Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы




Скачать 96.79 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы
Дата конвертации14.05.2013
Размер96.79 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 8 қыркүйек №02-02-18/175 Астана қаласы
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын қорғау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 15-бабына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын қорғау қағидалары бекітілсін.

2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү.Қамзебаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.

3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Т.Әбілова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 5 қарашадағы № 297 «Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4010 болып тіркелген, 2005 жылдың 17 қаңтарында № 5 (811) «Заң газеті» газетінде жария етілген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

5. Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов) осы бұйрықты ведомстволық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Е. Омаровқа жүктелсін.

7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің

міндетін атқарушы Ә.ПІРМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 8 қыркүйек № 02-02-18/175 бұйрығымен бекітілді
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрi – Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезiнде Қазақстан Республикасы аумағында орындалуға мiндеттi қатысушылар мен көрермендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi шараларын көздейдi.

2. Осы Қағида Қазақстан Республикасы аумағында спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізуді дайындауға және өткiзуге тiкелей қатысатын мына мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады:

1) iшкi iстер, денсаулық сақтау және мемлекеттiк өрт қауiпсiздiгi органдары;

2) жоспар бойынша спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткiзетiн жергілікті атқару органдары;

3) дене шынықтыру және спорт сабақтары (бұдан әрі – сабақтар), спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтетін спорт ғимараттарының ұйымдары (бұдан әрі – ұйым).

3. Жүйелі түрде, бапкердің (нұсқаушының) басшылығымен өтетін дене шынықтыру және спорт сабақтары тек ғана дәрігердің қарауы мен дене шынықтыру және спорт сабақтары, спорттық жарыстар және спорттық- бұқаралық іс-шараларға қатысуға рұқсатынан кейін ғана өткізіледі.

Жарыстың бас дәрігері, ғимараттың медициналық қызметі, команда дәрігері спортшыларға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына және қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төнген барлық жағдайда жарыстарды және спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізуді болдырмайды.

2. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

4. Дене шынықтыру және спорт сабақтары адамның физикалық және интелектуалды дамуына бағытталған іс-шаралар мен жаттығулар кешені болыып табылады.

5. Жаттығулар:

1) мемлекеттік комиссияның актісіне сәйкес пайдалануға қабылдап алынған спорт объектілерінде;

2) оқу-жаттығу сабақтары өтетін орындар санитарлық нормаларға сәйкес болса;

3) спортшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын ауа-райы жағдайында;

4) санитарлық және өртке қарсы қызметтің рұқсаты болғанда уақытша және соған бейімделген спорт ғимараттарында өтеді.

6. Сабақтарды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру және спорт қызметкерлері:

1) сабақтар өтетін орындарды қарайды;

2) тиісті спорт түрлерінен қабылданған техника қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігін қадағалай отырып, жабдықтар мен мүкәммалдардың дұрыстығын тексереді.

7. Спорт ғимаратында техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қажетті жабдықтар, мүкәммалдар немесе жағдайлар болмаса оқу-жаттығу сабақтарын өткізетін ұйымға бұл жайында меншiгiнде спорт ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар дене шынықтыру және спорт сабақтары өткізу алдында бір ай ішінде ескертілуі қажет.

8. Спорт ғимаратында кез келген электр аппаратураларын және электрондық жабдықтарды орнату, қолдану ұйым тағайындаған электрик маманның қатысуымен атқарылады.

9. Ұйым:

1) іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды әзірлейді;

2) дене шынықтыру және спорт қызметкерлеріне тиісінше нұсқау береді.
3. Спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезiнде кауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
10. Спорттық жарыстарға спортшылар спорттық жетістіктерге қол жеткізу үшін, жастыстарды өткізу регламентіне сәйкес қатысады.

Спорттық-бұқаралық іс-шараларда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қатысады.

 11. Спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу регламентін ұйымдастырушы (ұйымдастырушылары) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2010 жылғы 18 қазандағы № 01-01-07/146 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6617 тіркелген Спорт түрлерінен жарыстардың ережесіне сәйкес бекітеді.

12. Спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауiпсiздігін қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік құрылымдық бірліктің әкімі орынбасарының төрағалық етуімен спорттық жарыстар және бұқаралық-спорттық iс-шараларды дайындау және өткізу жөнiндегi ұйымдастыру комитеті (бұдан әрi – ұйымдастыру комитеті) құрылады. Бұл ұйымдастыру комитетінің құрамына мемлекеттiк органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өкiлдерi кiредi.

Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар спорттық жарыстар және бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қатысушылар мен көрермендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды комиссияның қарауына енгiзедi.

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері спорттық-бұқаралық iс-шараларға қатысушылардың және көрермендер қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге әсер ететін, спорттық жарысты және спорттық бұқаралық iс-шараны өткiзуге кемінде 4 сағат қалғанда объектiнi оперативтiк-техникалық қадағалауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда анықталған кемшiлiктердi жою шараларын қабылдайды. Спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзудi, қоғамдық тәртiп пен көрермендер мен қатысушылар қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi қиындататын жағдай анықталған кезде, ұйымдастыру комитеті аталған спорттық жарысты және спорттық – бұқаралық іс – шараны өткiзуге тыйым салу немесе оны көрермендерсiз өткiзу туралы ұсыныс енгiзедi.

13. Спорттық жарыстар немесе спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу мен оған дайындық кезiнде барлық қатысушы ұйымдардың қызмет көрсетушi адамдары мен техникалық құралдарының қажеттi саны iске қосылады.

14. Спорттық жарыстар немесе спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде спорттық ғимараттарда алкогольді iшiмдiктер және шыны ыдыстардағы сусындар сатуға тыйым салынады.
4. Спорттық-бұқаралық iс-шараларды дайындауға және оны өткiзуге тiкелей қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар
15. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шараларды өткізу алдында он жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдарға жазбаша түрде көрермендердің болжамдық саны туралы хабарлайды, ұйымдастыру комитетінің құрамын келіседі және бекітеді, жұмыс регламенті, рәсімдеу мәселелері мен мезгілдерді туралы, бір күн бұрын сатылған билеттердің, берілген рұқсатнамалардың саны туралы, соның ішінде автокөліктерге, сондай-ақ ішкі істер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнайы техникалары үшін автокөлік құралдарын қою орны туралы ақпарат береді.

16. Спорттық - бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар:

1) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, кешенді спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу үшін спорттық-техникалық талаптарды, бағдарламаны, регламенттi, басқа да арнайы талаптарды көрсете отырып, спорт түрлерінен жарыстар қағидасын, кешендi бұқаралық-спорттық iс-шараларды – 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын ұсынады;

2) спорттық-бұқаралық iс-шараларға қатысушыларды, төрешiлердi, көмекшi қызметкерлердi (олардың ғимаратта техника қауiпсiздiгi және iшкi тәртiп ережелерiн бiлуi және сақтауы) дайындауды;

3) спорт түрлерi бойынша жарыстарды өткiзу қағидаларын орындауды, көмекшi қызметкерлердiң өз функционалдық мiндеттерiн атқаруын;

4) спорттық-бұқаралық iс-шараларға қатысушылардың уақытылы келуiн қамтамасыз етедi.

17. Спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн спорттық ғимараттардың ұйымдары:

1) объектiлердегi инженерлiк жүйелер мен хабарлау жүйелерiнiң, iшкi және сыртқы өртке қарсы су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының сенiмдiлiгiн, бұқаралық-спорттық iс-шараны өткiзу кезiнде iлiнбелi құлыпты қолданбауды, жеңiл ашылып шығу-кiрудi (есiктердi, қақпаларды) қамтамасыз ете отырып, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетушi адамдардың болуын, олардың қызметтiк нұсқаулықтарына сәйкес iс-қимылын бақылауды;

2) спорттық-бұқаралық iс-шараларға қатысушыларды орналастыру үшiн орындарды, қоғамдық тәртiптi сақтау қызметiн, қызметшiлердi, көпшiлiк қолданатын орындарды, үй-жайлардың арена мен аумақтың санитарлық-гигиеналық тәртiбiн, өрт сөндiру құралдарының дайындығын;

3) өрт техникасының спорттық ғимараттарға еркiн кiруін және жақындауын;

4) спорт ғимараттарында (көрнекi жерлерде) қауiпсiздiк белгiлерiн, көрсеткiштердi, көрермендер тәртiбi ережелерi мен плакаттар, өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын iлудi;

5) спорттық-техникалық құрал-жабдықтардың жарысты өткiзу ережелерiне сәйкес келуiн, олардың функционалдық және табельдiк белгiсiнiң жарамдылығын;

6) көрермендер мен қатысушыларды iс-шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан эвакуациялау тәртiбiн функционалдық және табельдiк белгiсiмен көрсету;

7) бұқаралық-спорттық iс-шараларға билеттер таратуды;

8) бақылау-өткiзу тәртiбiмен қатысушылар және көрермендердi ареналар мен трибуналарға билеттер мен рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру;

9) қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету орындарымен бiрлесе отырып, сондай-ақ көлiк қозғалысы мен тұрақты, киiм шешу, сақтау бөлмелерiмен қамтамасыз етедi;

16. Орны, трибуналары және секторлары көрсетiлмеген кiру билеттерiн сатуға және өту қағаздарын беруге, сонымен бiрге билеттерді көрсетiлген нормадан асырып таратуға рұқсат етiлмейдi.

17. Ішкi iстер органдары:

1) спорттық-бұқаралық iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтауды қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен қажеттi күштердiң болуын, бұқаралық-спорттық іс-шараларын өткiзу күнi көрермендердiң болжамалы саны мен нақты жағдайы туралы ақпараттан кейiн қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шараларды қабылдауды;

2) билеттердi сату кезiнде касса маңында және спорттық ғимараттар аумағында қоғамдық тәртiптi сақтауды;

3) спорттық-бұқаралық іс-шаралар ойындары өтетiн орындарға, трибуналарға көрермендер мен қатысушылардың белгiленген тәртiпке сай (бұқаралық-спорттық іс-шаралар ойындарын ұйымдастырушысы мен спорт құрылымы әкiмшiлiгiмен келiсе отырып) қауiпсiз өтуiн;

4) спорт орындарына мас адамдарды жiбермеу, сондай-ақ спирттiк iшiмдiктердi, шыны ыдыстардағы сусындарды, жарылғыш заттар мен қаруды салуға мүмкiн болатын қапшықтарды, портфельдер мен басқа да заттарды спорт ғимараттарында өткiзбеуге әкiмшiлiктiң ықпал етуiн;

5) көрермендердiң ұйымдасқан түрде iшке енуiн және трибуналар мен басқа да жайғасатын жерлерге орналасуын iске асыруда спорт ғимараттарының бақылау-тәртiп қызметi мен әкiмшiлiгiне жәрдем көрсетудi;

6) спорт ғимараттарының трибуналарында және оған жақын жерлерде қоғамдық тәртiптiң, көрермендердiң тәртiп ережелерiн сақтауын;

7) көрермендердi трибуналардан және соның аумағынан шығару, сонымен бiрге қоғамдық көлiктерге отырғызу процестерiн басқаруды спорттық ғимараттың тиiстi қызметiмен бiрге жүргiзудi;

8) эвакуациялау жолдарының және өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi.

18. Мемлекеттiк өрт қауiпсiздiгi органдары:

1) бұқаралық-спорттық iс-шараны өткiзу кезiнде өрт бөлiмдерiне (есеппен) өрт техникасымен кезекшiлiк атқаруды;

2) бұқаралық-спорттық iс-шараны өткiзу кезiнде қажеттi күш пен техниканың болуы, бұқаралық-спорттық iс-шараны өткiзетiн күнi көрермендердiң болжамды саны мен нақты жағдай туралы ақпаратты ескере отырып, өрт қауiпсiздiгiмен қамтамасыз ету бойынша басқа да қосымша шаралар қабылдауды;

3) спорттық ғимараттарының тиісті қызметтерімен спорттық ғимараттан, сондай-ақ оған қатысты аумақтан қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау процесiн бiрге басқаруды қамтамасыз етедi. Қызметтер пен оның сандық құрамын спорт ғимаратының әкімшілігі айқындайды.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 19 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7269 болып енгізілді.


Похожие:

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң көтермелеу түрлерiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы n 1-1-2/327 бұйрығы. Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық,...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық,...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1732 Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы icon2011 жылғы 24 тамыз №02-02-18/169 Астана қаласы Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру
Республикасы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 23-бабы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы icon«Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы
Сәуірдегі №02-02-18/59 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырдағы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасында спорттық iс-шараларды өткiзу мен халықаралық спорт жарыстарына қатысудың ережесi туралы
Азақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2004 жылғы 21 шiлдедегi n 06-2-2/229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы icon1 кесте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Соңғы қол жеткізу мерзімін (кезеңін) көрсете отырып, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің және тікелей көрсеткіштер жетістіктерінің...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы iconСпорт мектептерiнде оқу-жаттығу үдерiсiн ұйымдастыру тәртiбiнiң регламентiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 15 шiлдедегi n 06-2-2/214 бұйрығы. Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница