Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру




Скачать 43.35 Kb.
НазваниеSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру
Дата конвертации13.05.2013
Размер43.35 Kb.
ТипДокументы


(SIC) ТТК (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12
АРНАУЛЫ МАҚСАТТАҒЫ ҰЙЫМДАРДЫ ШОҒЫРЛАНДЫРУ


СІЛТЕМЕЛЕР





  • IAS 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер мен қателіктер

  • IAS 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар

  • IAS 27 Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі

  • IAS 32 Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну

  • IFRS 2 Акциялар негізіндегі төлемдер

МӘСЕЛЕЛЕР
1. Ұйым тар және нақты айқындалған мақсатқа қол жеткізу (мысалы, жалға беру, зерттеу жұмыстарын жүргізу, бір нәрсе жасап шығару (кітап, құрал т.б.) немесе қаржы активтерін қауіпсіздендіру) үшін құрылуы мүмкін. Арнаулы мақсаттағы осындай ұйым («АМҰ») корпорация, сенімгерлік қор, серіктестік немесе инкорпорациялық емес ұйым түрінде қалыптасуы мүмкін. АМҰ негізінен басшы органының, сенімгерлік басқарушының немесе басшылықтың АМҰ бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі уәкілеттіктеріне қатаң, кейде тұрақты шектеулер қоятын заңдық шарттармен құрылады. Мұндай шарт негізінде құрылған ұйымдарда АМҰ-ның қызмет жасау барысына басшылық жасау саясаты өзгертілмейді. Оны тек сол ұйымның құрылтайшысы немесе демеушісі ғана өзгерте алады (яғни, олар «автопилот» тәртібінде жұмыс істейді).
2. Демеуші (немесе компания атынан құрылған АМҰ) активтерді АМҰ-ға жиі аударады, АМҰ ұстайтын активтерді пайдалану құқығына ие болады, немесе басқа тараптар («капитал беруші») АМҰ-ның қаржыландырылуын қамтамасыздандырса, демеуші АМҰ-на қызмет көрсетеді. АМҰ-мен бірлікте жұмыс жасайтын компания (көбінесе құрылтайшы немесе демеуші) іс жүзінде АМҰ-ды қадағалай алады.
3. АМҰ-ның бенефициарлық қатысуы, мысалы, қарыз құралы, үлестік құрал, дивидендтерге қатысу құқығы, қатысудың немесе жалгерліктің қалдық үлесі түрінде болуы мүмкін. Бенефициарлық қатысудың кейбір түрлері иегерге АМҰ қызметінен басқа да болашақ экономикалық тиімділік пен құқықтар беріп жатса, кейбіреулері тек тіркелген немесе мәлімделген нормасына сай пайданы беруі мүмкін. Көп жағдайларда құрылтайшы немесе демеуші (немесе АМҰ атынан құрылған компания), АМҰ капиталы аз немесе тіпті болмаған жағдайда да АМҰ қызметінде елеулі бенефициарлық қатысуын сақтап қалады.
4. 27 (IAS) ХҚЕС талабы есеп беруші компаниялармен бақыланатын компанияның шоғырландыруын талап етеді. Алайда, стандартта АМҰ есептілігін шоғырландыру жөнінде айқын нұсқаулар берілмеген.
5. Мәселе компания қандай жағдайда АМҰ-ды шоғырландыруы қажет екендігінде жатыр.
6. Бұл Түсіндірме 19 (IAS) ХҚЕС талабына сәйкес қолданылатын еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақы беру жоспарына немесе басқа ұзақ мерзімді қызметкерлерді жәрдемақымен қамтамасыз ету жоспары негізінде қолданылмайды.
7. Ұйымның активтерді АМҰ-ға беруін сату санатына жатқызуға болады. Беру сату ретінде есептелгеннің өзінде 27 (IAS) ХҚЕС талабы мен осы Түсіндірме бойынша ұйым АМҰ-ын шоғырландыруы қажет дегенді білдіреді. Осы Түсіндірмеде ұйым үшін сатуды есепке алу тәртібі қолданылуға тиісті немесе осындай сатудың салдарын есептілікті шоғырландыру кезінде алып тастауға тиісті жағдайлар қарастырылмаған.
КОНСЕНСУС
8. АМҰ-ын шоғырландырылған есептілікке ұйым мен АМҰ арасындағы қатынастар мәні АМҰ-ды сол ұйымның бақылайтындығын көрсететін жағдайда қосу керек.
9. АМҰ тұрғысынан, бақылау АМҰ қызметінің алдын-ала белгіленуі («автопилоттағы операциялар») арқылы пайда болуы мүмкін. 27.13 (IAS) ХҚЕС-ында бақылауға, тіпті ұйым басқа ұйымдағы дауыстардың жартысына немесе одан азына ие болған жағдайдың өзінде бақылауға әкелетін бірнеше жағдайлар көрсетілген. Сол сияқты, бақылау тіпті ұйым АМҰ-ның капиталының азынаулақ үлесі немесе ешқандай үлесіне ие болмаған жағдайда да жүзеге асуы мүмкін. Бақылау тұжырымдамасын қолдану, әрбір жағдайда, іске қатысы бар факторлар кәсіби тұрғыдан пайымдалып, орын алған жағдайда қолдануды талап етеді.
10. 27.13 (IAS) ХҚЕС-ында сипатталған жағдайларға қосымша мына жағдайлар, мысалы, ұйым АМҰ-ды бақылайтын, демек, АМҰ-ды біріктірілген есептілікке қосуға тиісті өзара қатынастарды көрсетуі мүмкін (қосымша нұсқау осы Түсіндірменің Қосымшасында берілген):

(а) іс жүзінде, АМҰ қызметтері ұйым атынан оның ерекше іскерлік мұқтаждықтарына сәйкес, ұйым АМҰ операцияларынан пайда түсіретіндей жүзеге асырылады;

(b) іс жүзінде, ұйымның АМҰ қызметінен пайданың көбін алу үшін шешімдер қабылдау уәкілеттіктері бар, немесе «автопилот» механизмін орнату жолымен ұйым шешім қабылдау жөніндегі уәкілеттік құқығына қол жеткізген;

(с) іс жүзінде, ұйымда АМҰ пайдасының көпшілігін алу құқығы бар, сондықтан АМҰ қызметіне тән тәуекелдерге тап болуы мүмкін; немесе

(d) іс жүзінде, ұйым АМҰ-мен немесе оның активтерімен байланысты қалдық тәуекелдердің немесе иелену тәуекелдерінің көпшілігін оның қызметінен пайда алу үшін сақтайды.
11. [жойылған]
КОНСЕНСУС КҮНІ

1998 жылдың маусым айы.

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ

Бұл түсіндірме 1999 жылдың 1 шілде айында күшіне енеді; мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Есеп саясатындағы өзгерістер 8 (IAS) ХҚЕС-ында баяндалған талаптарға сәйкес есепке алынуы тиіс.

Ұйым 6 тармақтағы түзетулерді 2005 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолданылуы тиіс. Егер ұйым 2 ХҚЕС-ын аталған уақыттан ертерек мерзім ішінде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде берілген есептіліктерде қолданылуы тиіс.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-ына авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.




Похожие:

Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер
Ондай шарттар көбінесе амк-ның ағымдағы қызметіне басшылық жасау саясатын оның құрылтайшысынан немесе демеушісінен басқа ешкімнің...
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 31
Жарнамалық хабарландыруларды Интернетте немесе жарнама жапсырылатын жерлерде орналастыруға, радио немесе теледидар арқылы хабарлау,...
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 31
Жарнамалық хабарландыруларды Интернетте немесе жарнама жапсырылатын жерлерде орналастыруға, радио немесе теледидар арқылы хабарлау,...
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 31 табыс- жарнамалық Қызметті қамтитын айырбас опреациялары
Жарнамалық хабарландыруларды Интернетте немесе жарнама жапсырылатын жерлерде орналастыруға, радио немесе теледидар арқылы хабарлау,...
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 12
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 15
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру iconОрнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру iconҚондырылған туынды құралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница