Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020»




Скачать 138.92 Kb.
НазваниеҚазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020»
Дата конвертации14.05.2013
Размер138.92 Kb.
ТипДокументы



Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты

Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы
Қолжетімді тұрғын үй
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы қабылданды.

Жаңа бағдарлама халықтың аталған тобының тұрғын үй проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл үшін бағдарламада тұрғын үй құрылысының мемлекеттік қолдау қарастырылған әртүрлі бағыттары көзделген

Тұрғын үйдің қолжетімділігі мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларымен қамтамасыз етілетін болады: инженерлік коммуникациялар өткізілген жер учаскелерін дайындау; қаржылық құралдар табысы жоғары емес азаматтарға оларды пайдалануға нақты мүмкіндік беруі тиіс; құрылысты индустрияландыру құрылыс көлемінің өсуін және мерзімдерінің қысқаруын, озық технологияларды қолдану негізінде өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз етеді.
Өңірлік даму
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.

Моно қалалардың проблемалар шешу бойынша шараларды осы жылы іске асыруды жеделдету үшін республикалық бюджеттен бірінші кезектегі іс-шараларға пилотты 6 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін өлшемдерге сәйкес оларды жоғары, орташа және төмен экономикалық әлеуеті бар топтарға бөлу арқылы моноқалалардың проблемаларын шешуге сараланған тәсіл қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жобасы әзірленді.

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды бұдан әрі дамыту екі кезеңде ұсынылады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың бастапқы кезеңінде осы жылдан бастап «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде ауылдардың инфрақұрылымдарын дамыту мен абаттандыру үшін ауылдық (селолық) округтерге пилоттық түрде мемлекеттік қаржылық қолдау іске асырылуы басталды.

Осы іс-шараларды жүзеге асыруға 2012 жылы облыстық бюджеттерге 1 млрд. теңге көлемінде қаражат көзделген. 2013-2014 жылдарға тиісінше 6 млрд. теңге мен 7 млрд. теңге көлемінде қаражат көзделген.

Осы қаражатты тарату кезінде, халықты басқару және шешімдер қабылдау мәселелеріне тарту мақсатында, халық қаражаттары бағытын мен іс-шараларды және (немесе) жобаларды іріктеу бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында (жиындарында) талқылауды ескере отырып алдымен, өзектілігі мен маңыздылығына сәйкес қабылданады.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру
Рұқсат беру құжаттарын беруді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылдың соңына дейін электрондық фотрматқа көшіру үшін 80 рұқсат беру құжаттарынан тұратын тізбе жасалған. Қазіргі кезеңде тізбеге сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен рұқсат беру құжаттарды электрондық форматқа көшіру бойынша 80 іс-шаралар жоспары әзірленді.

Тиісті қаражат бюджетте «Е-лицензиялау мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде көзделген.

Заң жобасында анықталған 1096 рұқсатты жоғары қатерден қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтін 257-сінің күшін жою және ақпараттық сипаттағы азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей тәуекелмен байланысты емес, 40 рұқсатты хабарлама тәртібіне көшіру көзделген.

Еліміздің барлық рұқсат беру жүйесін реттеу мақсатында жаңа 2012-2015 жылдарға арналған рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау тұжырымдамасы әзірленді.

Тұжырымдаманың негізгі қағидаты рұқсат беру құжаттарын сыныптау және оларды қауіптілік дәрежелері бойынша санаттауды көздейтін Интеграцияланған рұқсат беру жүйесін енгізу болып табылады.
Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту
«Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс аттестаттау жүргізу туралы» ҚР Президентінің Жарлығы қабылданды.

Бірінші кезең – Жоғары аттестаттау комиссиясымен жүргізілді.

(21 мамырдан 20 маусым бойынша).

Министрдің орынбасарлары, комитеттер төрағалары және орынбасарлары, орталық, облыстық аппараттың департамент бастықтары және орынбасарлары аттестатталды.

Барлығы ОАК отырысында шамамен 2800 қызметкер аттестаттан өту қажет (ІІМ номенклатурасы бойынша өзіндік қауіпсіздік, наркобизнеспен күрес қызметкерлерін қоса алғанда).

Бұдан әрі ОАК жұмысын ОАК мүшелерінің өңірлерге шығуларын ІІМ қызметі және аумақтық ішкі істер органдары бойынша министр орынбасарларының жетекшілік етушілігі негізінде жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға, онда, оның ішінде жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді, жұртшылықты сыбайлас жемқорлық тәртіп бұзушылықтың алдын алуға кеңінен тартуды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің шығыстарын мағлұмдауға көшуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15аусымдағы № 794 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.

Заң жобасымен аралық соттың және төреліктің құзыретін, оларға қолданыстағы заңнамада көзделгендей азаматтық-құқықтық шарттардан емес, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын бере отырып, кеңейту ұсынылады.
Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі
Педагогикалық құрамның сапалық деңгейін арттыру мақсатында біліктілігін арттырудың мүлде жаңа жүйесі жасалуда.

Осы орайда Назарбаев зияткерлік мектептерінің (бұдан әрі-НЗМ) жанынан Педагогикалық шеберлік орталықтары ашылды, онда озық технологияларды оқыту үшін үздік педагогтер тартылды және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ұстаздардың жаңа бағдарлама бойынша арнайы үш айлық қайта даярлаудан өту мүмкіндігі туып отыр.

Германия, Түркия, Польша, Венгрия ғалымдары мен оқытушыларының қатысуымен білім беру жүйесінің заманауи үрдістерін, жаңа әдістемелер мен технологияларды есепке ала отырып, педагогикалық мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары “TUNING educationalstructures” («Білім беру құрылымдарын икемдеу») халықаралық жобасының әдіснамасы бойынша әзірленді.

«Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның және «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес АҚ-ның тәжірибелерін ескере отырып, білім берудің барлық деңгейіндегі оқу үдерісіне қазіргі заманғы әдістер мен технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтың өкімімен бекітілді.

Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Кәсіпқор» холдингісі тәжірибелерін тарату мақсатында өңірлерде базалық білім беру ұйымдары айқындалды (35 мектеп, 9 техникалық және кәсіптік оқу орындары, 18 ЖОО).

Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 Назарбаев Зияткерлік мектебі жұмыс жасайды. 2015 жылдың соңына дейін тағы 15 мектеп салу жоспарланған, қазіргі уақытта олардың 12-нің құрылысы жүргізілуде.

Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құру жұмыстары басталды. Техникалық және кәсіптік білімді мамандар даярлауға корпоративтік басқаруды енгізу үшін «Кәсіпқор» холдингі құрылған. ТжКБ жүйесіндегі материалдық базаны жақсартуда бірқатар нақты қадамдар жасалды, 2012 жылға республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді.

Білім берудегі мемлекеттік – жекеменшік әріптестік (одан әрі-МЖӘ), ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жастардың жол жүруі мен өмір сүруіне жәрдем ақша бөлу, жоғары оқу орындары мен колледждер жатақханаларының желісін кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Мемлекеттік – жекеменшік әріптестіктің бірқатар бағытын білім ұйымдарының байқау және қамқоршылық кеңестерінің қызметі арқылы пысықталады. Күрделі университеттерде құрылған бақылау кеңестері таяу арада заңды түрде бекітілді, өте маңызды өкілеттілікті иеленді.

Бұл жоғары оқу орындары жұмысының ашықтығы мен тиімділігін едәуір арттырып, бюджеттен тыс қаражатты тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына одан әрі дамыту шеңберінде жан басылық қаржыландыру жүйесі менжәне «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын енгізу арқылы МЖӘ дамыту жұмысы жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына бiлiм алып жатқан жастарды қоғамдық көлікте жол жүру жеңiлдiктерімен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізілді.

Жоғары оқу орындары мен колледждер жатақханаларының желісін кеңейту мәселелері шешілуде. Қазіргі кезде 211 мың жатақхананы қажет ететін студенттердің 149 мыңы (70,6%) жатақханамен қамтылған.

Өндірістен қол үзбей жұмыс істейтін жастарға кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуды ұсыну мақсатында оқуға жеңілдіктер мен гранттар беру арқылы жұмыс берушілер мен оқу орындары арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту болжануда;

Сонымен қатар, кәсіпорындарда базалық білім беру ұйымымен интернет желісі арқылы байланысқан компьютерлік тьюторлық сыныптар ашу арқылы жұмыс істейтін жастарды қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану тәжірибесін кеңейту.

Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау мақсатын қарастыратын мектеп оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленді. Осы жоспарды орындау нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамыту үшін фунционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, мектеп оқушыларының тұлғалық бағдарына, тұлғаның кәсіби қалыптасуына ықпал ететін қосымша білім берудің беделін қамтамасыз етуге; білім нәтижелеріне тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізуге жағдайлар жасалатын болады.

Тұлғаның Қазақстанның азаматы және патриоты ретінде рухани-адамгершілік қалыптасуына көңіл бөле отырып, барлық оқу процесінің тәрбиелік компонентін күшейту мақсатында барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік компонентін күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар әзірленді.

Жоспарды іске асыру қорытындылары бойынша балалар мен оқушы жастардың бос уақытын өткізуді қамтамасыз ету, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, қазақстандық патриотизмді, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын, өзін-өзі кәсіби айқындауды қалыптастыру үшін тиімді тәрбие жүйесін құру күтілуде.

Денсаулықты дамыту мақсатында ҚР-да онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаны іске асыруға жалпы шығындар 178 369,0 мың теңгені құрайды.

Бағдарламаны іске асыру іс-шаралары үстіміздегі жылдың наурызынан басталды, соның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында қуықасты безі обырының скринингінің пилоттық жобасын енгізу;

колоректалдық обырдың скринингі бойынша гемокульт-тестін жүргізу;

иммуногистохимиялық зерттеулер жургізу;

қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды стационарлық дәрежеде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

өңірлік онкодиспансерлерде амбулаториялық химиотерапия қабылған онкологиялық науқастарды динамикалық бақылау үшін 19 амбулаториялық химиотерапия кабинетін ашу, колопроктология мәселелері бойынша хирургтардың біліктілігін арттыру;

ҚазОРҒЗИ-ды медициналық жабдықтармен жарақтандыру;

иондаушы сәулелеу көздерін ауыстыру жүйесін және сәулелік аппараттар паркінің сервистік қызметін жетілдіру.

«Назарбаев университеті» ДБҰ-ның Ұлттық медициналық холдингі базасында Онкология ұлттық ғылыми орталығын (бұдан әрі - Орталық) құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасының басым элементтерінің бірі болып табылатын Орталық құру тұжырымдамасы әзірленді,

Орталықтың негізгі міндеттері обырдың алдын алудың және емдеудің тиімді жүйесін құру, озық ғылыми әзірлемелер жүргізу, жоғары білікті кадрларды даярлау және жаңа технологиялар трансферті, бұл Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыруға, сондай-ақ еңбекке қабілетті халық әлеуетін сақтауға мүмкіндік береді.

Орталықты жеделдетіп құру мақсатында Назарбаев Университеті мен шетелдік серіктес–онкологиялық көмек көрсету саласындағы барлық бағыттар бойынша халықаралық көшбасшылардың бірі болып саналатын, сондай-ақ әлемде және АҚШ-та кең ауқымды жүйелі онкологиялық орталықтары бар Питтсбург Университетінің медициналық орталығы (University of Pittsburgh Medical Center) арасындағы келісімге қол қойылды.

Ынтымақты жауапкершілікті ескере отырып, Денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

«Назарбаев Университет» ААҚ жанындағы «Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-мен мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартқа қол қойылды. Денсаулық сақтауды қорғау жауапкершілігін бөлу бойынша халықаралық озық тәжірибеге егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Мамандар тобы Дүниежүзілік банк пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, Гарвард университетінің профессорлары, сондай-ақ ОЭСР бірқатар елдерінің министрлерімен тәжірибе және пікір алмасулар болып өткен халықты медициналық көмекпен әмбебап қамту мәселелері бойынша халықаралық семинарға қатысты.

Азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі элементтері бар денсаулық сақтаудың моделін таңдауға қатысты тәсілдер әзірленді.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту шеңберінде қолданыстағы спорттық объектілерге тексеру және оларға келетін адамдардың көптігі, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтің қолжетімділігі, құны мен сапасы тұрғысынан мониторингтеу жұмыстары нәтижесінде меншік нысанына қарамастан халықтың спорттық ғимараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ескере отырып, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 871 қаулысы).

Индустриялық-инновациялық жобалар
2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында инновациялық кластердің инфрақұрылымын дамытуға қаражат қарастыру бойынша ұсыныстар дайындау үшін Жұмыс тобы құрылды.

Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылды.

Кеңес қызметінің мақсаттары - Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдықтарына сай келетін Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатын іске асыру, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға және тиімді пайдалануға инвесторлардың ағымдағы қызметіне жәрдемдесу және Қазақстан Республикасында инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау, оның ішінде шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатқа қатысты нормативтік құқықтық базасын, салық және кеден заңнамасын жетілдіру болып табылады.

2012 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К. Мәсімовтің төрағалық етуімен инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша Кеңестің бірінші отырысы болды, онда Қазақстанның инвестициялық ахуалын дамыту және инвесторлардың проблемалары жөніндегі мәселелер талқыланды.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 476 қаулысымен бекітілген шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оған қызмет көрсететін инфрақұрылым саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталатын қаржылық қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру бойынша комиссия құрылды.

Балқаш ЖЭС-ын салу жобасын жүзеге асыруда Іс-шаралар жоспары жобасы (Жол картасы) дайындалды.

«Бизнестің Жол картасы – 2020» Бағдарламасына инновациялар енгізу үстіндегі ісін жаңа бастаушы және жас кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Тез бұзылатын өнімді сату кезінде бөлшек сауданы қолдауды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қалыптастыру шеңберінде Жұмыс тобы қалыптастырылды, Шымкент, Тараз, Қарағанды және Ақтөбе қалаларына шығу арқылы отырыстар мен тұсаукесерлер өткізілді, онда сауда желілері мен сауда нарықтарының басшылары, ӘКК өкілдері қатысты.

Бөлшек саудада азық-түлік тауарларын сатуға жүргізілген талдау негізінде өнімсіз делдалдардың (алыпсатарлар) көбінесе тез бұзылатын азық-түлік тауарларын сату саласында шоғырланғаны анықталды, оларға ет, сүт және сүт өнімдері, жаңа ұсталған балық, тауық жұмыртқасы, көкөністер мен жемістер жатады.

Қалған ұзақ сақтау мерзімді азық-түлік тауарлары: жармалар, қант, өсімдік майы, ұнды-жарма өнімдері сияқты тауарлар бойынша тауар өндірушіден бастап дистрибьюторлық жүйенің басым болуымен көтерме-бөлшек сауданың қалыптасқан жүйесі құрылған.

Қазіргі уақытта аграрлық өндіріске жеке инвестициялар қарыздарын кепілдендіру жүйесін енгізу мақсатында займдарды мемлекеттік кепілдендіру жүйесі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (АШТӨ) қаржыландырудың 2 (екі) схемасы пысықталып жатыр.

Ұсынылатын схемалар қаржы институттарының кредиттік тәуекелдерін және кредит шарттары бойынша сыйақы ставкаларын төмендету арқылы займдар алуда АШТӨ мүмкіндігі мен қол жетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сыртқы саясат
Ағымдағы жылдың 22-24 мамыры аралығында «Жаһандық экономикалық трансформация: талаптар мен даму перспективалары» тақырыбы бойынша V Астана экономикалық форумы (бұдан әрі - Форум) өтті. Форум үш негізгі бағытқа арналған: «Қаржылық капитал және әлемдік экономика», «Индустриялық-инновациялық даму» және «Тұрақты даму мен әлеуметтік талаптар». Форум жұмысына 8000-нан астам адам, оның ішінде әлемнің 90 елінен 2000-нан астам шетелдік қатысушылар қатысты.

Форум барысында қатысушылар халықаралық валюталық қаржы сәулеті, инновациялық даму, ықпалдастыру үдерістері, инновацияларды енгізу, жасыл өсу мен дамушы және дамыған елдердің алдында тұрған басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

V Форум шеңберінде Астана қаласының әкімдігі «Astana Invest 2012» Инвестициялық форумын өткізді, оның шеңберінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде білім беру, денсаулық сақтау саласында, инфрақұрылым және энергетика объектілерімен, мәдени және спорт объектілерімен инвестициялық астаналық жобалардың тұсаукеселері өткізілді. Сонымен қатар, шамамен 1357,5 млн. АҚШ доллары сомасына келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын қаржылық қамтамасыз ету «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның 2012 жылғы 16 наурыздағы № 6-V ҚР Заңымен қабылданған 2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қарастырылды.

2012 жылғы 30-31 мамырда Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4-съезіне жоғары дін басшыларының және жетекші конфессиялар өкілдерінің, халықаралық саясаткерлер мен БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ИСЕСКО басшыларының қатарынан мәртебелі қонақтардың және басқалардың қатысуы қамтамасыз етілді. Барлығы – 40 елден 85 делегация болды.

Елбасымен кездесу барысында Съезді өткізу бастамасына алғысын білдіріп, Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдерге істерімен үлгі екенін атап өткен Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдың 4-Съезге қатысуын ерекше атап өткен жөн.

Алдыңғы съездерде Елбасы ұсынған бастамалардың іске асырылғанын 4-Съезд көрсетті. Бұл осы Съездің маңызды екенін айқындады. Солардың бірі 4-Съездің алдында ұлықтау рәсімі өткен Діни көшбасшылардың кеңесі. Кеңестің құрамына жоғары мәртебелі дінбасылары мен әлемнің енген: ислам, христиан, буддизм, индуизм, синтоизм, зороастризм сияқты жетекші конфессияларының өкілдері.



Похожие:

Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» icon«Жаңа онжылдық Жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының...
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» icon«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты...
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» icon«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты...
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» iconҚазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Кет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі...
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» iconҚарағанды облысы бойынша «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарлама жобасы туралы ақпарат
Оларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2012 жыл мен 2020 жыл бойынша жыл сайын 782 мың ш м орташа 87 мың ш м тұрғын үй...
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» iconОңтүстік Қазақстан облысында 2012 – 2020 жылдарға арналған «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын
...
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» iconЕлдің 2020 жылғы дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарын бекіту туралы
Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан...
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 29 наурыз №366 Астана, Үкімет Үйі
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар...
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» iconЖҰЖ бөлімдерінің Қазақстан Республикасы Статистика агентттігімен орындалуы
Ел басының Қазақстан халқына 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың басты бағыттарын...
Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қолжетімді тұрғын үй ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» icon2012 жылы Ақсу ауданы әкімі Ә. Дүйсембаевтың өткізген есептік кездесулерінде айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы мәлімет
Ақсу ауданы әкімі Ә. Дүйсембаевтың өткізген есептік кездесулерінде айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница