Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы




Скачать 184.25 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы
Дата конвертации14.05.2013
Размер184.25 Kb.
ТипДокументы




Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмдi (Даму бағдарламасын қолдауға берiлетiн кредит) ратификациялау туралы







Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi № 329-IV Заңы



-->
"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 17 шiлдедегi № 291-292 (26136); "Казахстанская правда" от 17.07.2010 г., № 186 (26247); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18 (2570-2571), 103-құжат
      2010 жылғы 31 мамырда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiм (Даму бағдарламасын қолдауға берiлетiн кредит) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                         Н. Назарбаев

ҚАРЫЗ НӨМIРI 7911-KZ

Қазақстан Республикасы
мен
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi
арасындағы
Қарыз туралы келiсiм
(Даму бағдарламасын қолдауға берiлетiн кредит)

Күнi 2010 жылғы 31 мамыр

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

      Қазақстан Республикасы (Қарыз алушы) мен Халықаралық Қайта Құру  және Даму Банкi (Банк) арасындағы Даму бағдарламасын қолдау үшiн (осы Келiсiмге Толықтыруда анықталғандай) қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында жасасқан 2010 жылғы 31 мамырдағы Келiсiм. Банк осы қаржыландыру туралы шешiмдi, басқалар арасында, (а) Қарыз алушының Бағдарлама шеңберiнде қабылдаған және осы Келiсiмге 1-қосымшаның 1-бөлiмiнде баяндалған iс-қимылдар және (б) Қарыз алушының тиiстi макроэкономикалық саясатты қолдауы негiзiнде қабылдады. Осымен Қарыз алушы мен Банк мына төмендегiлер туралы уағдаласады:

1-БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АЙҚЫНДАМАЛАР

      1 01. Жалпы шарттар (осы Келiсiмге Толықтыруда айқындалған) осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтiнiнен өзгеше туындамаса, онда осы Келiсiмде пайдаланылатын бас әрiптен басталатын терминдердiң Жалпы шарттарда немесе осы Келiсiмге Толықтыруда жазылған мәндерi болады.

2-БАП - ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға осы Келiсiмде баяндалған немесе көрсетiлген мерзiмге және шарттарда бiр миллиард АҚШ долларына тең ($ 1 000 000 000) соманы беруге келiстi және осы сома осы Келiсiмнiң (Қарыз) 2.07-тармағының ережелерiне сәйкес валюта Конверсиясы арқылы кезең-кезеңмен айырбасталуы мүмкiн.
      2.02. Қарыз алушы Бағдарламаны қолдау үшiн Қарыз қаражатын осы Келiсiмге 1-қосымшаның II бөлiмiне сәйкес алуға құқығы бар.
      2.03. Қарыз алушы төлеуге тиiс Бiржолғы комиссия Қарыз сомасының бiр пайызының төрттен бiр бөлiгiн (0,25 %) құрайды. Қарыз алушы Бiржолғы комиссияны Күшiне енген күннен кейiнгi алпыс күннен кешiктiрмей төлейдi.
      2.04. Қарыз алушы төлеуге тиiс сыйақы әрбiр Пайыздық кезеңде Қарыз Валютасы қосу Ауыспалы спрэд үшiн ЛИБОР ставкасына тең ставка бойынша есептелетiн болады; Қарыздың негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiн Конверсиялау кезiнде Қарыз алушы осы сома бойынша Конверсиялау кезеңi уақытында төлеуге тиiс сыйақы мөлшерi Жалпы шарттардың 4-бабының ережелерiне сәйкес анықталуы тиiс. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қарыздың өтелмеген қалдығының Алынған кез келген бөлiгi уақтылы төленбесе және отыз күннiң iшiнде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге тиiс сыйақы мөлшерi мұндай жағдайда Жалпы шарттардың 3.02 (d) Бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес есептелуi тиiс.
      2.05. Төлем күндерi әр жылдың 15 наурызы және 15 қыркүйегi болып табылады.
      2.06. Қарыздың негiзгi сомасы осы Келiсiмге 2-қосымшада келтiрiлген өтеу кестесiне сәйкес өтелетiн болады.
      2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшiн Қарыз шартының мынадай Конверсияларынан кез келгенiн жүргiзудi сұратуға құқығы бар: (i) алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негiзгi сомасының кез келген бөлiгiн Мақұлданған валютаға өзгерту; (ii) Ауыспалы ставкадан Тiркелген ставкаға және керiсiнше Қарыздың алынған және өтелмеген негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiне қолданылатын пайыздық ставканың базисiн өзгерту, және (iii) Ауыспалы ставка үшiн жоғарғы немесе төменгi шектерiн белгiлеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негiзгi сомасының барлық немесе кез келген бөлiгiне қолданылатын Ауыспалы ставка үшiн шектерiн енгiзу.
      (б) Осы Бөлiмнiң (а) тармақшасына сәйкес сұратылған және Банк мақұлдаған кез келген өзгерiс Жалпы шарттарда айқындалғандай «Конверсия» болып саналады және Жалпы шарттардың 4-бабының және Конверсия жөнiндегi нұсқаулықтың ережелерiне сәйкес күшiне енедi.
      2.08. Жалпы шарттардың 5.08-бөлiмiнiң (осы Келiсiмге Толықтырудың II бөлiмi 4-тармағына сәйкес қайта нөмiрленген және Өзара iс-қимылдар мен консультацияларға қатысы бар) ережелерiне қатысты шектеусiз Банк кезең- кезеңiмен осы 2-баптың ережелерiне қатысты ақпаратты негiздi түрде талап ете алады, ал Қарыз алушы Банкке сұратылған ақпаратты дереу беруге тиiс.

3-БАП - БАҒДАРЛАМА

      3.01. Қарыз алушы өзiнiң Бағдарламаның мақсаттарын және оны iске асыруды жақтайтынын мәлiмдейдi. Осы мақсатпен және Жалпы шарттардың 5.08-бөлiмiне сәйкес:
      (а) Қарыз алушы мен Банк кезең-кезеңiмен қандай да бiр тараптың сұратуы бойынша Қарыз алушының макроэкономикалық саясаты және Бағдарламаны iске асыру барысында қол жеткiзген прогресс жөнiнде пiкiр алмасып отыруға тиiс;
      (б) Банк негiздi түрде талап етуi мүмкiн болған дәрежеде егжей-тегжейлi дәрежеде Банкке қарауға және түсiндiрме үшiн Бағдарламаны iске асыру барысында қол жеткiзген нәтижелер туралы есептi Қарыз алушы әрбiр осындай пiкiр алмасуға дейiн беруге тиiс; және
      (в) осы Бөлiмнiң (а) және (б) тармақтарының ережелерiн шектеусiз, Қарыз алушы Бағдарламаның мақсаттарына iс жүзiнде қол жеткiзуге немесе осы Келiсiмге 1-қосымшаның I бөлiмiнде айқындалған кез келген iс-қимылды қоса алғанда, Бағдарлама шеңберiнде қабылданатын кез келген iс-қимылды жүзеге асыруға елеулi кедергi болуы мүмкiн кез келген оқиғалар туралы Банктi дереу хабардар етiп отыруға тиiс.

4-БАП - БАНКТIҢ ЗАҢДЫҚ ШАРАЛАРЫ

      4.01. Уақытша тоқтата тұруға әкеп соқтыратын қосымша жағдай мынаны: нәтижесiнде Бағдарламаны немесе оның елеулi бөлiгiн iске асыру iс жүзiнде мүмкiн болмаған жағдайдың туындауын қамтиды.
      4.02. Тоқтата тұруды жеделдететiн қосымша жағдай мынаны: осы Келiсiмнiң 4.01-тармағында сипатталған жағдай басталады және Банк осындай жағдайдың басталғаны туралы Қарыз алушыға хабарлама жiберген күннен кейiнгi 30 күн бойындағы кезеңде жалғасады.

5-БАП - КҮШIНЕ ЕНУI; БҰЗУ

      5.01. Күшiне енудiң қосымша шарты мынадай: Банк Қарыз алушы Бағдарламаны iске асыру барысында қол жеткiзген прогреспен және Қарыз алушының макроэкономикалық саясатының келiсiлгендiгiмен қанағаттанады.
      5.02. Күшiне енудiң соңғы мерзiмi осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн бiр жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн болып табылады.

6-БАП - ӨКIЛДЕРI; МЕКЕНЖАЙЛАР

      6.01. Қарыз алушының өкiлi Қаржы министрлiгi болып табылады.
      6.02. Қарыз алушының мекенжайы:

      Қазақстан Республикасы
      Астана, 010000
      Жеңiс даңғылы, 11
      Қаржы министрлiгi

      Телекс:                            Факс:
      265126 (FILIN)                     7-7172-717785

      6.03. Банктiң мекенжайы:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi
      1818 Н Street, N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America

      Телеграф:               Телекс:                 Факс:
      INTBAFRAD              248423(MCI) or           1-202-477-6391
      Washington, D.C.    64145(MCI)

___________, ______________, жоғарыда көрсетiлген күнi және жылы
КЕЛIСIЛДI.

Қазақстан Республикасы үшiн
Уәкiлеттi өкiл     

Халықаралық Қайта Құру
және Даму Банкi үшiн
Уәкiлеттi өкiл  

1-ҚОСЫМША

Бағдарламаның iс-әрекеттерi; Қарыз қаражатына қолжетiмдiлiк

I бөлiм. Бағдарлама шеңберiнде қолға алынған iс-әрекеттер

Бағдарлама шеңберiнде Қарыз алушы қолға алған iс-әрекеттер мынаны қамтиды:

      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» ҚР Президентiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрде № 962 Жарлығы шықты, ол Ұлттық қор қаражатынан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепiлдiк берiлген трансферттiң көлемiне 8 миллиард АҚШ доллары мөлшерiнде шектеудi белгiлейдi және Ұлттық қордың активтерiн тек қана шетел қаржы нарықтарында айналып жүрген қаржы құралдарына орналастыруды мiндеттейдi.
      2. Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV ҚР Кодексiн (2010 жылғы 2 сәуiрдегi өзгерiстермен және толықтырулармен) қабылдады, ол тиiстi нормативтiк актiлердiң қабылдануымен мыналарды: (i) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары негiзiнде республикалық және жергiлiктi деңгейлерде сырғымалы негiзде үш жылдық бюджеттердi әзiрлеудi және мақұлдауды; (ii) бюджеттiң атқарылуы барысында кiшi бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне республикалық және жергiлiктi деңгейлерде өкiлеттiктер берудi; (iii) орталық мемлекеттiк органдар мен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерiн құруды қолданысқа енгiзедi.
      3. Қарыз алушы 2010 жылғы 29 наурызда қайта қаралған «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-IV ҚР Заңын қабылдады; басқалардың қатарында ол басымдығы жоқ әкiмшiлiк шығыстардың және шоғырландырылған бюджеттiң шығыстарында әлеуметтiк шығыстардың үлесiн ұлғайту пайдасына ұлттық компаниялардың қаржы активтерiн сатып алуға арналған шығыстардың үлесiн қысқартуды көздейдi.
      4. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақша төлемi мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгi, банк қызметi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 11 шiлдедегi № 185-IV ҚР Заңына сәйкес ТӘБ банкi және Альянс банкi тиiсiнше ТӘБ банкiнiң кредит берушiлер комитетiмен және Альянс банкiнiң кредит берушiлер комитетiмен басқалардың қатарында осы банктердiң өмiрге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыртқы борыштарының көп бөлiгiн есептен шығаруды көздейтiн қайта құрылымдау жоспарын қамтитын Негiзгi коммерциялық шарттарға (қайта құрылымдау) қол қойды.
      5. Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақша төлемi мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгi, банк қызметi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 11 шiлдедегi № 185-IV ҚР Заңын қабылдады; ол проблемалы банктердi реттеу жүйесiн, оның iшiнде тұрақтандырушы банктер құру, мiндеттемелер сатып алу және қабылдау туралы келiсiмдер арқылы күшейтудi, сондай-ақ қайта құрылымдауды мамандандырылған қаржылық соттардың жүргiзуiн көздейдi.
      6. Қарыз алушы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қаржы жүйесiнiң тұрақтылығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР 2008 жылғы 23 қазандағы № 72-IV Заңын қабылдады; ол ерте ден қою жүйесiн құруды көздейдi, оның көмегiмен ҚҚА (i) банктiң тиiмдiлiк көрсеткiштерiн қадағалай алады және (ii) мұндай көрсеткiштер нашарлаған жағдайда ерте ден қою шаралары көзделетiн iс-шаралар жоспарын орындауды талап ете алады, және (iii) тiптi пруденциалдық нормалар көрiнеу бұзылмаса да банктiң қызметiне араласуды жүргiзе алады.
      7. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi 2009 жылғы 30 қарашадағы өзгерiстермен және толықтырулармен Басқарманың «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәндерi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық» 2005 жылғы 30 қыркүйектегi № 358 қаулысын шығарды, онда басқалардың қатарында (i) 2011 жылғы 1 шiлдеден бастап коммерциялық банктердiң меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгiне қойылатын талаптарды ұлғайту; және (ii) коммерциялық банктiң өзiнiң меншiктi капиталына қатысты резидент еместер алдындағы жиынтық мiндеттемелерiн бiр мөлшерге шектеу көзделедi.

II бөлiм. Қарыз қаражатының қолжетiмдiлiгi

      A. Жалпы ережелер. Қарыз алушы осы Бөлiмнiң ережелерiне және Банк Қарыз алушыға хабарламасында көрсеткен қосымша нұсқаулықтарға  сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
      B. Қарыз қаражатын бөлу. Қарыз Бiржолғы транш түрiнде бөлiнедi, оның қаражатынан Қарыз алушы қарыз қаражатын ала алады. Қарыз сомаларын бөлу мына кестеде көрсетiлген:

Қаражатты бөлу

Бөлiнген қарыз сомасы (АҚШ долларымен көрсетiлген)

(1) Бiржолғы транш

1 000 000 000

ЖАЛПЫ СОМА

1 000 000 000

      C. Бiржолғы комиссияны төлеу. Бiржолғы комиссия толығымен төленбейiнше Қарыз алушы Қарыз шотынан қаражат ала алмайды.
      D. Траншты бөлу шарттары. Бiржолғы транш түрiндегi қаражатты Банк (а) Қарыз алушы iске асырып жатқан Бағдарламамен және (б) Қарыз алушының макроэкономикалық саясатының келiсiлуiмен қанағаттанбайынша алу мүмкiн емес.
      E. Қарыз қаражатын депозитке салу. Банкпен өзгеше келiсiлген жағдайларды қоспағанда:
      1. Қарыз Шотынан әрқандай қаражат алуды Банк Қарыз алушы көрсеткен және Банк үшiн қолайлы шотқа депозитке салуға тиiс; және
      2. Қарыз алушы осы шотқа қандай да бiр Қарыз сомасын әрбiр депозитке салу кезiнде балама сома Қарыз алушының бюджеттiк басқару жүйесiнде Банк үшiн қолайлы нысанда есепке алынып отырады.
      F. Заңсыз шығыстар. Қарыз алушы өзiне Қарыз қаражатын заңсыз шығыстарды қаржыландыру үшiн пайдалануға жол бермеу жөнiндегi жауапкершiлiктi алады. Егер Банк кез келген уақытта Қарыз қаражаты заңсыз шығыстарды жабу үшiн пайдаланылды деп тапса, онда Қарыз алушы Банктен хабарлама алғаннан кейiн Банкке дереу балама соманы өтеуге тиiс. Банкке мұндай талап бойынша өтелген сомалар өз күшiн жояды.
      G. Жабылған күнi. Жабылған күнi 2011 жылғы 7 қаңтар болып табылады.

2-ҚОСЫМША

Өтеу кестесi

      1. Келесi кестеде негiзгi борышты Өтеу күндерi мен негiзгi борышты өтеудiң әрбiр күнiне өтеуге жататын Қарыздың жалпы негiзгi сомасының пайыздық үлесi (Өтеу үлесi) көрсетiлген. Егер Қарыз қаражаты негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiнде толығымен алынған болса, онда Қарыз алушы негiзгi борышты Өтеудiң осындай әрбiр күнiнде өтеуге тиiстi Қарыздың негiзгi сомасын Банк: (а) негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiнде алынған Қарыз сомасы мен (б) негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне төлемнiң Өтеу үлесiн көбейту жолымен айқындайды. Бұл төлеуге жататын сома осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және валюта Конверсиясы қолданылатын соманы шегеру мақсатында қажеттiлiгiне қарай түзетiлетiн болады.

Негiзгi борыш бойынша төлеу күнi

Өтеу үлесi (пайызбен көрсетiлген)

2013 жылдың 15 қыркүйегiнен бастап 2034 жылдың 15 қыркүйегi аралығында әрбiр жылдың 15 наурызы мен 15 қыркүйегi

2,27 %

2035 жылғы 15 наурыз

2,39 %

      2. Егер Қарыз қаражаты негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiне толығымен алынбаған болса, онда Қарыз алушының негiзгi борышты Өтеудiң осындай әрбiр күнiне өтеуiне жататын Қарыздың негiзгi сомасы былайша айқындалады:
      (a) Негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнi алынған Қарыздың кез келген қаражаты шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуге тиiс.
      (b) Негiзгi борышты өтеудiң бiрiншi Күнiнен кейiн алынған кез келген сома әрбiр осындай алу сомасын осы Қосымшаның 1-тармағының кестесiнде көрсетiлген төлем үлесiнiң бастапқы сомасы осы Негiзгi борышты өтеу күнi үшiн алымы болып табылатын (Төлемдi өтеу үлесiнiң бастапқы сомасы), ал бөлшегi осындай күнге немесе одан кейiн негiзгi борышты өтеу күнiнде Төлемдердi өтеу үлесiнiң бастапқы сомаларының барлық қалған сомаларының сомасы болып табылатын бөлшекке көбейту жолымен Банк анықтаған сомада осындай алу күнiнен кейiн негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне өтелуге тиiс. Төленуi тиiс бұл сома осы Қосымшаның 4-тармағында көзделген және валютаны Конверсиялау қолданылатын сомаларды шегеру мақсатында қажеттiлiгiне қарай түзетiлуге тиiс.
      3. (а) Негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне төленуге тиiс негiзгi борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне дейiн күнтiзбелiк екi ай iшiнде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейiн негiзгi борышты өтеудiң екiншi Күнiне алынды және өтелмедi деп есептеледi және алынған күннен кейiн негiзгi борышты өтеудiң екiншi Күнiнен бастап негiзгi борышты өтеудiң әрбiр Күнiне өтеуге жататын болады.
      (b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесiне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк толем мерзiмдерi бойынша шоттарды шығару жүйесiн қабылдаса, осы ретте шоттар негiзгi борышты өтеудiң тиiстi Күнiне немесе одан кейiн берiледi, шоттарды шығарудың осындай жүйесi қабылданғаннан кейiн жасалған қандай да алуға осы тармақшаның ережесi қолданылмайтын болады.
      4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, барлық немесе Қарыздың кез келген бөлiгiнiң валютасын конверсиялау кезiнде кезеңi iшiнде пайда болатын негiзгi борышты өтеудiң кез келген Күнiне өтеуге жататын Мақұлданған валютаға осындай түрде конвертацияланатын Мақұлданған валюта сомасындағы Қарыздың барлық валютадағы немесе алынған соманың кез келген бөлiгiндегi Конвертациялаудан кейiн осы, тiкелей конвертациялау алдында осындай соманы деноминациялау валютасында көбейту жолымен немесе (!) конвертациялауға жататын Валюталық хедждiк мәмiлелер шеңберiнде Банктiң төлеуiне жататын немесе (ii) Конверсия бойынша нұсқауға сәйкес мұндай шешiмдi егер Банк қабылдаса, Экранды ставканың валюталық құрылымы анықталуға тиiс.

ТОЛЫҚТЫРУ

I Бөлiм. Айқындамалар

      1. «Альянс» басында 2001 жылы 13 тамызда құрылған және кейiннен «Альянс Банк» акционерлiк қоғамының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамына сату туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысын шығарған ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi қайта атаған және қайта құрылымдаған «Альянс Банк» акционерлiк қоғамын бiлдiредi.
      2. «ТӘБ» «Тұранбанк» және AlemBank Kazakhstan» қазақ акционерлiк банкiн қайта ұйымдастыру туралы» ҚР Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 қаңтардағы № 73 қаулысымен құрылған және 2008 жылғы ақпанда «ТӘБ Банкi» акционерлiк қоғамына ресми қайта аталған банктi бiлдiредi.
      3. «Заңсыз шығыстар»: мынадай кез келген шығыстарды бiлдiредi:
      а) кез келген ұлттық немесе халықаралық қаржы ұйымы немесе Банк болып табылмайтын агент қаржыландыратын немесе қаржыландыруы тиiс немесе басқа қарыздар, кредиттер немесе гранттар шеңберiнде Банк немесе Қауымдастық қаржыландыратын келiсiмшарттар бойынша жеткiзiлетiн тауарларға немесе қызмет көрсетулерге;
      b) БҰҰ Статистикалық материалдар жинағында жариялаған, 3-нұсқа (SITC, Rev.3), М сериялы, № 34/ 3-нұсқа (1986) (SITC) Халықаралық сауда сыныптамасы стандарттарының мынадай топтарының немесе кiшi топтарының немесе Банк Қарыз алушыны ол туралы хабарландыратын Халықаралық сауда сыныптамасы стандарттарының жаңа нұсқаларының кез келген басқа кейiнгi топтарының немесе кiшi топтарының құрамына кiретiн тауарларға:

Топ

Топ

Тауардың сипаттамасы

112




Алкогольдi iшiмдiктер

121




Темекi, өнеркәсiптiк емес темекi, темекi қалдықтары

122




Өнеркәсiптiк темекi (темекiнi ауыстыратындары бар/оларсыз)

525




Радиоактивтiк немесе оған iлеспе материалдар

667




Өңделген немесе өңделмеген маржан, асыл және жартылай асыл тастар

718

718.7

Атом реакторлары және оның бөлiктерi, отындық элементтерi (картридждер), сәулеленбеген, ядролық реакторлар үшiн

728

728.43

Темекi өнiмдерiн өндiруге арналған жабдық

897

897.3

Алтыннан, күмiстен, платинадан жасалған зергерлiк бұйымдар (сағаттан және сағат камераларынан басқа), сондай-ақ алтын және күмiс зергерлiк бұйымдар (асыл тастардан жасалған тұғырларды қоса алғанда)

971




Монетарлық емес алтын (құрамында алтын бар кендердi және концентраттарды қоспағанда)

      с) әскери және әскерилендiрiлген мақсаттарға немесе әдемiлiк заттар ретiнде тұтынуға арналған тауарларға;
      d) Қарыз алушының заңдарымен немесе олар бойынша Қарыз алушы тараптардың бiрi болып табылатын халықаралық келiсiмдермен өндiру, пайдалану және импорты тыйым салынған экологиялық қауiптi тауарларға;
      е) БҰҰ Жарғысының VII тарауына сәйкес қабылданған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қауiпсiздiк кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынған кез келген төлемдер бойынша; және
      f) Қарыз алушының қандай да бiр өкiлiнiң (немесе Қарыз қаражаттарын кез келген өзге алушы) Қарыз қаражаттарының пайдаланылуына байланысты сыбайлас жемқорлық, жалған, алаяқтық мәжбүрлеуге негiзделген немесе бәтуаласуға, тәжiрибеге қатысқанын, және Қарыз алушының (немесе кез келген өзге алушының) осындай тәжiрибенi жедел жоюға бағытталған Банк үшiн қанағаттанарлық уақтылы шаралар және тиiстi iс-әрекеттер қолданбағанын Банк анықтаған төлемдерге қатысты кез келген шығыстарды бiлдiредi.
      4. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен алғаш құрылған, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудi және қадағалауды жүзеге асыруға жауапты агенттiк.
      5. «Жалпы шарттар» - осы Толықтырудың II Бөлiмiнде ұсынылған өзгерiстер ескерiле отырып, 2005 жылғы 1 шiлдедегi «Халықаралық қайта құру және даму банкiнiң қарыздары үшiн жалпы шарттар» (2008 жылғы 12 ақпандағы түзетулермен).
      6. «Ұлттық қор» «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» ҚР Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен құрылған Қарыз алушының ұлттық қорын бiлдiредi.
      7. «Бағдарлама» Қарыз алушы Банкке Бағдарламаны iске асыру бойынша өз мiндеттемелерi туралы мәлiмдейтiн және Банктен оны iске асыру бойынша қолдау көрсету туралы сұрайтын 2010 жылғы 19 сәуiрдегi № DGZ-1/4909 хатта айқындалған немесе оған сiлтеме жасайтын, кедейшiлiктi бiртiндеп қысқартудың өсуiн ынталандыру және оған қол жеткiзу үшiн әзiрленген iс-әрекет, мақсат пен стратегия бағдарламасын бiлдiредi.
      8. «Бiржолғы транш» осы Келiсiмге 1-қосымшаның II бөлiмi В бөлiгiнде келтiрiлген кестеде «Бiржолғы транш» санаты бойынша бөлiнген Қарыз сомасын бiлдiредi.

II Бөлiм. Жалпы шарттарға түзетулер

      Жалпы шарттарға мынадай өзгерiстер енгiзiлдi:
      1. 2.03-бөлiмнiң (а) тармағының соңғы сөйлемi (Қаражаттарды алуға өтiнiмдерге қатысты) толық алып тасталды.
      2. 2.04 {Бөлiнген шоттар) мен 2.05 {Қолданымды шығыстар) бөлiмдер толығымен жойылды, ал қалған бөлiмдер 2-бапта тиiсiнше қайта нөмiрлендi.
      3. 2.05-бөлiмiнiң (а) тармағы (2-тармаққа сәйкес қайта нөмiрлендi) мынадай редакцияда жазылады:

      «2.05-бөлiм. Қайта қаржыландыруға дайындық үшiн авансы, Бiр жолғы комиссия мен сыйақыны капиталдандыру

      (a) Eгep Қарыз туралы келiсiм Банк немесе Қауымдастық Берген Қарыз қаражатынан аванс төлеудi («Дайындыққа арналған аванс») көздесе, онда Банк Қарыз бойынша Тараптардың атынан Қарыз шотынан осы сома алынған күнi алынған және өтелмеген аванс сомасын өтеу үшiн қажет осындай сома күшiне енген күнi немесе одан кейiн осы соманы Қарыз шотынан алуға тиiс және егер мұндай қолданылатын болса, осы күнге аванс сомасына есептелген және төленбеген барлық алымдарды төлеуге тиiс. Банк осылайша алған соманы өз пайдасына немесе мән-жайларға қарай Қауымдастық пайдасына төлейдi және аванстың алынбаған сомасын жоюға тиiс».
      4. 5.01 (Жобаны орындаудың жалпы қағидаттары) және 5.09-бөлiмдер (Қаржылық басқару; Қаржылық есептiлiк; Аудит) толығымен алып тасталған, ал қалған 5-баптың Бөлiмдерi тиiсiнше қайта нөмiрленген.
      5. 5.05-бөлiмнiң (а) тармағы (жоғарыда көрсетiлген 4-тармаққа сәйкес және Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi пайдалануға қатысты қайта қайта нөмiрленген) толығымен алып тасталған.
      6. 5.06-бөлiмнiң (с) тармағы (жоғарыда көрсетiлген 4-тармаққа сәйкес қайта нөмiрленген) мынадай редакцияда оқылады:

      «5.06-бөлiм. Жоспарлар; Құжаттар; Есепке алу жазбалары

      (с) Қарыз алушы есептi жабу күнiнен кейiн екi жыл iшiнде Қарыз шеңберiндегi шығыстарды растайтын барлық есепке алу жазбаларын (шарттар, төлем құжаттары, шот-фактуралар, шоттар, квитанциялар мен басқа да құжаттар) сақтайды. Қарыз алушы осы есепке алу жазбаларын Банк өкiлдерiне зерттеу мүмкiндiгiн бередi».

      7. 5.07-бөлiмнiң (с) тармағы (жоғарыда көрсетiлген 4-тармаққа сәйкес қайта нөмiрленген) мынадай редакцияда оқылады:

      5.07-бөлiм. Бағдарламаның мониторингi мен оны бағалау

      (с) Қарыз алушы Қарыз бойынша тараптардың және Банктiң Бағдарламаны атқарғаны, заң келiсiмдерi бойынша өздерiнiң тиiстi мiндеттемелерiн орындағаны туралы және қарыз мiндеттерiн орындағаны туралы есептi Банк дәлелдi талап етуi мүмкiн көлемде және осындай егжей-тегжейлi деңгейде әзiрлейдi немесе әзiрлеудi қамтамасыз етедi және есептi жабу күнiнен кейiн алты айдан кешiктiрмей Банкке ұсынады.
      8. Қосымшада мынадай ұғымдар өзгертiлген немесе мынадай ұғымдар мен анықтамалар алып тасталған, сондай-ақ әлiпби тәртiбiмен тиiсiнше ұғымдардың нөмiрленуi өзгертiлiп мынадай жаңа ұғымдар мен анықтамалар енгiзiлдi:
      (a) «Қолайлы шығыс» ұғымының анықтамасы мынадай редакцияда оқылады:
      «Қолайлы шығыс» деген Қарыз туралы осы келiсiмге сәйкес қаржыландыруға жол берiлмейтiн шығыстардан басқа, Бағдарламаны қолдауға бөлiнген Қарыз қаражатын кез-келген жұмсауды бiлдiредi.
      b) «Қаржылық есептiлiк» ұғымы және оның анықтамасы толығымен алып тасталған.
      с) «Жоба» ұғымы өзгертiлген және ол «Бағдарлама» ретiнде мынадай редакцияда оқылады (және «Жобаға» жасалған барлық сiлтемелер осы Жалпы шарттардың барлық мәтiнi бойынша «Бағдарламаға» жататын болып есептеледi):
      «Бағдарлама» Қарыз туралы келiсiмде сiлтеме жасалатын және оны қолдауға қарыз бөлiнген бағдарламаны бiлдiредi.
      (d) «Бағдарламаны әзiрлеуге арналған аванс» ұғымы (жоғарыда аталған (с) 8 тармақшасына сәйкес осылайша қайта аталған) ұғымын айқындау мынадай редакцияда оқылады. «Әзiрлеуге арналған аванс» ұғымына ауыстырылған және өзгертiлген анықтама тиiсiнше мынадай редакцияда оқылады:
      «Әзiрлеуге арналған аванс» деген осы Қарыз туралы келiсiмде сiлтеме жасалатын және 2.05-бөлiмге сәйкес өтеуге жататын авансты бiлдiредi.
      (e) «Конверсия күнi» ұғымын мынадай редакцияда оқылады:
      «Конверсия күнi» Конверсияға қатысты, Конверсия бойынша нұсқаулықтан күшiне енетiн Конверсияны Орындау күнi (осы тармақта айқындалғандай) немесе Қарыз алушы сауал салған және Банк қабылдаған кез келген күндi бiлдiредi.

      Осы Аударма Астана қаласында 2010 жылғы 31 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы (Даму бағдарламаларын қолдауға берiлетiн кредит) қарыз туралы келiсiмнiң орыс тiлiндегi мәтiнiне сәйкес келетiндiгiн куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлiгi
      Кадрмен қамтамасыз ету және
      құжат айналымы департаментiнiң
      Басқарма бастығы                                    Н. Шабанов

      РҚАО-ның ескертпесi. Бұдан әрi Келiсiмнiң мәтiнi ағылшын тiлiнде берiлген.








-->

Похожие:

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы
Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы iconАзаматтардың денсаулығын сақтау туралы
...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы
Бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы iconҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Шкi су көлiгi туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңы 8-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi n 290 Заңы
Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы iconДәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 18, 19 шiлдедегi №293, 294 (26137, 26138); "Казахстанская правда" от 09. 09. 2010 г., №236 (26297);...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 шiлдедегi №451-iv заңы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница