Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы




Скачать 279.08 Kb.
НазваниеӘкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы
Дата конвертации25.11.2012
Размер279.08 Kb.
ТипДокументы



«Астана қаласы «Алматы» ауданы

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесінің 2008 жылға арналған

жергілікті бюджеттік бағдарламаларының

паспорттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін:

1) «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), аулдық (селолық) округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі» (1 – қосымша);

2) «Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету» (2 – қосымша);

3) «Мектепке дейін балаларды тәрбилеу және білім беру ұйымдарының қызметін колдау» (3 – қосымша);

4) «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» (4 – косымша);

5) «Елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету» (5 – косымша);

6) «Елді мекендірді абаттандыру мен көгалдандыру» (6 – косымша).

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Б.С. Смағұловқа жүктелсін.
Әкім А. Мамин

Әкімнің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтанов
Әкімнің орынбасары Е.Ә. Аманшаев
Әкімнің орынбасары Е.Т. Қожағапанов
Әкімнің орынбасары Б.С. Смағұлов
Әкімнің орынбасары С.М. Хорошун


Әкім аппаратының басшысы С.Қ. Ахметов

Мемлекеттік-құқықтық


бөлімі менгерушісі Р.К. Хасенов

«Астана қаласының

Қаржы департаменті»

мемлекеттік мекемесінің

директоры Ж.Ғ. Нұрпейісов

«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау департаменті»

мемлекеттік мекемесінің

директоры Т.М. Жақсылықов

Астана қаласы

Алматы ауданының әкімі Г.Қ. Қасенов




"Астана қаласы" Алматы " ауданы әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің 2008 жылғы жергілікті бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы Астана қаласы әкімдігі қаулысының жобасына.

түсіндірме жазба
Астананың қаласының әкімшілігінің қаулысының осы жобасы 2002 жылдың 25 шілдесіндегі Қазақстан республикасының үкіметінің Қазақстан республикасы, "Периодты және бір жылдық бюджетті орындауға және есеп беруді формалардың жүргізуі бойынша қаржы процедураларының жөн-жобаларының бекітуі туралы мемлекеттік бюджет арқасында болатын мемлекеттік мекемелер үшін" қаулысының Бюджеттік кодексінің іске асыруы шеңберлеріндегі № 832 дайындалған, №24/6-ІV-ші 2007 жылдың 12 желтоқсанының 2008 жылға Астананың қаласының бюджеті туралы" Астанасының қаласының маслихатының шешімі.

Астананың қаласының әкімшілігінің қаулысының жобасы бюджеттік құралдардың мақсаттық жұмсауын бақылауды қамтамасыз ету мақсаттарындағы жасалған.

Негізінде жоғарыда айтылған осы вопрсу бойынша Тастандар қаланың әкімшілігінің қаулысының жобасы дайындалған.
Қаулы таратуды парақсыз сайланады.

"Алматы" ауданның әкімі Г.Касенов




Астана қаласы әкімдігінің

2007 жылғы

қаулысымен

бекітілген

1-қосымша


123- “Астана қаласы “Алматы” ауданы әкімінің аппараты”


мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі


2008 жылға арналған

001 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының қызметі» жергілікті бюджеттік бағдарламасының


ПАСПОРТЫ

( бюджеттік бағдарламаның атауы)

1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 132 904 000 (жүз отыз екі миллион тоғыз жүз мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқтық негізі: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (52-бап); «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасыныњ Заңы (31-бап); «Қазақстан Респуликасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (3-бап), «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (8,19 - баптар).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: жергілікті

бюджет қаражаты және мемлекеттік бюджеттің ағымдағы мақсатты трансферттері.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген міндеттердің жоғары дәрежеде тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін “Алматы” ауданы әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету.


  1. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: “Алматы” ауданы әкімі

аппаратын ұстау, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, әкім аппаратының материалдық - техникалық базасын нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың жоспары:



Р/с



Бағдарлама-ның

коды

Бағдарламашаның коды

Бағдарлама-ның (бағдарлама-

шаның) атауы

Бағдарламаларды (бағдарламашаны)

жүеге асыру жөніндегі іс-шаралар

Жүеге асыру мерзімі

Жауапты

орындау-

шылар

1.

001


Қаладағы аудан, ау-дандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (село-лық) округ әкімі аппаратының қызметі










2.

003

Жергілікті органдар аппараты

“Алматы” ауданы єкімінің аппаратына жүтелген ќызметті орындау мақса-тында 58 бірлік шегті ұстау.

Жыл бойы

Астана қаласы

“Алматы” ауданы әкімінің аппараты

3.

007

Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру


Бекітілген жоспар бойынша мемлекеттік қызметкер-лердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді пай-далану

Жыл бойы

Астана қаласы

“Алматы” ауданы әкімінің аппараты

4.

008
009

Ғимараттарды күрделі жөндеу


Мемлекеттік органдарды метериалдық-техникалық жабдықтау


«Алматы» ауданы әкімінің ғимаратын күрделі жөндеу


Активтерді алу, оның ішінде:

кеңсе жиһаздары - 5 жинақ;




Жыл бойы


Астана қаласы “Алматы” ауданы әкімінің аппараты




  1. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: жергілікті басқару органдарының қызметін қамтамасыз етуге байланысты, әкімге жүктелген бағдарлама қызметтерін уақытылы және сапалы орындау. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасының өзгеруіне байланысты бағдарламаны терендетіп үйрену және дәлелдеу, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру. “Алматы” ауданы әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық ресурстармен толығымен жабдықтау.


_______________________________

Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы «____»_______

№ _____________________

қаулысымен бекітілген

2- қосымша

123- «Астана қаласы “Алматы” ауданы әкімнің аппараты»


мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарламаланың әкімшісі


2008 жылға арналған 003 «Үйлеріне көмекті қажет

ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету»

жергілікті бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

(бюджеттік бағдарламаның атауы)



  1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 20 746 000 (жиырма миллион жеті жүз қырық алты мың) теңге.




  1. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Ресупбликасының Бюджет кодексі (52-бап), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (27-бап), «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Респуб-ликасының «Жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері туралы ережесін бекіту туралы» 1993 жылғы 8 қарашадағы № 57 Халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы.




  1. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: жергілікті бюджет қаражаты және республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттер.




  1. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қарттарға және мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.




  1. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кемтар балаларға, жалғыз басты тұратын зейнеткерлерге медициналық көмекті көрсету мен күтуді ұйымдастыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс- шаралардың жоспары:


№№

Бағдарла-маның

коды

Бағдарлама-

ның коды

Бағдарламалар

дың (бағдар-ламашалардың) аты

Бағдарламаларды (бағдарла-машаларды) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар

Жүзеге асыру мерзімі

Жауап-ты орын-даушы-лар

1.

003

000

Үйлерінде көмекті қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмекті көрсету.

Штаттың 29 бірлік шегімен екі әлеуметтік көмек бөлімін ұстау.

Үйде қызмет көрсетуді талап ететін еңбекке жарамсыз азаматтарды және жалғыз басты қарттарды анықтау және оларға есеп жүргізу.

Күту және қамқорлық көрсету, сонымен қатар интернат үйіне орналастыру үшін қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсету.

Үйлерге дәрі-дәрмектерді, өнді-рістік тауарларды, түскі тамақты және шала фабрикаттарды тасымалдау.

Жалғыз басты зейнеткерлерді жерлеуді ұйымдастыруда, ком-муналды қызмет көрсетуде төлем ақы беруге, медициналық көмек көрсетуде, тұрғылықты орын жинауда қажетті көмектерін көрсету.

Кемтар балаларға әлеу-меттік көмек көрсету.


Жыл бойы

“Алматы” ауданы әкімінің аппараты


7. Бюджеттік бағдарламаны орындауындағы күтілетін нәтижелер: 83 кемтар балаға, жалғыз тұратын 91 зейнеткерге үйлерінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
____________________________

Астана қаласы әкімдігінің

2007 жылғы

қаулысымен

бекітілген
3-қосымша




123 – «Астана қаласы «Алматы» ауданы

әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі



2008 жылға арналған

004 «Мектепке дейін балаларды тәрбиелеу және білім беру

ұйымдарының қызметін колдау» деген

жергілікті бюджеттік бағдарламасының

бюджеттік бағдарламаның атауы

ПАСПОРТЫ




1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 628 259 000 (алты жүз жиырма сегіз миллион екi жүз елу тоғыз мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (52-бап); «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (4, 23, 31, 33, 37, 45-баптары); «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (9, 17-бап); «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (35, 38-бап); «Республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жалпы сипаттағы 2005-2007 жылдарға арналған ресми трансферттерінің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (3-бап); «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысы; «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 108/15-III шешімімен бекітілген Астана қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы; «Астана қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 24/6 - ІV шешімі.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзі: жергілікті бюджет қаражаты, республикалық бюджеттің мақсаттық трансферттері.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мектепке дейінгі баланың тұлғасын толық дамытуды қамтамасыз ететін, вариативтік жүйелер құру және балаларды мектеп жасы кемелдігіне жеткізу. Балалардың интеллектуалдық тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету. Балалардың денсаулығына қамқорлық, ақыл-ой, сөз, еркіндік мүмкіндіктерін дамыту, баланың мінезін, көркемдікке тәрбиелеуді жүзеге асыру, балаларды табиғатпен үздіксіз қарым-қатынас жасату және адамдармен түрлі ойындар және сабақтар өткізу арқылы қоршаған ортамен таныстыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мектептегі кейінгі оқу міндеттеріне жауап беретін мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің бірыңғай жүйесін жүзеге асыру бағдарламасын іске асыру, балаларды жан-жақты үндестік дамуын және тәрбиелеуді, мектеп алдындағы дайындық бағдарламасын орындау, олардың денсаулығын сақтау мен нығайту, эстетикалық тәрбие туралы қамқорлығы. Балаларды үлкендерге деген құрмет, туған елінің мәдениетін бастауларымен, ұлттық дәстүрлер және салттармен танысу. Арнаулы ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдарда ақыл және дене бітімінің даму кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту. Оларды дамытудағы ең жоғарғы түзетім. Балаларды мектептегі оқуға дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:


Р/с



Бағдарлама

коды

Кіщі бағ дар- лама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру

мерзімдері

Жауапты орындаушылар

1

004

000

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының қызметін колдау

Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқудың жалпыға бірдей білім беру стандарт-тарына сәйкес оқу-тәрбиелік үдерісті жүргізу.


Тәрбиеленушілердің орташа жылдық тізімдік саны 5488 балаға мектепке дейінгі білім беретін 19 ұйымға мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу.


Мектепке дейінгі балалар мекемесіне негізгі қорлар алуына жергілікті бюджеттен капиталдық трансферт аудару
ауа тазартқыш шатыр – 1 дана,

компьютер – 1 дана,

балалар куркесі – 1 дана,
тоңазыткыш шкафы – 2 дана,

жабық қақпақты ларь – 1 дана,

ас үй сөресі – 1 дана,

электірлік су қайнатқыш – 1 дана,

қыдырту қуралы – 1 дана,

кір жуу машинасы – 1 дана,
спорттық модуль жинағы – 1 дана,

клем – 4 дана,

электрлік таба – 1 дана,

тоңазыткыш шкафы – 1 дана,

құрылыс жеңіл сатысы – 1 дана,
жиһаз – 1 дана,

теледидар – 1 дана,

музыкалық центр – 1 дана,

фотоаппарат – 1 дана,

бейнекамера – 1 дана,

DVD ойнатқышы – 1 дана,
ет тартқыш – 1 дана,

тоңазытқыш – 1 дана,

компьютер – 1 дана,

кондиционер – 1 дана,

жиһаз – 1 дана,
компьютер – 1 дана,

тоңазытқыш – 2 дана,

музыкалық центр – 1 дана,

кептіргіш атанақ – 1 дана,

тоқ плитасы – 1 дана,

бейне проекторы – 1 дана,

проектор экраны – 1 дана,
көшіргіш аппараты – 1 дана,

компьютер – 1 дана,

музыкалық центр – 1 дана,

теледидар – 1 дана,

өндірістік тоңазыткыш – 1 дана,

центрифуга – 1 дана,
тоңазытқыш шкафы – 1 дана,

кір жуу машинасы – 1 дана,

электрлік қайнатқыш – 1 дана,
ет тарқыш – 1 дана,

электр плитасы – 1 дана,

компьютер – 1 дана,
көкөніс турайтын құрал – 1 дана,

компьютер – 3 дана,

ас үй сөресі – 2 дана,
4 канфорлы электр плитасы – 1 дана,

кір үтіктегіш каток – 1 дана,
проектор – 1 дана,

теледидар – 1 дана,

электр плитасы – 2 дана,

компьютер – 1 дана,

музыкалық центр – 1 дана,

картоп аршығыш – 1 дана,

сейф – 1 дана,
балалар жиһазы – 1 дана,

мұздатқыш камерасы – 1 дана,

ас үйлік сорғыш құрал – 1 дана,

клем – 5 дана,

теледидар – 1 дана,

компьютер – 1 дана,

тігін машинасы – 1 дана,

шаң сорғыш – 2 дана,

принтер – 1 дана,

компьютер – 1 дана,

ксерокс – 1дана,

музыкалық центр – 1 дана,

теледидар – 2 дана,
кондиционер – 2дана,

МАФ – 5 дана,
қар курейтін құрал– 1 дана,

өнеркәсіптік кір жуу машинасы – 1 дана.
Бекітілген жобалау сметалық құжаттамаларға сәйкес жеті мектепке дейінгі білім беретін ұйымдарға күрделі жөндеу жүргізуге арналған күрделі трансферттер аудару

Жыл бойы


Жыл бойы


Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты

Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты


1-балабақша

«Гулливер»


51-балабақша

«Жаворонок»

69-балабақша

«Балдәурен»
63-балабақша

«Белочка»


49-балабақша

«Шағала»
55-балабақша

«Гүлдер»

9-балабақша

«Журавушка»

58-балабақша

«Алтын бесік»

75-балабақша

«Ер-төстік»
70-балабақша

«Алтын дән»

59 балабақша

«Журавушка»


73-балабақша

«Ақ бидай»


8-балабақша

«Колосок»

67-балабақша

«Аққу»
12-балабақша

«Ласточка»
28-балабақша

«Жұлдыз»

37-балабақша

«Арман»
38-балабақша

«Шаттық»

8-балабақша

28-балабақша

55-балабақша

59-балабақша

63-балабақша

67-балабақша

69-балабақша


7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуын, олардың дене бітімінің, адамгершілік тәрбиесінің және ақыл-ой дамуының дұрыс болуын қамтамасыз ету. Баланың ақыл-ой мүмкіндігін, сөзін, еркіндігін, мінезін дамыту жолымен тұлғасын қалыптастыру. Балаларды даралануға дағдылан-дыру, еңбекке үйрету, гигиеналық дағдыларды қалыптастыру, ұйымшылдық-қа, тәртіпке тәрбиелеу. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды мектепке даярлау баланың мектепте табысты білім алуына мүмкіндік береді.
____________________

Астана қаласы әкімдігінің

2007 жылғы ___ желтоқсандағы

_________ қаулысымен

бекітілген
4-қосымша

123- «Астана қаласы “Алматы”

ауданы әкімнің аппараты»


мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарламаланың әкімшісі


2008 жылға арналған

008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» деген

жергілікті бюджеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

(бюджеттік бағдарламаның атауы)



  1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 198 399 000 (жүз тоқсан сегіз миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың) теңге.




  1. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (52, 74-баптар); «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (35-бап); «Астана қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 24/6-ІV шешімі.



  1. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: жергілікті бюджет қаражаты.




  1. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өмір сүру ортасына қолайлы жағдай жасау, астаналық деңгейді халықаралық талаптарға жеткізу .

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары:




Бағдарламаның

коды

Кіші бағдарла-маның

коды

Бағдарламаның (кіші бағдарла маның)

атауы

Бағдарламаны (кіші бағдарламаны)

іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.

008

000

Елді мекендерді көшелерін жарықтандыру

  1. Көшелерді жарықтандыру,

орам ішін жарықтандыру, саябақтарды жарықтандыру, бойынша ағымдағы ұстау;

«Астана-жаңа қала» АЭА аумағында қызмет көрсету;

АБС-ке қызмет көрсету және жабдықтауды жөндеу;

электроэнергияны пайдалану;

электроэнергиямен аландарды жабдықтау;

  1. Электлі кабельді желісін жөндеу;

  2. Сәнді жарық шамдарын ағымдағы ұстау бойынша

қызметтер мен жұмыстарды сатып алу.


Жыл бойы

Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты


7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін индикаторлар және нәтижелер: қауіпсіз қозғалыс және қылмыстың деңгейін төмендету үшін қолайлы жағдай жасау.

Ағымдағы ұстау бойынша көшелерді жарықтандыру – 4000 дана; квартал ішін жарықтандыру – 70 дана; бақтарды жарықтандыру – 16000 дана; «Астана-жаңа қала» АЭА аумағында қызмет көрсету көлемі – 1200 шаршы метр; 30 АБС-ке қызмет көрсету және жабдықтауды жөндеу; 3374,2 кВт электрэнергияны пайдалану; электроэнергиямен аландарды жабдықтау – 900 метр; электрлі кабельді желісін жөндеу – 4470 метр; 3150 дана, 5430 қума метр сәнді жарық шамдарын ағымдағы ұстау.

____________________________

Астана қаласы әкімдігінің

2007 жылғы ___ желтоқсандағы

____________ қаулысымен

бекітілген
5-қосымша

123- «Астана қаласы “Алматы”

ауданы әкімінің аппараты»


мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі


2008 жылға арналған

009 «Елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету» деген

жергілікті бюждеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ


(бюджеттік бағдарламаның атауы)


  1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 1 293 994 000 (бір миллиард екі жүз тоқсан үш миллион тоғыз жүз тоқсан төрт мың) теңге.


2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (52,74-баптар); «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (35-бап); «Астана қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық күту, жинау және тазалықты қамтамасыз ету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешімі; «Астана қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 24/6 - ІV шешімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: жергілікті бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаланың қолайлы әлеуметтік-экологиялық ахуалын жақсарту арқылы астананың дәрежесін көтеру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары дәрежеде қала аумақтарына сапалы және уақтылы қызмет көрсетуді барынша қамту, қаланың санитарлық жағдайының нормалар мен тәртібін сақтауға жөніндегі бақылауды күшейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары:


р/с



Бағдар-

лама

коды

Кіші бағдарла-

маның

коды

Бағдарламаның (кіші бағдарла

маның) атауы

Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауап-ты орындаушылар

1.

009

000

Елді мекендердің тазалығын қамта-масыз ету

Төмендегі жұмыстар мен қызметтерді сатып алу:

1)көшелерді механика-ландырылған түрде жинау;

2) көшелерді қолмен жинау;

3) бақтар мен саябақтарды тазалау;

4) нөсерлі арықтарды іске қосу;

5) су тасқынына қарсы іс-шаралар;

6) орам ішіндегі аумақты тазалау;

7) қазбалы шұңқырлардан былғаныштарды сорып алу, қазбалы шұңқырларды жөндеу және қайта жабдықтау;

8) қоқыс алаңдарын жөндеу және орнату;

9) шет аймақтарды күту және рұқсатсыз тасталған қоқыстарды жою;

10) қоқсыққа арналған контейнер, урна сатып алу және орнату;

11) мосттарды ағымдағы үстау.


Жыл бойы

Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты


7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін индикаторлар және нәтижелер: механикаландырылған және қолмен тазалау тәсілдерімен аяқ жолдарын тазалау, қолмен жол жиектеріндегі қарды тазалау, көше және аяқ жолдарына тайғақтыққа қарсы материалдарды төсеу, контейнер алаңдарын орнату, қоқыс контейнерлерін дайындау және ауыстыру.

Көшелерді механика-ландырылған түрде жинау – 132682.3 м/сағ, көшелерді қолмен жинау – 25477636 шаршы метр, бақтар мен саябақтарды тазалау – 7599075 шаршы метр, нөсерлі арықтарды іске қосу – 5492 м/сағ, су тасқынына қарсы іс-шаралар – 9520 м/сағ, орам ішіндегі аумақты тазалау – 10942717,8 шаршы метр, қазбалы шұңқырлардан былғаныштарды сорып алу, қазбалы шұңқырларды жөндеу және қайта жабдықтау – 8659,3 м/сағ, 180 қоқыс алаңдарын жөндеу және орнату, шет аймақтарды күту және рұқсатсыз тасталған қоқыстарды жою – 16963 м/сағ, қоқсыққа арналған 500 контейнер және 500 урна сатып алу және орнату, мосттарды ағымдағы үстау -141290 шаршы метр.


__________________________

Астана қаласы әкімдігінің

2007 жылғы ___ желтоқсандағы

__________ қаулысымен

бекітілген
6-қосымша

123- «Астана қаласы “Алматы”

ауданы әкімінің аппараты»


мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі


2008 жылға арналған

011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» деген

жергілікті бюждеттік бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

(бюджеттік бағдарламаның атауы)

1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 2 360 496 000 (екі миллиард үш жүз алпыс миллион төрт жүз тоқсан алты мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (52,74-баптар), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (35-бап); «Астана қаласындағы жасыл желектерді қорғау тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешімі; «Астана қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 24/6-ІV шешімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: жергілікті бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, қолайлы өмір сүру ортасын құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қаланы көгалдандыру, қаланың жасыл екпелерін қорғау және зиянкестердің алдын алу жұмыстарын жүргізу, жасыл екпелерін оңтайлы суаруды қамтамасыз ету, қаланың сыртқы келбетін жақсарту жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:


р/с



Бағдар-

лама

коды

Кіші бағдар-ла-маның

коды

Бағдарлама-ның (кіші бағдарла-

маның)

атауы

Бағдарламаны (кіші бағдарламаны)

іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауап-ты орындаушылар

1.

011

000

Елді мекен-дерді абаттан-дыру мен көгалдандыру

Мынадай жұмыстар мен қызметтерді сатып алу:

1) сахналар мен мінбелерді және киіз үйлерді орналастыру;

2) қоршауларды және аялдама кешендерін жөндеу және күту;

3) фонтандарды күту, жөндеу және косервация;

4) сәнді жарықтандыруды әсемдеу;

5) абаттандыру элементтерінің жөндеуі;

6) қаланы шағын сәулеттік нысаналармен әсемдеу;

7) қаланы ресми сапарға және мерекелерге әзірлеу;

8) консервациядағы материалдарды күту және сақтау;

9) ғимараттардың сыртқы келбеттерін жөндеу;

10) «Мәңгілік от» шоғын ағымды ұстау;

кешкенді күту;

11) қамыстарды және арам шөптерді шабу;

12) өзен суын тазарту;

13) Ақбұлақ өзенінде мұз айдынын құру;

14) тұрғын орамдар мен шағын аудандарды абаттандыру;

15) мемлекеттік мейрамдарға қатысты емес іс-шараларды өткізу;

16) жасыл желектерді ағымдағы ұстау;

ағаштарды ұстау бойынша күту жұмыстары шағынгүлбақтарды, гүлзарларды ағымда ұстау, теректерді күту, бұталарды күту;

17) жол бойындағы егілген ағаштарды күту жұмысы;

18) «Көк белдеуді» күту жұмыстары;

19) «Байтерек» аланын жөндеу;

20) ауданды Жана жыл мерекесіне дайындау;

21) ақпараттық аншлагтарды құру және орнату.



Жыл бойы

Астана қаласы “Алматы” ауданы әкімінің аппараты


7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін индикаторлар және нәтижелер: Алматы” ауданының тазалығын және тәртібін қамтамасыз ету, жасыл желектерді қорғау және емдеу, ауданның сыртқы келбетін және астананың экологиялық жағдайын жақсарту.

Сахналар мен мінбелерді және киіз үйлерді орналастыру – 5 дана, қоршауларды және аялдамакешендерін жөндеу және күту – 3619,2 шаршы метр, фонтандарды күту, жөндеу және косервация – 8 кешен, сәнді жарықтандырумен ресімдеу – 490 дана, абаттандыру элементтерінің жөндеуі – 2922,86 шаршы метр, қаланы шағын сәулеттік нысаналармен әсемдеу – 12 дана, қаланы 10 мереке мен 24 ресми сапарға әзірлеу, консервациядағы материалдарды күту және сақтау – 1 дана, 14 ғимараттардың сыртқы келбеттерін жөндеу, «Мәңгілік от» шоғын ағымды күту, газды тұтыну – 18000 келі, қамыстарды және арам шөптерді шабу- 2774057,5 шаршы метр, өзен суын тазарту – 6811182,6 шаршы метр, Ақбұлақ өзенінде 1 мұз айдынын орнату, 44 тұрғын орамдар мен шағын аудандарды абаттандыру, 18 мемлекеттік мейрамдарға қатысты емес шараларды өткізу, жасыл желектерді ағымдағы ұстау: ағаштарды отырғызу – 2963 дана, теректерді және бұталарды күту – 213165 дана, газондарды құру, жөндеу және отырғызу – 75600 шаршы метр, газондарды күту – 182,75 га, гүлзарларды отырғызу, сәнді гүлді фигураларды орнату, күту жұмыстары – 84567 шаршы метр, жол бойында егілген ағаштарды күту жұмыстары – 11287 дана, «Көк белдеуді» күту жұмыстары – 18000 га, «Байтерек» аланын жөндеу – 4017,78 шаршы метр, ауданды Жана жыл 1 мерекесіне дайындау, ақпараттық аншлагтарды құру және орнату – 2304 дана.

________________________


Похожие:

Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы iconКодексінің 62 бабына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»
Солтустік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Рузаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014...
Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы iconКачир ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Занының 31-бабына, Қазақстан Республи- касы Президентінің...
Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы icon2010-2014 жылдарға арналған “Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің...
Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы icon«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары
«Бейнеу аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аудан әкімі аппараты)
Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы icon«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты»
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің комиссиясы және көкжиегі
Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы icon2011-2015 жылдарға арналған Успен ауданының «Богатырь ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық даму жоспары
«Богатырь ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы- ауылдық округ тұрғындарының заңды қызығушылықтары және құқықтарын...
Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы icon«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көкжиегі
Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы icon2005 жылғы «15» қарашадағы №22/20 қаулысына
«Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің 2005 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» 2005 жылғы...
Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы icon«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты»
...
Әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Разинский селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Красная Шемонаиха а
Разинский селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница