Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ




Скачать 28.62 Kb.
НазваниеЖоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ
Дата конвертации26.11.2012
Размер28.62 Kb.
ТипДокументы
Жоғары оқу

орындарының жетекшілеріне

АҚПАРАТТАНДЫРУ ПАРАҒЫ
«ЖАС ТҰРАН – 2012» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
«Тұран» университеті

16-17 наурыз 2012 жыл
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ

ЖАҺАНДАНУЫ МЕН БОЛАШАҒЫ»

атты II халықаралық жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

  • жас зерттеушілердің, студенттердің, магистранттардың ғылыми және творчестволық белсенділіктерін, олардың ғылымның түрлі салаларындағы, бизнестегі, басқарудағы, туризм және құқық бойынша ізденушілік және оны меңгеру қызметтерін дамыту;

  • конференция есігінің Алматы қаласы мен Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына да ашық болғандығын пайдалана отырып, университеттің ғылыми және білім беру кеңістігін арттыру;

  • басқа да түрлі жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ғылыми және іскерлік байланыстарды қалыптастырып, жас зерттеушілерді ғылыми жұмыстарға тарту.

Баяндамалардағы ғылыми-ізденушілік қызметтердің қорытындылары келесі бағыт бойынша ұсынылады:

  • экономика (теориялық экономика, қаржылық-инвестициялық және салықтық саясат, банк ісі, бухгалтерлік есеп және аудит, маркетинг, менеджмент, аймақтану, халықаралық экономика және т.б.);

  • жаратылыс пәндері (математика, физика, химия, информатика);

  • география, туристік бизнесті ұйымдастыру;

  • юриспруденция;

  • тарих;

  • философия және мәдениеттану, өнертану;

  • әлеуметтану және саясаттану;

  • психология;

  • қазақ, орыс, ағылшын және т.б. шет тілдері.

Конференцияға қатысу үшін жоғары оқу орындарының жас зерттеушілері, студенттер, магистранттар шақырылады.

Материалдар 2012 жылдың 12 наурызына дейін қабылданады. Баяндама көлемі – 1,5 ара қашықтықта терілген машинкалық мәтіннің студенттер үшін – 3 бет және магистранттар үшін – 5 бетінен тұрады. Қатысушылар үшін тіркеу жарнасы 3000 теңге. Бұл баға конференция материалдары жарияланған жинақтың бір данасын алу үшін қоса есептелген.
ТЕЗИСТЕР МЕН БАЯНДАМАЛАРДЫ БЕЗЕНДІРУ ТӘРТІБІ

Парақтың жоғарғы оң жақ бөлігінде автордың фамилиясы мен аты-жөні, оқу орны көрсетіледі. Парақтың ортаңғы бөлігінде ғылыми жұмыстың тақырыбы, содан соң мәтін теріледі. Төртбұрыщты жақшада қолданылған әдебиеттірге сілтеме қойылады, мақаланың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі жазылады.

Сонымен қатар бір парақта Сіздің мекен-жайыңыз бен үй телефоныңыздың нөмірі көрсетілуі қажет. Баяндамалардың бір данасы қағаз бетіне шығарылып және бір данасы электронды нұсқада ұсынылады. Мәтін WINWORD XP немесе *.RTF (REACH TEXT FORMAT) форматы бойынша терілуі тиіс. Орыс тілінде орындалған жұмыстар – Times New Roman, қазақ тіліндегі баяндамалар – Times New Roman, ағылшын тіліндегі баяндамалар – Times New Roman шрифтімен жазылады. Формулалар қосымшаларда – формулалар редакторы арқылы (Microsoft Equation) көрсетіледі.

Баяндамаларды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: 050020, Алматы қаласы, Л. Чайкина көшесі, 12а, 225 каб.

Тіркеу жарналары М.А. Жуйкованың атына қолма-қол төлем түрінде немесе пошталық аударымдар арқылы мына мекен-жайға жіберіледі: 050020, Алматы қаласы, Л. Чайкина көшесі 12а, “Тұран” университеті.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті. Анықтама алу үшін телефондар: 8(727)3870086, 3873648.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТ:

Төрағасы Исламгулова Светлана Константиновна, “Тұран” университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, п.ғ.д. 409 каб., тел. 387-36-48.

Жауапты хатшы Сейткалиева Әсел Нсанбекқызы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректордың көмекшісі, 417 каб., тел. 387-00-86.

Техникалық хатшы Жуйкова Майя Антоновна, 225 каб., тел. 387-36-36; maya60@list.ru

Похожие:

Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ iconҚазақстан-2012: жоғары оқу орындарының басты рейтингісі
БСҚТҚА жоғары оқу орындарының ұлттық рей­тингі қазақстандық жоо-ның көптүрлілігін есепке алатындықтан оқу орын­дары келесі бағыттар...
Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ iconЖоғары оқу орындарының оқытушыларына тағылымдама тақырыптары
Жоғары оқу орындарында компьютерлік жүйені оқытудың теориялық әдістемесі және зерттеу негіздері
Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ iconҚазақстанның жоғары оқу орындарының рейтингі 2008

Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ icon«кгти-лингва» ОҚУ
«кгти-лингва» ОҚУ Қазақстандағы беделді жоғары оқу орындарының бірі ретінде мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі және сырттай...
Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ iconЕң үздік техникалық жоғары оқу орындарының рейтингі 2010

Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ iconҚР жоғары оқу орындарының бакалавриат білім бағдарламасы бойынша рейтингілік бағалануы
Университеттер рейтингілері мен орындарды бөлу кейінгі 15 жылдан бері дамыған оқу жүйесімен жұмыс істеп келе жатқан елдердің стандарты...
Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ icon2010 жылы қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттік контингентін қалыптастырудың Қорытындылары қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Бт өткізу пунктерінде (бұдан әрі – Ұбт өП) өткізілуде. 2010 жылы республика бойынша 154 Ұбт өткізу орталығы жұмыс істеді, олардың...
Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ iconКәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже
Кәсіби шет тіл бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне...
Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ iconАҒылшын тілі "Culture of the peoples of English-speaking countries" оқу-әдiстемелiк құралы Павлодар Aлғы сөз
Еліміз тәуелсіздік алып, егеменді ел болып, қазақ тілі Қазақстан Републикасының мемлекеттік тілі болып жарияланды. Заман талабына...
Жоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ iconБҰйырамын: Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің тізбесі бекітілсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Қ.Қ
«Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы»
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница