Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы




НазваниеЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
страница7/7
Дата конвертации25.11.2012
Размер0.76 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7

52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) объектілерге жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;

2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;

3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;

4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтата тұруға немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгiзуге;

5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;

6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) су тарту құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау және су тұтыну шарттарын уәкілетті органмен келісу нысанына тексеруді жүзеге асыруға;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды

7-2) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;

8) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн сот шешiм қабылдағанға дейiн сақтау үшiн алып қоюға;

9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қоюға;

10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешiм шығарғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алып қоюға;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтік атыс қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;

2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;

3) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт талаптарының орындалуына;

4) жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртiбiнiң, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуына;

5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;

6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) уәкілетті орган белгілеген жануарларды интродукциялауды, будандастыру мен жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына;

8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердiң сақталуына;

9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 53-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актiлерi

1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары талаптарының бұзылуының белгiлi болуына байланысты мемлекеттiк бақылау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай актiлер:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен   1-1) тармақшамен  толықтырылды  

1-1) тексеру актісі;

2) мынадай:

жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы;

жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге тыйым салу немесе көрсетiлген мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, оны тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға немесе сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады;

3) мынадай:

жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған аулау құралдарын және заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерi мен олардың өнiмдерiн сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алу туралы қаулы шығарады.

2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 54-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

54-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға тиiс.

55-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау

1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiн қадағалайтын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелердің қызметкерлерiнен құралады.

2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:

1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру;

2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;

3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткiзу;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;

5) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, заңсыз аң аулау мен балық аулаудан алынған өнiмдi, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың бұдан әрi тиесiлi болуы туралы мәселенi шешу;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) кию және атыс қаруын алып жүру құқығы берiледi.

3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау:

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге;

2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзу фактiлерi бойынша ақпаратты, талап қою мен өзге де материалдарды уәкiлеттi және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге мiндеттi.

4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.

6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ережемен айқындалады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

56-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау

1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау - бекітіп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі.

2. Қорықшылардың:

1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейіннен оларды жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға, уәкілетті органға не сотқа міндетті түрде беру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;

2) қорықшы қызметінің айырым белгілері бар арнаулы киімін киюге, атыс қаруын алып жүруге құқығы бар.

3. Қорықшылар бекітіп берілген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

 

57-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады.

11-тарау. Қорытынды ережелер

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

59-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы дауларды шешу

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

60-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

2. Мыналардың:

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы Қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 440-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.Ә. Назарбаев





 
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы icon2012 жылғы 2 наурыз №16-02/88 Астана қаласы Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы»
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес...
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы iconЖануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес...
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы iconЖануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға 2007 жылға арналған лимиттердi бекiту туралы
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан...
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы iconЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы n 3300 Заңы. Күші жойылды Қазақстан Республикасының 2004. 07. 09. N 593 Заңымен
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы iconЖануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының...
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы iconЖануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының...
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы iconЖануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесiн бекіту туралы
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының...
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы iconЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
«су айдындарында және (немесе) учаскелерінде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің»,...
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы iconНысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды тұлғаларының
Сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы iconКонкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница