Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы




Скачать 99.25 Kb.
НазваниеПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Дата конвертации16.05.2013
Размер99.25 Kb.
ТипДокументы


Ф КГМА 4/3-07/02

ПП КГМА 4/02



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы


Тақырыбы: Дезинфекция, стерилизация, асептика, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Дезинфекция және стерилизация әффективтілігін бакылау.
Микробиология пәні
051101 «Мейірбике ісі»

Курс II
Құрастырғандар: доц. Абдулина Г.А.

оқытушылар: Котенева Е.Н.,Қабдуова Ә.Қ.



Қарағанды 2009 ж




Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«___» __ 2009 ж. № Хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. ________________ Ахметова С.Б.
Тақырыбы: Дезинфекция, стерилизация, асептика, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Дезинфекция және стерилизация әффективтілігін бакылау.

Мақсаты.Дезинфекция және стерилизацияның микробиологиялық негізінінің медицинада, фармакологияда және өндірістерде кеңінен қолдануға қажет. Стерилизацияның қазіргі заман әдістерін білу, әртүрлі дезинфекциялайтын заттардың әсерін білу.

Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

1.Микроорганизмдерге әсер ететін физикалық, химиялық, биологиялық факторлар.

2.Ыдыстарды, құрал-жабдықтарды, қоректік орталарды, қолданылатын құралдарды зарарсыздандыру әдістері.

3.Микроб дақылдарын сақтау тәсілдері

Студент істей алуға тиіс:

Микроорганизмдерге әртүрлі факторлардың әсер етуін анықтауда тесттердің нәтижесін бағалау.

Лабораторлық жұмысты орындау түрі

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Бактериальді дақылдардың дезинфекциялық заттарға және антисептиктерге диск әдісімен сезімталдығын анықтау. газонмен егілген агардың бетіне әртүрлі антимикробты заттарға малынған дискілерді қояды. (хлорамин – 3%, карбол қышқылы, анилинді бояулар және т.б.).

2.ЕПА бар табақшаға Escherishia coli және Bacillus cereus, дақылдары егілді, оның бетіне (3%) хлорамин, (5%) фенол, (1%) формалин, метилен көгі және т.б. заттарға малынған ового

сүзгі қағазының бөліктері салынды.

3.Антисептиктер демонстрациясын қарау.
Тарату материалы

АСЕПТИКА- бұл манипуляциялық диагностикада, адам ағзасының емделу барысында немесе қоршаған ортадан микроорганизмдердің енуін ескертеді, сонымен бірге зерттеу материалдарды, микроорганизм культурасы мен қоректік ортасына лабороториялық зерттеу жүргізілуді ұйымдастыру жүйесі. Асептика құралдар мен материалдарды залалсыздандыруды қарастырады, медицина қызметкерлерінің қолдарына арнайы өңдеу және санитарлы-гигиеналық ережелерді жұмыс барысында сақтаын талап етеді. Асептика дәрі жасау және профилактикалық препараттарды жасауда, сонвмен қатар микробиологиялық лобороториялық жұмыстарда қатаң ережелерді сақтау керек.

АНТИСЕПТИКА- бұл микроорганизмдерді жоюға бағытталған емдеу-профилактикалық ұйвмдастыру кешені. Жарақаттанған жерге, шырышты қабыққа және зақымданған теріге инфекция туғызу мүмкін. Антисептика түрінде әртүрлі химиялық байланыстар қолданылады. Олар микробтарға қарсы әсер етеді׃ 70% этил спирті, 5%спиртті йод ерітіндісі, 0,5%-2% хлорамин ерітіндісі, 0,1% KMnO4, 0,5%-1% формалин ерітіндісі, 1-2% метилен көк спиртінің ерітіндісі немесе бриллиант жасыл, әртүрлі детергенттер. Антимикробты заттарға әртүрлі материалдар қосылады, байламдарды жасау үшін және т.б. бактериоциттік қасиет беру мақсатында қолданылады.

ДЕЗИНФЕКЦИЯ- сыртқы қошаған орта объектілерін залалсыздандыру׃ адамға патогенді және жануарлардың микроорганизмін химиялық зат көмегімен микробқа қарсы жою қасиеті. Дезинфекциялық заттарға жататыдар׃ хлорлы әк( 0,5-5% ерітіндісі), фенол (3-5% ерітіндісі), лизол (3-5%ерітіндісі), 2-3 негізді тұз гипохлорид кальций ( 0,1-10% ерітіндісі). Дезинфекциялық заттарды таңдауда немесе концентрациясын материялдың түріне байланысты таңдап алынады.

Бірнеше заттар ( бор қышқылы, мертиолат, глицерин, фенол) емдеу диагностикалық сарысуларын, вакцина және басқа препареттарға концервант ретцнде қрлданылады.

СТЕРИЛИЗАЦИЯ- микроорганизмдердің вегетативті формаларын және олардың споралы материалдарын толығымен жою.

СТЕРИЛИЗАЦИЯНЫҢ физиалық әдістері.

1.Газды жаңғышпен немесе спирт жалынымен қыздыру. Берілген

әдіс шектеулі түрде қолданылады. Мысалы׃ бактериологиялық ілмекті, ине, пинцеттерді стерилдеуде.

2.Құрғақ ыстық кептіру шкафында стерилизациялау ( Пастер

әдісі). Бұл әдіс 45 минут ішінде 165-170 С қыздырылған ауада бактерициттікке негізделген. Өте жоғары температурада ыдысты қағаз ораған дәкелі тығын күйіп кетеді, ал төменгі температурадағы стерилизация бірнеше мерзімді қажет етеді. Петри шынысы, пробирка, пипетка, ыстық шыны ыдыстарды стерилизациялайды.

3.Буды қысыммен булау стерилизаторында стерилдеу(Автоклав).

Бірден-бір тиімді стерилизациялау әдісі, микробиологиядан басқа клиникалық практикада кеңінен қолданылады. Автоклавпен жұмыс істегенде инструкция және қауіпсіздік ережелері қатаң сақтау керек. Көптеген қоректік орта, байлам материалдары, маталар 1 атм. қысыммен 15-20 мин. Барысында стерилденеді, ал инфекцияланған материал 1,5-2 атм. 20-25 мин. барысында залалсыздандырады. Максимальді температурда буын арнайы термометрмен өлшенед, ал стерилизациялау мтериалдарымен бірге автоклавка енгізіледі. Химиялық заттардың белгілі температурада еруі бірқатар жағдайларда қолданылады׃ бензонафтол(110 С), бензой қфшқылы (120С).

4.Автоклав немес Кохтың ағынды аппаратында стерилизациялау.

Берілген стерилизация түрі ( бұралмаған қақпақта және ашық кранды) будың вегтативті торшаларға антибактериялық әсер етуіне негізделген. Бұл әдіс жоғары температураға шыдымайтын материалдарды стерильдеу кезінде пайдаланылады. Мысалы, витаминдер және көмірсулары бар қоректік орталарды стерилдеу кезінде. Толық залалсыздандыру үшін бөлшектік стерилизация принциптерін қолданамыз.

Бұл материалды 100С-та 20-30 мин. 3 күн қатарынан стерилдейді. Бұл жағдайда вегетативті торшалар өледі, ал споралар сақталып, тәулік ішінде қайта өсіп шығады. Келесі екі реттік қыздыру материалдың толық стерилденуіне кепілдік береді.

5.Тиндализация. Бұл әдіс материалды 1 сағаттан 56-58 С-та 5-6

күн қатарынан стерилдеу. Бұл әдіс стерилдеуге жоғары температурада тез бұзылатын заттар алынады ( қан сарысуы, виатминдер т. б.)

6.Ультра күлгін сәулелермен стерилдеу. Бұл әдіс ультракүлгін

сәулелердің толқын ұзындығы 260-300 мкм болғанда бактерициттік қасиетіне негізделген. Бұл әдіспен бокс ауасын, операция бөлмелерін, балалар мекемелерін стерилдеу үшін бактерициттік әртүрлі қуатты лампаларды қолданады. (БУВ-15, БУВ-30),. Бұл келірілген әдістен басқа термиялық антимикробтық залалсыздандыру-қайнату қолданылады. Бұл әдіспен шприцтерді, ұсақ хирургиялық аспптарды, заттық және жабын шыныларды және т. б. заттарды стерилдеу ушін бұларды стерилизаторға салып, ішіне су құяды. Судың керекзіз қасиеттерін және қайнау температурасын көтеру ушін 1-2% натрий бикарбонатын қрсады. Қайнату 30 минуттан кем болмау қажет. Бірақ бұл әдіс толық стерилизацины қамтамасыз етпейді. Өйткені кейбір вирустар( мыс, гепатит вирусы) және бактерияның споралары тіршілік ету қабілетін сақтап қалады.

7.Пастерилизация бұл бактерия споралары немесе тевететативті

клеткалар температура әсеріне қатынасына негізделген. Материал 5-10 минут ішінде 50-65 С-та қыздырылып жылдам салқындатымен аяқталады. Көбінесе сусындарды және тағамдық өнімдерді пастерлейді ( сыра, сүт т. б.)

МЕХАНИКАЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦИЯ (фильтрлеу). Берілген әдіс микроорганизмдерді жіне олардың спораларын ұсақ поралы филтрмен механикалық ұстап қалу қасиетіне негізделген. Лабороториялық практикада материалдарды асбестік және мембраналық фильтрмен фильтрлеу кеңінен қолданылады. Бұл фильтрлерді Зейцтің цилиндрлік воронканың ішіне бекітеді. Воронканың түтікшелі жағын резиналы тығынмен тубусы бар колбаға орнатады. Фильтрация алдында құралған бүкіл жүйе асбесті фильтрмен бірге автоклавта стерилденеді.

Мембраналық фильтрлерді және қайнатып стерильдеп, Зейцтің стерильді воронкасына орнатады. Фильтрация вакуум насостың көмегімен жүреді, бұған тубусы бар колба жалғанады.

Асбестік фильтрлер дм 30 және 140 мм болып шығарылады. Оның фильтрлеуші маркасын және стерильдеуші маркасын (сф) айырады. Мембраналық фильтрлердің қалыңдығы 0,1-0,5 мм 35 мм болады, бұлар нейтроклетчаткалардан немесе ацетилцеллюлозадан тұрады. Поралардың өлшеміне байланысты бұл фильтрлер 1-ден 5-ке дейігі нөмерді иеленеді ( поралардың өлшемдері 350-1200 нм тең) Сонымен қатар бактерияның токсиндерін, фагтардың және бактерияның тіршілігіне қажетті әртүрлі заттарды алу үшін пайдаланылады.

ХИМИЯЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦИЯ ӘДІСІ. Бұл әдісте әртүрлі бактерициттік қасиеті бар химиялық заттар қолданылады. Бірақ лабороториялық практикада осф заттарды қолдану шектеулі.

Әдебиеттер

1.Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасы-ның профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы. 2006. – 176 б.

2.Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

3.Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 1184 С.

4.Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 1998. – С.159-176.

5.Борисов Л.Б., Смирнова Л.Н. Микробиология // М: Медицина, 1996, уч.пособие., 192с.

6.Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб.для вузов /О.К.Поздеев; под ред. В.И. Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.-768 с

7.Лабинская А.С. Микробиология с техникой микробиологических методов исследования // М: Медицина, 1968, 466с.

8.Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования / под. ред. М.О.Биргера // М: Медицина, 1973., 456с.

9.Красильников А.П., Романовская Т.Р. Микробиологический словарь –справочник // Минск: Асар, 1999. – 399с.

10.Стейнер Р., Эдельберг Э., Ингрэм Дж. Мир микробов // М: Мир. - 1979, Т.1. - 317с.

Определитель бактерии по Берджи (в 2-х томах)// М: Мир, 1997.

Бақылау

Сұрақтар:

1.Стерилизация түсінігі. Принциптері.

2.Стерилизацияның физикалық әдістері. Құрғақ ауалы шкаф, автоклав. УКС әсері. Пастеризация. Тиндализация.

3.Стерилизацияның химиялық әсері. .

4.Механикалық стерилизация.

5.Дезинфекция. Дезинфекциялық заттардың әсері.

6.Стерилизациялық және дезинфекциялық жұмыстардың эффективтілігін бақылау әдістері.
Тест тапсырмалары:

1. Ультракүлгін сәулесі:

а) бактериялардың өсуін қалыптастырады

б) шыны арқылы әсер етеді

в) бактерицидтік қасиеті болады

г) тағам өнімдерін дезинфекциялау үшін қолданады

д) қоректік ортадағы патогенді дақылдарды жою үшін қолданады

2.Шыны ыдыстарды стерилизациялайды:

а) пастеризациямен

б) тиндализациямен

в) құрғақ ыстықпен

г) Кох аспабында

д) ағымды бумен

3.Ауыр металл тұздардың әсер ету механизмі (қорғасын,мыс, күміс және т.б.):

а) ақуыздардың денатурациясы

б) қоректік заттардың тасымалдануының бұзылуы цитоплазматикалық мембрана арқылы

в) фосфор қышқылы тобындағы нуклеопротеидтердің әсерінен бактерия өсуінің тежелуі

г) бос қышқыл түзетін ақуыз коагуляциясы

д) глюкозаны сусындандыруға қатысатын кофермент қызметінің бұзылуы

4.Дезинфициялық заттарға барлығы жатады, тек мынадан басқасы:

а) сулема

б) ремантадин

в) лизол

г) фенол

д) хлорамин

5.Фитонцидтер өндіріледі:

а) микроорганизмдерден

б) қарапайымдардан

в) өсімдіктерден

г) жануарлардан

д) шығу тегі синтетикалық

6. Бу қысымымен стерилизациялау:

А) Пастер пешінде стерилизациялау

Б) бөлшектеп стерилизациялау

В) автоклавта стерилизациялау

Г) қоректік орталарда стерилизациялау

Д) t 50-65"C материалды қыздыру

7. Фильтрлеу:

А) бөлшектеп стерилизациялау

Б) микроорганизмдердің механикалық тежелуі

В) қан сарысуын, дәрумендерді стерилизациялау

Г) бактериостатикалық әсер етеді

Д) вирус құрамды материалдарды стерилизациялайды

8. Бацилла споралары жойылады:

А) бактериофагтардың әсері

Б) ұзақ кептіргенде

В) пастеризация

Г) УКС өңдеу

Д) автоклавтау

Жауап кілттері: 1. В, 2. В, 3. Г , 4.Б , 5.В, 6. В, 7. Б , 8. Д,



Похожие:

Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Вакциналар. Жіктелуі, дайындау жолдары, әсер ету механизмдері. Иммундық сарысулар
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микроскопиялық әдіс. Жұғынды дайындау және оны микроскоптан қарау техникасы. Қарапайым...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Бруцеллез, сібір түйнемесі, оба, туляремияның микробиологиялық диагностикасы. Бөртпелі және қайталама сүзектер, мерез,...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Іріңді-қабыну ауруларының микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу кезеңдері. Патогенді және шартты-патогенді кокктар. Көкіріңді...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: жрви вирусологиялық зерттеу әдістері. Аденовирусты инфекция. Вирустық гепатиттер. Құтыру, герпесвирусты инфекциялардың...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Реаниматологиямен лор, көз аурулар кафедрасының мәжiлiсiнде талқыланған және бекітілген
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы: сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстары, олардың түрлері және механизмдері
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Мақсаты: Асқазан-ішек трактысының секреторлық, моторлық және сіңіргіш қызметтерінің типтік бұзылыстарын игеру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница