Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы




Скачать 196.74 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы
Дата конвертации15.05.2013
Размер196.74 Kb.
ТипДокументы
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiн және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы N 111 Қаулысы
"Ресми газет" 2006 жылғы 18 наурыз N 12


      Ескерту: Қаулының тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 тамыздағы N 736 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     1. Қоса берiлiп отырған:
     1) Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесi;
     2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну ережесi бекiтiлсiн.
     Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 тамыздағы N 736 қаулысымен.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 21 ақпандағы
N 111 қаулысымен  
бекiтiлген     

Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың
(алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары
есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн
қалыптастыру ережесi

       Ескерту: Тақырыбындағы және барлық мәтiн бойынша "салымшылардың", "салымшылармен", "салымшылар", "салымшының", "салымшыға", "жасалған" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(алушылардың)", "(алушылармен)", "(алушылар)", "(алушының)", "(алушыға)", "және қолданылуы тоқтатылған" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 тамыздағы N736 қаулысымен.

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын (бұдан әрi - дерекқор), мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн (бұдан әрi - бiрыңғай тiзiм) қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.
     1. Дерекқор, бiрыңғай тiзiм жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынатын мәлiметтердiң негiзiнде Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (бұдан әрi - Орталық) базасында қалыптастырылады.
     2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 1 наурызға дейiн Орталыққа электронды жеткiзушiде жасалған және қолданылуы тоқтатылған мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бiрақ мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ салымшылар (алушылар) туралы мәлiметтердi ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерiнiң барлық қызметi кезеңiндегi мәлiметтердi салымшылардың (алушылардың) деректемелерiнде жүргiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бередi.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң  2009.01.28. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т.қараңыз) Қаулысымен.

      2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары, дерекқорды жаңарту мақсатында, 2009 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде Орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi олардың тоқтатылу себептерiн көрсете отырып, электронды жеткiзушiде ұсынады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметiнiң барлық кезеңiндегi мәлiметтердi салымшылардың (алушылардың) деректемелерiнде жүргiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бередi.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң  2009.01.28. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т.қараңыз) Қаулысымен.
     3. Орталық осы Ереженiң 2, 2-1-тармақтарында белгiленген жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәлiметтердiң, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын беретiн мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердiң негiзiнде қалыптастырады және дерекқор мен бiрыңғай тiзiмдi күн сайын жаңартып отырады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң  2009.01.28. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3-1. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәлiметтер алынған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей:
      1) келiп түскен мәлiметтердi:
      салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екi реттен артық емес жасасуы;
      салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы қордан екiншiсiне аудару кезеңiнде жасасуы;
      жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәлiметтердi Орталыққа беру мерзiмдерiн сақтауы мәнiне тексерудi жүзеге асырады;
      2) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәлiметтердi:
      егер салымшы (алушы) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бiр жылда екi рет жасасқан жағдайда;
      салымшы (алушы) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шартты зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аудару кезеңiнде жасасқан кезде бiрыңғай тiзiмге енгiзуден бас тартады.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң  2009.01.28. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
     4. Дерекқорда әрбiр салымшы жөнiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс: тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), салымшының (алушының) жынысы, туған күнi, жеке сәйкестендiру нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, салымшы мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының нөмiрi, күнi және атауы, салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шоты ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының күнi мен атауы, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күнi мен себебi (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагерiне (мұрагерлерiне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асырылу негiздемесiн көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
     Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
     5. Бiрыңғай тiзiмде әрбiр салымшы жөнiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс: тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), туған күнi, жеке сәйкестендiру нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, неғұрлым соңғы жасасу күнi бар мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының атауы.
     Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
     6. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған, осы Ереженiң 2 және 2-1-тармақтарында белгiленген мәлiметтердiң негiзiнде Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәлiметтердiң бiрыңғай тiзiмге енгiзiлгенi немесе енгiзiлмегенi туралы хаттаманы (бұдан әрi - Хаттама) жинақтаушы зейнетақы қорларына жiбередi.
       Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.28. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәлiметтердi осы Ережеде көзделген негiздемелер бойынша бiрыңғай тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, Хаттама мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы енгiзiлмеген шарттар туралы ақпаратты қамтуға тиiс (енгiзiлмеу себебiн көрсете отырып).
     7. Орталық ай сайын жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жандандырудың осы Ереженiң 3-тармағында белгiленген мерзiмдерiн бұзуы анықталған фактiлер туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкiлеттi органды хабардар етедi.
       Ескерту. 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.28. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.       

                              Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша
                             салымшылардың (алушылардың) дерекқорын,
                              мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен
                                зейнетақымен қамсыздандыру туралы
                                 шарт жасасқан жеке тұлғалардың
                                   бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру
                                        ережесiне 1-қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.28. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

     200__жылғы "__"______ _______Орталыққа жiберетiн жасалған
    және қолданылуы тоқтатылған мiндеттi зейнетақы жинақтаушы
    зейнетақы қорының атауы жарналары есебiнен зейнетақымен
    қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
    қорларында олар бойынша жеке зейнетақы шоттары ашылған, бiрақ
   мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру
     туралы шарттары жоқ салымшылар (алушылар) туралы мәлiметтер

Тегi

Аты

Әкесiнiң аты

Са-
лым-
шы-
ның
жыны-
сы

Ту-
ған
күнi

ЖСН

ЖСН қалыптастыру сәтiндегi

Қа-
зiргi
дерек-
терi

ЖСН қалыптастыру сәтiндегi

Қа-
зiргi
дерек-
терi

ЖСН қалыптастыру сәтiндегi

Қа-
зiргi
дерек-
терi

ЖЖЖ
ЖА
АКК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

кестенiң жалғасы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi

Жасалған
мiндеттi
зейнетақы
жарналары
есебiнен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
мәлiметтерi

Салым-
шының
(алушының)
ЖЗШ
туралы
мәлiмет-
терi

Зейнет-
ақымен
қамсыздан-
дыру туралы
шарттың
қолданылуы
тоқтатылғыш
және жеке
зейнетақы
шотының
жабылған
күнi

Зейнет-
ақымен
қамсыз-
дандыру
туралы
шарттың
қолданы-
луының
тоқтатылу
себебi

Нөмiрi

Берiлген
күнi
ЖЖЖЖААКК

Нө-
мiрi

Жасалған
күнi
ЖЖЖЖААКК

Ашылған
күнi
ЖЖЖЖААКК

ЖЖЖЖААКК

11

12

13

14

15

16

17

      Ескертпе:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ЖСН қалыптастыру сәтiндегi тиiстi мәлiметтер қамтылуы тиiс.
      Олар бойынша мәлiметтер болмаған жағдайда 9, 13, 14-бағандарды толтыру мiндеттi емес.
      16, 17-бағандар қажеттiлiгiне қарай толтырылады.
      17-бағанда мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебiне қарай тиiстi белгi көрсетiлуi тиiс:
     1 - зейнеткерлiк жасқа, ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердiң зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     4 - егер мүгедектiгi шектеусiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiк белгiленуiне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
     7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
     8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагерiне (мұрагерлерiне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
     9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
     10 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу

                           Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша      
      салымшылардың (алушылардың) дерекқорын,    
      мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен  қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке    
      тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiне
      2-қосымша                

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнi#11872007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.28. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.                          

200 жылғы "___"____________________
      _____________________________________________________________
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

Орталыққа жiберетiн қолданылуы тоқтатылған мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәлiметтер

Тегi

Аты

Әкесiнiң аты

Салымшының (алушының) жынысы

Туған
күнi

ЖСН

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi

Жасалған мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт туралы мәлiметтер

Салымшының (алымшының) ЖЗШ туралы мәлiметтер

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шотының жабылған күнi

Зейнетақымен
қамсыздандыру
туралы шарттың
қолданылуының
тоқтатылу
себебi

ЖСН қалыптастыру сәтiндегi

Қазiргi деректерi

ЖСН қалыптастыру сәтiндегi

Қазiргi деректерi

ЖСН қалыптастыру сәтiндегi

Қазiргi деректерi

ЖЖЖ Ж
ААКК

Нөмiрi

Берiлген күнi
ЖЖЖЖ
ААКК

Нөмiрi

Жасалған күнi
ЖЖЖЖ
АА КК

Ашылған күнi ЖЖЖЖ
АА КК

ЖЖЖЖ
ААКК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12

13

14

15

16

17

      Ескертпе:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда ЖСН қалыптастыру сәтiндегi тиiстi мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      13, 14, 15-бағандары мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезiнде толтырылуға мiндеттi.
      16, 17-бағандарда мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебiне қарай тиiстi белгi болуға тиiс:
      1 - зейнеткерлiк жас: ер адамдар 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын төлеу;
      2 - төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын төлеу;
      3-5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердiң зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын төлеу;
      4 - Орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасы заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiне:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн;
      2) арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызмет, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемде зейнетақы төлемдерi тағайындалуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын төлеу;
      5 - егер мүгедектiгi шектеусiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiк белгiленуiне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын төлеу;
      6 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын төлеу;
      7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты;
      8 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты;
      9 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагерiне(лерiне) зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын төлеу;
      10 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын жерлеуге төлеу;
      11 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын төлеу.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 21 ақпандағы
N 111 қаулысымен   
бекiтiлген     

Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат
айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi
мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi
зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар
туралы мәлiметтердi ұсыну ережесi

       Ескерту: Тақырыбындағы және барлық мәтiн бойынша "салымшылардың", "салымшылармен", "салымшылар", "салымшының", "салымшыға", "жасалған" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(алушылардың)", "(алушылармен)", "(алушылар)", "(алушының)", "(алушыға)", "және қолданылуы тоқтатылған" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 тамыздағы N 736 қаулысымен.

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа (бұдан әрi - Орталық) салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
     1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары күн сайын Орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтер берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнгi мұндай кеңейтудегi мәлiметтердi осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша бередi.
     Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 тамыздағы N 736, 2009.01.28. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
     2. Орталыққа берiлетiн салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердiң құрылымы мыналарды қамтуға тиiс: тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), салымшының (алушының) жынысы, салымшының (алушының) туған күнi, жеке басын куәландыратын құжат деректерi, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттың нөмiрi мен күнi, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының ашылған күнi, мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату және жеке зейнетақы шотының жабылу күнi мен себебi (салымшыға (алушыға) немесе оның мұрагерiне (мұрагерлерiне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асырылу негiздемесiн көрсете отырып төлеу, салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына аудару).
     Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
     3. Мәлiметтердi беру күн сайын Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсiлмен, ақпарат көлiгiнiң автоматтандырылған қаржы жүйесiн пайдалана отырып, ағымдағы күнгi Астана қаласы уақытының 23 сағат 30 минутынан кешiктiрмей жүзеге асырылады.
     Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 тамыздағы N 736, 2009.01.28. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
     4. Орталық мәлiметтер келiп түскен күннен бастап келесi жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорына осы мәлiметтердiң Орталыққа келiп түскенi туралы куәландыратын электронды хабарлама және Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәлiметтердiң бiрыңғай тiзiмге енгiзiлгенi немесе енгiзiлмегенi туралы хаттама жiбередi.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.28. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

                                  Жинақтаушы зейнетақы қорларының
                                    электронды құжат айналымын
                                   пайдалана отырып, Зейнетақы
                                   төлеу жөнiндегi мемлекеттiк
                               орталыққа салымшылармен (алушылармен)
                                   мiндеттi зейнетақы жарналары
                                       есебiнен зейнетақымен
                                       қамсыздандыру туралы
                               жасалған және қолданылуы тоқтатылған
                                шарттар туралы мәлiметтердi ұсыну
                                         ережесiне қосымша

      Ескерту: Қосымшаның ескертуiне өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.08.03 N 736, 2009.01.28 N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2007.04.30 N 352(2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

    200__жылғы "__"______ _____________________Орталыққа беретiн
                жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
       жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған мiндеттi
       зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру
                жөнiндегi шарттар туралы мәлiметтер

Тегi

Аты

Әкесiнiң аты

Са-
лым-
шы-
ның
(алушының)
жыны-
сы

Ту-
ған
күнi

ЖСН

ЖСН қалыптастыру сәтiндегi

Қа-
зiргi
дерек-
терi

ЖСН қалыптастыру сәтiндегi

Қа-
зiргi
дерек-
терi

ЖСН қалыптастыру сәтiндегi

Қа-
зiргi
дерек-
терi

ЖЖЖ
ЖА
АКК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

кестенiң жалғасы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi

Жасалған
мiндеттi
зейнетақы
жарналары
есебiнен
зейнетақымен қамсыздандыру
жөнiндегi шарт туралы
мәлiметтер

Салым-
шының
(алушының)
ЖЗШ
туралы
мәлiмет-
тер

Зейнет-
ақымен
қамсыздан-
дыру туралы
шарттың
қолданылуы
тоқтатылған
және жеке
зейнетақы
шоты
жабылған
күнi

Зейнет-
ақымен
қамсыз-
дандыру
туралы
шарттың
қолданы-
луының
тоқтатылу
себебi

Нөмiрi

Берiлген
күнi
ЖЖЖЖААКК

Нө-
мiрi

Жасалған
күнi
ЖЖЖЖААКК

Жасалған
күнi
ЖЖЖЖААКК

ЖЖЖЖААКК

11

12

13

14

15

16

17

      Ескерту:
      1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында ЖСН қалыптастыру сәтiндегi тиiстi мәлiметтер көрсетiлуi тиiс.
      13, 14, 15-бағандар мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау кезiнде толтырылуға мiндеттi.     
      16, 17-бағандар мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қолданылуын тоқтатқан кезде толтырылуға мiндеттi.
      17-бағанда мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебiне қарай тиiстi белгi көрсетiлуi тиiс:
      1 - зейнеткерлiк жасқа: ер адамдар 63, әйелдер 58 жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      2 - төтенше немесе ең жоғарғы радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердiң зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      4 - егер мүгедектiгi шектеусiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiгi белгiленуiне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
      5 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      6 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуына байланысты
      7 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты
      8 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагерiне (мұрагерлерiне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу
      9 - алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын жерлеуге төлеу
      11 - жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының бiрлестiгi
      12 - "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 4-тармағына сәйкес қызметкердiң жұмыстан босатылуына байланысты (корпоративтiк ЖЗҚ үшiн)

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 шiлдедегi n 763 Қаулысы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 ақпандағы №119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы №1074 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 тамыздағы
«Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 тамыздағы №765 қаулысына (Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 7 ақпандағы n 114 Қаулысы
Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 53-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 және 2004 жылғы 29 қазандағы №1129 қаулыларына өзгерістер енгізу...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы
...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 24 сәуiрдегi n 316 Қаулысы
Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесiн және оның мөлшерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы iconҚазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы n 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница