Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
страница1/8
Дата конвертации05.11.2012
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 14 маусымдағы № 249-250 (26648); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 18, 215-құжат

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2011 жылғы 8 ақпандағы 
№ 98 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Мазмұны

      1. Миссиясы және пайымдауы
      2. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларының даму үрдiсiн талдау
      3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi
      4. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту
      5. Ведомствоаралық өзара iс-қимыл
      6. Тәуекелдердi басқару
      7. Бюджеттiк бағдарламалар

1-бөлiм. Миссиясы және пайымдауы

      Миссиясы: қазiргi және болашақ ұрпақтардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтiру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуiн қамтамасыз ету жөнiнде жағдайлар жасау.
      Пайымдауы: қолайлы қоршаған орта, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экономика, бизнес, адам өмiрi мен денсаулығы үшiн экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.

2-бөлiм. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларының даму үрдiсiн талдау

      1.1-стратегиялық бағыт. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту
      1.1) Қызметтiң реттелетiн саласын немесе аясын дамытудың негiзгi параметрлерi
      Табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, қоршаған табиғи ортаның ластануы және орта сапасы мен адам денсаулығының нашарлауы елiмiздiң жеделдетiлген индустриялық-инновациялық дамуымен тығыз байланысты, қазiргi кезеңде олар қоршаған ортаға түсетiн антропогендiк салмақты төмендету бойынша тиiмдi тұтқыштарын қолдануды талап етедi. Осы орайда 1.1-мақсат ретiнде Экожүйелердi сақтау және қалпына келтiру бойынша жағдай жасау таңдалды.
      Атмосфералық ауаның ластануы халық денсаулығына керi әсер ететiн қоршаған ортаға әсер ететiн негiзгi факторлардың бiрi болып қала бередi. Атмосфералық ауаға ең көп керi әсердi жылу-энергетика және мұнай-газ секторының, кен өндiру және кендi қайта өңдеу саласының, қара және түстi металлургия кәсiпорындары тигiзедi.
      Қазақстанның өнеркәсiптiк кәсiпорындарының атмосфераға шығарындылары жылына шамамен 3 миллион (бұдан әрi – млн.) тоннаны құрайды, оның 85 % 43 iрi кәсiпорынға келiп түседi. Елiмiзде атмосфераға стационарлық көздерден түсетiн шығарындылардың 10 % және улы қалдықтардың айтарлықтай үлесiнiң түзiлуi шикi мұнай және iлеспе газды өндiру саласындағы кәсiпорындарға келiп түседi. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемi 2009 жылы 3,4 млн. тоннаны құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда шығарындылардың төмендеуi 6,1 % құрады.
      Ауаның автомобиль көлiгiмен ластану көлемдерi арта түсуде, ол республика аумағында автокөлiк құралдары санының өсуiне негiзделген. Аталған мәселе республиканың iрi қалалары үшiн өте өзектi, мұнда автокөлiктiң ауа бассейнiнiң ластануына қосатын үлесi 60 % құрайды және жалпы қалалық шығарындылардан артады.
      Беттiк сулардың ластану, лас болу және жұтаңдау үдерiсi жалғасуда, оның негiзгi себебi су айдындарына тазартылмаған немесе жеткiлiктi тазартылмаған сарқынды суларының төгiндiлерi болып табылады. Су нысандарына жыл сайынғы төгiндiлер шамамен 2,5 млн. тоннаны құрайды. 2009 жылы осы көлем 2,85 млн. тоннаны құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,7 % төмен көрсеткiш. Қазiргi уақытта халықтың сапалы ауыз суға қол жеткiзу мәселесi әлi де шешiлмеген.
      Басым экологиялық бағыттардың бiрi өндiрiс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу болып қала бередi. Елiмiзде 100 млн. тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрi – ТҚҚ), 22,3 млрд. тоннадан астам өнеркәсiптiк қалдықтар, оның iшiнде 12 млрд. тоннадан астамы техногендiк минералдық түзiлiмдер жинақталған.
      2009 жылы елiмiзде 669,3 млн. тонна қалдықтар түзiлген, оның iшiнде 665,6 млн. тонна өнеркәсiптiк қалдықтар, 3,7 млн. тонна тұрмыстық қалдықтар. Елiмiздiң бiр тұрғынының үлесiне орта есеппен алғанда жинақталған өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың 1,4 мың тоннасы келедi.
      Экологиялық тепе-теңдiктi тұрақтандыру мәселелерiнде қоршаған ортаны қорғау қызметiнiң негiзгi векторы мемлекеттiк экологиялық сараптама, қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру рәсiмдерiн орындау арқылы экологиялық реттеу болып табылады. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес мемлекеттiк табиғат қорғауды бақылау жүйесiнiң жұмысы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қатаң сақтауда қамтылған түпкi нәтижелiлiкке, қоршаған ортаға керi әсердi төмендету бойынша iс-шараларды iске асыруға, қолданылатын санкцияларды орындауға бағытталатын болады.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Экологиялық кодексiнiң 76-бабына сәйкес 1-санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар қолданылатын технологиялар параметрлерi және табиғат қорғау шарттары өзгергенге дейiн үшжылдық мерзiмге берiледi.
      Қоршаған ортаға эмиссияларды азайту индустриалдық нысандарды технологиялық жарақтандыруды әртараптандыру, ең жақсы қол жетiмдi технологияларды ендiру жолымен қамтамасыз етiлетiн болады.
      Қоршаған ортаға эмиссиялар параметрлерiн ғана емес, энергия-ресурс сақтауға, ең жақсы қол жетiмдi технологияларды ендiруге мiндеттi талаптарды да қамтитын кешендi экологиялық рұқсат алуға барлық iрi табиғат пайдаланушылар сатылай көшумен рұқсат жүйесiнiң тиiмдi жұмыс жасауы қамтамасыз етiлетiн болады.
      Сонымен қатар, қоршаған орта жай-күйiнiң тұтас көрiнiсiн, мониторингтiң қолданыстағы ведомстволық жүйелерiнiң қызметiн үйлестiрудi және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша дұрыс басқарушылық шешiмдердi қабылдауды қамтамасыз ету республикалық деңгейдегi Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi кезiнде мүмкiн. Осы орайда, аталған жүйенi құру бойынша қажеттi жобалық материалдарды әзiрлеу жоспарлануда.
      Ғылыми зерттеулер негiзгi экологиялық проблемалар бойынша жүргiзiлiп жатыр, оның iшiнде: судың ластануы, iрi қалалардағы атмосфералық ауаның ластануының жоғарғы деңгейi, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы, радиациялық және химиялық ластану, жерлердiң тозуы, экологиялық апат аудандарының, Каспий маңы және Балқаш аймақтарының проблемалары, әскери-ғарыш полигондары аумақтарын оңалту, климаттың өзгеруi, озон қабатының жұтаңдауы, биоәртүрлiлiктiң қысқаруы, ғылыми-негiзделген қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және орнықты даму бойынша салалық нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетиканы ендiрудi ғылыми қолдау.
      Ақпаратқа кiру, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы конвенцияны (бұдан әрi – Орхусс конвенциясы) iске асыру бойынша Қазақстанның мiндеттемелерiн орындау мақсатында институционалдық құрылым – Орхусс орталығы құрылды, оның негiзгi қызметi қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық мәлiметтер базасын қалыптастыру және қолдау, жеке және заңды тұлғалардың сұраулары бойынша экологиялық ақпаратты ұсыну болып табылады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетiлдiру мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi қабылданды.
      Кодекс заңнамалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн жалпы жүйелендiрдi, экологиялық талаптар мен нормативтердiң мәртебесiн тiкелей әсер ететiн заңнамалық актiнiң деңгейiне дейiн көтердi, қоршаған ортаны қорғау тәжiрибесiне халықаралық стандарттарды ендiрдi.
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының Экологиялық саясат комитетiнiң сарапшылары ауыспалы экономикасы бар елдер үшiн экологиялық саясаттың нәтижелiгi бойынша шолу жасады. Шолу шеңберiнде Қазақстанға экологиялық заңнаманы жетiлдiру ұсынылып, Еуропа Одағының сәйкес Директиваларымен үйлесiмдiлiгiн жалғастыру ұсынылды.
      «Тарихи» ластануларды жою бөлiгiнде Елбасының Ақтөбе қаласындағы Илек өзенiндегi алты валенттi хроммен тарихи ластануларды жою жөнiндегi тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғастырылады. 2011 жылы ауданы 0,8 км2 құрайтын № 3 тәжiрибелiк-өндiрiстiк учаскедегi жер асты суларын алты валенттi хроммен ластанудан тазарту бойынша жұмыстар өткiзу жоспарлануда және осы учаскедегi жұмыстар нәтижелерiнiң негiзiнде ғана № 2 және 1 учаскелердегi жобаның iске асырылуы жалғастырылады. Илек өзенiндегi алты валенттi хроммен тарихи ластанулардың жалпы ауданы 5,8 км2 құрайды.
      Қазақстан Арал, Семей ядролық полигонының проблемалары бойынша халықаралық-танылған экологиялық бастамалардың арқасында кеңiнен танымал және халықаралық қауымдастықтың қолдауын табуда. Халықаралық қауымдастық үшiн, сондай-ақ, Қазақстанның геосаяси орналасуының да маңызы бар, ол трансшекаралық және аумақтық бағдарламалар арқылы Еуропа және Азия аумақтарының саясаты мен көзқарастарын үйлестiруге, сондай-ақ, халықаралық сауда, энергетика, көлiк, туризм және тағы басқа мәселелерде артушы рөл ойнайтын экологиялық және өзге де стандарттарды үйлестiруге мүмкiндiк ашады.
      Жоғарыда көрсетiлген мүмкiндiктердi iске асыру үшiн Елбасы
Н. Назарбаев халықаралық қауымдастық тарапының қолдауымен аяқталған бiрқатар халықаралық бастамаларды ұсынады. Астана қаласында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит аймағының 62 елiнiң Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөнiндегi алтыншы конференциясы өткiзiлдi, 2011 жылы Солтүстiк Америка, Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерiн қоса алғанда, Еуропа аймағының 56 елiнiң «Еуропа үшiн қоршаған орта» жетiншi конференциясын өткiзу жөнiндегi бастамасы халықаралық қолдау тапты.
      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық конвенциялар бойынша мiндеттемелерiн iске асыру шеңберiнде халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшiн Министрлiк Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (бұдан әрi – БҰҰДБ) бiрлесiп iске асырылып және жоспарланып жатқан жобаларының мониторингiн жүзеге асырады. Жоспарланған кезеңде БҰҰДБ бiрлескен жобалары бойынша басым бағыттар мыналар: энерготиiмдi инфрақұрылым құру, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлауына «Жасыл өсiм» тетiктерiн ендiру және Қазақстандағы жойылмайтын органикалық ластаушыларды (бұдан әрi – ЖОЛ) жою.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Ластаушыларды тасымалдау шығарындылары тiзiмiнiң хаттамасына (бұдан әрi – ЛТШТ) қосылу мүмкiндiгi қарау үстiнде. Хаттама қоршаған ортаның қожалық етушi нысандармен ластануы жөнiндегi ақпаратты реттейдi және осы салада қоғамдастық тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған. Хаттамаға сәйкес ұлттық ЛТШТ құру экологиялық есептiң барлық нысандарын дайындау үшiн қажет мәлiметтердi жинауды айтарлықтай жеңiлдетедi.
      Атап алғанда, 2011 жылы Тегеран конвенциясына келесi хаттамалар жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жалғастырылады:
      Каспий теңiзiн жерүстi көздерiнен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесiндегi ластанудан қорғау жөнiндегi хаттама;
      Биоәртүрлiлiктi сақтау жөнiндегi хаттама;
      Мұнаймен ластануға әкелетiн тосын оқиғалар жағдайында аймақтың дайындығы, әрекет етуi және ынтымақтастығы туралы хаттама.
      «Агрометеорологиялық, гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингтi жетiлдiру» 1.2 мақсатына жету үшiн мемлекет пен тұрғындарды гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық және экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету сапасын арттыру бойынша мiндет қойылған.
      2009 жылы болжамдық, режимдiк-анықтамалық, гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпаратты дайындау үшiн гидрометеорологиялық мониторинг 259 метеостанцияда, 12 метеобекетте, 291 гидрологиялық бекетте, 185 агрометеорологиялық бақылау пунктерiнде 8 аэрологиялық станцияларда, 2 қар көшкiнi станцияларында және 20 қар өлшеу бағыттарында бақылаулар жүргiзiлген.
      Күнi бұрынғы қауiптi және апатты гидрометеорологиялық дауылдық ескертулер 2009 жылы 48 сағат құрды.
      Алдағы жылы республика аумағындағы агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ететiн агрометеорологиялық бақылаулары бар тағы 10 пункттiң ашылуы жоспарлануда. Сондай-ақ, агрометеорологиялық желiнi және метеорологиялық желiнi заманға сай аспаптармен қайта жарақтандыру жоспарланып отыр, ол агрометеорологиялық және метеорологиялық мониторинг мәлiметтерiнiң шұғылдығын, сапасын және дұрыстығын арттыруға мүмкiндiк бередi. Болжаудың ескi әдiстерi жетiлдiрiлiп, жаңалары енгiзiлдi.
      Мемлекеттiк органдар мен тұрғындарды қоршаған ортаның ластануының жай-күйi жөнiндегi ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаның жай-күйiне экологиялық мониторинг жүргiзiледi. 2009 жылы атмосфералық ауаның жай-күйiне бақылау 69 бекетте жүргiзiлген, оның iшiнде 16 ластаушы заттар көрсеткiшi анықталған. Беттiк сулардың сапасына бақылаулар 85 су нысандарында жүргiзiлген. Орташа есеппен алғанда су нысандарында 45 ластаушы заттар көрсеткiшi анықталған.
      Беттiк су жай-күйiне мониторинг жүргiзiлетiн су нысандары 2008 жылы саны 76-дан 2010 жылы 85-ке артты.
      Сонымен қатар, республиканың кенттелген аумақтарында топырақтардың жай-күйiне мониторинг жүргiзiлдi. Бақылау барысында ластаушы заттардың 5 көрсеткiшi анықталған: қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, хром.
      Аталған iс-шараларды iске асыру шеңберiнде алдағы уақытта атмосфералық ауаның жай-күйiне бақылау бекеттерiнiң санын ұлғайту және экологиялық мониторинг желiсiн техникалық жарақтандыру жоспарланған. Барлық аталған iс-шаралар атмосфералық ауадағы, судағы, топырақтағы ластаушы заттар көрсеткiштерiнiң санын анықтауға мүмкiндiк бередi, ол қоршаған орта жай-күйiнiң ағымдағы жағдайына нақты талдау бередi және ұсынылатын ақпараттың сапасын арттырады.
      2008-2009 жылдары «Экологиялық паспорттарды құру мақсатымен ауылдық аймақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу» жобасы бойынша 1603 ауылдық елдi мекен (бұдан әрi – АЕМ) зерттелiп, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды округтерiнiң 473 экологиялық паспорттары құрылды. 313 ауылдық округтегi экологиялық жағдай қанағаттанарлық, ал 160 елдi мекенде алаңдаушылық туғызарлық деген бағаға ие болды. Бұл ретте, ауылдық тұрғындарды сумен қамсыздандыруды қанағаттарлық деп санауға болмайды. Әзiрленген АЕМ экологиялық паспорттарында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша iс-шаралар ұсынылған.
      2008-2009 жылдары Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының 572 кентiнде радиациялық мониторинг жүргiзiлдi. Ауылдардағы радиациялық жағдай жалпы қанағаттанарлықтай, сонда да, 203 ауылда ауыз судағы альфа-активтiлiктiң шектен асуы анықталды, 123 ауылда тұрғын және қызметтiк үй-жайлардың ауасында радонның шоғырлануы шектен асады және 24 ауылда судағы радонның шоғырлануы шектен асады. 2010 жылы 325 ауылда радиациялық мониторинг жүргiзiлдi.
      Қазақстан халқының табиғи радиоактивтi көздерден сәулелену тәуекелiн төмендету 2012 – 2017 жылдарға арналған «Радон» бағдарламасымен қамтамасыз етiледi, оның мақсаты Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында 8000 үйдiң ауасында (жылына 2000 үйден) радон шоғырлануын анықтау болып табылады.
      Табиғи экожүйелердi сақтау және қалпына келтiру елiмiздiң орнықты дамуының басым бағыты болуы керек, ол экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық факторлардың оңтайлы үйлесiм қағидаттарын сақтауды талап етедi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы (бұдан әрi – Тұжырымдама) басымдылық ретiнде ресурстарды және энергияны тиiмдi пайдалану мәселелерiн, теңгермелi демографиялық саясатты, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз етудi қояды. Мемлекеттiк жоспарлаудың жаңа жүйесiне сәйкес Тұжырымдаманың кiрiспесiне, мiндеттерiне, бағыттарына, оны iске асыру тетiктерiне және күтiлетiн нәтижелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Бұдан өзге, «Орнықты дамуға көшудiң нысаналы көрсеткiштерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 қыркүйектегi № 848 қаулысына озық халықаралық тәжiрибелер, орнықты дамудың нысаналы көрсеткiштерiнiң қолданыстағы тiзбесiн түзету және жетiлдiру есебiмен қолданыстағы нысаналы көрсеткiштерге талдау жүргiзу бөлiгiнде тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.

      Негiзгi проблемаларды талдау

      Қазақстан экологиясы саласындағы негiзгi проблемалық мәселелерге мыналар жатады:
      iрi қалалар мен өнеркәсiптiк орталықтардың ауа бассейнiнiң ластануы. Каспий және Балқаш аймақтары;
      жерүстi және жерасты суларының ластануы, трансшекаралық сулар проблемасы;
      өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы;
      суды бұру және кәрiздiк тазарту құрылыстары жүйелерiнiң қанағаттанғысыз жағдайы;
      жердiң шөлейттену және тозу процестерi;
      экологиялық апаттың Арал және Семей аймақтары;
      «тарихи» ластанулар.
      Түзiлетiн қалдықтар көлемiнiң жыл сайынғы өсуiне қарамастан, оларды қайта өңдеу төмен деңгейде қалуда: түзiлген қалдықтардың 20 % жуығы кәдеге жаратылады. Салыстырып қарасақ, дамыған елдерде бұл көрсеткiш 30 % асады. Өндiрiс қалдықтарын, оның iшiнде улы қалдықтарды қайталама қайта өңдеу Қазақстанда тәжiрибеге алынбаған. Қалдықтар техногендi қарқынды ластанатын ландшафттарды құра отырып, арнайы полигондарда, жинаушыларда және үйiндi сақтағыштарда сақталды. Сонымен, мысалы, республикадағы электро станциялардың күл-шлак қалдықтарын кәдеге жарату және қолдану 1 % аспайды, ал Еуропада бұл көрсеткiш орташа есеппен алғанда 60 % құрайды.
      Республика үшiн ЖОЛ, ескiрген пестицидтер және онымен ластанған аумақтар мәселесiн шешу өзектi проблема болып табылады.
      Белсендi запастарды анықтау және миллиондаған аршынды жыныстар үйiндiлерi мен үйiндi сақтағыштарын кәдеге жарату мәселесiн шешу мақсатында техногендiк минералды түзiлiмдердi (бұдан әрi – ТМТ) түгендеудi жалғастыру қажет.
      Экономикалық өсiм, эмиссия көздерiнiң көбеюi және өнеркәсiптiк қызмет көлемдерiн кеңейту шамасы бойынша ластану деңгейiн төмендету үшiн негiзгi шарт табиғат қорғау саясатын үздiксiз арттыру болып табылады.
      Бұл ретте, жылу энергетика секторының, кен өндiру және кендi қайта өңдеу салаларының кәсiпорындарын ең жақсы қол жетiмдi технологияларды ендiру жолымен техникалық қайта жарақтандыру мәселесi маңызды болып қалады.
      Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг бойынша сапалы ақпарат алу мақсатында техникалық жабдықтауды жаңғырту және жас мамандарды даярлау сияқты iс-шаралардың қаржыландырылуын ұлғайту қажет.
      Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
      Еуропа өзiне 2028 жылдың соңына дейiн ЖОЛ, ескiрген пестицидтердi және онымен ластанған жерлердi кәдеге жаратуды аяқтау мiндетiн алды. Қазақстан жыл сайын қауiптi химиялық заттар мен қалдықтарды басқару мәселелерiн реттейтiн Роттердам, Базель және Стокгольм конвенциялары бойынша есеп беруi тиiс.
      Конвенциялардың негiзгi тапсырмалары: ЖОЛ запастары мен қалдықтарын басқару бойынша нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлеу және жетiлдiру, Жойылмайтын органикалық ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясының ережелерiне сәйкес Қазақстандағы ЖОЛ запастары мен қалдықтарына егжей-тегжейлi түгендеу жүргiзу жұмыстарын жалғастыру және оларды экологиялық қауiпсiз жою бойынша, сондай-ақ Орхусс конвенциясына сәйкес жұртшылықтың хабардар болуын арттыру бойынша жұмыстардың орындалуы.
      Экологиялық заңнаманы одан әрi дамыту оны жетiлдiруге және халықаралық тәжiрибемен жақындастыруға бағытталады. Ең бастысы, заңнамаға мынадай мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады:
      коммуналдық және өнеркәсiптiк қалдықтарды басқару жүйесi;
      қоршаған ортаның ластануын реттеу және алдын алудың экономикалық құралдары;
      экологиялық нормалау және жобалау;
      халықаралық стандарттарға сәйкес шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға экологиялық талаптар жүйесi;
      рұқсаттық жүйенi жеңiлдету, кешендi экологиялық рұқсаттардың әрекеттi тетiктерiне көшу;
      қоршаған ортаға келтiрiлген залалды бағалауды анықтауды жетiлдiру;
      гидрометеорологиялық мониторингтi қоса алғанда, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн дамыту.
      2-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының төмен көмiртектi экономикаға көшуi
      Қызметтiң реттелетiн саласын немесе аясын дамытудың негiзгi параметрлерi
      Қазақстан Республикасындағы парниктiк газдар шығарындылары 1992 жылы 310 млн. тоннаны, ал 2008 жылы СО2 эквиваленттi 240 млн. тоннаны құраған. Елiмiздегi парниктiк газдар шығарындылары көздерiнiң орындалған түгендеуi, сондай-ақ, көмiртегi диоксидi эмиссияларының әзiрленген болжамдары парниктiк газдар шығарындыларының IҰӨ бiрлiгiне (3,38 кг/АҚШ доллары) салыстырмалы көрсеткiшi бойынша Қазақстан әлем бойынша бiрiншi орынды иеленiп отырғандығын растайды.
      Көмiртек диоксидi шығарындыларының көлемiне ең көп үлестi энергетика, ал энергия тасығыштарынан – көмiр қосады, бұл ретте есптер көрсеткендей, шығарындылар генерациясындағы көмiрдiң үлесi үдемелi қарқынмен өсетiн болады. Отынды жағудан түзiлетiн жалпы шығарындылардың көлемiнде ол 2010 жылға қарай 63 %, ал 2020 жылға қарай 66 % құрайды.
      2009 жылғы 26 наурызда Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруi туралы негiздемелiк конвенциясының Киото хаттамасын (бұдан әрi – БҰҰ КӨНК) ратификациялап, көмiрсутектi жанармайды жағудан пайда болатын парниктiк газдар көлемiнiң өсуiне әкелiп соғатын жаһандық жылынудың алдын алуы бойынша дүниежүзiлiк қозғалысқа қосылды. Киото хаттамасын iске асыру шеңберiнде парниктiк газдар шығарындылары бойынша мониторингтiң және есептiлiктiң ұлттық жүйесiн құру, Көмiртегi бiрлiктерiнiң ұлттық тiзiмiн құру бойынша шаралар қабылданады, техникалық және консультативтiк көмек ұсыну үшiн халықаралық банктер және ұйымдармен келiссөздер жалғастырылатын болады.
      Негiзгi проблемаларды талдау
      Парниктiк газдар эмиссияларын қысқартуға мүмкiндiк туғызатын МАРКАЛ-Қазақстан үлгiсiне сәйкес қолданыстағы технологиялар және саланың жалпы жай-күйi жағдайында энергетикалық сектордағы парниктiк газдар шығарындылары 2012 – 2014 жылдарға қарай Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруi туралы негiздемелiк конвенциясы тараптарының конференциясында Қазақстан үшiн негiзгi болып анықталған 1992 жылдың деңгейiне жетуi мүмкiн.
      Сонымен бiрге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы  19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақтан Республикасының үдемелi индустриялық-инновациялық дамуытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде көзделген отандық экономиканы үдемелi әртараптандыру Қазақстанға 2015 жылдан бастап парниктiк газдар шығарындыларының күтiлетiн төмендеуiн жоспарлауға мүмкiндiк бередi. Пост-Киото кезеңiне (2012 жылы Киото хаттамасының мерзiмi бiткеннен кейiн) 2009 жылғы желтоқсанда Копенгагенде өткен Тараптар Конференциясында Қазақстан негiзгi 1992 жылмен салыстырғанда парниктiк газдар шығарындыларын 2020 жылға қарай 15 %, ал 2050 жылы 25 % төмендету жөнiндегi шешiмiн мәлiмдедi.
      Осы мақсаттарда Қазақстан төмен көмiртектi немесе «жасыл» экономиканы ендiру жолына түсуi керек. Төмен көмiртектi немесе «жасыл» экономиканың өсуi қоршаған ортаның ластануының алдын алып және оны төмендетiп, парниктiк газдармен қатар басқа да зиянды заттар шығарындыларын қысқартуға мүмкiндiк беретiн орнықты өсуге жатады.
      Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 10 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары инвестицияларды тарту, экологиялық проблемаларды шешу, антропогендiк салмақтың жағымсыз әсерiн азайту, табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияларды азайтуға, қалдықтарды кешендi қайта өңдеуге жауапкершiлiгiн күшейту мәселелерiнде төмен көмiртектi экономиканың «жасыл» саясатын орнықты дамытуды басқару жүйесiн оңтайландырудың қажеттiлiгiн анықтайды.
      Қазақстан отын-энергетика кешенi дамыған ел ретiнде, өзiнiң экономикалық және технологиялық даму деңгейiн ескере отырып, төмен көмiртектi дамуға жол таңдау проблемасына тап болуда. Төмен көмiртектi экономикаға көшу мүмкiндiгi ең алдымен төмен эмиссиялы энергетиканың даму үрдiсiмен, экономиканы қайта құрылымдаумен, энергия үнемдеумен және орнықты дамумен байланысты болады.
      Төмен көмiртектi даму барлық мүдделi тараптарды тартумен экономика секторлары арасындағы ынтымақтастықты, келiсiмдiлiктi және өзара әрекеттестiктi талап етедi, қоғамның бүкiл әлеуетi пайдаланылып, оның барлық күштерi өндiрiс және тұтыну салаларындағы жаңа төмен көмiртектi тұрғыға көшудi iске асыруға бағытталуы тиiс.
      Сондықтан, Министрлiк «жасыл» экономика қағидаттарын қалыптастыруға жағдай жасау, ең алдымен, қоғамдық науқандарды өткiзу, табиғат пайдаланушылармен қалпына келетiн энергия көздерiн ендiру және энерготиiмдiлiк бойынша шаралар қолдану, экологиялық таза технологияларды ендiру мәселелерi бойынша оқу семинарлары арқылы алдына орта мерзiмдi мақсат қояды.
      Орнықты төмен көмiртектi болашаққа барар жолда жүйелi жылжу үшiн нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру және оның климаттың өзгеруi процестерiн алдын алу бойынша жұмыстар саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес үлесуi, бар және күтiлетiн климаттық өзгерiстерге табиғи және адам жүйелерiнiң осал жерлерiн қысқартуға бағытталған заманға сай бейiмдеу iс-шараларын әзiрлеу және өткiзу қажет.
      «Жасыл» экономикаға көшу сонымен қатар, климаттың өзгеруiне негiзделген проблемаларды шешуге мүмкiндiк туғызатын болады. Бұл ретте, әсер етудiң нақты шарасы төмен көмiртектi, ресурстық тиiмдi экономиканы құруға, сонымен қатар Киото хаттамасының тетiктерi арқылы да инвестициялауға болады.
      Жаңартылатын энергия көздерiн ендiру, жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерiн пайдалану саласындағы бәсекеге тұрарлық ғылыми әзiрлемелердi және инновациялық технологияларды құру бойынша ғылыми зерттеулердi жүргiзу осы саладағы басым мiндеттерге айналады.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconЖоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың
Р Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №98 ҚР Үкімет қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница