1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»




Скачать 195.23 Kb.
Название1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Дата конвертации12.07.2014
Размер195.23 Kb.
ТипДокументы




Жоба
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы
1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы
Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.

Тұжырымдамада осы саланың кадрлық ресурстары жүйесінің ағымдағы ахуалына талдау жасалған, кадр саясатының негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудың басты тетіктері белгіленген.
1.1. Әлемдегі және Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстары жағдайына талдау.
Денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – кадрлық ресурстарды дамыту стратегиясы. Бүкіл дүниежүзінде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі және медициналық қызмет көрсету сапасы қызметкерлердің білімі, икемділігі, мотивациясымен анықталатын жұмыс көрсеткіштеріне байланысты.

Халықаралық тәжірибе, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДСҰ) тәжірибесі ұйымдағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты өзгерістердің ішінде кадрларды басқару саласында қолданылған іс-шаралар табысқа жеткізеді.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін даярлау сапасы мен саны, даярлау курстарын біркелкі бөлу денсаулық сақтау саласының түрлі іс-шараларының нәтижесіне және жалпы адамдардың денсаулығына оң ықпал ететіні туралы деректер көп.

ДДСҰ анықтамасына сәйкес, негізгі қызметі халық денсаулығын жақсартуға бағытталған адамдарды – денсаулық сақтау саласы қызметкерлері деп атаймыз. Оларға медициналық қызмет көрсететін мамандар (дәрігерлер, мейірбикелер, фармацевтер, лаборанттар), сондай-ақ әкімшілік қызметкерлер мен көмекші персонал жатады. Әлемде 60 миллионға жуық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бар. Олардың үштен екісі медициналық қызмет көрсетеді (провайдерлер), ал үштен бірі әкімшілік қызмет атқарады және көмекші персоналдар.

Денсаулық сақтау саласында кадрлық дағдарыс барын дүниежүзілік қауымдастық мойындайды. Денсаулық сақтау саласында кадрларды дамытудың қазіргі проблемалары алғашқы медициналық көмекті көрсететін персоналдың тапшылығына, тар бейіндегі мамандықтардың артуына, дәрігерлер мен мейірбикелер, акушерлер санының дисбалансына, медицина қызметкерлерінің ірі қалаларда тым көп шоғырлануына байланысты.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің саны мен халық санының және денсаулық көрсеткішінің арасында тікелей байланыс бары дәлелденген.

Қызметкерлердің ғаламдық деңгейде жеткіліксіздігі ел ішіндегі дисбаланстың әсерінен арта түседі. Ауылдық жерлерде қаламен салыстырғанда білікті персонал тапшылығы байқалады.

ДДСҰ-ның бағалауы бойынша кадр тапшылығының орнын толтыру үшін, кем дегенде 2 360 000 медицина қызметкерлері және 1 890 000 әкімшілік және көмекші персонал, жалпы алғанда, денсаулық сақтау саласының 4 250 000 қызметкерлері қажет.

Түрлі елдерге дәрігерлердің саны мен кіші медициналық персоналдың арақатынасында біліктілік деңгейінің әр алуандығы тән. Негізгі мамандықтар мен біліктілік спектрінде диспропорция барынша көп болып отыр.

Денсаулық сақтау саласының кадр жүйесіндегі өзекті мәселелер – кадр ресурстарын дұрыс жоспарлау, олардың санын арттыру, білікті қызметкерлерді бөлу құрылымында диспропорцияны жою мәселелері.

Соңғы 30 жылда өндірісі дамыған елдердің көбінде әкімшілік қызметкерлерінің, медициналық қызмет көрсету саласы экономистерінің рөлі күшейтілді. Мысалы, көптеген елдерде клиникаларды медициналық білімі жоқ, кәсіби администраторлар басқарады.

Денсаулық сақтау саласы кадрларын дамытудың қазіргі саясаты мемлекет пен қоғамның, оларға қоса медициналық кәсіптік қауымдастықтардың ортақ жауапкершілігі негізіне құрылады. Үкімет денсаулық сақтау саласының кадрға сұранысын реттеуге, анықтауға, қанағаттандыруға тырысады, сондай-ақ кадрларды оқыту және даярлау саласында іс-шараларды қолдауға, бағыттауға, бақылауға көмектеседі.

ДДСҰ құрған кадр ресурстарының аймақтық обсерваториялары аймақтардағы денсаулық сақтау саласының еңбек ресурстарына арналған білім базасын нығайтады, дамытады, сақтайды. Обсерватория денсаулық сақтау жүйесін нығайту және медициналық қызметті жақсарту мақсатында саяси шешімдерді қабылдау үшін нақты деректерді ұсынады. Олар практикалық әдістерді, жинақталған тәжірибені зерделейді және ақпараттарды бөліседі.

Осылайша дамыған елдердің кадр саясаты қолда бар ресуртардың тиімділігін басқару әдістерін енгізуге, әкімшілік қызметкерлердің рөлін арттыруға, мейірбике кәсібін шұғыл дамытуға, орта білімді медицина қызметкерлерінің функциясын кеңейтуге, қоғамдық денсаулық сақтау саласы мамандарын даярлауға, кадрларды даярлау және қайта даярлау саласына талаптарды арттыруға бағытталған.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарының маңызды ерекшелігі – дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші жоғары, алайда әлемдегі көрсеткіштермен салыстырғанда орта арнаулы білімі бар мамандармен қамту көрсеткіші төмен. Ауылдық жерлермен салыстырғанда қалаларда дәрігерлермен қамтудың орташа көрсеткіші 3 есе артық.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы медицина кадрларының саны қазіргі күні 207 мың маман, олардың 144 мыңы мейірбикелер. Кадрлардың жалпы санының 70%-ы – медициналық қызмет көрсетуші провайдерлер. Дәрігерлердің жалпы санының 18%-ы және орта арнаулы білімі бар мамандардың 33 %-ы ауылдық жерлерде еңбек етеді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлерге сұраныс 4,1 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде сұраныс 1,9 мың адамды құрайды.

Қазақстанға тән ерекшелік медицина кадрлары ел аумағында біркелкі бөлінбеген: елдімекендерде 10 мың адамға 20-дан 45,7-ға дейін маман бөлінген. Ауылдық жерлерді дәрігерлермен қамту әлі де төмен деңгейде, 10 мың адамға шамамен 11,0 – 18,9 маман. Шалғайдағы ауылдық елдімекендерде білікті мамандардың жеткіліксіздігі салдарынан халықтың ауқымды бөлігінің медициналық көмекке қолы жетпейді. Соңғы жылдары жасы елуден асқан дәрігерлер санының артуы алдағы онжылдықта кадр тапшылығы қаупі туындауы мүмкіндігін көрсетеді. Нарықты жұмыс күшімен толықтырудың маңызды сипаты дәрігерлердің жалпы құрамында жас кадрлар санын арттыру. Соңғы жылдары салаға жас мамандардың көптеп келу тенденциясы байқалғанмен, дәрігер кадрлардың жалпы санының ішінде олардың үлес салмағы 4%-дан артық емес. Кәсіпке қызығушылықтың төмендігі және мотивациялық механизмдердің болмауы салдарынан ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 87%-дан артпайды.

Кадрлық ресурстарды басқару жүйесі, білікті басқарушы әлеуеттің жеткіліксіздігі, кадр қызметі жұмысының ескірген принциптері, денсаулық сақтау саласындағы менеджмент пен экономика саласының мамандарының, әлеуметтік қызметкерлердің тапшылығы тиімді әлеуетті құру жолына үлкен кедергі.

Кадрлардың жеткіліксіздігіне, географиялық және аумақтық тұрғыдан біркелкі бөлінбеуіне, кадрлық дисбалансқа байланысты проблемалармен қатар медициналық қызметтің сапасынан байқалатын қолда бар кадрлардың біліктілігінің төмендігі жағдайды күрделендіре түседі.

Кадрларды жоспарлау мен болжаудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі де жағдайды ушықтыра түседі. Кадрлық ресурстарды жоспарлауға денсаулық сақтау саласы саясаты тарихында басымдық болған жоқ.

Қазіргі күні денсаулық сақтау саласындағы нақты мемлекеттік кадр саясатының болмауы еңбек ресурстарының сандық және сапалық кризисіне әкелді. Жұмысқа мотивациялық ынталандырудың жоқтығы, жалақының аздығы, денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуметтік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қорғалмауы, бұл салаға жас мамандардың аз келуіне және дәрігер кадрлардың «қартаюына» себеп болды. Ауылдық жерлерге кадрларды тартып, сақтап қалу қиынға соғуда.

Жұмыс орындарын техникалық жағынан жеткілікті қамтамасыз ете алмау, басқарушы персонал тарапынан қолдаудың аз болуы, кадр қызметі жұмысының ескірген принциптері, ауылдық жерлерде әлеуметтік инфрақұрылымның төмендігі де проблеманы қоса түседі.

Республикада медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін дамытуға қатысты салалардағы оң үдерістерді атап өтуге болады. 2010 жылы осы саладағы өзгерістердің бірінші сатысы – медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау тұжырымдамасын жүзеге асыру аяқталды. Медициналық және фармацевтикалық кадрларды даярлаудың жаңа моделі, білім берудің үздік халықаралық практикаға негізделген жаңа стандарттары мен технологиялары енгізілді. Жаңадан құрылған оқу-клиникалық орталықтар студенттер мен интерндерді клиникалық жағынан даярлауға көп көңіл бөлуге мүмкіндік берді. Медициналық ЖОО-ларды институттандыру аккредитациясының ұлттық стандарттары әзірленіп, енгізілуде. Үздік халықаралық практикаға сәйкес келетін және отандық денсаулық сақтау саласын тиімді дамытуды қамтамасыз ететін медициналық және фармацевтикалық білім беру сапасына қол жеткізу – 2011 жылы бекітілген Медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі басымдықтарының бірі.

Соңғы жылдары қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын, денсаулық сақтау менеджерлерін, жоғары білімді мейірбикелерді даярлау ісі белсенді түрде жүргізілуде. Денсаулық сақтау саласы кадрларының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жұмыстары басталды – мамандықтар мен лауазымдардың номенклатурасы, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары мен сипаттары әзірленді. Медицина кадрларының біліктілік деңгейін бағалауға қойылатын талаптар қайта қаралды.

Аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін жақсы мүмкіндіктер бар, оның ішінде елдің ІЖӨ бойынша денсаулық сақтау саласын қаржыландыру үнемі артып отырады; Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламаты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық міндеттерінің бірі ретінде саланың бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетін құру қажеттігі мойындалды; Дүниежүзілік банкпен бірге «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау секторын институттандыру технологиясын үйрету және енгізу» жобасы іске асырылуда; денсаулық сақтау саласында басқарудың жаңа тиімді әдістері пайда болды.

Сонымен қатар Тұжырымдаманы сәтті жүзеге асыруға кедергі келтіретін қауіп-қатерлерді ескермеуге болмайды. Оларға мыналарды жатқызуға болады: медицина кадрларының біліктілік деңгейіне қойылатын талаптардың өсуі; медицина ғылымы мен жаңа технологиялардың дамуына байланысты медициналық жаңа технологиялардың пайда болуы, ақпараттың жылдам жаңарып отыруы; медициналық көмекке сұраныстың өзгеруіне және медициналық көмек көрсетуден медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге қайта бағытталуға байланысты демографиялық (халықтың қартаюы) және эпидемиологиялық (созылмалы аурулардың артуы) тенденциялар; медицина кадрларының миграциясы және т.б..

1.2. Тұжырымдаманың мақсаты және міндеттері

Еліміздің мемлекеттік саясатының бағыттарының бірі медициналық қызметтің сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту. Сапа дегеніміз тиісті деңгейде және экономикалық тұрғыдан тиімді медициналық қызметті ұсыну, сапа көп факторларға байланысты, олардың ішінде кәсіптік деңгей және денсаулық сақтау саласы мамандарын кәсіптік деңгейлерін арттыруға ынталандыру, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестерін басқарудың қазіргі технологияларын енгізу, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізу; медициналық ұйымдарды материалдық техникалық жабдықтау және т.б. маңызды рөл атқарады.

Бұл Тұжырымдаманың мақсаты – денсаулық сақтау саласында ұсынылатын сапалы қызметті қамтамасыз ететін тиімді кадр саясатын құру.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  1. Штат санын және кадрлық құрылымды жоспарлауды оңтайландыру.

  2. Кадрларды даярлауды және үздіксіз кәсіптік дамытуды жетілдіру.

  3. Денсаулық сақтау саласында адами ресурстарды тиімді басқару.


1.3. Тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері және күтілетін нәтижелер
Осы Тұжырымдаманы жүзеге асыру 2012 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған.

Бірінші кезеңде (2012-2014 жылдар):

  1. Кадрлық ресуртарды дамыту саласында пәрменді нормативтік-құқықтық база құрылады;

  2. Кадр саясатын жүзеге асыру үшін тиімді әдістер мен тәсілдер әзірленеді және енгізіледі;

  3. Кадр саясаты және осы саладағы зерттеу мәселелері жөніндегі үйлестіруші орталық ретінде Кадрлық ресуртардың ұлттық обсерваториясы құрылады;

  4. Денсаулық сақтау саласы кадрларына үздіксіз кәсіптік білім берудің модульдік-жинақтаушы жүйесі енгізіледі;

  5. Денсаулық сақтау саласының кәсіби менеджерлерінің институты құрылады;

  6. Медицина кадрларының біліктілік деңгейін бағалайтын тәуелсіз институт құрылады;

  7. ҚР денсаулық сақтау саласы проблемаларын шешуге кәсіптік қауымдастықтар белсенді түрде шақырылады;

Екінші кезеңде (2015-2017 жылдар) бірінші кезеңдегі іс-шаралар жалғастырылады, бірінші кезеңде атқарылған шараларды мониторингілеу және тиімділігін бағалау жүргізіледі, сондай ақ :

  1. Денсаулық сақтау органдары және кадр қызметі модернизацияланады;

  2. ҚДС дамыту бойынша функциялар ішінара кәсіптік бірлестіктерге беріледі.

Үшінші кезеңде (2018 – 2020 жылдар):

1) ДДСҰ қолдауымен денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарының аймақтық Обсерваториясы құрылады;

2) үздік халықаралық практикаға сәйкес кадр саясатын жүзеге асыру үшін тиімді әдістер мен тәсілдер енгізіледі;

  1. Халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ДДСҰ-мен, сондай ақ денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамыту мәселелерін, денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстар саласын зерделеу бойынша донор ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылады.


2-бөлім. Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамытудың негізгі принциптері және жалпы тәсілдері
Кадр саясаты келесі принциптерге негізделеді:

  1. Жүйелілік – кадрлармен жұмыс мақсаттарының, принциптердің, формалар мен технологияларының бірлігін қамтамасыз ету.

  2. Заңға сәйкес қызмет және ашықтық.

  3. Кәсіби шеберлік және біліктілік – саланы тиімді дамыту үшін қажетті білімнің, іскерліктің, машықтардың болуы.

  4. Кәсіби дамудың үздіксіздігі.

  5. Адамның саяси, нәсілдік, ұлттық, тілдік, жыныстық және діни көзқарастық белгілері бойынша еңбекке қатысты құқықтарын шектеудің кез-келген түрлеріне тыйым салатын әлеуметтік теңдік.

  6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғау.


2.1. Кадр саясатының нормативтік құқықтық базасын, әдістері мен құралдарын жетілдіру
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын (ДСКР) басқару бойынша еліміздің әлеуетін нығайту мен арттыру жақсартылған халықаралық практика негізіндегі реттеуіш базаны жетілдіруді қарастырады. Осы бағытты жүзеге асыру ДСКР-ны даярлау, бөлу, басқару, ынталандыру процедураларын белгілейтін қолданыстағы нормативтік құжаттарға талдау жасауды қамтиды.

Тиімді басқару үшін кадрлық ресурстарды талдау мен жоспарлауға мүмкіндік беретін сенімді әрі нақты деректер базасы жасалады.

Саланың кадрлық ресурстарын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру мақсатында кадрларды жоспарлау мен болжаудың қазіргі заманға сай тәсілдері ескеріледі.

Жоспарлауды жетілдіру персонал санының нормативтерін әзірлеу мен пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Қолданыстағы штаттық нормативтердің сәйкестігін талдау ДДСҰ әзірлеген және ұсынған әдістер мен құралдардың негізінде жүргізіледі. Нормативтер кадрлық әлеуетті бөлудегі аймақтық, әлеуметтік (қала – ауыл, орталық – периферия) және құрылымдық (жәрдем көрсету түрлері, ұйымдар мен мамандықтардың типтері бойынша) сәйкессіздіктерді теңестіру құралы болмақ, сондай-ақ медициналық жәрдем көрсетудің алғашқы, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған түрлерін дамытудың сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік тұрғыға бағытталған алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсетуді дамытудың басымдығын басшылыққа ала отырып, орта арнаулы білімі бар медициналық персоналдың, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтердің медициналық және медициналық-санитарлық жәрдем көрсетудегі маңыздылығы артады.
Денсаулық сақтау саласы мамандарының медициналық, әлеуметтік, психологиялық жәрдем көрсету түрлері бойынша нормативтердің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін кәсіптік стандарттарын әзірлеу басталады және денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал жасайды.
Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің мамандықтары мен лауазымдарының номенклатурасы бойынша, сондай-ақ лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары мен мамандықтардың сипаттамасы бойынша нормативтік құқықтық актілер қайта қарастырылады және жетілдіріледі.
ДСКР бойынша есепке алу-есеп беру құжаттамасын, қызметтік міндеттемелерді нақты сипаттайтын, жұмыс сапасын бағалаудың міндеттері мен критерийлерін анықтайтын нұсқаулықтарды, есеп беру мен өтемақылар үшін мониторинг жүйесін, сондай-ақ ынталандырудың тиімді жүйелерін жетілдіру жұмысы жүргізіледі.

2.2. Денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарының ұлттық (аймақтық) обсерваториясын құру
Халықаралық тәжірибе тиімді кадр саясаты бойынша жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз ететін Кадрлық ресурстардың ұлттық және аймақтық обсерваториясын құру тиімділігін көрсетеді.
Алғашқы кезеңде Кадрлық ресурстардың ұлттық обсерваториясын, кейіннен ДДСҰ-ның қолдауымен Кадрлық ресурстардың аймақтық Обсерваториясын (Орталық Азия үшін) құру болжанды. Ол ДСКР-дағы қажеттілік бойынша деректерді жинақтау, талдау, жоспарлау мен болжаудың еліміздегі 16 аймақ үшін үйлестіруші орталығы ретінде құрылуы мүмкін деп жоспарлануда.
Обсерваторияда халықаралық талаптармен үйлестірілген денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (ДСБАЖ) ресурстарын басқару жүйесі (РБЖ) деректерінің негізінде деректердің сенімді әрі нақты базасы болады.

Обсерватория ДСКР-дың негізгі аспектілері және олардың денсаулық сақтау шараларының нәтижелеріне тигізетін ықпалы бойынша зерттеулер жүргізеді, бұл негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
2.3. Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық қызметін модернизациялау

Денсаулық сақтау саласының жұмыс істеуінің жаңа шарттары кадрлық қызметтің әлеуетіне едәуір кеңейтілген жоғары талаптар, функциялар мен жауапкершілік жүктейді.
Тиімділікті басқару – нәтижелілікке бағытталу, өлшенетін міндеттерді белгілеу, қызметкерлерді денсаулық сақтауды ұйымдастыру қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне ынталандыру жүйесін енгізуге ерекше назар аударылады.

Елімізде денсаулық сақтауды басқару органдарының атқарушылық функцияларының бір бөлігін мемлекеттік, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарға кезең-кезеңімен бере отырып және медициналық қызмет көрсетулерді мемлекеттік жеткізушілердің автономиясын арттыру арқылы децентрализациялау стратегиясы жалғасады.

Қазіргі заманғы басқару технологияларын қоса денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың кәсіби менеджерлер институты мен транспаренттік формаларын енгізу жалғасын табады.
Функциялық міндеттерді орындау және жаңа міндеттердің шешімін табу кадр қызметінің жетекшілері мен мамандарынан жаңа құзыреттілікті, көпбейінді кәсіби білімді (заңдық, экономикалық, педагогикалық, психологиялық және т.б.), сондай-ақ қазіргі заманғы кадрлық технология саласындағы шеберлік пен машықтарды игеруді талап етеді.
Персоналды басқару проблемаларымен еңбек нарығында жақсы бағытталуға бейім, сараптамалық жұмыс жасай алатын, жалдау мен персонал диагностикасының қазіргі заманғы технологияларын меңгерген кәсіби мамандар айналысады. Олар қызметкердің жұмыс орны мен әлеуетіне қойылатын талаптарды ескере отырып, кадрларды орналастыруға, қызметті шегеру мен бағалауға, еңбекті мотивациялау мен ынталандыруға, қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан өсуін қамтамасыз етуге қатысады.
Саланың кадрлық ресурстарын басқару жүйесіндегі ерекше маңызды бағыт – жетекші құрамның жоғары кәсіптік деңгейін қолдау. Жетекшіні дұрыс таңдау көп жағдайда еңбектің табыстылығын анықтайды. Жетекші қызметкерлердің қолданыстағы резерві қалыптасады.
Резервті ауқымды практикалық даярлау мақсатында орталық және аймақтық деңгейлердегі жетекші кадрларды ағымдағы ротациялау әдісі жүзеге асырылады.

2.4. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің беделін арттыру, мотивациялау жүйесін жетілдіру және еңбегін ынталандыру
Қолда бар ресурстарды даярлауға, қолдауға, сақтап қалуға және тиімді пайдалануға бағытталған кадрлық ресурстарды басқаруды дамытудың оңтайлы механизмдерін енгізу мемлекеттік кадр саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Өкінішке орай, медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Қызметтің соңғы нәтижелеріне негізделген сараланған еңбекақы төлеуді жетілдіру жұмысы жалғасады. Медицина қызметкерлерін өз міндеттерін сапалы орындауға, әлеуметтік қолдау өлшемдерін әзірлеуге ынталандыруға және мотивациялауға ерекше көңіл бөлінеді.

Шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын ынталандыру және емдеу ұйымдарының статусын өзгерту жолымен еңбекақы төлеуді ыңғайлы реттеу үшін жағдай жасау жоспарланады.

Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытуды жұмыс берушілердің қаржыландыруы, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын нығайту, кадрларды шегерудің тиімді мотивациялау механизмдері үшін оңтайлы экономикалық жағдайлар жасалады.

Медицина саласы кадрларын елді мекендерге тарту және кадрларды сақтау басым бағыт болып қалады. Осыған орай, тұрғылықты мекенжайына білім беру қызметін қашықтықтан оқыту формасының, телелекция, телеконсультация есебінен барынша жақындату арқылы олардың кәсіптік деңгейін тұрақты түрде арттырудың қолжетімділігіне жағдай жасалатын болады.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау, әлеуметтік-бағдарланған қолдау көрсету және еңбегін қоғамдық тұрғыдан мойындау жөнінде шаралар ұйымдастыру қажет. Еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарды қайта қарау, оларды қазіргі қауіпсіздік талаптарымен сәйкестендіру керек. Жұмыс орнында еңбек шартының жағдайына әкімшілік бақылау жүргізу күшейтіледі.
Сала алдында тұрған маңызды міндеттерді шешу – медицина саласы кадрларының лайықты өмірді қамтамасыз ету, сала мамандарының беделін арттыру, олардың денсаулығын сақтаумен байланысты әлеуметтік проблемаларына баса назар аударуды қажет етеді. Медицина кәсібінің беделін арттыруға тұрақты түрде өткізілетін «Өз кәсібінің шебері» конкурсы жәрдемдеседі.
2.5. Кәсіптік білімді жетілдіру

Сала кадрларының кәсіптік даярлық сапасын жақсарту –кадр саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Қазіргі таңда «Медициналық және фармацевтикалық білімді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жүзеге асырылуда, оның мақсаты –медициналық және фармацевтикалық білімнің халықаралық үздік практикаға сай сапасына қол жеткізу.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін міндеттер кешенін қамти отырып күрделі, әрі жүйелі жұмыс істеу керек. Білім беру стандарттары денсаулық сақтау жүйесінің талаптары және құзыреттілік тәсіліне негізделген халықаралық тәжірибе ескеріліп жаңартылады.

Белсенді оқытудың қазіргі үрдістері, сыни ойлауды, талдау машықтары мен өзіндік жұмысқа назар аударуды дамыту, симуляция мен тренажерлерді қолданып оқыту, дәлелдемелі медицинаны дамыту және т.б. ескеріліп оқытушылардың әлеуетін көтеру жүйесі енгізіледі.

Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясы сарапшыларының ұсынымдары ескеріліп, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жүйесі бұдан әрі дамитын болады.

Медициналық білім беретін ұйымдарға қабылдау саясаты қайта қаралады. Медициналық ЖОО-ларға студенттерді қабылдаудың сандық тәсілінен сапалы оқытуға ауысу жоспарлануда. Дәрігерлерді даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырыс (грант саны) кезең-кезеңімен азаяды және сонымен қатар оқу құны көтеріледі. Азаматтарды медициналық білім беретін ұйымдарға іріктеу және қабылдау жүйесі психологиялық тестілеу, объективті стандартталған сұхбаттасу негізінде жетілдіріледі.

Кадрларды даярлау сапасына қол жеткізудің негізгі бағыттарының бірі –сала мамандарының, оның ішінде медициналық ЖОО мен колледж түлектерінің біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу.
2.6. Медицина кадрларының біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау институтын енгізу
Елімізде білім беру ұйымдарының кадрлар даярлығының сапасы мен тиімділігін өздері бағалау практикасы бар. Медициналық білім беру ұйымдары да бұдан шет қалмайды. Әсіресе бұл проблема кәсіби шеберлігіне адамдардың денсаулығы мен өмірі тәуелді медиктер үшін ерекше өзекті. Солтүстік Америка елдерінде студенттердің, медициналық мектеп түлектерінің білімін, іскерліктері мен машықтарын тәуелсіз бағалау жүйесі бар, ол дәрігерлерді даярлау сапасын бақылауға мүмкіндік береді, олардың біліктілігінің жоғары деңгейін, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазақстанда «Медициналық білім және ғылым қауымдастығы» қоғамдық бірлестік базасында тәуелсіз орталық құру жоспарлануда. Бұл орталық осы саланың шетелдік сарапшыларының қатысуымен ұйымдастырылады және медициналық кадрлардың сапасын, сондай-ақ жұмыс істейтін мамандардың біліктілік деңгейін бағалаудың маңызды құралы болуы керек.
2.7. Үздіксіз кәсіптік білімді жетілдіру
Медициналық және медициналық емес кадрларды үздіксіз кәсіптік дамыту/білім беру (ҮКД) жүйесі сапалық тұрғыдан жаңартылады. ҮКД сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негізделген, мазмұны мен оқу мерзімі бойынша әртүрлі білім беру бағдарламалары мен кәсіптік бағдарламаларды әзірлеу жүзеге асырылады.

Елімізде ғана емес, шетелдерде де, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолданып кәсіптік білім алу қолжетімді болу үшін жағдай жасалады. Жеке, өз бетінше (өзін өзі дамыту), электрондық (қашықтықтан), коучинг, тәлімгерлік, т.б. оқыту формалары кеңінен таралады.

Медициналық қызметкерлерді ҮКД жүйесінің негізінде жинақтаушы принцип жатыр, ол әрбір қызметкердің кәсіптік дамытудың шартты бірліктерінде (жинақтаушы сынақтық бірлік жүйесі) өлшенетін жаңа білім мен машықтың белгілі бір көлемін меңгеруді қарастырады.

Жинақтаушы жүйенің негізгі шарты –оқытудың модульдік тәсілі. Мұнда білім беру бағдарламалары жүйелі белгіленген оқыту модульдерінен тұрады, олардың әрқайсысының логикалық соңы болады және жеке дербес компонент ретінде өтуге болады, соңында тиісті құжат беріледі.

Ұсынылатын жүйенің ерекшелігі – сағат санына немесе білім алушының жалпы жұмсаған уақытына емес, олардың оқу бағдарламасының өткен көлемі бойынша белгілі бір құзыреттілікке қол жеткізуі бағдарға алынады.

2.8. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіптік қауымдастықтардың рөлін күшейту
Халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерде сандық қозғалысқа қол жеткізу үшін мемлекеттік ведомствоны, бизнес-құрылымдар мен қоғамдық ұйымдарды қоса, барлық қоғам күшінің келісуі керек.

«Саламаты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Денсаулықты қорғау жөніндегі Ұлттық үйлестіру кеңесінің мәртебесін көтеру қарастырылған. Аталған кеңес мемлекеттік орталық органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасындағы жауапкершілікті нақты шектеуді, бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды қоса, жергілікті деңгейде өзара ынтымақтасу механизмдерін әзірлеуді қарастырады.

Қазіргі таңда бұл салада 100-ден аса үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жұмыс істейді. Министрлік ағымдағы жылы алғаш рет ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырды. Бұл жобалар өмір сүрудің күтілетін мөлшерін ұзартуға, саламаты өмір салтын насихаттауға және репродуктивтік денсаулықты нығайтуға, қантты диабетке шалдыққан пациенттердің өмір сапасын жақсартуға, профилактикалық медицинаны одан әрі нығайтуға бағытталған. Бірқатар жобалар медициналық қызмет және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету сапасына, МСАЖ жүйесі үшін әлеуметтік қызметкерлерді даярлау, медициналық қызметкерлердің беделін арттыру мәселелеріне арналған.

Қоғамдық ұйымдарды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, кәсіптік бағдар беру, медициналық білім, біліктілік арттыру, біліктілік емтиханын қабылдау мәселелеріне, еңбек даулары туындаған жағдайда және кәсіптік жауапкершілік жағдайларында, сондай-ақ медициналық этика саласында медициналық қызметкерлердің құқығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне белсенді түрде тарту жоспарлануда.


3-бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге асыру құралдары

Осы Тұжырымдама келесі заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады:

1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 наурыздағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III-ҚРЗ Еңбек Кодексі,

3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығы.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беру ісін дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 Қаулысы.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қаулысы.

Осы Тұжырымдаманың ережелері денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстары мәселелері жөніндегі заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жолымен жүзеге асырылады.
Өз ұсыныстарыңызды төмендегі электронды мекен-жайларға жіберулеріңізге болады:

a.syzdykova@mz.gov.kz

smailova@mz.gov.kz





Похожие:

1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» iconҰлттық медицина қауымдастығыың президенті Айжан Бегайдарқызы Садықованың Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына пікірі
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның жобасы ( бұдан әрі Мембағдарлама) бүгінгі...
1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» iconМаңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығының «Денсаулық сақтау нығайту мектептері мен колледждер» және «Денсаулық университеттері» 2012 жылғы І тоқсанның есебі
Еспубликасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламсының негізгі...
1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» iconЖастарға жанашырлық Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен...
1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері мен нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» iconБекітілген қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» iconДенсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Азақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы...
1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» iconЕскертулер мен ұсыныстарды
Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының...
1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жиынтық
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылдың 1 жартыжылдығы...
1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» iconСтационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің көлемдерін жоспарлау әдістемесі
Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің көлемін жоспарлау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) денсаулық сақтау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница