Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а




Скачать 279.28 Kb.
НазваниеБекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а
страница1/3
Дата конвертации14.05.2013
Размер279.28 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
                                                 Бекiтемiн:

«Павлодар облысы денсаулық сақтау

басқармасы» ММ бастығының м.а


                             ______________ М. Ғимадиева

                                          2012 жылғы "___" _________
                                          шешiмнiң № ________________


ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»

КМК-ның бас дәрігері


                             ______________ З.Ы. Смағұлов

                                   

2012 жылғы "___" _________
                                          шешiмнiң № ________________


«Баянауыл орталық аудандық

ауруханасы» КМҚК-ның бас дәрігері


                             ______________ К. Армизов

                                   

2012 жылғы "___" _________
                                          шешiмнiң № ________________


ШЖҚ «Железинск орталық аудандық

ауруханасы» КМК-ның бас дәрігері


                             ______________ Г. Оспанова

                                   

2012 жылғы "___" _________
                                          шешiмнiң № ________________


«Қашыр орталық аудандық

ауруханасы» КМҚК-ның бас дәрігері

__________ А.Тургульдинов                         

2012 жылғы "___" _________
                                          шешiмнiң № ________________

«Щербақты орталық аудандық

ауруханасы» КМҚК-ның бас дәрігері


                             ______________ Б.К. Қасымова

                                   

2012 жылғы "___" _________
                                          шешiмнiң № ________________

Конкурс тәсілімен 2012 жылы Павлодар облысы денсаулық сақтау

объектілерін күрделі жөндеу жұмыстарын мемлекеттiк сатып алу бойынша
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы, 1-Май көшесі, 7-үй, Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментінде СТН 451700030993, ЖСК KZ10070102KSN4501000, БСК KKMFKZ2A
Тапсырыс берушiнiң өкiлi: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ бастығының м.а Мағмұра Ғабдулкәрімқызы Ғимадиева, тел.559652
Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші: Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу орталық уруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Қамзин көшесі, 53-үй, «Қазақстан халық банкі» АҚ-на СТН 451400004531, ЖСК KZ626010241000011968, БСК HSBKKZKX
Тапсырыс берушiнiң өкiлi: ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК-ның бас дәрігері Смағұлов Зейнелқабиден Ынтықбайұлы, тел. 8-71837-50967
Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші: «Баянауыл орталық аудандық ауруханасы» КМҚК, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Жалантос-батыр көшесі, 1-үй, СТН 450400003970, ЖСК KZ465010361000002568, БСК HSBKKZKX
Тапсырыс берушiнiң өкiлi: «Баянауыл орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-ның бас дәрігері Армизов Қалкен Армизұлы, тел. 8-71840-91351
Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші ШЖҚ «Железинск орталық аудандық ауруханасы» КМК, Железинск ауданы, Железинка ауылы, Квиткова көшесі, 50-үй, СТН: 450500002305, ЖСК: KZ456010241000014408, БИН 010140002477, Банкі: «Қазақстан Республикасының халық банкі» АҚ, БСК HSBKKZKX, КБЕ: 16
Тапсырыс берушiнiң өкiлi: ШЖҚ «Железинск орталық аудандық ауруханасы» КМК-ның бас дәрігері Оспанова Гүлбарам Кәрімқызы, тел. 8-71831-21531


Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші: «Қашыр орталық аудандық ауруханасы» КМҚК, Теренкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88-үй, СТН 450700004518, БИН 010240002591, ЖСК KZ77998FTВ0000071432, БСК ТSЕSКZKА, «Цеснабанк» АҚ
Тапсырыс берушiнiң өкiлi: «Қашыр орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-ның бас дәрігері Тургульдинов Амрқан Айдарқанұлы, тел. 8-71833-21235
Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші: «Щербақты орталық аудандық ауруханасы» КМҚК, Щербақты ауылы, Гагарина көшесі, 49-үй, СТН 451200003140, ЖСК KZ848560000000033886, БСК КСJВКZKХ, «Орталық банкі» АҚ
Тапсырыс берушiнiң өкiлi: «Щербақты орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-ның бас дәрігері Қасымова Бақыт Қабидоллақызы, тел. 8-71836-21545
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы, 1-Май көшесі, 7-үй, Павлодар облысы

бойынша Қазынашылық департаментінде СТН 451700030993, KZ10070102KSN4501000, БСК KKMFKZ2A

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi: Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Байтілесова Гауһар Қайртайқызы, тел. 8 (7182) 34-50-52, e-mail: custom.dz@pavlodar.gov.kz.

Конкурстық құжаттаманың құны: конкурстық құжаттама тегiн ұсынылады

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс 2012 жылы Павлодар облысы денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша өнiм берушiнi таңдау мақсатында өткiзiледi.

2. Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi осы конкурс үшiн бөлiнген сома құрайды:

- № 1 лот бойынша (ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК) - 11 874 755 (он бір миллион сегіз жүз жетпіс төрт мың жеті жүз елу бес) теңге;

- № 2 лот бойынша (Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2-үй) - 37 591 746 (отыз жеті миллион бес жүз тоқсан бір мың жеті жүз қырық алты) теңге;

2012 жылға арналған Павлодар облысы бойынша «Ауылдық елді мекендерді дамыту» 2020-жұмыспен қамту Бағдарламасының төртінші бағытының шеңберінде жобалардың тізбесі:

3 лот бойынша («Баянауыл орталық ауруханасы» КМҚК) – 17 136 000 (он жеті миллион жүз отыз алты мың) теңге;

- № 4 лот бойынша (ШЖҚ «Железинск орталық аудандық ауруханасы» КМК) – 5 553 000 (бес миллион бес жүз елу үш мың) теңге;

- № 5 лот бойынша (ШЖҚ «Железинск орталық аудандық ауруханасы» КМК) - 1 648 000 (бір миллион алты жүз қырық сегіз мың) теңге;

6 лот бойынша (ШЖҚ «Железинск орталық аудандық ауруханасы» КМК) - 1 970 000 (бір миллион тоғыз жүз жетпіс мың) теңге;

- № 7 лот бойынша (ШЖҚ «Железинск орталық аудандық ауруханасы» КМК) - 2 608 000 (екі миллион алты жүз сегіз мың) теңге;

- № 8 лот бойынша («Қашыр орталық аудандық ауруханасы» КМҚК) - 3 544 000 (үш миллион бес жүз қырық төрт мың) теңге;

- № 9 лот бойынша («Щербақты орталық аудандық ауруханасы» КМҚК) – 5 000 000 (бес миллион) теңге;

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) тiзбесiн;

2) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға және 2-қосымшаға сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшелiктердi қоса алғанда, сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

3) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi;

4) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 5-қосымшға сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетiлетiн қызметтер көрсету) үшiн әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;

5) әрбiр өлшемнiң проценттiк мәнiн көрсете отырып, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру Ережесiне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетудi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн мiндеттi өлшемдердiң тiзбесiн;

4. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр процентi мөлшерiнде конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудi төменде санамаланған нысандардың бiрiнде енгiзедi:

1) мынадай банктiк шотқа орналастырылатын ақшаның кепiлдiк берiлген ақшалай жарнасын:

Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментінде KZ620705022533001001 депозиттік шотына, БСК KKMFKZ2A, СТН 451700030993.

2) осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктiк кепiлдiк.
      Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнiң өзiнiң мерзiмiнен кем болмауға тиiс.

Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі – 60 күн.
2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi

5. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi 2012 жылғы 15 маусым күні сағат 11.00-ден кешiктiрмей конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы жазбаша сұрау салумен жүгiнуге құқылы. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуларын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелерi бойынша жiберу қажет: (140003, Павлодар қаласы, 1-Май көшесі, 7, 11 кабинет).

6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап беруге және сұрау салу кiмнен келiп түскенiн көрсетусiз:

1) олар туралы мәлiметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрулердiң мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.

7. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы 19 маусым күні сағат 11.00 мерзiмнен кешiктiрмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген әлеуеттi өнiм берушiнiң сұрауына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге тиiс. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу конкурстық құжаттаманы бекiтудегi сияқты тәртiппен ресiмделедi.

Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерiстер бекiтiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде өтеусiз негiзде конкурстық құжаттаманың көшiрмесi берiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiбередi. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде осы өзгерiстердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң есепке алуы үшiн кемiнде кемiнде он күнтiзбелiк күн мерзiмге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгiзiлген өзгерiстер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялайды.

8. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмелерi берiлген әлеуеттi өнiм берушiлермен не олардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн 2012 жылғы 18 маусым күні сағат 11. 00-де мына мекенжай бойынша: Павлодар қаласы, 1-Май көшесі, 7 кездесу өткiзедi.

9. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесудiң хаттамасын жасайды, онда әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы олардың көздерiн көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетiледi. Хаттама әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналында көрсетiлген почталық деректемелерi бойынша конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiледi.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен болған кездесу хаттамасының мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялайды.
3. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсынуы

Конкурсқа қатысуға өтiнiм

10. Конкурсқа қатысуға өтiнiм осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды берудi жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға беретiн конкурсқа қатысуға өтiнiм мыналарды қамтуға тиiс:

1) әлеуеттi өнiм берушi осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтiнiмдi;

2) әлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың тiзбесiн:

құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлiгiнiң көшiрмесi) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды:

заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға тиiс. Қазақстан Республикасының резидентi еместер мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынуға тиiс;

әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi. Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттiк тiркелгенi туралы өтiнiмнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзiндiсi не конверттердi ашу күнi алдындағы бiр айдан бұрын берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен нотариалдық куәландырылған үзiндi;

төлем қабiлетiн растайтын құжаттарды:

осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуеттi берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөрi бар әлеуеттi берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының Үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлуi тиiс;

бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;

не конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған кездегi жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендiгi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен заңды тұлғаларға міндетті түрде аудит өткізу белгіленген болса, соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 1 маусымға дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;

Конкурстық құжаттама әлеуеттi өнiм берiшiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының жүз процентiне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше банк-резиденттердiң банктiк кепiлдiктерi түрiнде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиiс. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге берiледi;

3) әлеуеттi берушiнiң және (немесе) оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қосалқы мердiгерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге де талаптардың толық тiзбесiн қамтитын осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;

Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не қызмет көрсетулердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуы тиiс;

осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шартын;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;

5) банктiк кепiлдiк не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрiнде Заңда белгiленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi;

6) әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес сенiмхатсыз қол қою құқығы бар әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берiлетiн сенiмхат.
  1   2   3

Похожие:

Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а iconҚызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы мәліметтері негізінде

Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а icon1 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы Тексеріс күні: Тексеріс #: бет «Денсаулық сақтау басқармасы және әлеуметтiк медицина»
Карп Леонид Лазаревич – кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, кафедрада еңбек өтілі 35 жыл. Ғылыми қызығушылықтары...
Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а icon2011 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар ауданы бойынша салық басқармасы»
Салық комитеті Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар ауданы бойынша салық басқармасы мемлекеттік мекесінде жергілікті...
Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а icon«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті»
Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемесі республиқалық бюджет есебімен қаржыландыратын, 2012 жылға тегін медициналық...
Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а iconКонкурстық ҚҰжаттама маңғыстау облысы іід бланкілік баспа қағаздарын дайындау қызметі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы
Бекiтемiн: Маңғыстау облысы іід бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ. Сарин 2012 жылғы " "
Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а iconДенсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже
...
Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а iconC-5, с-6 санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары үшін Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау, орындалуын талдау және жүзеге асыруды бағалау департаменті денсаулық сақтау басқармасы саласындағы сұрақтар
Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары келесідей бөлінеді
Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а icon2012 жылғы 12 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Железин ауданы бойынша салық басқармасы»
Салық комитеті Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Железин ауданы бойынша салық басқармасы мемлекеттік мекемесінде жергілікті...
Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
Осы Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесі (бұдан әрі Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан...
Бекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а iconҚоғамының Президенті А. Ақбуюмовқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық басқармасы 2011 жылдың 22 қыркүйек айына қашықтан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница