Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер




Скачать 38.67 Kb.
НазваниеSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер
Дата конвертации13.05.2013
Размер38.67 Kb.
ТипДокументы


(SIC) ТТК (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12
Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар

Сілтемелер


  • IAS 8 Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер

  • IAS 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар

  • IAS 27 Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі

  • IAS 32 Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру

  • IFRS 2 Акциялар негізіндегі төлемдер

Мәселелер
1 Кәсіпорын тар өрісті және айқын белгіленген мақсатты орындау үшін (мысалы, жалгерлікті, зерттеулер мен талдамалар жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін немесе қаржы активтерін секьюритизациялау үшін) құрылуы мүмкін. Арнаулы мақсаттағы осындай кәсіпорын («АМК») корпорация, сенімгерлік қор, серіктестік немесе инкорпорациялық емес кәсіпорын түрінде болуы мџмкін. АМК өзінің басшы органының, сенімгерлік басқарушының немесе басшылықтың АМК жөнінде шешімдер қабылдау жөніндегі уәкілеттіктеріне қатаң және, кейде тұрақты шектеулер қоятын заңдық шарттармен жиі құрылады. Ондай шарттар көбінесе АМК-ның ағымдағы қызметіне басшылық жасау саясатын оның құрылтайшысынан немесе демеушісінен басқа ешкімнің өзгерте алмауын көздейді (яғни олар «автопилот» деп аталатын жолмен жұмыс істейді).
2 Демеуші (немесе АМК өз атынан құрылған кәсіпорын) активтерді АМК-на жиі аударады, АМК ұстайтын активтерді пайдалану құқығына ие болады, немесе АМК-на қызметтер көрсетеді, ал басқа тараптар («капитал беруші») АМК-ның қаржыландырылуын қамтамасыз ете алады. АМК-мен операциялар жасайтын кәсіпорын (көбінесе құрылтайшы немесе демеуші) іс жүзінде АМК-ын басқара алады.
3 АМК-на бенефициарлық қатысу, мысалы, қарыз құралы, үлестік құрал, дивидендтерге қатысу құқығы, қатысудың немесе жалгерліктің қалдық үлесі түрінде болуы мүмкін. Бенефициарлық қатысудың кейбір түрлері иегерге тіркелген немесе мәлімделген пайда нормасын беруі мүмкін, ал басқалары иегерге АМК қызметінен басқа болашақ экономикалық тиімділіктерге құқықтар береді немесе жол ашады. Көпшілік жағдайларда құрылтайшы немесе демеуші (немесе АМК өз атынан құрылѓан кәсіпорын), тіпті АМК-ныњ меншікті капиталында азынаулақ бар болса да немесе капиталы болмаса да, АМК қызметіне елеулі бенефициарлық қатысуды сақтайды.
4 27 (IAS) ХҚЕС есеп беруші кәсіпорын бақылайтын кәсіпорындардың есептілігін шоғырландыруды талап етеді. Алайда стандартта АМК есептілігін шоғырландыру жөнінде айқын нұсқаулар берілмеген.
5 Мәселе–кәсіпорынның АМК-ын өзінің шоғырландырылған есептілігіне қандай жағдайларда қосуға тиіс.
6 Осы Түсіндірме 19-(IAS) ХҚЕС-қолданылатын еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақылар жоспарларына немесе басқа ұзақ мерзімді қызметкерлерді жәрдемақылармен қамтамасыз ету жоспарларына қолданылмайды.
7 Кәсіпорынның активтерді АМК-ға беруін сату ретінде жіктеуге болады. Беру сату ретінде жіктелгенніњ өзінде 27-(IAS) ХҚЕС пен осы түсіндірме ережелері кәсіпорынның АМК-ын шоғырландырылған есептілікке қосуға тиіс екенін білдіруі мүмкін. Осы түсіндірмеде кәсіпорын үшін сатуды есепке алу тәртібі қолданылуға тиісті немесе ондай сатудың салдарлары есептілікті шоғырландыру кезінде алып тасталуға тиісті жағдайлар қаралмаған.
Консенсус
8 АМК-ын шоғырландырылған есептілікке кәсіпорын мен АМК арасындағы қатынастар мәні АМК-ды сол кәсіпорынның бақылайтынын көрсететін жағдайда қосу керек.

9 АМК тұрғысынан, бақылау АМК қызметінің алдын-ала белгіленуі («автопилоттағы операциялар») арқылы пайда болуы мүмкін. 27.13-(IAS) ХҚЕС-да бақылауға, тіпті кәсіпорын басқа кәсіпорындағы дауыстардың жартысына немесе одан азына ие болатын кездердің өзінде, жеткізетін бірнеше жағдайлар көрсетілген. Сол сияқты, бақылау тіпті кәсіпорын АМК-ның өз капиталының азынаулақ үлесіне ие болатын немесе ешқандай үлеске ие болмайтын жағдайлардың өзінде болуы мүмкін. Бақылау тұжырымдамасының қолданылуы, әрбір жағдайда, іске қатысы бар барлық факторлар тұрғысынан пайымдауды талап етеді.

10 27.13-(IAS) ХҚЕС-да сипатталған жағдайларға қосымша мына жағдайлар, мысалы, кәсіпорын АМК-ды бақылайтын, демек, АМК-ды біріктірілген есептілікке қосуға тиісті өзара қатынастарды көрсетуі мүмкін (қосымша басшылық осы түсіндірмеге Қосымшада берілген):

(а) іс жүзінде, АМК қызметтері кәсіпорын атынан оның ерекше іскерлік мұқтаждықтарына сәйкес, кәсіпорын АМК операцияларынан пайда алатындай етіп жүзеге асырылады;

(b) іс жүзінде кәсіпорында АМК қызметінен пайданың көпшілігін алу үшін шешімдер қабылдау уәкілеттіктері бар, не «автопилот» механизмін орнату жолымен кәсіпорын шешімдер қабылдау жөніндегі ол уәкілеттіктерді табыстаған;

(с) іс жүзінде кђәіпорында АМК пайдасының көпшілігін алу құқығы бар, сондықтан АМК қызметіне тән тәуекелдерге тап болуы мүмкін; немесе

(d) іс жүзінде кәсіпорын АМК-мен немесе оның активтерімен байланысты қалдық тәуекелдердің немесе иелену тәуекелдерінің көпшілігін оның қызметінен пайда алу үшін сақтайды.

11 [жойылған]
Консенсус күні
1998 жылдың маусым айы
Күшіне ену күні

Осы түсіндірме 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді; мерзімінен бұрын қолдану құпталады.Есеп саясатындағы өзгерістер 8 (IAS) ХҚЕС-да баяндалған талаптарға сәйкес есепке алынуы тиіс.

Кәсіпорын 6 тармақтағы түзетулерді 2005 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Егер кәсіпорын 2 ( IFRS) ХҚЕС-ын ертерек мерзім ішінде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.


Похожие:

Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 арнаулы мақсаттағЫ Ұйымдарды шоғырландыру
Мұндай шарт негізінде құрылған ұйымдарда амұ-ның қызмет жасау барысына басшылық жасау саясаты өзгертілмейді. Оны тек сол ұйымның...
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 31
Жарнамалық хабарландыруларды Интернетте немесе жарнама жапсырылатын жерлерде орналастыруға, радио немесе теледидар арқылы хабарлау,...
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 31
Жарнамалық хабарландыруларды Интернетте немесе жарнама жапсырылатын жерлерде орналастыруға, радио немесе теледидар арқылы хабарлау,...
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 31 табыс- жарнамалық Қызметті қамтитын айырбас опреациялары
Жарнамалық хабарландыруларды Интернетте немесе жарнама жапсырылатын жерлерде орналастыруға, радио немесе теледидар арқылы хабарлау,...
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 12
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 15
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер iconОрнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Sic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер iconҚондырылған туынды құралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница