2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді




Название2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді
страница1/8
Дата конвертации26.11.2012
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚР МЖ 08-2009

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2009 жылғы «20» наурыздағы131-од бұйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖІКТЕУІШІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ

МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕУІШІ


Енгізілген күні 2009.09.01.
1 Қолданылу саласы
Осы жіктеуіш Қазақстан Республикасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының «Бакалавр-магистр-доктор PhD профилінде» үш дәреже бойынша мамандарды даярлау құрылымын белгілейді (бұдан әрі - Жіктеуіш) және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұсынатын, білім беретін ұйымдарында кәсіптік даярлықты анықтайтын мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары мен нормативтік құжаттарды жасауда пайдаланылады.

Осы Жіктеуішті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарында ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Жіктеуіш 10-топ бойынша ”Әскери техника және технология” мамандықтарына қолданылмайды.


  1. Нормативтік сілтемелер


Осы Жіктеуішті қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

ҚР СТ 5.0-2005 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Негізгі ережелер.

ҚР СТ 5.1-2007 Қазақстан Республикасының Мемелекеттік техникалық реттеу жүйесі. Техника-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін әзірлеу тәртібі.

ҚР СТ 5.2-2005 Қазақстан Республикасының Мемелекеттік техникалық реттеу жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін жүргізу туралы ереже.



Ресми басылым

3 Терминдер мен анықтамалар
Осы жіктеуіште 1 ҚР СТ 5.0, ҚР СТ 5.1 сондай-ақ мынадай терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылады:

3.1 Мамандық: Адамның тиісті құжаттармен расталатын мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжірибесі арқылы алынған кәсіби қызметінің белгілі бір түрі үшін қажетті білім, шеберлігі мен дағдылар кешені.

3.2 Білім беру бағдарламалары: Бір мамандық аясында адамның қызметінің нақты саласында қолдануға бағытталған білім, шеберлігі мен дағдыларының айқындалған кешені.

3.3 Кәсіптік білім: Маманның біліктілік сипаттамасы мен мемлекеттік жалпыға міндетті талаптар мен нақты мамандық бойынша бағдарламаларға сәйкес кәсіптік білім, іскерлік пен дағдыларды игеру процесі.

3.4 Нормативтік оқу мерзімі: Маманның белгіленген уақыт аралығында нақты білім бағдарламасы бойынша білім алуы және алған біліміне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат берілуі.
4 Жалпы ережелер
4.1 Жіктеуіш мамандықтар бойынша регламенттелген білім және ғылым ұйымдарының жалпы профилі бойынша реттелген бакалавриат, магистратура және докторантура, жоғары білім мамандықтарының кодтарын белгілейді.

4.2 Жіктеуіш техника-экономикалық және әлеуметтік ақпаратқа код тағайындау мен бірыңғай жіктеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

4.3 Жіктеуіш мынадай мақсаттарда әзірленді:

- қызметтің барлық түрлері мен көрсететін жіктеу бойынша қоғамға және әрбір азаматқа арналған ашық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесін құру;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын әзірлеу үшін нормативтік негіз жасау;

- ғылымның, техника мен мәдениеттің жетістіктеріне халықтың және мемлекеттік экономиканың қажеттілігіне сәйкес білім берудің сапасын арттыруға және дамытуға жәрдемдесу;

- мемлекетаралық білім кеңістігін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

- мамандықтар әр алуандығының ұтымды жағдайында бірыңғай білім беру технологияларын әзірлеу және енгізуге жәрдемдесу;

- республикада барлық экономика салаларының мамандарға жоғары және жоқары оқу орнынан кейігні білім қажеттіліктерін және оларды даярлау үшін негізделген мемлекеттік білім тапсырысын қалыптастыруды есептеу үшін жағдай жасау;

- еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты жоғары кәсіптік білім саласында статистикалық есеппен талдауды қамтамасыз ету.

4.4 Жіктеуіштің объектілеріне меншіктік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды оқытатын және дайындайтын мамандықтар жатады.

4.5 Автоматтандырылған басқару жүйелерінде Жіктеуіш мынадай міндеттерді шешу үшін пайдаланылады:

- білім деңгейлері бойынша мамандықтардың өзара байланысты оңтайлы тізбесін белгілеу;

- мамандықтарды бірыңғайлау;

- кәсіби білімді мамандарды даярлау жүйесін еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұранысқа сәйкес қамтамасыз ету.


  1. Жіктеуіш құрылымы


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары Жіктеуіште топтар бойынша және сегіз цифрлық кодпен көрсетілген.

Бірінші және екінші код белгілері цифрлық және әріптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейін көрсетеді.

Үшінші және төртінші код белгілері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының топтарын білдіреді, білім беру саласын көрсетеді.

Бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші код белгілері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтарды және олардың білім беру бағдарламаларын анықтайды.

Кодтау құрылымы 1-суретте бейнеленген.



X

X

X

X

X

X
  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді iconТелефон аппараттары
Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті төрағасының 201 жылғы "...
2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді iconҚазақстан республикасының мемлекеттік стандарты ұялы байланыстың абоненттік стансалары (терминалдары). Техникалық талаптар
Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті төрағасының 201 жылғы "...
2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді iconҚр мж 12 2009 Ресми басылым Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті
Азақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2009 жылғы 7 қыркүйектің...
2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді iconҚазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші
Республикасы Индустрия және сауда министрлігініњ Техникалық реттеу және метрология комитетініњ 2009 жылѓы 2 ақпандағы №56-од бұйрыѓымен...
2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді iconЖоба Елтаңба Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы № бұйрығымен бекітілді және Қолданысқа енгізілді
2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді iconЕлтаңба Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы № бұйрығымен бекітілді және Қолданысқа енгізілді
2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді iconЕлтаңба Ұсыныстар мен ескертулер
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 25 желтоқсан 2008 жылғы №667 бұйрығымен бекітілді және Қолданысқа енгізілді
2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді icon2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген
Астана қаласы Статистика департаменті бастығының міндетін атқарушысының 2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген
2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді iconЖоба Елтаңба Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы № бұйрығымен бекітілді және Қолданысқа енгізілді
2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді iconҚазақстан Республикасының Заңы Жеке кәсіпкерлік туралы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және тарату
Р заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр ред.қара)
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница