Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер




Скачать 28.91 Kb.
НазваниеЖоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер
Дата конвертации15.05.2013
Размер28.91 Kb.
ТипДокументы
ЖОБА
Депутаттың жас көмекшісі туралы

Ереже


  1. Жалпы ережелер


Депутаттардың жас көмекшілері тобы жастардың пікірлерін есепке алу және оларды ауданда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және өзге де бағдарламаларын іске асыру мен бағалау үдерістеріне тарту, жергілікті өкілді органдарда жұмыс тәжірибесін алу, белсенді азаматтық ұстаным тәрбиесі және жергілікті билік органдарына кадрлар резервін даярлау мақсатымен Әулиекөл аудандық мәслихатының жанынан құрылады.

Депутат көмекшісінің жұмысы ерікті болып табылады, қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

Депутаттың көмекшісі Әулиекөл ауданында тұрақты тұратын, 18-29 жастағы, орта, орта арнайы, жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнында оқып жүрген Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

Мемлекеттік қызметші депутаттың көмекшісі бола алмайды.

Депутаттардың көмекшілері өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңын және өзге де заңнамалық актілерді, сол сияқты осы ережені басшылыққа алады.

Депутаттардың көмекшілерінің ұсынымдары, ұсыныстары мен мәлімдемелері консультативтік-ұсыныстық сипатта болады.


2. Депутаттар көмекшілері қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Депутаттардың жас көмекшілері қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері болып табылады:

ауданда мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына қатысу, ауданның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-бұқаралық өміріне белсене қатысу арқылы саяси белсенділіктері мен өзіндік сана-сезімдерін көтеру;

аудан жастарына қатысты әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де мәселелерді шешуге байланысты ұсыныстар, ұсынымдар және жобалар әзірлеу;

жастардың аудан өмірінің тіршілік әрекетінің маңызды мәселелері бойынша шешімдерді іске асыруға және бағалауға қатысуын қамтамасыз ету.

3. Депутаттың жас көмекшісінің оның қызметін жүзеге асыруы

кезіндегі құқықтары мен өкілеттігі
Депутаттың жас көмекшісі қызметін жүзеге асырған кезде құқылы және мүмкіндігі бар:

  • депутаттың тапсырмасы бойынша округ сайлаушыларымен жұмысқа қатысуға; олармен тұрақты байланыс орнатуға;

  • сайлаушыларды мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қызметі, мәслихаттың қолданыстағы және жаңадан қабылдаған шешімдерінің орындалуы туралы хабардар етуге, депутаттармен бірге мәслихаттың шешімдерінің және оның тұрақты комиссияларының қаулыларының орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға қатысуға;

  • өзінің депутатының тапсырмасымен округ сайлаушыларымен, жастар және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер және жиналыстар өткізуге;

  • депутатқа депутаттық сауалдар мен өтініштерді іске асыруына, оның функционалдық міндеттерін жүзеге асыруына көмектесуге;

  • депутатпен бірге оған келіп түскен сайлаушылардың өтініштерін қарауға, депутаттың жеке қабылдау жүргізуіне көмектесуге;

  • мәслихаттың сессиясының, оның тұрақты комиссияларының жұмысына қатысуға;

  • өзінің депутатына жастар саясатын іске асыруға байланысты мәселелер мен проблемаларды шешу жөнінен ұсыныс енгізуге;

  • мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында қарау үшін өзінің депутатына мәселелер мен қаулылардың жобаларын ұсынуға;

  • тиісті депутат кіретін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысына қатысуға;

  • тиісті жастар ұйымдарының және өз депутатының округінің сайлаушыларының ерік-жігерлерін білдіруге;

  • жастар және өзге де үкіметтік емес ұйымдарда болуына, партиялардың біреуінің мүшесі болуға.



  1. Қорытынды ережелер



Осы ережеге барлық өзгерістер мен толықтырулар депутаттардың көмекшілері мен депутаттардың жиналысында енгізіледі, аудандық мәслихаттың бюджет, білім, мәдениет, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында бекітіледі.

Әулиекөл ауданы

Похожие:

Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер iconКонкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер
Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша студенттер арасындағы үздік ғылыми жұмысқа республикалық конкурс туралы Ереже
Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер iconЖоба аудандық Жастар мәслихаты туралы Ереже Жалпы ережелер
Жастар мәслихаты – жастардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, ауданның мекемелерімен, ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста...
Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер iconБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер
Осы ереже 2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік...
Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер iconЖоба Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің ережесі Жалпы ережелер 1 Осы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасы «Білім туралы»
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12-жылдық білім беруге көшу бойынша іс-шаралар жоспары мен желілік кестесі...
Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер icon1. жалпы ережелер нақты Ереже «ххі ғасырдың көшбасшысы»
Нақты Ереже «ххі ғасырдың көшбасшысы» ойынының форматында «Эрудит-2012» интеллектуалды олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы...
Жоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер iconЖалпы ережелер «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»
Республикалық бірыңҒай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ЖҰмысы туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница