Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі




Скачать 127.63 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі
Дата конвертации15.05.2013
Размер127.63 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі
«Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет

стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

  1. Қоса беріліп отырған «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1508 қаулысымен

бекітілген
«Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының

мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көрсетеді.

Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көш., 8-үй, 14-кіреберіс.

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

  2. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 651-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетіледі.

  3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе 8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша беріледі.

  4. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі компьютер жүйесін Салық кодексінде көзделген бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды не бас тарту себептері туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап беру болып табылады.

Компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды осы стандартқа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша қағаз тасығышта беріледі.

  1. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

  1. мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

  2. құжаттарды тапсырғанға дейін барынша рұқсат етілген күту уақыты – 15 минут;

  3. мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 минут.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  2. Министрліктің жұмыс кестесі демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін. Қызметті алу үшін алдын ала жазылу қажет емес. Жылдамдатылған қызмет көрсету режимі көзделмеген.

  3. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қажетті құжаттар тізімі және оларды толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған стенділер болады, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген, сондай-ақ отыратын орындар бар.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін:

  1. осы стандарттың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтінішті;

  2. компьютер жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының толық сипатын және еркін нысанда «Салық инспекторының жұмыс орны» режимін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;

  3. компьютер жүйесінің функцоналдық көшірмесін қамтитын компакт дискіні;

  4. компьютер жүйесін орнату және қосу жөніндегі нұсқаулықты;

  5. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

  6. салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

  7. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

  8. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін (өтініш беруші лицензияланатын қызмет түрімен айналысқан жағдайда ұсынылады);

  9. компьютер жүйесінің құрамына кіретін және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес сәйкестігін растауға жататын техникалық және бағдарламалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды ілеспе хатпен ұсынуы қажет.

Құжаттар қағаз тасығышта не өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат арқылы ұсынылады.

  1. Осы стандарттың 11 тармағының 1) тармақшасында көзделген өтініш-сауалнама бланкілерін Министрліктен немесе Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

  2. Қажетті құжаттардың толық тізбесі пошта бойынша жіберіледі не 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс мекенжайында орналасқан Министрліктің кеңсесіне беріледі.

  3. Құжаттар кеңсеге лауазымды тұлғамен қолма-қол тапсырылған жағдайда, Министрлік тұтынушының ілеспе хатының көшірмесіне құжаттарды қабылдағандығы туралы мөр, қабылдаған күнді және тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күнін қояды. Құжаттар пошта арқылы тапсырылған жағдайда, өтініш беруші Министрліктің кеңсесінде құжаттардың қарауға қабылданғандығы туралы 8 (7172) 74-10-03 телефоны бойынша біле алады.

  4. Компьютер жүйесін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды тұтынушыға пошта бойынша немесе өтініш берушіге қолма-қол жіберіледі.

  5. Ұсынылған құжаттарда қателердің анықталуы, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың дұрыс ресімделмеуі және құжаттар пакетінің толық берілмеуі және(немесе) компьютер жүйесінің Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасында белгіленген техникалық талаптарға сәйкес болмауы Министрліктің өтініш берушіге мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуына негіз болады.

  1. Жұмыс қағидаттары

  1. Министрліктің жұмыс істеу қағидаттары:

  1. мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі туралы толық ақпарат беру;

  2. мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқығын сақтау;

  3. мемлекеттік қызметті тегін көрсету;

  4. Министрлік қызметкерлері тарапынан сыпайы қарым-қатынас;

  5. тұтынушы ұсынатын ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы болып табылады.




  1. Жұмыс нәтижелері

  1. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

  2. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.

  1. Шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша арыздар болған жағдайда Министрліктің уәкілетті лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы толық ақпаратты Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан не: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көш., 8-үй, 14-кіреберіс, 739-кабинет мекенжайында алуға болады, телефондары: 8 (7172) 74-03-24, факс: 8 (7172) 74-03-24.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы байланыс және ақпараттың жетекші вице-министрінің атына беріледі. Вице-министрдің азаматтарды қабылдау кестесі туралы ақпаратты 8 (7172) 74-01-23 телефоны бойынша немесе Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

  3. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым мына мекенжайда орналасқан Министрліктің уәкілетті лауазымды адамына беріледі: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көш., 8-үй, 14-кіреберіс, 739-каб., электрондық мекенжайы: shauhina_r@mci.gov.kz.

Арыздарды қабылдаушы лауазымды адамның жұмыс кестесі: демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00 бастап 18.30 дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30 дейін.

Тұтынушы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

  1. Шағымдану рәсімі шағым жасау үшін ресми құжаттардың болуын көздемейді.

  2. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

Қабылданған арыз Министрліктің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және арыз түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Өтініш беруші берілген шағымға жауапты өзі көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы алады.

  1. Министрліктің интернет-ресурсында:

  1. Министрлік, оның ережесі, құрылымы және басшылығы туралы ақпарат;

  2. пресс-релиздер, баяндамалар, жарияланымдар, іс-шаралар жоспары туралы ақпарат;

  3. байланыс, ақпарат саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ ақпараттық технологиялар туралы ақпарат;

  4. Министрлік басшылығының байланыс деректері туралы ақпарат;

  5. Министрліктің интернет-ресурсы арқылы министрдің, вице-министрлердің және Министрліктің жауапты хатшының қабылдауына жазылу мүмкіндігі;

  6. өтінішпен, шағыммен немесе Министрліктің бірінші басшысы блогының көмегімен байланысу мүмкіндігі бар.



«Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Өтініш-сауалнама

Өтініш берушінің атауы __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

СТН |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

Өтініш берушінің орналасқан жері

Облысы ________________ қаласы ________________

ауданы ________________ көшесі ________________ үйі ______

КЖ атауы _________________________________________________

__________________________________________________________

КЖ әзірлеуші ________________________________________________

__________________________________________________________

нұсқасы _______________ КЖ жасау датасы __________________

КЖ әзірлеушінің орналасқан жері

________________ облысы ______________ қаласы

____________ ауданы ______________________ көшесі ____ үй

Өтініш беруші жоғарыда аталған КЖ-ның мынадай талаптарға

сәйкестігін растайды, атап айтқанда:

Нақты тіркелетін КЖ-де фискализация рәсімін сипаттау жүзеге асырылады

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ___________

_________________________________________________________________

Серверді пайдаланушыны сәйкестендіру операциялық жүйе деңгейінде жүзеге асырылады (ОЖ)

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ___________

_________________________________________________________________

Пайдаланушыны дерекқормен (ДК) сәйкестендіру дерекқорды басқару жүйесі (ДҚБЖ) деңгейінде жүзеге асырылады

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ___________

_____________________________________________________________

Құпия сөзді таңдаған жағдайда, ДҚБЖ құралдарымен серверге қол жеткізу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _________

_________________________________________________________________

Құпия сөздің қолданылу мерзімі (күндер саны):

пайдаланушының (кемінде 8 белгі) ___________________________________

жүйе әкімшісінің __________________________________________

дерекқор әкімшісінің ______________________________________

Ең аз құпия сөз (символдар саны):

пайдаланушының __________________________________________

жүйе әкімшісінің _________________________________________

дерекқорлар әкімшісінің __________________________________

КЖ-де құпия сөз күрделілігін тексеру (сандарды және арнайы символдарды міндетті түрде пайдалану)

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)

________________________________________________________________

КЖ құпия сөз ұзындығын автоматты бақылауды қамтамасыз етеді

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ______________________

КЖ бір жүйенің атымен қосымшаға екі не және одан да көп пайдаланушылардың

қосылу мүмкіндігін болдырмайды

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ______________________

Қосымшаны пайдаланушылардың ДҚ-ға қосымшаның өзінен басқа құралдармен қосылуының мүмкін еместігі

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ___________________

Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына ДҚБЖ құралдарымен қол жеткізу құқығын ажырату

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____________________

Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына қосымша құралдарымен қол жеткізу құқығын ажырату

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________

Әрбір операция пайдаланушы, датасы және уақыты бойынша сәйкестендіріледі

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) _____________________

Әрбір операция мағыналы тізбекті бірегей нөмірмен белгіленеді

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) __________

________________________________________________________________

КЖ: клиент-сервер, пост-терминал сәулетін білдіреді

(қажеттісінің астын сызу)

Кез келген ақпарат ДҚ-ға қосымшаның көмегімен ғана енгізіледі

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ____________________________

Операция басталғаннан кейін ДҚ-ға енгізілген және клиенттік тараптағы ақпаратты әр түрлі құралдарымен түзетудің мүмкін еместігі

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ______________________

Қате енгізілген операция «сторно» операциясын жүзеге асыру жолымен түзетіледі

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ________________________________________________________________

Соңғы пайдаланушы өзінің орындайтын функцияларының шеңберінде ғана ДҚ иелік етуге құқылы

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ___________

________________________________________________________________

Қосымша, ДҚБЖ және сервер әкімшілерінің арасында құқықтарды бөлу (әкімшілердің іс-қимылдарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді көрсету)

_______________________________________________________________ ________________________________________________________________

Аудиторлық журналдар әкімшілік құқықтары бар пайдаланушылардың барлық іс-қимылдарын автоматты түрде тіркейді

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) __________

________________________________________________________________

Аудиторлық журналдар пайдаланушылардың барлық іс-қимылдарын автоматты түрде тіркейді (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)

________________________________________________________________

Белгілі бір уақыт ішінде (5 минут) тұрып қалған жағдайда, клиенттік қосымшаны ДҚ-дан ажырату (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыттық интервал)

________________________________________________________________

ДҚ-мен жұмыс істегенде оператордың іс-қимылын уақыт бойынша шектеу

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақыттық интервал)

________________________________________________________________

_______________________________________________________________

Авторландырусыз қол жеткізуі бар есепке алу жазуларын ОЖ құралдарымен блоктау (guest, anonymosі және басқалар)

(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақытша интервал)

________________________________________________________________

________________________________________________________________

Компьютер жүйесі, электр қоректендіру және басқалары тоқтап қалған жағдайда, деректерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
Деректерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар Иә Жоқ

Қайталаушы серверді пайдалану, «кластер» жүйесін пайдалану

Серверлерде түрлі деңгейдегі (1-5) RAID кіші жүйесін қолдану

Транзакциялар мен ДҚ журналдарының резервтік көшірмесін жасау

Өзгесі (көрсетілсін) _______________________________________

____________________________________________________________

ДҚ мен транзакциялар журналдарының резервтік көшірмесін жасау:
ДҚ үшін Транзакциялар

журналы үшін

резервтік көшірмелерді жасау мерзімділігі (айына/ жылына/рет,)

резервтік көшірмелердің саны (дана)

резервтік көшірмелердің сақтау мерзімі (жыл)

резервтік көшірмелерді сақтау орны (резервтік орталық/сейф ж.т.б.)
Жүйені толық қалпына келтіру уақыты

_______________________________

Резервтік көшірмелердің ДҚ қалпына келтіру журналының болуы

(иә/жоқ) _____________________

«Салық инспекторының жұмыс орны» болуы (иә/жоқ) ___________;

«Салық инспекторының жұмыс орнын» пайдалану бойынша құжаттардағы компьютерлік жүйесін фискалдау бойынша ұқсас рәсімдердің болуы (иә/жоқ)

_______________________________________________________;

«Салық инспекторының жұмыс орнында» компьютерлік жүйесінің фискалдау режимінде іске асыру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)

____________________________________________________;

Фискалдық деректерге қол жеткізу үшін криптографиялық кілттерді қалыптастырудың режимін іске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдері және стандарттары пайдалануда) ______________________________________________________________;

Келесі фискалдық есептер үшін жұмысын аяқтаған уақытындағы деректерді сақтау кезінде ассиметриялық шифрлаудың криптографиялық функцияларын компьютерлік жүйеде іске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдері және стандарттары пайдалануда) __________________;

Фискалдық есептерді алудың режимінде іске асыру «Салық инспекторының жұмыс орны» (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі) ___________
_______________________________________ __________

өтініш берушінің немесе оның басшысының Т.А.Ә. қолы

М.О.
«Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы

Астана қаласы 20__ж. «___»____________
1. Өтініш беруші ______________________________________________

2. Өтініш берушінің орналасқан жері:

__________________ облысы ___________________________ қаласы

________________ ауданы ______________________ көшесі _____ үй

телефоны _________________ факсы ___________________________

3. ___________________________________________________________

(КЖ атауы) __________________________________________________________________,

нұсқасы __________________, жасалған күні

Әзірлеуші ___________________________________________________

Әзірлеушінің орналасқан жері:

______________елі ________________ облысы ____________ қаласы

_____________ ауданы ____________ көшесі _________________ үй

телефоны _______________факсы ______________________________

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасында көзделген техникалық талаптарға сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат министрі _________________

(қолы)

М.О.
«Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiшiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi Көрсеткiштiң Көрсеткiштiң Көрсеткiштiң

нормативтiк мәнi келесi жылғы есептi жылдағы

нысаналы мәнi ағымдағы мәнi

1 2 3 4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен

бастап белгiленген мерзiмде қызмет

көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң

сапасына қанағаттанған

тұтынушылардың %-ы (үлесi)

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және

оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа

қанағаттанған тұтынушылардың %-ы

(үлесi)

3.1. Ақпаратқа электрондық форматта

қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы

(үлесi)

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы

тәртiбiне қанағаттанған

тұтынушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына

қанағаттанған тұтынушылардың %-ы

(үлесi)

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1532 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 желтоқсан №1498 Астана, Үкімет Үйі
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1736 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 15 желтоқсан №1534 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы №692 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 29 желтоқсан №1640 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1506 Астана, Үкімет Үйі Орта мерзімді кезеңге
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 20 желтоқсан №1554 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1131 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1508 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1702 Астана, Үкімет Үйі
«Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница