Қазақстан Республикасының Үкiметi




Скачать 333.33 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Үкiметi
страница3/4
Дата конвертации15.05.2013
Размер333.33 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова



2012 жылғы « »

«Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысынын жобасы бойынша

Салыстырма кесте



№ п/п

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың негiздемесi




Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн

тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттары



10. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны алу үшiн жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға шетелдiк жұмыс күшiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыру орны бойынша уәкiлеттi органға осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес өтiнiш бередi.

10. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты алу үшiн жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға «Е-лицензиялау «мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы шетелдiк жұмыс күшiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыру орны бойынша уәкiлеттi органға осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес электрондық түрде өтiнiш бередi.


Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы рұқсаттама құжаттарды (рәсімдерді) автоматтандыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевтың жетекшілігімен өткен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныс әзірлеу үшін жұмыс тобының 2012 жылғы 18 шілдедегі № 17-5/05-418 кеңес хаттамасы.



11. Осы Қағидалардың 10, 41 және 49-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде берiлмеген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiптiк даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлердiң бiлiктiлiк анықтамалығында жұмысшылардың кәсiптерi мен басшылардың, мамандар мен қызметшiлердiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган олар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден бас тартады және себебiн көрсете отырып, құжаттарды жұмыс берушiге қайтарады.

11. Осы Қағидалардың 10, 16, 30, 34, 36, 41 және 45-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) тиісінше толтырылмаған жағдайда уәкiлеттi орган олар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде берілмеген құжаттарды және

толтырылмаған немесе қате толтырылған құжаттардын құрылымдық бөлігін көрсете отырып рұқсатты беруден, ұзартудан бас тартады.



2012 жылға арналған бизнес-процестерді оңтайландыру, «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта рәсімдеу, мерзімін ұзарту» рұқсат етілетін құжаттарды ұсыну кезінде халықтан талап етілетін құжаттардың көлемін қысқарту жөніндегі іс-шаралар жоспары.



25. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту, ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешiм жөнiнде жұмыс берушiге оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабарлайды.

25. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту, ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешiм жөнiнде жұмыс берушiге оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау «мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы хабарлайды.






26. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беруден бас тарту не ұзартудан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес оның негiздерiн көрсетедi.

26. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беруден бас тарту не ұзартудан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес оның негiздерiн көрсетедi.


39-тармаққа дұрыс емес сілтеме, осы тармақта рұқсаттардың мерзімін ұзарту емес, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған қолданыстағы рұқсатты кері шақыру жағдайлары регламенттелген. Нормаларды бір үйлесімге келтіру.



27. Жұмыс берушi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру немесе ұзарту туралы хабарламаны алғаннан кейiн уәкiлеттi органға жиырма жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн шетелдiк жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан кетуiне кепiлдiк беретiн құжаттардың (банк пен жұмыс берушi арасындағы шарттың, жұмыс берушiнiң банк шотына кепiлдiк жарнаның енгiзiлгенiн растайтын құжаттың) көшiрмесiн ұсынады.

27. Жұмыс берушi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру немесе ұзарту туралы хабарламаны алғаннан кейiн уәкiлеттi органға жиырма жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн шетелдiк жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан кетуiне кепiлдiк беретiн құжаттардың (банк пен жұмыс берушi арасындағы шарттың, жұмыс берушiнiң банк шотына кепiлдiк жарнаның енгiзiлгенiн растайтын құжаттың) сканермен көшiрiлген түрін «Е-лицензиялау «мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.






28. Уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жұмыс берушiге рұқсат бередi.

Жұмыс берушi үш жұмыс күнi аяқталғанға дейiн рұқсат алуға келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жiбередi.

28. Уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау «мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс берушiге рұқсатты жібереді.







36. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде жиырма жұмыс күнi бұрын уәкiлеттi органға мынадай құжаттар жiберiледi:

1) өтiнiш;

2) өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдары берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;

3) кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпарат;

4) рұқсаттың мерзiмiн ұзарту негiздемесi;

5) рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.



36. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде жиырма жұмыс күнi бұрын Е-лицензиялау «мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы уәкiлеттi органға электрондық түрде мынадай құжаттар жiберiледi:

1) өтiнiш;

2) өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдары берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;

3) кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпарат;

4) рұқсаттың мерзiмiн ұзарту негiздемесi;

5) сканермен көшiрiлген рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.







37-1. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау «мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс берушiге рұқсатты жібереді.






38. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат:

1) бөлiнген квота мөлшерiнен асқан;

2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайда. Бұл ретте осы тармақшаның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты ұзарту бөлiгi 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап берiлген рұқсаттарға қолданылады;

3) жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн рұқсатсыз тарту фактiсi анықталған жағдайда. Мұндай жағдайда осындай фактi анықталған күннен бастап он екi ай бойы жаңа рұқсаттар берiлмейдi;

4) өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдары берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi келген ерекше шарттары (олар болған жағдайда) орындалмаған жағдайларда берiлмейдi және ұзартылмайды.


38. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат:

1) бөлiнген квота мөлшерiнен асқан (рұқсаттың мерзімін ұзарту жағдайларды қоспағанда);

2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайда. Бұл ретте осы тармақшаның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты ұзарту бөлiгi 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап берiлген рұқсаттарға қолданылады;

3) жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн рұқсатсыз тарту фактiсi анықталған жағдайда. Мұндай жағдайда осындай фактi анықталған күннен бастап он екi ай бойы жаңа рұқсаттар берiлмейдi;

4) өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдары берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi келген ерекше шарттары (олар болған жағдайда) орындалмаған;

5) осы Қағидалардың 10, 16, 30, 34, 36, 41 және 45-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) тиісінше толтырылмаған;

6) шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiптiк даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлердiң бiлiктiлiк анықтамалығында жұмысшылардың кәсiптерi мен басшылардың, мамандар мен қызметшiлердiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда берiлмейдi және ұзартылмайды.






41. Корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты алу үшiн пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн заңды тұлғаның өкiлi уәкiлеттi органға өтiнiш, ауыстыру мерзiмiн, ауыстырылатын қызметкерлердiң кәсiптерiн немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлiкте көрсетiлген деректерге сәйкес тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, шетелдiк заңды тұлғаның корпоративтiк ауыстыру туралы хатының және (немесе) келiсiмiнiң нотариалды куәландырылған аудармасын (мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi), сондай-ақ осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес құжаттарды ұсынады.

41. Корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты алу үшiн пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн заңды тұлғаның өкiлi осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса отырып, «Е-лицензиялау «мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы уәкiлеттi органға өтiнiш береді.










44-1. Уәкiлеттi орган корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту, ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жұмыс берушiге «Е-лицензиялау «мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы рұқсатты немесе хабарламаны жібереді.






Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына

7-қосымша

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін

ұсынылатын құжаттар
1. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат.

2. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер.

3. Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

2) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар.

4. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезінде Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының шетелдік маманның кәсіптік деңгейінің сәйкестігі туралы қорытындысы.

5. Шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тартылса).

6. Жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісімшарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тартылса).

7. Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпараты.

8. Сотты болғаны не болмағаны туралы растама.

9. Таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екені туралы медициналық анықтама.

10. Медициналық сақтандыру.

Мыналарды:

1) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда осы қосымшаның 1-тармағында көзделген;

2) маусымдық шетелдік қызметкерлер тартылған жағдайда осы қосымшаның 1, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына

7-қосымша


Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін

ұсынылатын құжаттар
1. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат.

2. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер.

3. Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған, сканермен көшiрiлген аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

2) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттардың сканермен көшiрiлген түрі.

4. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезінде Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының шетелдік маманның кәсіптік деңгейінің сәйкестігі туралы сканермен көшiрiлген қорытындысы.

5. Шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) сканермен көшiрiлген нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тартылса).

6. Жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісімшарттың сканермен көшiрiлген (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тартылса).

7. Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпараты.

8. Жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттын, келісімшарттын (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) сканермен көшiрiлген нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік жұмыскер осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес тартылса).

9. Белгіленген нысаны бойынша рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу.

Мыналарды:

1) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда осы қосымшаның 1-тармағында көзделген;

2) маусымдық шетелдік қызметкерлер тартылған жағдайда осы қосымшаның 1, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан республикасы Заңының 35-тармағында шетелдік қызметкерлердің келу шарттары белгіленген. Осылайша, өз бетінше жұмысқа орналасуға келетін немесе жұмыс берушілер тартатын шетелдік қызметкерлер:

1) кәмелеттік жаста болуға;

2) жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан кету үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынуға;

3) алдағы атқарылатын жұмысты орындау үшін қажетті білімі, біліктілігі мен тәжірибесі болуға;

4) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға;

5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;

6) медициналық сақтандыруының болуына міндетті.

Осылайша, сотталуын немесе сотталмауын; таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі ететін аурулардың болмауын растайтын құжаттарды, сондай-ақ медициналық сақтандыруды шетелдік қызметкер Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін ұсынады.

Шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің тәртібін белгілейтін «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының 37-тармағында рұқсат беруге өтініш беру кезінде аталған құжаттарды ұсыну көзделмеген.

Сонымен бірге, құқық қолдану тәжірибесі аталған құжаттардың болуы рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешімге әсерін тигізбейтінін көрсетті. Рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) кезінде негізгі өлшемдер жергілікті еңбек нарығында тиісті қызметкерлердің болуы немесе болмауы және олардың заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына (білім, еңбек өтілі) сәйкес келуі болып табылады.

Сонымен бірге, аталған құжаттарды жою рұқсат берудің рәсімін жеңілдетуге бағытталған, бұл рұқсаттама рәсімдерін оңтайландыруды көздейтін «Әлеуметтік-экономикалық жандандыру – Қазақстан Республикасының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының ережелеріне сәйкес келеді.
1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi n 290 Заңы
Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Үкiметi
Республикасының Үкiметi мен Украина Үкiметi табысқа қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 8 мамыр n 224
Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмдi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы
Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы
Кiметтiк емес секторды, оның мемлекеттiк органдармен сындарлы өзара iс-қимылын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы
Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының Үкiметi арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғимараттарын...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы n 71 қаулысы
Республикасының Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница