; массалар центрі; механикалық жүйенің массалар ценрінің қозғалуы туралы теорема; теоремалардың бірінші интегралдары.

3. Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуін көрсетеді.

Динамика есептерін шешуде қозғалыстың дифференциалдық теңдеулерін интегралдаудын орнына динамиканың жалпы теоремалары жиі қолданады. Бұл әдіс есептердің шешуін жеңілдетеді. Сондықтан, динамиканың есептерін шешуде жалпы теоремаларды қолдану ыңғайлы болады. Есепті шешудің алдында теоремаларда қолданылатын негізгі ұғымдарды білу керек. Қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теореманы үш түрлі есептерде қолдануға болады: 1) нүктенің (жүйенің) жылдамығын, қозғалыстын уақытын немесе түзу сызықты қозғалыста әсер ететін күшті анықтау; 2) қисық сызықты қозғалыста сызықтық жылдамдықты немесе қозғалыстын уақытын анықтау; 3) нүктенің (жүйенің) қандай болсада қозғалыста берілген қозғалыс мөлшерінің өзгеруі бойынша күштердің импульсін табу.

Бір қатар есептерді шешкенде, жалпы теоремалардан туатын салдарды ғана қолдануға болады, мысалы үшін, қозғалыс мөлшері сақталатын жағдайда. Қарастырып отырған теоремаларды қолданып динамиканың бірінші және екінші мәселелерін шешуге болады. Есептердің шешу реті:

- суретте жүйенің барлық сыртқы күштерін көрсету;

- санақ жүйені таңдап алу;

- қолданатын теореманы санақ жүйенің өстеріне проекциялап жазу;

- барлық сыртқы күштердің проекцияларының қосындысын есептеу және оларды қозғалыстың теңдеулеріне қою;

- есептің шартына қарап динамиканың бірінші немесе екінші мәселесін

шешу.

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс: ([1]3.75, 3.78; [2] - 35.4,35.7)

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «Д-4» карточка бойынша бір есеп беріледі.

6. Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: №№ 3.53, 3.76[1],28.9,28.12,35.9,35.10 [2].

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қожахметова А.Қ., Мендікенов Қ.К., Үмбеталиева Ұ.Л. Теориялық механика (есптерді шешу мысалдары мен есептер жинағы) Караганда, 2003. – 185б.

2. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

3. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

3 Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания
10 - тақырып « Күш жұмысы, күш қуаты. Материалық нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема» (2 сағ.)

Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

1. Келушілер санын тексеру

2. Теория бойынша қысқаша сұрау: материалық нүктенің кинетикалық энергиясы; күштің элементарлық жұмысы, толық жұмысы; күш қуаты; материалық нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема

3. Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуін көрсетеді.

Қарастырып отырған теореманы қолданып динамиканың бірінші және екінші мәселелерін шешуге болады. Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теоремасы көмегімен шешілетін есептерде материалық нүктеге немесе механикалық жүйеге түсірілген күштердің жұмыстарының қосындысын есептеу – есепті шешудің этаптардың бірі. Бұл есептеудің реті:

- материалық нүктеге немесе жүйенің нүктелеріне түсірілген күштерді суретте көрсету;

- жүйе нүктелерінің элементарлық орын ауыстыруларын көрсету;

- күштердің элементар жұмыстарын есептеу;

- шекті орын ауыстырудағы күштердің жұмыстарын есептеу, ол үшін жоғарғы пунктің нәтижесінен интеграл алу.

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс ([1]3.103, 3.106, 3.125,3.130;

[2] - 29.9,29.13.30.5,31.7)

Келесі есепті тақтада студент шығарады. Оқытушы студенттің әрекетіне ілтипатпен қарау керек. Ол жетекші сұрақтар көмегімен студенттің өз тапқан әрекеттерін және түсініктерді беріп дегеніне жетуге тиісті. Сонымен қатар, орындарында отырған студенттердің жұмыстарын оқытушы ілтипатпен тексеру керек. Студенттердің әр қайсысы есепті өз бетімен шығаруға, ал шешуінің нәтижесін тақта бойынша тексеруге тиісті. Есепті шешуде қалып отырғандарға көмектесу керек, ал жалпы есепті ертерек шешкендерге жаңа есепті беру керек.

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «Д-6» карточка бойынша бір есеп беріледі. Есепті нашар шығаратын студенттерді уақытында білуге және олармен жеке жұмысты күшейтуге мүмкіншілік береді.

6. Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: № 3.132, 3.107[1], № 29.10,30.7,31.8 [2].

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қожахметова А.Қ., Мендікенов Қ.К., Үмбеталиева Ұ.Л. Теориялық механика (есптерді шешу мысалдары мен есептер жинағы) Караганда, 2003. – 185б.

2. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

3. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

3 Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания
11–тақырып «Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теорема» (2 сағ.)

Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

1. Келушілер санын тексеру

2.Теория бойынша қысқаша сұрау: материалық нүктенің және механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы; күш жұмысы мен қуат; кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теорема.

Динамика есептерін шешуде қозғалыстың дифференциалдық теңдеулерін интегралдаудын орнына динамиканың жалпы теоремалары жиі қолданады. Бұл әдіс есептердің шешуін жеңілдетеді. Сондықтан, динамиканың есептерін шешуде жалпы теоремаларды қолдану ыңғайлы болады. Егер берілген мағлұматтардың және табу керек шамалардың санына жүйенің инерциалық сипаттамалары (массалар және инерция моменттері), жылдамдықтар (сызықтық және бұрыштық), күштер мен күштердің моменттері, орын ауыстырулар (сықтық және бұрыштық) кіретін болса, онда кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теоремасын қолдану керек. Бұл теореманың тұжырымдауына сыртқы күштермен қатар ішкі күштер де кіреді. Механикалық жүйе өзгермейтін жағдайда, мысалы үшін, абсолют қатты дене, ішкі күштердің жұмысы нөлге тең болады.

3.Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуі көрсетеді.

Қарастырып отырған теореманы қолданып динамиканың бірінші және екінші мәселелерін шешуге болады. Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теоремасының көмегімен есептерді шешуінің реті:

- Жүйенің барлық сыртқы және ішкі күштерін суретте көрсету (жүйе өзгермейтін жағдайда – тек сыртқы күштерді);

- Жүйе нүктелерінің орын ауыстыруда барлық күштердің жұмыстарының қосындысын есептеу;

- Жүйенің кинетикалық энергиясын есептеу;

- Алдынғы екі пункттердің есептеу нәтижелерін ескере отырып және механикалық жүйенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теоремасын колданып керекті шаманы анықтау.

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс.

([1] - № 3.110,3.130,3.139; [2] – № 38.12,38.14,38.20;38.24,38.30,38.48)

Келесі есепті тақтада студент шығарады. Оқытушы студенттің әрекетіне ілтипатпен қарау керек. Ол жетекші сұрақтар көмегімен студенттің өз тапқан әрекеттерін және түсініктерді беріп дегеніне жетуге тиісті. Сонымен қатар, орындарында отырған студенттердің жұмыстарын оқытушы ілтипатпен тексеру керек. Студенттердің әр қайсысы есепті өз бетімен шығаруға, ал шешуінің нәтижесін тақта бойынша тексеруге тиісті. Есепті шешуде қалып отырғандарға көмектесу керек, ал жалпы есепті ертерек шешкендерге жаңа есепті беру керек.

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «Д-6» карточка бойынша бір есеп беріледі.

6.Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: № 3.141, 3.146- [1] ; 38.17,38.27,38.31,38.42,38.50 - [2].

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қожахметова А.Қ., Мендікенов Қ.К., Үмбеталиева Ұ.Л. Теориялық механика (есптерді шешу мысалдары мен есептер жинағы) Караганда, 2003. – 185б.

2. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

3. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

3 Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания
12 – тақырып «Қозғалыс мөлшері моментінің өзгеруі туралы теорема.

Қатты дененің қозғалмайтын өске қатысты айналуының

дифференциалдық теңдеуі» (4 сағ.)
Практикалық (тәжірибелік) сабақтың жоспары

1. Келушілер санын тексеру

2. Теория бойынша қысқаша сұрау: материалық нүктенің және механикалық жүйенің қозғалыс мөлшерінің моменті (кинетикалық момент); қозғалыс мөлшері моментінің өзгеруі туралы теорема; теоремалардың бірінші интегралдары; қатты дене айналмалы қозғалысының дифференциалдық теңдеуі.

3. Оқытушы керекті түсініктерді бере отырып жалпы есептің шешуін көрсетеді. Денелердің немесе механикалық жүйелердің айналмалы қозғалыстарын зерттеуде кинетикалық моментінің өзгеруі туралы теореманы пайдалануға өте тиімді болады. Бұл жерде жүйенің барлық ішкі күштері қарастырудан шығарылады. Егер жүйенің сыртқы күштері айналу өсті қыип өтсе немесе оған параллель болса, онда олар теореманың теңдеуінің оң жағына кірмейді.

Бір қатар есептерді шешкенде, жалпы теоремалардан туатын салдарды ғана қолдануға болады, мысалы үшін, қозғалыс мөлшерінің моменті сақталатын жағдай.

Қарастырып отырған теореманы қолданып динамиканың бірінші және екінші мәселелерін шешуге болады. Есептердің шешу реті:

  1. Координатық өстердің біреуін қозғалмайтын айналу өсімен бағыттау;

  2. Тандалған өске қатысты кинетикалық моментінің өзгеруі туралы теореманы жазу;

  3. Суретте жүйенің барлық сыртқы күштерін көрсету;

  4. Қозғалмайтын өске қатысты сыртқы күштердің бас моментін есептеу;

  5. Қозғалмайтын өске қатысты кинетикалық моменті есептеу және уақыт бойынша оның туындысын алу;

  6. 4) және 5) пункттардың нәтижелерін 2) пунктқа апарып қойу, одан кейін есептің шартына қарап динамиканың бірінші немесе екінші мәселесін шешу.

4.Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс ([1]3.98,3.100;[2]- 37.9,37.43.37.55).

5. Оқылатын материалды меңгеруін бақылау үшін студенттерге «Д-5» карточка бойынша бір есеп беріледі.

6. Сабақтың қорытындысын жинақтау, бағаларды қою және оларды дәлелдеу, үй тапсырманы беру: №№ 3.92, 3.96[1], № 37.5,37.7,37.56 [2].
Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қожахметова А.Қ., Мендікенов Қ.К., Үмбеталиева Ұ.Л. Теориялық механика (есптерді шешу мысалдары мен есептер жинағы) Караганда, 2003. – 185б.

2. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. С.-П., 2001 и предшествующие издания.

3. Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика (есептер жинағы), Алматы. «Ғылым»,2003 – 394б.

3 Бать М.И., Джанелидзе Г.Ю., Кельзон А.С. Теоретическая механика в примерах и задачах. Ч.1 и 2. М., 1961 и последующие издаания

Похожие:

Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны iconПәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны
Бұл пәнді оқу барысында тәлімгерлер металдардың құрылымын, металдардың қасиеттерін, құрылысын оқып біледі. Қазіргі заманға сай жаңа...
Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
«Жерді бағалау және жер кадастры» оқу-әдістемелік кешен оқу жоспары мен пәннің талаптарына сәйкес құрастырылған және пәнді оқып білуге...
Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны iconПәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі
Педагогикалық профильдегі биологтар үшін қолданбалы биология және топырақтану негіздерін оқып білу, мектеп жаныңдағы тәжірибе участоктарында...
Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны iconМикроэкономика пәні бойынша СӨЖ (СӨЖӨ) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Аркенова Ж. Р. «Макроэкономика» пәнінің типтік бағдарламасы ҚЭУҚ-ми-85-05. 00-2005 пәннің оқу әдістемелік кешенінің құрылымына қойылған...
Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны iconӘдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған пәнді меңгеру үшін

Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны iconПӘнді оқу бойынша әдістемелік нұСҚаулар
Машиналық қырықтық мерзімінде қырқу арқылы өнімділікті неше есе арттыруға болады?
Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны iconСтуденттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
Сабақтың мақсаты: студенттерге Қазақстан Республикасының Ата заңының қабылдануы. Оның маңызы мен алатн орны жайлы ақпарат қалыптастыру....
Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны iconӘдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды № хаттамасы
Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
Қаржы – экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница