"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу" және "Электрондық ақпараттық




Скачать 299.36 Kb.
Название"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу" және "Электрондық ақпараттық
страница1/3
Дата конвертации14.05.2013
Размер299.36 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу" және "Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу" мемлекеттiк қызмет регламенттерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң 2011 жылғы 19 тамыздағы № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7187 тiркелдi
"Егемен Қазақстан" газетi 2011 жыл 15 қараша N 541-542 (26934)


      Қазақстан Республикасы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттiк қызметiнiң регламентi;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу» мемлекеттiк қызметiнiң регламентi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру комитетi (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оның Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрi С.С. Сарсеновке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                         А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы     
Байланыс және ақпарат министрiнiң
2011 жылғы 19 тамыздағы    
№ 252 бұйрығына 1-қосымша   

«Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық
кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы
депозитарийге депозитке салу» мемлекеттiк
қызметiнiң регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы «Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, iздестiруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
      2) ақпараттық жүйелердiң, бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың депозитарийi–бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға iлеспе нормативтiк-техникалық құжаттамалармен бiрге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеудi қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
      3) ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке беру – бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;
      4) «құрылымдық-функционалдық бiрлiк (ҚФБ)» - мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын мүдделi органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелерi немесе олардың кiшi жүйелерi (бұдан әрi - ҚФБ);
      5) мемлекеттiк қызмет – жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған, бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру аясында мемлекеттiк органдар, өзге де мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет;
      6) тұтынушы – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң иесi немесе меншiк иесi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
      7) iшiнара автоматтандырылған қызмет - құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керiсiнше нысанға өзгерту қажет болған кезде қызмет көрсету үдерiсiнде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесу қызметi.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы Регламент «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 38-тармағына, «Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1402 Қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      3. «Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттiк қызметi Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттандыру және байланыс комитетiмен (бұдан әрi – Комитет) көрсетiледi.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      5. Мемлекеттiк қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 25-бабы, «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және депозитарийдi жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi бағдарламалық өнiмдердi, ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы Депозитке берiлген бағдарламалық өнiмдердiң тiзiлiмiне (бұдан әрi – Тiзiлiм) депозитке беруге ұсынылған объектiлерге депозитарлық нөмiрлерiн меншiктеп беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметтi ұсыну нысаны депозитке беруге ұсынылған объектiлерге депозитарлық нөмiрлерiн меншiктеп беру, немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттiк қызмет Комитетпен демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен көрсетiледi. Қызмет алу үшiн алдын ала жазылу талабы жоқ. Жедел қызмет көрсету тәртiбi қарастырылмаған. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрлiктер үйi, Орынбор көшесi, 8-үй, 14-кiреберiс.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар туралы ақпарат www.mci.gov.kz., www.reginfo.kz. Интернет-ресурстарында орналастырылады немесе (87172) 51-81-08 телефоны арқылы алуға болады.
      9. Мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмi:
      тексеру нәтижесi оң болған жағдайда, тұтынушы Тiзiлiмге енгiзу үшiн белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма алты жұмыс күнiн құрайды;
      депозитке беру өтiнiмi тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда тұтынушы Тiзiлiмге енгiзу үшiн белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма бiр жұмыс күнiн құрайды.
      10. Осы Регламенттiң 14-тармағында көрсетiлген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығын бермеу Комитеттiң тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуына негiз болады.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) 1-кезең – Комитеттiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң (бұдан әрi – ҚҚҚ) жұмыскерлерi қосымша берiлген өтiнiм және нормативтiк-техникалық құжаттама материалдары мен ықшам-дискiлерi бар кiрiс корреспонденцияны (бұдан әрi – материалдар) қабылдау, ашу, iрiктеу және тiркеу журналына тiркеудi жүргiзедi;
      2) 2-кезең – Комитет басшысының кiрiс корреспонденцияны қарауы және лауазымдық тұлғаны анықтауы. Комитет басшылығының тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшiн тiркеу журналында қол қоюмен лауазымдық тұлғаға жолданады;
      3) 3-кезең – Комитеттiң лауазымдық тұлғасының қосымша берiлген өтiнiм және материалдары бар кiрiс корреспонденцияны қарауы, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым мекенжайына қосымша берiлген материалдары бар iлеспе хат дайындауы;
      4) 4-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның ҚҚҚ жұмыскерлерi қосымша берiлген өтiнiм және материалдары бар кiрiс корреспонденцияны қабылдау, ашу, iрiктеу және тiркеу журналына тiркеудi жүргiзедi;
      5) 5-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым басшысының кiрiс корреспонденцияны қарауы және лауазымдық тұлғаны анықтауы. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым басшылығының тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшiн тiркеу журналында қол қоюмен орындаушыға жолданады;
      6) 6-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым лауазымдық тұлғасының құжаттар мазмұны мен ресiмделуiнiң Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн тексеруi;
      7) 7-кезең – тексеру нәтижесi оң болған жағдайда ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның лауазымдық тұлғасы Комитетке депозиттеу объектiлерiн депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлайды;
      8) 8-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның лауазымдық тұлғасы депозитке салынған бағдарламалық өнiмдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттама туралы мәлiметтердi Депозитке салынған бағдарламалық өнiмдер тiзiлiмiне енгiзедi;
      9) 9-кезең – өтiнiм берiлген депозитке салу объектiлерiнiң сәйкессiздiгi немесе депозитке беру өтiнiмi тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның лауазымдық тұлғасы қайтару себептерiн көрсетумен өтiнiмдi Комитетке қайтарады;
      10) 10-кезең – Комитеттiң лауазымдық тұлғасы қайтару себептерiн көрсетумен өтiнiмдi тұтынушыға қайтаруды жүргiзедi.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тұтынушының құжаттарын қабылдау Комитеттiң жұмыс кестесiне сәйкес жұмыс күнi iшiнде бiр тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-қимылдар
(өзара iс-қимылдар) тәртiбiн сипаттау

      13. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн Комитетке қосымшаларын көрсетумен iлеспе хатты ұсынады, ол Комитеттiң ҚҚҚ қызметкерiмен iлеспе хатта көрсетiлген тiзiм бойынша қабылдап алынады. Комитеттiң ҚҚҚ қызметкерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлген iлеспе хатты тiркеуi тұтынушының барлық қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайды.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мыналарды:
      1) ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке беруге арналған өтiнiмдi;
      2) авторлық құқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенiң бастапқы бағдарламалық кодтарын;
      3) депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмдi орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттерiн, депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмнiң құрастырылған модульдерiн (құрауыштарын) қамтитын ақпараттық жүйелердiң инсталляциялық пакетiн;
      4) қажет болған жағдайда тұтынушы айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз етудi;
      5) ақпараттық жүйенiң аннотациялық немесе жарнамалық сипаттамасын;
      6) нормативтiк-техникалық құжаттама – ақпараттық жүйенiң ерекшелiгiн, сипаттамасын, сынақ бағдарламасы мен әдiстемесiн, мыналарды:
      депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмнiң ерекшелiгiн;
      техникалық тапсырманы (бағдарламалық өнiмдi дамытудың барлық кезеңдерiн);
      формулярды (негiзi сипаттамалары, жинақтылық және депозитке берiлетiн бағдарламалық өнiмдi пайдалану туралы мәлiметтер);
      бағдарламалық өнiмнiң сипаттамасы (жұмыстың және өзара iс-қимылдың схемасы мен диаграммасын қоса алғанда, бағдарламалық өнiмнiң қисынды құрылымы мен жұмыс iстеуi туралы мәлiметтер);
      түсiндiрме жазбаны (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнiмнiң алгоритмiнiң және (немесе) жұмыс iстеуiнiң жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешiмдердiң негiздемесi);
      қолданылу сипаттамасын (бағдарламалық өнiмнiң мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдiстер, шешiлетiн мiндеттердiң сыныбы, қолдану үшiн шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгi конфигурациясы туралы мәлiметтер);
      орнату жөнiндегi нұсқаулықты;
      әкiмшiнiң нұсқаулығын;
      пайдаланушының нұсқаулығын;
      техникалық тапсырма бойынша талап етiлетiн басқа құжаттарды қамтитын пайдалану құжаттамасын;
      7) тұтынушының қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттарды ұсынады.
      15. Ақпараттық қауiпсiздiк бойынша талаптар «Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысына сәйкес әзiрленген және бекiтiлген.
      16. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктердi тiзбелеу және сипаттау (бұдан әрi – ҚФБ):
      ҚФБ 1 – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттандыру және байланыс комитетi;
      ҚФБ 2 – «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
      17. Әр ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекетi дәйектiлiгiнiң кестелiк сипаттамасы әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекетiнiң орындалу мерзiмiн көрсетумен осы Регламентке 1-қосымшада берiлген.
      18. ҚФБ мен мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттiң қисындық өзара байланысын бейнелейтiн схема осы Регламентке 2-қосымшада берiлген.
      19. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну нысаны мәлiметтер мен депозитке беруге ұсынылған объектiлерге депозитарлық нөмiрлерiн меншiктеп беру, немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн лауазымдық
тұлғалардың жауапкершiлiгi

      20. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiне шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты № А772 кабинет, (87172) 74-06-85 телефоны бойынша Комитеттiң лауазымды адамынан алуға болады.
      Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiне: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А739 кабинет, телефон (87172)74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.
      Жұмыс кестесi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, оның iшiнде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс бар.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде дөрекi қызмет көрсету мәселелерi бойынша шағымды тұтынушы Комитетке: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А772 кабинет, телефон (87172) 74-06-85 мекенжайы бойынша жолдайды.
      Жұмыс кестесi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, оның iшiнде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс бар.
      Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      Шағым ерiктi түрде, екi данада ресiмделедi, оның бiреуi жасалған шағымға жауап алатын мерзiм мен орын, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлiп, тұтынушыға берiледi.
      Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген тәртiппен қаралады.
      Қабылданған шағым заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тiркеледi. Шағымның екiншi данасы не көшiрмесi шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдап алған адам жасалған шағымға жауап алатын мерзiм мен орынды және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерiн көрсетедi.
      Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mci.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан және (87172) 74-03-54 телефоны арқылы алуға болады.

«Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық
өнiмдердi, бағдарламалық кодтар  
мен нормативтiк-техникалық     
құжаттаманы депозитарийге депозитке
салу» мемлекеттiк қызмет Регламентiне
1-қосымша            
  1   2   3

Похожие:

\"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу\" және \"Электрондық ақпараттық  icon"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы
Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке...
\"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу\" және \"Электрондық ақпараттық  icon"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы
Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке...
\"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу\" және \"Электрондық ақпараттық  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 22 желтоқсандағы n 1402 Қаулысы
Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке...
\"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу\" және \"Электрондық ақпараттық  icon«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке...
\"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу\" және \"Электрондық ақпараттық  icon«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік...
\"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу\" және \"Электрондық ақпараттық  iconҚазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының
Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру және сақтау туралы...
\"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу\" және \"Электрондық ақпараттық  iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, бюджеттік қаражат есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын аппараттық-бағдарламалық кешенді...
\"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу\" және \"Электрондық ақпараттық  iconИнформатика дегеніміз не? Компьютер ақпарат өңдеу құралы. Компьютердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары. Ақпаратты компьютерде сақтау
Сабақ мақсаты: а Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру....
\"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу\" және \"Электрондық ақпараттық  iconАқпараттандыру саласындағы ақпараттық ресурстар мен жүйелердi қалыптастырудағы ынтымақтастық, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң мемлекетаралық бағдарламаларын iске асыру туралы келiсiмдi бекiту туралы
...
\"Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу\" және \"Электрондық ақпараттық  iconСоңғы Пайдаланушының Лицензиялық Келісімі
Сплк қолданылмайды. «Бағдарламалық құрал» термині (I) тиісті медианы, (II) пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және өзгедей материалдарды...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница