«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары




Скачать 380.73 Kb.
Название«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары
страница1/3
Дата конвертации15.05.2013
Размер380.73 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3



20___ жылғы «___»________

№ ____ әкім қаулысымен

бекітілген

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары

Қостанай қаласы, 2010 жыл

МАЗМҰНЫ

1. Миссиясы және пайымдауы...………………………………………………………………………....…...................................3

2. Ағымдағы жағдайды және қызметтің (саланың) тиісті саласының даму тенденциясын талдау...........................................3

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс шаралар мен нәтижелердің көрсеткіштері …..……............……...........…….............…….............…….............…….............…….............…….............…….............……......9

4. Функционалдық міндеттерді дамыту …….................................…………….......................................................................... 12

5. Ведомствоаралық өзара әрекеттестік……………………………………………………………………......………...............13

6. Тәуекелдіктерді басқару ………………………………………………………………………………..……………...............14

7. Бюджеттік бағдарламалар...........................................................................................................................................................15

8.Нормативтік-құқықтық актілер...................................................................................................................................................20

Ескерту..............................................................................................................................................................................................22


1 Бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссия. Қоғамның тіршілік ортасы мен өмір әрекетін қалыптастыру және дамытуға қолдау көрсету, тұрақты және қарқынды дамуының басты негіздері болып табылатын Қостанай облысындағы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына қатысу.

Пайымдау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілерімен құрылыс нормалар мен ережелерін сөзсіз сақтау, Қостанай облысында құрылыс өнімнің жоғары сапасы. Қостанай облысының пайдалануға берілген өнеркәсіптік-азаматтық және тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы құрылыс объектілері жобалау шешімдердің, мемлекеттік және халықаралық нормативтердің және стандарттардың талаптарына сәйкес келеді.

2 Бөлім. Ағымдағы жағдайды және қызметтің (саланың) тиісті саласының даму тенденциясын талдау.


    1. Реттелген саланың немесе қызметтердің саласының дамуының негізгі параметрлері.

Өткен онжылдық iшiнде Қазақстан экономикасы әртараптандырылған, қауiпсiздiк пен демократия жағдайында өмiр сүретiн, өзiнiң табиғи ресурстарын барлық азаматтарының игiлiгi үшiн пайдаланатын, халқы бiлiмдi әрi денсаулығы мықты елдiң болашақта дамуы үшiн негiз қалады. Бұған мұнай және басқа да минералдық ресурстарға баға қарқынды өсiп отырған жағдайда экспорттан түсетiн табыстың ұлғаюы едәуiр ықпал еттi. Экономиканы жедел әртараптандыру үшiн берiк негiз қаланды. Қазақстан экономикасының кейінгі дамуына елдi үдемелi индустрияландыру бағдарламасын iске асыру және инфрақұрылымды дамыту нәтижесiнде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал ететiн болады. Бұл экономикалық үлгiнi өзгертуге және экстенсивтi, шикiзаттық даму жолынан индустриялық-инновациялық дамуға көшуге мүмкiндiк бередi.

Құрылыс саласының дамуы экономика индикаторларының бірі болып табылады және облыстың экономикалық және әлеуметтік саласында ең маңызды рольді ойнайды. Облыс экономикасының дамуы жаңа құрылыстарды, қазіргі әлеуметтік және өндірістік қуаттылықтарының кеңейтуі мен жаңартуын талап етеді. Бұл өнеркәсіптің, шағын және орта бизнестің дамуына, тіршілік деңгейдің жақсаруына және тұрғын-үй, білім, денсаулық сақтау объектілеріне қажеттіліктің өсуіне байланысты. Құрылыс саласының кейінгі дамуы, сондай-ақ қазіргі жағдайларда өндіріп шығарылатын құрылыс өнімнің сапасын және қауіпсіздігін арттыру, облыстың маңызды экономикалық және әлеуметтік мақсаттары болып табылады.

Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша (бұдан әрi - Бағдарлама), сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асырудың екiншi кезеңi болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарының түйiндi бағыттарына сәйкес әзiрлендi. Бағдарламаға сәйкес облыста қарқынды құрылыс, басым экономика секторларын дамыту үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын объектілерінің қайта жаңғартуы мен жаңалауы жоспарланып отыр.

Бағдарламамен қарастырылған әрбір инновациялық жоба, мемлекеттік органдардың жағынан ерекше бақылауға алынуы тиіс. Басқарманың қызметі тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін, жобалау және құрылыс өнімін қорғауға, құрылыстың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, пайдалану кезінде салынған объектілердің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған.

Басқарма құрылыс - монтаж жұмыстарға рұқсаттарды беру, лицензиялауды жүзеге асыру, құрылыс - монтаж жұмыстарының сапасына бақылауы жүргізу және объектілердің пайдалануға қабылдауына қатысу өкілеттіктермен үлестірілген. Қостанай облысында 2008 жылы - 549 объект, ал 2009 жылы - 631 объект қабылданды, 2010 жылдың 8 айы үшін -275 объект. Құрылыс, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын күрделі жөндеу және қайта жаңарту Қостанай облысының 2008-2009 жж. құрылыс индустриясында негізгі бағыты болып табылды.

Бірінші кезекте ол-автожолдар: белгіленген кезең үшін 38 объект, газқұбырлар – 104 объект, кәріз – 18 объект, суқұбырлар – 32 объект, жылужүйелер – 10 объект, электржүйелер – 29 объект. ҚР үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi республикалық басқару орталығының шеңберінде Қостанай облысында мына жобалар іске асырылды: «Қостанай ауданы, Затобол кентінде жылда құаттылығы 5,4 мың тонн етті қайта өндеу кешенінің құрылысы», «Қостанай ауданы, Садчиковское с. 400 бас ірі қара малға сауын орталығымен сауын тауарлары фермасының құрылысы», «Қостанай облысы, Федоров ауданы, Камышный Чандак с. 36 сауу орнына арналған «Карусель» сауу залы, суалма цехы, перзент бөлімі, сауықтыру орны мен бұзау қорасы бар 1000 басқа арналған сүт кешенінің құрылысы», «Қостанай ауданы, Жданов селолық округында инкубатордың құрылысы», «Қостанай қ. тәулік ішінде құатылығы 256 тонн дирмен кешенінің және тәулік ішінде құатылығы 4 тонн зығыр майын өндіру бойынша цехының құрылысы, «Қостанай қ, Наримановская к-сі, 136/1 бойынша макарон өнімдерін өндіру бойынша цехының құрылысы».
2008 жылдан 2010 жылдың қыркүйек айы бойынша Қостанай облысындағы құрылыс көлемінің кестесі.

    1. Негізгі проблемаларды талдау.

2008 жылы 196 тексеріс өткізілді, 2009 жылы – 138, 2010 жылдың 8 айы ішінде -74 тексеріс. Тексерістердің нәтижелері бойынша берілген ұйғарымдар: 2008 жылы - 46, 2009 жылы – 56, 2010 жылдың 8 айы ішінде - 27 анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар.

2008 жылдың, 2009 жылдың және 2010 жылдың сегіз айы ішінде тексерістер нәтижелері бойынша мына ӘҚтК бабтары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды:






Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабы

Тартқызылған тұлғалардың саны

2008

жыл

2009

жыл

2010 жылдың

8 айы

1.

230-бап. «Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде аумақтарды бүлдiру»

9

-

2

2.

231-бап.1-бөлім. «Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңнама талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын шығару, қолдану»

8

11

11

3.

234-бап. «Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту,
құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу
ережелерiн бұзу

4

9

-

4.

235-бап.1-бөлім. «Белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу құқығына
рұқсатсыз объектiлердi салу, қайта жаңғырту және күрделi жөндеу»

130

90

35

5.

236-бап. «Объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң
белгiленген тәртiбiн бұзу»

1

-

-

6.

237-бап. «Заңсыз құрылыс»

22

23

6

7.

238-бап. «Тұрғын үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау»

34

23

24

8.

239-бап. «Белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген
объектiлер мен кешендердi пайдалану»

16

15

11

9.

278-бап. «Су айдындарының жай-күйiне әсер ететiн заңсыз құрылыс»

-

-

-

10.

291-бап. «Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану»

-

-

-

11.

357-2-бап. «Лицензиялау ережелерi мен нормаларын бұзу»

18

16

18

12.

387-бап. «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қала мен елді мекендер инфрақұрылымы объектiлерiн бұзу»

-

-

-




Барлығы:

241

187





«Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңнама мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен құрастырмаларын шығару мен қолдану» 231-бабы бойынша 2008 жылы – 8, 2009 жылы – 11, 2010 жылдың 8 айы ішінде – 11 тұлға жауапкершілікке тартқызылды.

Басқарма қызметкерлері 2008 жылы - 549, 2009 жылы – 631, 2010 жылдың 8 айы ішінде – 275 объектінің қабылдауына қатысты. Қабылдау комиссияларына қатысу барысында 2008 жылы - 17 объект, 2009 жылы – 15 объект, 2010 жылдың 8 айы ішінде – 11 объект пайдалану актілерісіз пайдаланылғаны анықталды. Осы фактілер бойынша әкімшілік істер қозғалынды, жазықтылар әкімшілік жауапкершілікке тартқызылды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуге Басқармамен 2008 жылы 939 өтініш қаралды, ал 2009 жылы - 860.

2008 жылы 842, оның ішінде – 158 бюджет арқылы салынып жатқан объектіге рұқсат берілді, 97 жағдайда рұқсат беруден бас тартылды.

2009 жылы 713, оның ішінде – 137 бюджет арқылы салынып жатқан объектіге рұқсат берілді, 147 жағдайда рұқсат беруден бас тартылды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуге Басқармамен 2010 жылдың 8 айы үшін 652 өтініш қаралды, 522 рұқсат берілді, оның ішінде – 136 бюджет арқылы салынып жатқан объектіге рұқсат берілді, 130 жағдайда рұқсат беруден бас тартылды.

Рұқсаттарды беруге өтініштерді қарау кезінде өз бетімен салынған құрылыс фактілері анықталады, олар бойынша 2008 жылы -186, 2009 жылы – 136, 2010 жылдың 8 айы ішінде – 65 тұлға. әкімшілік жауапкершілікке тарқызылады, Лицензия иеленушілердің біліктілік талаптарын растау кезінде лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзу фактілері анықталды, соныѕ iшiнде біліктілік талаптарын растау мерзімі. Осы фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарқызылды: 2008 жылы -18, 2009 жылы – 16, 2010 жылдың 8 айы ішінде – 18 тұлға.

Сонымен қатар, лицензиясыз жұмыстар жүргізілетін фактілер де айқындалады. 2009 жылы – 15, 2010 жылдың 8 айы ішінде - 16 тұлға құрылыс-монтаж жұмыстарын лицензиясыз орындағаны аныкталды.


    1. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Салынып жатқан объектілердің қазіргі және тұрақты бақылауы құрылыспен аяқталған объектісі сенімділік және қауіпсіздік талаптарына, пайдалануға беру кезінде салған объектілердің тұрақты жұмыс жасауларына сай болуына кепіл береді.

Бағдарламамен жоспарланып отырған ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттік және халықаралық нормативтердің талаптары мен стандарттарына сәйкес құрылыс саласының инновациялық дамуы, құрылыс объектілердің инспекциялауын жүзеге асыратын Басқарма қызметкерлердің тиісті білімдерін талап етеді. Тәжірибемен бөлісу және сапа бақылауы мәселелері бойынша тиісті білімдер мен дағдыларды алу үшін мамандардың басқа облыстарға, елдерге шығуымен біліктілігін арттыру курстарын өткізу қажет. Одан әрі, құрылыс объектілерді инспекциялайтын қызметкерлерді қажетті бақылау-өлшеу құралдармен қамсыздандыру қажет.

Бағдарламамен жоспарланып отырған салынып жатқан құрылыс объектілер санының өсуіне және күрделігіне байланысты өздерінің барлық деңгейінде функционалдық міндеттеріне сай құрылыстын барлық құрылыс - монтаж жұмыстарының сапалы және қауіпсіз басқаруын байқап отыратын техникалық және авторлық қадағалау қызметтерінің ролі де өседі. Осыны еске ала отырып, құрылыс - монтаж жұмыстарының сапасына құрылыс салушы мен жұмыс өндірушілерін ғана емес, сонымен қатар техникалық және авторлық қадағалау қызметтерін де жауаптылығы туралы әкімшілік кодекске өзгертулер енгізу қажет. Сонымен қатар Басқарма құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау мәселелері бойынша авторлық және техникалық қадағалау өкілдерімен, жұмыс өндірушілерімен конференцияларды, семинарларды өткізеді.

Жергілікті атқару органының құрылысқа рұқсаттың жоқтығы, жұмыс өндірушіледің лицензия жоқтығы, сондай-ақ құрылыс объектісіне жоба сараптаманың оңды қорытындысының жоқтығы рұқсат беруден бас тартудың себептері болып табылады.Басқарма құрылыс салушылармен ҚМЖ рұқсат алу мәселелері бойынша түсініктеме жұмыстарын өткізеді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізуне сәйкес біліктілігі жоқ жұмыс өндірушілерімен құрылысты жүргізуге жол бермейді, сонымен қатар құрылыс облысында стандарттар мен нормативтер талаптарына сәйкес келмейтін құрылыс-монтаж жұмыстарын жобалар бойынша жүргізуге жол бермейді.

Лицензия иеленушілерінің біліктілік талаптарын растау мерзіміне бақылауды жургізуді жалғастыру қажет. Қостанай облысының лицензиаттар тізілімін жүргізу лицензияларды растау мерзімдерін бақылауға мүмкіндік береді.

Лицензия алу кезінде біліктілік талаптарға сәйкес келетін лицензиаттар, жұмыстарды өткізу кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына жауаптыларды ауыстырады. Осының барлығы құрылыс-монтаж жұмыстары сапасына әсер етеді, өйткені жауапты орындаушылар біліктіліктеріне сәйкес келмейді және осыған орай орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының бақылауы тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды. Лицензиялау мәселелері бойынша қоғамның төмен ақпараттануы құрылыс-монтаж жұмыстарын лицензиясыз жүргізуінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі күні нарық қатысушыларын, мемлекеттік органдарды, қоғамды лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттандыру жүйесі жұмыс істейді. Басқарма әкімдіктің сайтінде лицензиялау жөнінде ақпаратты орналастырады: Қостанай облысының лицензиаттар тізілімін, лицензия алуға қажетті құжаттардың тізілімін, лицензияланатын жұмыстар түрлерінің тізбесін.
  1   2   3

Похожие:

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарына арналған стратегиялық жоспары
Стратегиялық бағыттар,мақсаттар, міндеттер және мемлекеттік органы қызметінің көрсеткіштері …
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Останай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының миссиясы және пайымдауы
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Қостанай қаласы, 2011 жыл 1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы»
Тексеру комиссиясының пайымдауы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін нығайтудың нәтижесі ретінде мемлекеттік қаржы тәртібінің деңгейін...
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары iconУспен ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Успен ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық даму жоспары
Успен ауданының құрылыс бөлімінің миссиясы – жергілікті деңгейде құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы және көрінісі
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары icon1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)»
«Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтің сәйкес салаларын (ортасын) дамыту тенденциясы 3
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, қызметінің мақсаттары мен міндеттері
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары icon«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет
...
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары iconҚостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесінің дербес құрамы
«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы, төрағаның орынбасары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница