2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы»




Скачать 121.28 Kb.
Название2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Дата конвертации26.11.2012
Размер121.28 Kb.
ТипДокументы
2010 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТІК КОНТИНГЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 26 бабына сәйкес жоғары білім берудің техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) және талапкерлерді кешенді тестілеудің (бұдан әрі - ТКТ) қорытындылары бойынша конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады. ҰБТ - жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандарын біріктіріп өткізілетін сынақ. ТКТ өткен жылдардағы жалпы орта бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлерi, бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарын бiтiрушiлері, ҰБТ-ға қатыспаған шетелде халықаралық алмасу желiсi бойынша оқыған жалпы бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлерi, жалпы орта мектептi өзбек, ұйғыр және тәжiк тілдерiнде аяқтаған мектеп бiтiрушiлерi, республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бiтiрген азаматтар үшiн өткізіледі.

Өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері ҰБТ-ны қазақ немес орыс тілінде ерікті негізде тапсырды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2004 жылы енгізіліп, ҰБТ өткізу пунктерінде (бұдан әрі – ҰБТ ӨП) өткізілуде. 2010 жылы республика бойынша 154 ҰБТ өткізу орталығы жұмыс істеді, олардың 48-і – жоғары оқу орындарының базасында, 106-ы – мектептер базасында орналасқан.

Білім туралы Заңға сәйкес 2008 жылдан бері ҰБТ-ға міндетті пән ретінде қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі енгізілген, сол себепті тестілеу бес пән бойынша өткізілді, соның ішінде міндеттілері – қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы және таңдау бойынша бейіндік пән (физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, шет тілі).

ҰБТ ағымдағы жылдың маусым айының 4-10 аралығында өтті. ҰБТ-ға тек қана арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырғысы келетін мектеп бітірушілері қатысқандықтан, барлық аймақтардың және мектептердің қатысу белсенділігі әртүрлі болды.

Республика бойынша ҰБТ-ға қатысу үшін 110118 мектеп бітіруші өтініш берген, ол жалпы мектеп бітірушілердің 80%-н құрайды. Оның ішінде: қазақ тілінде – 68666 (62,36%), орыс тілінде – 41452 (37,64%).

2010 жылы ҰБТ-ға Қазақстан Республикасының барлығы 5117 жалпы білім беру ұйымдары қатысып, 107545 немесе 97,66% мектеп бітірушілер ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Оның ішінде: 67745 - қазақ тілінде, 39800 - орыс тілінде мектеп бітіруші (Қосымша 1, 2).

Жалпы мектеп бітірушілердің санынан тестілеуге қатысуға өтініш бергендердің үлесі келесі аймақтарда жоғары болды: Жамбыл облысы – 99,81%, Оңтүстік Қазақстан облысы – 99,75%, Атырау облысы – 99,68%. Төмен көрсеткіштер: Алматы қаласында – 92,88%, Республикалық мектептер – 94,63% және РФ мектептерінде – 94,25% байқалды.

ҰБТ нәтижесі бойынша ҰБТ-ға қатысқандардың жалпы санының 11594 мектеп бітірушісі немесе 10,78% - 0 ден 49 балға дейін жинап, білім деңгейінің төмендігін көрсетті (2009 жылы ҰБТ-ға қатысушылардың 15458-і немесе 14,47% өту деңгейі - 45 балдан аса алмаған).

Республика бойынша ҰБТ-ның орташа балл нәтижесі (төрт пән бойынша) 68,76 балды құрады (2009 жылы 60,77 балл болған).

ҰБТ нәтижесі бойынша мектеп бітірушілері орташа жоғары балл алғандар: Қызылорда облысы (73,17), Маңғыстау облысы (72,08), Оңтүстік Қазақстан облысы (71,78), Қостанай облысы (71,11), Павлодар (70,43) облыстары.

Төмен нәтиже көрсеткендер: Республикалық мектептер (62,97), Ақмола (63,26), Қарағанды (63,68), Алматы (65,63) және Ақтөбе облыстарында (67,74).

ҰБТ-ның нәтижесі бойынша мектеп бітірушілерінің орташа балы жоғары болған мектептер:

  1. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат (Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.) – 120,71;

  2. Қарағанды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты (Қарағанды облысы, Қарағанды қ.) – 118,18;

  3. "Үміт" гимназиясы (Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы) –117,95;

  4. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты (Павлодар облысы, Павлодар қ.) – 117,26;

  5. Дарынды балаларға арналған аудандық мамандандырылған мектеп (Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы) – 116,92;

  6. Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы мектеп-лицей (Павлодар облысы, Павлодар қ.) – 116,66;

  7. С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені (Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.) – 116,36;

  8. Горький атындағы орта мектеп-гимназиясы (Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы) – 115,76;

  9. №9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты (ер балаларға арналған) – 115, 65;

  10. Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия (Жамбыл облысы, Тараз қ.) – 115,29.

ҰБТ-ға қатысқандардың 9483-і немесе жалпы санының 8,82%-ы тоқсаннан жоғары балл жинады. Ағымдағы жылы келесіде келтірілген 28 ҰБТӨП-те 43 мектеп бітіруші 125 балл жинап, ең жоғары нәтиже көрсетті. Ол мына ҰБТӨП-терде: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіндегі ҰБТӨП-те (6 мектеп бітіруші), Инновациялық еуразия университеті (5 мектеп бітіруші), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (2 бітіруші), Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты (2 бітіруші), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (2 бітіруші), Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (2 бітіруші), Сырдария университеті (2 бітіруші), Рысқұлов ауданы (2 бітіруші) және ҰБТӨП-те 1 мектеп бітірушіден.

41 ҰБТӨП-те 94 мектеп бітіруші төрт пән бойынша жоғары нәтижемен 100 балл жинады.

2009 жылы 8 мектеп бітірушісі 125 балл жинап ең жоғары нәтиже көрсетсе, ал 15 бітіруші төрт пән бойынша максималды 100 балл жинаған.

Мектеп бітірушілердің 18017-і немесе 16,75%-ы 50-ден 60 балға дейін жинады. Ал 27622 мектеп бітіруші немесе 25,68%-і ҰБТ –да 60-тан 71 балға дейін жинады. Ал 71-ден 89 балға дейін 40829 мектеп бітіруші немесе 37,96%-ы жинады.

Талапкерлерді кешенді тестілеу шілде айының 19 мен 20 аралығында 37 жоғары оқу орынының базасында өткізілді.

Сонымен қатар, үш ұлттық өнер жоғары оқу орындарына, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне, Қорғаныс министрлігіне, Ішкі Істер министрлігіне, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне қарасты 12 жоғары оқу орындарында өтініштер қабылданып, талапкерлерге кешенді тестілеу өткізілді.

Кешенді тестілеуге 32395 талапкер қатысты, оның ішінде: қазақ тілінде - 23041 және орыс тілінде - 9354 талапкер (Қосымша 3, 4).

Кешенді тестілеуге талапкерлер ең көп қатысқан облыстар: Оңтүстік Қазақстан облысы – 7029 адам, Алматы облысы – 2785, Алматы қаласы – 2823, Шығыс Қазақстан облысы – 2022.

Талапкерлер ең аз қатысқан аймақтар: Маңғыстау облысы – 454, Атырау облысы – 534, Солтүстік Қазақстан облысы – 656, Астана қ. – 683 талапкер.

Кешенді тестілеуге талапкерлер ең көп қатысқан тест өткізетін жоғары оқу орындары:

  1. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 2066;

  2. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – 1703;

  3. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – 1690;

  4. М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты – 1642;

  5. Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – 1584;

  6. «Сырдария» университеті – 1447.

Республика бойынша кешенді тестілеу нәтижесі орташа 45,04 балды құрады.

Кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша 19224 талапкер 50 балдан төмен нәтиже көрсетті (64,81%). 50-ден 59 балға дейін жинаған 4039 адам (13,62%). 60-тан 70 балға дейін жинаған 2767 адам (9,33%). 71-ден 89 балға дейін жинаған 2797 адам (9,43%). 835 адам 90 балдан жоғары (2,82%) жинады.

ЖОО-ға конкурстық негізде қабылдау заңға сәйкес бекітілді; барлық талапкерлер, оның ішінде «Алтын белгімен» марапатталған талапкерлер ҰБТ немесе ТКТ сертификатының балдары негізінде конкурсқа қатысты. Сонымен қатар білім беру грантын алу үшін ҰБТ мен ТКТ-дан босатылған мектеп бітірушілер, яғни халықаралық олимпиадаға қатысушылар конкурсқа қатысты.

Талапкер, бiлiм грантын алу конкурсына қатысу үшiн, өтiнiшiнде таңдаған мамандық пен ЖОО-нын көрсетедi. Талапкер төртінші пәні сәйкес келетін төрт мамандықты көрсетуге құқығы бар, ал шығармашылық мамандыққа қабылдау шығармашылық емтихандар нәтижесіне байланысты қабылданады. Шығармашылық мамандықты таңдаған талапкер тек бір мамандық бойынша конкурсқа қатысып және өтініште шығармашылық емтихан тапсырған ЖОО-нын ғана көрсетеді.

Жоғары оқу орындарына қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес білім беру грантын беру кезінде келесі категориялардағы азаматтар басым құқыққа ие:

1) «Алтын белгi» белгісімен марапатталғандар;

2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың осы жылғы жеңімпаздары.

Халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың пәндеріне сәйкес келетін мамандықтар тізбесін Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

Ережеге сәйкес білім беру грантын беру кезінде қазақ және орыс тілдерінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдаған пәнінің балдары есептелінді.

Ағымдағы жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін балдардың ең төменгі деңгейі 50 балл («Жалпы медицина» мамандығы бойынша - 55 балл), сонымен қатар бейіндік пәннен 7 балл, қалған пәндерден кем дегенде 4 балл болуы керек.

Ағымдағы жылдың тамыз айының 4-5 аралығында ҰБТ және кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша талапкерлерге білім беру гранттарын тағайындауға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің конкурстық комиссиясының отырысы өтті.

Білім беру гранттары ең алдымен, басым құқық иегерлеріне тағайындалды. Содан кейін реті бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылды. Соның ішінде, талапкер екі немесе одан да көп мамандықтарға өтініш берген жағдайда, білім беру гранты өтініште көрсетілген ретіне сай бір мамандық бойынша берілді. Сонан соң 30% ауыл квотасынан үміткер талапкерлерге конкурс өтті.

ҚР азаматы емес ұлты қазақ талапкерлерге 2%; ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға 1% және 0,5% І топ, ІІ топ мүгедектеріне, бала кезінен мүгедектерге және мүгедек балаларға; 0,5% соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін 0,5% квота қарастырылған. Көрсетілген орындарға іріктеу, талапкерлер категорияларына бойынша сертификаттарындағы балдарына сәйкес, квоталық гранттардың арнайы мамандықтарына бөлінген мөлшеріне сай алынады.

Жалпы білім беру грантын тағайындау конкурсына 82303 өтініш берілген, оның ішінде: 57631 - қазақ тілінде, 24672 - орыс тілінде.

Жалпы конкурста бір орынға 2,6 талапкерден келді, оның ішінде:

күндізгі оқу түріне:

  • грант: қазақ бөліміне 11,95 және орыс бөліміне 7,50;

күндізгі қысқартылған оқу түріне:

  • грант: қазақ бөліміне 0,99 және орыс бөліміне 0,51;

сырттай оқу бөліміне:

  • грант: қазақ бөліміне 10,07 және орыс бөліміне 3,37;

сырттай қысқартылған оқу түріне:

  • грант: қазақ бөліміне 3,22 және орыс бөліміне 1,35 адамнан келді.

Күндізгі оқу түріне бір орынға ең үлкен конкурс келесі мамандықтарда болды:

қазақ бөлімі:

  1. 5В130200 - «Стомотология» - 99,88;

  2. 5В110400 - «Дәрігерлік емдеу ісі» - 70,06;

  3. 5В090700 - «Кадастр» - 54,13;

  4. 5В051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» - 48,00;

  5. 5В090300 – «Жерге орналастыру» - 46,00;

  6. 5В030400 – «Кеден ісі» - 42,85;

орыс бөлімі:

1. 5В130200 - «Стомотология» - 65,50

2. 5В050700 - «Менеджмент» - 63,56;

3. 5В021000 - «Шетел филологиясы: ағылшын тілі» - 60,92;

4. 5В020900 - «Шығыстану» - 60,40;

5. 5В090800 - «Бағалау» - 55,80;

6. 5В050600 - «Экономика» - 54,20;

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына берілген өтініштердің ішінен:

  • 43269 өтініш білдірген ауыл жастары санынан, жалпы конкурс бойынша 9431 адам және 7473 адам 30% квота бойынша грант алды;

  • 1430 өтініш берген ұлты қазақ, ҚР азаматтары болып табылмайтын тұлғалардан, жалпы конкурс бойынша 95 талапкер және 630 адам 2% квота бойынша грант алды;

  • 374 өтінішті І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер және мүгедек-балалар берген, олардан жалпы конкурс бойынша 44 талапкер және 160 адам 0,5% квота бойынша грант алды;

  • 1 өтініш - соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардан білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысып, жалпы конкурс бойынша грант алды;

  • 870 өтініш білдірген жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балалардан, жалпы конкурс бойынша 130 талапкер және 314 адам 1% квота бойынша грант алды.

638 орта мектептің түлектері (5 бітірушіден аспайтын) бірде-бір грант иегері бола алмады.

Білім гранты иегерлерінің тізімі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды.

Республикалық конкурс қорытындысы бойынша оқу орындары арасында ең көп грант иегерлері болған облыстар:

  • Оңтүстік Қазақстан облысы - 8622;

  • Шығыс Қазақстан облысы - 3053;

  • Алматы облысы - 2829;

  • Павлодар облысы - 2049;

  • Жамбыл облысы - 1988.

Білім гранты иегерлері ең аз облыстар:

      • Астана қаласы - 487;

      • Маңғыстау облысы - 664.

      • Атырау облысы – 773;

Осы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатардағы базалық ЖОО-лар:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 3104;

  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - 2391;

  • Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - 2277;

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті – 2119;

  • Астана медициналық университеті – 1266.

Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін берілген квота есебінен 158 бос қалған білім гранты қосымша берілді.

Конкурсқа қатысқан 82303 талапкердің ішінен 31725-і білім беру грантының иегері болды. 16904 немесе 53,55% білім беру гранты ауыл мектептерін бітірушілердің үлесіне тиді.

2010 жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсында жартылай өту балдары біршама өсті.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсында өту балы жоғары болған мамандықтар:

қазақ бөлімінде:

  1. 5В050900 – «Қаржы» - «Алтын белгі» иегерлері арасында жалпы конкурс бойынша – 98 балл;

  2. 5В050200 – «Саясаттану» - жалпы конкурс бойынша 98 балл;

  3. 5В050600 – «Экономика» - «Алтын белгі» иегерлерінің арасында жалпы конкурс бойынша – 97 балл, ал ауыл квотасымен «Алтын белгі» иегерлерінің арасында 95 балл;

  4. 5В050800 – «Есеп және аудит» - «Алтын белгі» иегерлері арасында жалпы конкурс бойынша – 97 балл, «Алтын белгімен» ауыл квотасы бойынша – 95 балл;

  5. 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» «Алтын белгі» иегерлері арасында жалпы конкурс бойынша – 97 балл, «Алтын белгімен» ауыл квотасы бойынша – 95 балл;

  6. 5В030400 – «Кедендік ісі» жалпы конкурс бойынша – 97 балл;

Орыс бөлімінде:

  1. 5В090800 – «Бағалау» жалпы конкурс бойынша - 98 балл;

  2. 5В030100 – «Құқықтану» жалпы конкурс бойынша – 96 балл;

  3. 5В050900 – «Қаржы» «Алтын белгі» иегерлері арасында жалпы конкурс бойынша – 96 балл;

  4. 5В020200 – «Халықаралық қатынас» «Алтын белгі» иегерлері арасында жалпы конкурс бойынша – 95 балл;

  5. 5В030200 – «Халықаралық құқық» «Алтын белгі» иегерлері арасында жалпы конкурс бойынша – 95 балл;

  6. 5В050500 – «Аймақтану» «Алтын белгі» иегерлері арасында жалпы конкурс бойынша 95 балл, ауылдық квота бойынша «Алтын белгі» иегерлері арасында – 92 балл;

  7. 5В050600 – «Экономика» «Алтын белгі» иегерлері арасында жалпы конкурс бойынша 95 балл, ауылдық квота бойынша «Алтын белгі» иегерлері арасында – 94 балл;

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсында өту балы төмен болған мамандықтар:

қазақ бөлімінде:

  1. 5В011923 – «Шетел тілі: екі шет тілі (неміс тілі)» жалпы конкурс бойынша – 52 балл;

  2. 5В021022 – «Шетел филологиясы: француз тілі» жалпы конкурс бойынша – 55 балл;

  3. 5В011924 – «Шетел тілі: екі шет тілі (француз тілі)» жалпы конкурс бойынша – 62 балл;

  4. 5В074300 – «Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану» жалпы конкурс бойынша – 67 балл;

  5. 5В021012 – «Шетел филологиясы: неміс тілі» жалпы конкурс бойынша – 69 балл;

  6. 5В021019 – «Шетел филологиясы: өзбек тілі» жалпы конкурс бойынша – 69 балл;

орыс бөлімінде:

  1. 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» жалпы конкурс және ауыл квотасы бойынша – 50 балл;

  2. 5В073300 – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» жалпы конкурс бойынша – 50 балл;

  3. 5В071500 – «Теңіз техникасы и технологиялары» жалпы конкурс бойынша - 50 балл;

  4. 5В011924 – «Шетел тілі: екі шет тілі (француз тілі)» жалпы конкурс бойынша – 53 балл;

  5. 5В072500 – «Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)» жалпы конкурс бойынша – 56 балл, ауылдық квота бойынша – 52 балл;

  6. 5В010900 – «Математика» жалпы конкурспен – 57 балл, ауылдық квота бойынша – 50 балл;

  7. 5В073800 – «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» жалпы конкурс бойынша – 57 балл.

Сонымен, ҰБТ-ның негізгі ұстанымдары, яғни бір уақытта аттестациялық және конкурстық тест тапсырмаларының екі типін пайдалану:

  • бірыңғай өлшеу материалдары көмегімен мемлекеттік бақылау және білім сапасын басқару;

  • ҰБТ қорытындысының айқындығы арқылы білім беру сапасын қоғамдық бақылау механизмдерін құру;

  • білім беру сапасын бағалаудың объективтілігін, шынайылылығын арттыру;

  • жоғары және орта кәсіптік білім алуға қол жеткізуге әлеуметтік әділеттілілікті қамтамасыз ету.

Талапкерлерге ҰБТ және КТ түрінде өткізілген қабылдау емтихандары ҚР ЖОО студенттер контингентін қалыптастыру процесінің айқындылығын және әділеттілігін көрсетті. Республиканың ЖОО-на қабылдауды ұйымдастыру кезіндегі өткен тестілеу процедуралары барлық талапкерлер үшін, яғни олардың жынысына, жасына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және т.б қарамай бірдей шарттардың сақталуын қамтамасыз етті.



Похожие:

2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconАтырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және жаңа 2010 жылға қойылған міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Азақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға...
2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды жоғары оқу орындары арасында бөлу туралы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы»
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы...
2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы» icon«2010 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселе жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің баяндамасы

2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу
Республикасы жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының көшіру мен бітіру емтихандарын өткізу мақсатында БҰйырамын
2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №161 Бұйрығы «Білім туралы»
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы» iconБіздің жоғары оқу орнымызда алпысыншы жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жалпы ғылыми пәндерден білім алды
Халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауынан (2012 жылы 27 қаңтар)
2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы» icon2011 жылғы 17 маусымдағы №261 Қр бғМ бұйрығы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6 тармақшасына сәйкес БҰйырамын
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница