Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы




Скачать 336.5 Kb.
НазваниеТәуелсіздігіміздің 20 жылдығы
страница1/3
Дата конвертации09.07.2014
Размер336.5 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
«Арна-Қарағанды» басылымы

2011 жылдың 30 желтоқсаны

Авторы: М.Ғазалиев
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрдық. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты, көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.


«Шет шұғыласы» басылымы

2011 жылдың 10 наурызы

Авторы: А.Тоқбалин
«Жемқорлықпен күрес - маңызды басымдықтың бірі»

Мемлекет жұмысының өрге басып, мемлекеттік қызметшінің өзіне тапсырылған міндеттерді мүлтіксіз, адал атқаруына байланысты. Сондықтан мемлекет қызметшісінің оң беделінің нығаюы, абыройының артуы тек қызметкердің ғана емес, мемлекеттің дамуынан хабар береді. Елімізде бастапқы кезде-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қолға алған болатын. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң қабылданды. Бүгінде осынау қауіпті дерт сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің мемлекеттік саясатындағы басымдықтардың бірі болып отыр. Президент жанындағы жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік қызметшілердің "Ар-намыс" кодексі Президенттің арнайы Жарлығымен бекітілген. Сондай-ақ аймақтарда қызметтік этика ережелерін бұзғандарға және жемқорлыққа бой алдырғандарға шара қолдану үшін олардың тәртіптік жауапкершілігін қарайтын тәртіптік кеңестер қызмет етуде. Мемлекеттік қызметші қандай қасиеттерімен ерекшеленуі тиіс. Жоғары кәсіпті мемлекеттік қызметті құру мен басқарудың тиімді құрылымын жақсартуда қажетті сапаларды Елбасымыз Н.Назарбаев арнайы атап көрсеткен болатын. Әр мемлекеттік қызметшінің бойынан табылуы тиіс жоғары моральдік жауапкершілік, кәсіби біліктілік, оны іс жүзінде қолдана білу қасиеті, адалдық және шыншылдық, өткірлік ұстаным белсенділігі секілді қасиеттер жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда таптырмас құрал болып отыр. Жуырда аудан әкімдігінде аудан әкімі Қ.Тілеубергеновтің төрағалығымен семинар-кеңес өткізілді. Күн тәртібіндегі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер жөнінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары Қ.Токушев жан-жақты түсіндірді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан 2030" стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі қатер туғызатынын атап өтіп, 2010 жылғы 29 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданғанын атап өтті. Аталған заң аясында мемлекеттік қызметшілер немесе оларға теңестірілген адамдар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 13 бабын және 12 баптың жеті тармақшасында, олар 2, 3, 4, 5, 9, 13, 13-1 тармақшаларында аталған қандай да бір құқық бұзушылықтар жасаса, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, заңда белгіленген тәртіппен тек қана қызметінен босатылатынын, сондай-ақ аталған заңға сәйкес, басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаның 3 түрі ғана қолданылатынын айтты: олар - қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту; лауазымын төмендету және атқаратын қызметінен босату.Сонымен қатар, енгізілген өзгерістерге сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 3 бабы 3 тармағы 4 тармақшасында көрсетілген мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес пайыз болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес пайыз) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдарға басқадай ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады және жақын туыстарының бірге қызмет істеуіне жол берілмейді.«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28-1 бабында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және жазаны теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды деп көрсетілген. Алайда, мемлекеттік қызметшілер оларға тәртіптік іс қозғалып, қаралып жатқан уақытта ауырып қалуы, еңбек демалысына шығуы немесе іссапарға жүріп кетуі мүмкін. Сол себепті, тәртіптік жаза қолданудың мерзімі өтіп кетеді. Қазіргі енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметшінің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында бір жылдық және үш айлық тәртіптік жаза қолдану мерзімі еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатылады. Семинарда сондай-ақ ҚР-ның "Қазақстан-2030" стратегиясындағы мемлекеттік қызметкерлердің санаты бойынша енгізілетін өзгерістер мемлекеттік қызметке кірудің жаңа талаптары, мемлекеттік мекемелердің жылдық қорытындылары бойынша жұмыс тиімділігін бағалау тәртібі жайлы мағлұматтар берді. Семинар-кеңес соңында ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары Қ.Токушев азаматтардың жеке өтініштері бойынша қабылдау жүргізді.


«Орталық Қазақстан» басылымы

2011 жылдың 5 ақпаны

Авторы: С.Жанысбай

«Ар-намыс бәрінен жоғары»

Жуырда Тәртіптік кеңестің осы жылдағы алғашқы мәжілісі болып өтті. Оны Тәртіптік кеңестің төрағасы Ермағанбет Бөлекпаев жүргізді. Кеңес мәжілісінің күн тәртібіне сәйкес, 2010 жылда Тәртіптік кеңестің атқарған жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысындағы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Мылтықбай Ғазалиев баяндап берді. Мұнан кейін Тәртіптік кеңесте мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактісі бойынша Теміртау қалалық салық басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нұрпейісовке қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды. Облыстық салық департаментіне Теміртау қаласының шағын кәсіпкерлері мен «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің Қазақстан Республикасы Президентінің сайтында орналасқан шағымы жолданған болатын. Аталған шағымда жол полициясы және «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің бірігіп өткізген рейді барысында Теміртау қалалық салық басқармасы бастығының орынбасары А.Нұрпейісовтың жол полициясы өкілдеріне жүргізуші куәлігінің орнына өзінің қызметтік куәлігін ұсынғаны баяндалған. Мұндай жағдайға «Нұр Отан» партиясының өкілдері де куә болған. Аталған жай бойынша облыстық салық департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп, қызметтік тексеріс бойынша облыстық салық департаментінің тәртіптік комиссиясы А.Нұрпейісовтың іс-әрекетінде Ар-намыс кодексін бұзу фактісі бар екендігі туралы және қызметтік тексеріс қорытындысын Тәртіптік кеңестің қарауына жолдау туралы шешім қабылдаған. Жоғарыда көрсетілген жайларды Тәртіптік кеңес хатшылығының бақылау бөлімінің консультанттары тексерудан өткізді. Тексеру барысында түсініктеме берген А.Нұрпейісов 2010 жылдың 30 қарашасында жол полициясы қызметкерлерінің әкімшілік хаттама толтыруы үшін жеке куәлігі жоқ болғандықтан, қызметтік куәлігін ұсынғанын айтты. Ар-намыс кодексі талаптарын бұзғанын мойындап, енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынына уәде берді. Тәртіптік кеңес мүшелері аталған тәртіптік істің барлық мән-жайларын талқылап болғаннан кейін А.Нұрпейісовке қатаң сөгіс беруді ұйғарды. Мұнан кейін кеңес мүшелері Қаражал қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Наталья Глотованың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың нормаларын бұзу фактісі туралы облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінен түскен материал бойынша өткізілген жоспардан тыс тексерістің қорытындысын қарады. Наталья Глотоваға берілген жаза онша қатаң болған жоқ. Оған өзінің кемшілігін мойындағаны ескеріле келіп, сөгіс қана жарияланды.


«Орталық Қазақстан» басылымы

2011 жылдың 27 қаңтары

Авторы: С.Жанысбай
«Мақсат - айқын, міндет - нақты»

Тәуелсіз мемлекетіміздің 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасын орындау барысында сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі қатер туғызатындығы баршамызға мәлім. Шынайы демократиялық қоғам құруға өз үлесін қосуға дайын адам қандай нәрседен арылу керек деген сұраққа, ең бірінші болып жемқорлықтан дер еді. Қоғамды жегідей жеп жатқан жемқорлықты әпсәтте жеңу мүмкін емес, бірақ талпыну қажет. Мұндай жай-күймен келіспейтін, адал ниетті, әділетті азаматтардың жеткілікті болғандығынан жетістікке жету сенімі мол. Осы орайда атқарылып жатқан шаралар туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Ермағанбет Бөлекпаевпен сұхбаттасқан едік. - Ермағанбет Қабдулаұлы, қалай ойлайсыз? Мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзушылықтың жіберілуі олардың құқықтық сауатсыздығынан ба, әлде осы бір дерттен әлі күнге дейін айыға алмай келеміз бе? - Мемлекеттік қызметшілер тарапынан жіберіліп жататын заңбұзушылықтардың біразы қолданыстағы заң нормаларын жетік білмегендіктен не болмаса мемлекеттік қызметшілердің өз жұмыстарына немқұрайлы қарағандығынан болып отыр деп айтуға болады. Мысалы, біздің қызметшілермен 2010 жылы 223 тексеру жұмыстары жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы күрес заңының нормаларын бұзғандығы үшін 19 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл облысымызда қызмет атқаратын 7040 мемлекеттік қызметшінің 0,3 пайызын құрап отыр. Ал, 2009 жылы 23 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Қарап отырсақ, жылдан жылға жауапкершілікке тартылғандар саны азайып келеді. Мұндай жағдай, барлық мүдделі органдардың ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелі түрде жүргізу салдарынан болғандығы деп ойлаймын. Атқаралып жатқан мұндай профилактикалық жұмыстарға мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шараларын, ұсыныстардың берілуін, семинар, «дөңгелек үстел» отырыстарының өткізілуін айтуға болады. Нақты деректер келтіретін болсақ, 2010 жылы Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығында 1686 мемлекеттік қызметкер өздерінің біліктілігін арттырып қайтты. Мемлекеттік қызмет саласында заңнама нормаларын қатаң сақтау, мемлекетік қызмет имджін көтеру бойынша 87 ұсыныс дайындалып қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік орган басшыларына жолданды. Мемлекеттік қызметті өткеру сұрақтары бойынша 100-ге тарта семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді. Әрине бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. - Тәртіптік кеңестің талқысына түсіп шыққан адамның келесі жолы қандайда бір құқықбұзышылыққа бармайтындығына кепіл бар ма? - Негізі, бұл індет заңдардың орындалуын бұрмалайды, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын төмендетеді. Сыбайлас жемқорлық проблемаларының жайылып тамыр басқанын елемейтін мемлекет, кешікпей саяси, ал, көп жағдайда экономикалық дағдарысқа ұшырауы әбден мүмкін. Сол себепті, сыбайлас жемқорлықпен тиімді түрде күрес жүргізу – еліміздің мемлекеттік саясатының стратегиялық басымдығына айналып отыр. Қазіргі таңда, біздің сыбайлас жемқорлықты жоюдағы мүмкіндігіміз өте жоғары деп айта аламын. Тек қана осы атқарып жатқан шараларымыздың оң нәтиже беретіндігіне үлкен сеніммен қарап, осы бағытта аянбай еңбек етуіміз қажет, қателік жіберген мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеу керек. Осы бағытта тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізсек, олардың мемлекеттік және атқарушылық тәртіп мәселесін күшейтуге аса назар аударсақ, біртіндеп алға қойған міндеттерді жүзеге асыратынымызға күмәнім жоқ. Қойылған сұраққа орай айтарым, заңбұзушылық жіберген мемлекеттік қызметшілер көп жағдайда екінші мәрте Тәртіптік кеңес отырыстарында қаралған емес. Бұл біз үшін әрине қуантарлық жайт. Алайда, өкінішке орай, 2010 жылы барлығы 151 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 97 тұлғаға ескерту, 34 адамға сөгіс, 9 қызметкерге қатаң сөгіс, 9 тұлғаға қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту берілді. 2 адам атқарып отырған қызметінен босатылды. Сонымен қатар, Тәртіптік кеңес мәжілістерінде құқық қорғау органдарынан түскен 11 материал қаралды. Оның ішінде 7-і Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінен түссе, 2-і прокуратура органдарынан, 2-і Қарағанды облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінен (қаржы полициясынан) түсті. Аталған материалдар бойынша тексерістер құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жүргізіліп, уақытында Тәртіптік кеңес мәжілістерінде қаралды. - Ермағанбет Қабдулаұлы, Тәртіптік кеңестің құрамына кімдер кіреді? - Тәртіптік кеңестің құрамында Қарағанды облысының әкімі аппаратының басшысы Мұқатов Қариполла Орынбекұлы, Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Рахымберлин Нұрлан Армияұлы, Қарағанды облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің бастығы Таткеев Малгаждар Саттарұлы, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы, Қарағанды облыстық қаржылық бақылау инспекциясының бастығы Ахметов Азамат Қуатұлы, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Бексұлтанов Құдайберген Бексұлтанұлы, Қарағанды облыстық мәслихатының тексеру комиссиясының төрайымы Өсерова Алмакүл Тайманқызы, Қарағанды облысы бойынша Кәсіпкерлер ассоциясының атқарушы директоры Құрбанбаева Гүлнар Төретайқызы, «Индустриальная Караганда» облыстық басылымының редакторы Рыжков Владимир Иванович белсенді жұмыс атқаруда. - Заң талаптарын бұзған лауазым иелеріне тиісті шара қолдану жөніндегі тәртіптік кеңестің ұсыныс-тілектерін орындауда жергілікті атқарушы билік органдары мен басқа да мекеме басшыларының белсенділігі қандай? - Тәртіптік кеңес тарапынан берілген ұсыныстардың орындалуы барысы туралы айтатын болсақ, өткен жылы Тәртіптік кеңестің 11 отырысы өтті. Барлығы 89 тәртіптік іс қаралды. Тәртіптік кеңеспен заң нормаларын бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде 42 шешім қабылданды. Жыл соңында барлық 42 шешім орындалып, заң нормаларын бұзған тұлғалар тиісті жазаларын алды. Бірақ, мәселе шешімдердің дер кезінде орындалуы емес деп ойлаймын. Ең бастысы Тәртіптік кеңестің берген ұсыныс-тілектерін заңбұзушылық жіберген тұлғалар түсініп, екінші мәрте жібермеуінде. Әрине, біз жылына 50 немесе 100 ұсыныс бере аламыз. Бірақ жолданған ұсыныстарымыз қағаз жүзінде қала берсе, атқарып отырған жұмысымызға ешқандай баға берілмес еді. Ең бастысы, тағы да айтып кетейін, мемлекеттік қызметшілердің жіберген қателіктерін түсінуі, екінші рет оны жасамауы және мемлекеттік орган басшылары да осы ұсыныстардан нақты қорытынды шығаруда. Тағы бір айта кететін мәселе, қазіргі таңда кері бір әрекетке барудан бұрын әр мемлекеттік қызметші жеті мәрте ойланатын болады деп ойлаймын. Себебі, өткен жылдың 29 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң, жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларға жаңа серпіліс әкелетініне сенінім мол. - Ермағанбет Қабдулаұлы, осы өзгерістер мен толықтырулар туралы оқырман қауымға ашып айтып берсеңіз? - Ең бастысы, заң қаталданды деп айта аламыз. Оған мысал, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар немесе оларға теңестірілген адамдар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 13 бабын және 12 баптың жеті тармақшасында, олар 2, 3, 4, 5, 9, 13, 13-1 тармақшаларында аталған қандай да бір құқық бұзушылықтар жасаса, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, заңда белгіленген тәртіппен тек қана қызметінен босатылады. Осы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес мемлекеттік қызметшіге басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаның 3 түрі ғана қолданылатын болады: олар - қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту; лауазымын төмендету және атқаратын қызметінен босату. Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады. Ал, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады. Мұнымен қоса, енгізілген өзгерістерге сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 3 бабы 3 тармағы 4 тармақшасында көрсетілген мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес пайыз болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес пайыз) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдарға басқадай ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады және жақын туыстарының бірге қызмет істеуіне жол берілмейді. Бұрын оларға мұндай шектеулер қойылмаған болатын. Мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заң нормаларына енгізілген тағы бір толықтыруға тоқталып кетейін. Мысалы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28-1 бабында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және жазаны теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды деп көрсетілген. Алайда, мемлекеттік қызметшілер оларға тәртіптік іс қозғалып, қаралып жатқан уақытта ауырып қалуы, еңбек демалысына шығуы немесе іссапарға жүріп кетуі мүмкін. Осылай жүргенде тәртіптік жаза қолданудың мерзімі өтіп кетеді. Ал, тәртіптік жаза қолданудың үш айы немесе бір жылы өтіп кеткеннен кейін, біз құқық бұзушылық жасаған тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарта алмаймыз. Қазіргі енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметшінің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында бір жылдық және үш айлық тәртіптік жаза қолдану мерзімі еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзімде жұмыс орны бойынша кадр қызметіне беруі керектігі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі жоғары мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудің өздеріне қатысты қолданылу мүмкіндігі туралы өздеріне міндеттеме алатыны, мемлекеттік қызметке сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамдарды қабылдауға болмайтындығы, қызметтік нұсқаулықтарды мемлекеттік органның басшысы бекітетіні, ол осы өкілеттіктерді, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына беруге құқығы бар екендігі туралы толықтырулар енгізілді. Мұндай нормалар қазіргі таңда қолданыста жүрген мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заңнамаларда бұрын соңды болмаған. Айта кету керек, Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтіні Егемен Қазақстан және Казахстанская правда басылымдарының үстіміздегі жылғы 11 қаңтарындағы санында жарияланды. - Әңгімеңізге рахмет, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін!


«Сарыарқа» басылымы

2009 жылдың 10 шілдесі, № 73

Авторы: І. Белгібай
  1   2   3

Похожие:

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы iconЕкібастұз қаласының әкімі А. Ф. Вербняктың тұрғындармен есеп беру кездесуінің тезистері
Президент Жарлығымен бұл жыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы жылы болып жарияланды. Екібастұз республикамыздың әлеуметтік-экономикалық...
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік (ЕурАзЭҚ) құру мәселелері
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы iconУспен ауданының әкімі Н.Қ Әутәліповтің есебіне арналған тезистер Құрметті ауылдастар!
Астанада ел басшыларының Саммиті өтті, ЕҚЫҰ Астана декларациясы қабылданды, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы, Конституциямыздың...
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы iconҚостанай облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Республика Тәуелсіздігінің 20-жылдығы нышандарын кеңінен қолдана отырып, «Мәдени Азиада» жобасы аясында Қостанай қаласында 7-ші қысқы...
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы iconҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын Атырау облысында мерекелеуге арналған Іс-шаралар жоспары
Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын Атырау облысында мерекелеуге арналған
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы iconРеспубликамыздағы байырғы басылымдардың бірі облыстық «Арқа ажары» газетінің 95 жылдығы біздің баршамыз үшін есте қаларлықтай зор оқиға. Мен жарты ғасырдан астам партия, кеңес органдарында қызмет еттім
«Арқа ажары» газетінің 95 жылдығы біздің баршамыз үшін есте қаларлықтай зор оқиға. Мен жарты ғасырдан астам партия, кеңес органдарында...
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы iconРеспублика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды
Азақстан республикасы мемлекеттік тә-уелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясын салтанатты түрде қабылдайды
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы icon«Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан»
Отан соғысы жылдарында жанын қиғандарды үлгі – өнеге етіп, елеулі тарихи кезеңдерге шолу жасап, бүгінгі таңда Тәуелсіздігіміздің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница