1. БӨлiм жалпы ережелер




Скачать 430.35 Kb.
Название1. БӨлiм жалпы ережелер
страница1/4
Дата конвертации15.05.2013
Размер430.35 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Жамбыл облыстық мәслихатының
РЕГЛАМЕНТI
Жамбыл облысы мәслихатының 2011 жылғы 18 тамыздағы №38-3 шешімімен бекітілген.
Жамбыл облысы мәслихатының 2012 жылғы 23 ақпандағы №2-3 шешімімен 29 тармаққа толықтыру енгізілген.

1. БӨЛIМ

Жалпы ережелер



1-тармақ. Облыстық мәслихаттың Регламенті облыстық мәслихат мәжілістерін жүргізудің, оның органдарын құру және олардың қызметін ұйымдастырудың, сондай-ақ депутаттардың және облыстық мәслихат аппаратының өкілеттіктерін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібін белгілейді.

Облыстық мәслихаттың Регламенті, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар сессия жұмысына қатысқан барлық депутаттар санының басым көпшілігінің даусымен қабылданады және облыстық мәслихаттың шешімімен рәсімделеді.

Облыстық мәслихаттың қызметі Конституцияға, Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы Регламентке негізделеді.

2-тармақ. Облыстық мәслихат өз өкілеттіктерін сессияларда, тұрақты комиссиялар және басқа органдар, депутаттар және облыстық мәслихат хатшысы арқылы мәселелерді ұжымдық, еркін талдау және жариялық жағдайында шешу жолымен жүзеге асырады.

3-тармақ. Облыстық мәслихат депутатына оның өкілеттіктерін, құқығы мен міндеттерін кедергісіз, тиімді атқаруына және ар-ожданы, жеке абыройын қорғауға кепілдіктер беріледі.

4-тармақ. Облыстық мәслихат, оның тұрақты комиссиялары, облыстық мәслихаттың аппараты ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарлар бойынша жұмыс істейді.

2. БӨЛІМ

Облыстық мәслихаттың құзыреті және оның қызметін ұйымдастыру
1 - тарау.

Облыстық мәслихаттың сессиясын шақыру және өткізу тәртібі
5-тармақ. Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 10-бабына сәйкес жаңадан сайланған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясын облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы облыстық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемiнде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелгеннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей шақырады.

6-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясы жалпы отырыс \пленарлық\ нысанында өткізіледі.

Облыстық мәслихаттың бірінші сессиясын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.

7-тармақ. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы жылына кемінде төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ облыс әкімінің ұсынысы бойынша оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей шақырылады.

8-тармақ. Облыстық мәслихат хатшысы облыстық мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, облыс тұрғындары мен әкіміне сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды.

Облыстық мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілген мәселелер бойынша қажетті құжаттарды депутаттарға және облыс әкіміне сессияға кемінде бес күн қалғанға дейін, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда - кемінде үш күн бұрын табыс етеді.

9-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясы мәслихатқа сайланған облыстық мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.

Облыстық мәслихат сессиясының заңдылығын анықтау үшін сессия алдында депутаттарды жеке тіркеу жүргізіледі. Қажет болған жағдайда сессия жұмысы аралығындағы үзілісте депутаттарды қайталап тіркеу жүргізілуі мүмкін.

10-тармақ. Облыстық мәслихат сессиялары әдетте ашық сипатта болады.

Облыстық мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бір бөлгінің ұсынысы бойынша, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының басым бөлігі осы үшін дауыс берсе, облыстық мәслихаттың шешімімен жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.

11-тармақ. Сессияның ұзақтығын облыстық мәслихат белгілейді. Сессия жұмысында мәслихат шешімі бойынша мәслихат белгілеген он бес күн тізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.

12-тармақ. Облыстық мәслихаттың сессиялары мен қабылданған шешімдері, тұрақты комиссия отырыстары және қаулылары мемлекеттік тілде жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №1347 Қаулысымен енгізілген өзгерістерге сәйкес әділет органдарында тіркелетін облыстық мәслихаттың шешімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.

Баяндамалардың қазақ тіліндегі мәтіні сессия жұмысы үстінде ілеспе аударма жасалуы үшін алдын-ала облыстық мәслихат аппаратына тапсырылады.

13-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы:

облыстық мәслихат сессиясын ашады, жүргізеді, жабады;

жарыссөзге жазылғандар туралы мәліметті жариялайды;

облыстық мәслихат депутаттарына кезекпен сөз береді, бірақ, талқыланып отырған мәселе бойынша екі реттен артық сөз берілмейді;

жарыссөзге шығып сөйлеуші Регламентті бұзған жағдайда оған ескерту жасайды, Регламентті бұзу қайталанған жағдайда - оның сөйлеуін тоқтатады;

атқарушылық мәселелер бойынша кезектен тыс сөз береді;

шешімдердің жобаларын, қаралып отырған мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныстарын дауысқа қояды және дауыс берудің қорытындысын жариялайды;

сессия жұмысы барысында түскен жазбаша талап-тілектерді, анықтамаларды, арыз-шағымдар мен ұсыныстарды жария етеді;

сессияның осы Регламентпен бекітілген жұмыс тәртібін қамтамасыз етеді.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында төраға облыстық мәслихат депутаттарының сөзіне баға және оған түсініктеме беруге құқылы емес.

14-тармақ. Облыстық мәслихаттың сессиясында баяндама үшін 30 минут, қосымша баяндамалар үшін 20 минутке дейін, жарыссөзге шығушыларға 10 минутке дейін, кандидатураларды талқылауға 3 минутке дейін, мәжілісті өткізу реті, анықтамалар мен сұрақтар үшін 2 минутке дейін уақыт беріледі.

Сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының басым көпшілігінің даусымен сессияның жұмысында уақыт басқаша белгіленуі мүмкін.

Жарыссөзде мінбеден немесе орнынан сөйлеуге жол беріледі, бірақ бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Сөйлеуге тілек білдіру туралы өтініш орнынан беріледі.

15-тармақ. Сессия төрағасының, облыстық мәслихат хатшысының, облыс әкімінің және облыс прокурорының өтініші бойынша оларға сөз кезектен тыс беріледі.

Төрағалық етушінің рұқсатынсыз облыстық мәслихат сессиясында сөйлеуге ешкімнің құқысы жоқ.

16-тармақ. Облыстық мәслихаттың сессиясында сөз алған депутат депутаттық этика ережесін бұзбауы, дөрекі, облыстық мәслихат депутаттарының және басқа азаматтардың ар-ожданына тиетін мәдениетсіз сөздерді пайдаланбауы, жалған ақпарат таратпауы, заңсыз іс-әрекетке шақырмауы тиіс.

Аталған талаптарды бұзған жағдайда төраға сөйлеушінің сөзін тоқтатады.

Төраға облыстық мәслихат депутатының сөзін оған берілген уақыт ішінде төмендегіден басқа жағдайларда бөле алмайды:

сөйлеу уақыты бітсе;

талқыланып отырған тақырыптан ауытқыса;

осы тармақтың жоғарыда аталған талаптары бұзылса.

17-тармақ. Жарыссөз мәжілісте отырған облыстық мәслихат депутаттарының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтатуды дауысқа салған кезде мәжіліске төрағалық етуші жарыссөзге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы депутаттарды хабардар етеді, сөйлегісі келгендерді анықтайды және оларға мәжіліске қатысқан депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз береді.

Егер депутат жарыссөздің тоқтатылуына байланысты сөз сөйлей алмаған болса, сөзінің мәтініне қол қойып, сессия хаттамасына өткізуге құқылы.

Баяндамашы, не қосымша баяндама жасаушы 10 минут мөлшерінде қорытынды сөз сөйлей алады.

18-тармақ. Сессияда талқыланған мәселе бойынша облыстық мәслихат депутаттарының пікірлерін, ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу және шешімнің нақты мәтінін дайындау үшін сессияда депутаттар құрамынан редакциялық комиссия сайлануы мүмкін.

19-тармақ. Сессия төрағасы облыстық мәслихат хатшысының, тұрақты комиссиялар төрағаларының қатысуымен облыстық мәслихат сессиясында қаралатын мәселелерге қатысты шақырылатын лауазымды қызметкерлердің сандық және дербес құрамын анықтай алады.

Облыс әкімі, оның орынбасарлары, облыс прокуроры, облыстық соттың төрағасы, облыстық әділет, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары облыстық мәслихаттың кез-келген мәжілісіне қатысуға және сөйлеуге құқылы.

Сессия төрағасының, облыстық мәслихат хатшысының шақыруы бойынша атқарушы органдардың басшылары, облыс аумағындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары сессияға келуге, облыстық мәслихат қарауындағы мәселелер бойынша ақпарат беруге міндетті.

Шақырылған адамдар белгіленген тәртіпті сақтайды, облыстық мәслихаттың құзырлы қызметіне араласуға құқығы жоқ, мәслихат жұмысын қолдаған, қолдамаған пікірін білдіруден өзін аулақ ұстауға міндетті, төрағалық етушінің өкіміне бағынады, белгіленген тәртіпті сақтайды.

20-тармақ. Облыстық мәслихаттың қызметі жариялы жүргізіледі. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының жұмысы, шешімі, оның өкілдігі шеңберінде қабылданған шешімдері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
2-тарау.
Дауыс беру және шешім қабылдау тәртібі
21-тармақ. Облыстық мәслихаттың өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қабылдайтын шешімдері облыстық мәслихаттың актілері болып табылады. Олар облыс аумағында орындалуға міндетті.

Облыстық мәслихаттың шешімдері сессия жұмысына қатысқан депутаттардың басым көпшілік даусымен қабылданады.

22-тармақ. Облыстық мәслихат мәжілістерінде қаралып отырған мәселелер жөніндегі шешімдер ашық дауыспен қабылданады. Қажет болған жағдайда, депутаттардың басым көпшілігінің талабы бойынша, заңда басқалай қаралмаған реттерде, жабық дауыс беру жүргізіледі;

Облыстық аумақтық, округтік сайлау комиссияларының мүшелері қатысып отырған депутаттарының басым дауысымен сайланады.

Мәслихат хатшысының өкімімен депутаттардан және мәслихат аппаратынан құрылған уақытша комиссия әрбір депутат үшін, қай кандидатураны қандай саяси партия енгізгенін көрсете отырып, саяси партиялар ұсынған кандидатуралар енгізілген бюллетень дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардың ұсыныстарының келіп түсу кезектілігімен енгізіледі. Мәслихат депутаттары бюллетеньде кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағындағы шаршылардың тек жетеуінде белгі қояды. Дауыс беру өткізілгеннен кейін барлық толтырылған бюллетеньдер сессия барысында мәслихат депутаттарынан құрылған Есептеу комиссиясына тапсырылады. Есептеу комиссиясының сандық құрамы мен төрағасын мәслихаттың сессиясы өзі анықтайды. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясының төрағасы жариялайды. Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы жариялайды. Ол кандидатураны Есептеу комиссиясы саны жағынан мәслихат депутаттарының ең көп дауысын алғандығы бойынша анықтайды. Депутаттардың дауыстары тең болған жағдайда ол кандидатура бюллетеньде орналасқан орны бойынша анықталады және осы тәсіл дауыс беру қорытындысын анықтау үшін қолданылады.

23-тармақ. Дауыс беру алдында төрағалық етуші дауысқа қойылуға түскен ұсыныстардың санын хабарлайды, олардың тұжырымдарын тиянақтайды, шешімнің қаншалықты басым дауыспен қабылданатынын ескертеді.

Дауыстарды санау аяқталғаннан соң төрағалық етуші оның қорытындысын хабарлайды.

24-тармақ. Дауыс беру кезінде әр мәселе бойынша облыстық мәслихат депутаты бір дауысқа ие, олар шешімнің қабылдануын «жақтап» немесе «қарсы» немесе «қалыс» дауыс бере алады.

25-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясы қарап отырған мәселе бойынша бірнеше ұсыныс енгізілген жағдайда төрағалық етуші түскен барлық ұсыныстарды олардың түсу кезегі ретімен дауысқа қояды.

26-тармақ. Облыстық мәслихат мәжілісінде дауыс ашық берілген жағдайда дауыс санының есебін шығару сессияда төрағалық етушіге міндеттеледі.

27-тармақ. Бюллетень пайдаланып жабық дауыс беру жүргізілген жағдайда облыстық мәслихат депутаттары арасынан есеп-санақ комиссиясы сайланады. Облыстық мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың көпшілік даусымен есеп-санақ комиссиясын сайлау туралы шешім шығарады.

Есеп-санақ комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасын және хатшысын сайлайды. Есеп-санақ комиссиясының шешімі оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Дауыс беруге қажетті ақпараттары бар бюллетеньдер есеп-санақ комиссиясының бақылауымен, ол бекіткен үлгіде және белгілі мөлшерде жасап шығарылады.

Дауыс беру уақытын және орнын, оны өткізу тәртібін есеп-санақ комиссиясы белгілейді және ол туралы хабарлайды.

Әрбір депутатқа есеп-санақ комиссиясы төрағасының қолы қойылған бір бюллетень беріледі. Бюллетендердің саны облыстық мәслихат депутаттарының тізімдік саны мөлшерінен артық болмауы тиіс.

Жабық дауыс беру бюллетендері облыстық мәслихат депутаттарына олар депутаттық куәлігін көрсеткен жағдайда беріледі.

Бюллетенді облыстық мәслихаттың депутаты жабық дауыс беру кабинасында - бюллетендегі дауыс беріп отырған кандидаттың аты-жөнін сызу арқылы, ал шешім жобасы жөніндегі бюллетендегі “жақтап” немесе “қарсы” деген сөздердің бірін сызу арқылы толтырады.

Бірыңғай үлгідегі емес бюллетендер, лауазымды тұлғаны сайлау кезінде бір қызметке екі немесе одан да көп кандидаттар қалдырылған бюллетендер жарамсыз деп табылады. Дауыс санау кезінде бюллетенге қосып жазылған аты-жөндер есепке алынбайды.

Барлық кандидаттардың аты-жөні сызылған немесе толтырылмаған бюллетендер жарамды деп табылады, бірақ дауыс санау кезінде есепке алынбайды.

Сайлау нәтижелері бойынша дауыстарды санауды қолдану қорытындылары туралы есеп санақ комиссиясы хаттама жасайды, оған есеп-санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Есеп-санақ комиссиясының баяндамасы бойынша облыстық мәслихаттың сессияға қатысып отырған депутаттарының көпшілік ашық дауысымен есеп-санақ комиссиясының жабық дауыс беру қорытындылары туралы хаттамасы бекітіледі.


3-тарау.
Облыстық мәслихаттың жұмысын ұйымдастыру
28-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясы – мәслихат қызметінің негізгі нысаны, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі, мәслихаттар мен әкiмдіктер қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.

29-тармақ. Облыстық мәслихаттың құзыретіне мыналар жатады:

облыстық мәслихат сессиясының төрағасын, облыстық мәслихаттың хатшысын сайлау және қызметтерінен босату, олардың есептерін тыңдау;

тұрақты комиссиялар және облыстық мәслихаттың басқа да органдарын құру, олардың төрағаларын сайлау және қызметтерінен босату, олардың жұмыстары туралы есептерін тыңдау;

мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті шығындарды анықтау;

берілген қаржы мен лимит шегінде облыстық мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттық кестесін бекіту, оны ұстау мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету шығындарын белгілеу;

облыстық мәслихат Регламентін бекіту;

депутаттардың талаптарын қарау және олар бойынша шешім қабылдау;

облыстық мәслихаттың жұмысын ұйымдастыру жөнінде басқа да шешімдер қабылдау;

тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, бюджеттік бағдарламаларды бекіту;

облыс аумағында қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелердi шешу;

Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту;

 облыстық мәслихаттың қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;

әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамына келісу;

 атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

 Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;

 облыстық мәслихат құзыреті шеңберінде әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;

мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;

халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын бекіту;

әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;

әкімнің ұсынысы бойынша "Облыстың құрметті азаматы" атағын беру;

"Облыстың, қаланың, ауданның құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту;

Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;

облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығының бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталығынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау;

облыстық мәслихат облыс әкiмінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қарыз алу туралы шешiм қабылдау;

қоршаған ортаға жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орман пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін эмиссия үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекіту;

облыстың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарау;
  1   2   3   4

Похожие:

1. БӨлiм жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1 бөлiм. Жалпы ережелер
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгiзiлдi
1. БӨлiм жалпы ережелер icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)
1. БӨлiм жалпы ережелер icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы Жалпы бөлiм 1-тарау. Жалпы ережелер
Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзiрлеу...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
1. БӨлiм жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
1. БӨлiм жалпы ережелер icon14-БӨлім. Жер салығЫ 53-тарау. Жалпы ережелер 372-бап. Жалпы ережелер
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница