Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша)




Скачать 489.72 Kb.
НазваниеКайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша)
страница1/4
Дата конвертации26.11.2012
Размер489.72 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4
plОӘЖ 331.6(574.52) Қолжазба құқығында

КАЙРАНБЕКОВ БАУРЖАН ОКТАШЕВИЧ


Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша)

08.00. 05- Экономика және халық шаруашылығын басқару

(салалар және қызмет сфералары бойынша)
Автореферат
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2009

Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды

Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының докторы,

профессор С.Д.Тәжібаев


Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы,

профессор, С.Х.Берешев

экономика ғылымдарының кандидаты, А.О.Демеубаева


Жетекші ұйым: Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Қорғау 2009 жылы 23 мамырда 14-00 сағатта Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қоғау жөніндегі Д 14.61.15 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.


Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат « 22 » сәуір 2009 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, профессор Ж.С.Раимбеков

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.

Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.

Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.

Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Я.Ә.Әубәкіров, Т.А.Әшімбаев, Ү.С.Байжомартов, С.Х.Берешев, Б.А.Жүнісов, Қ.М.Жұмақанова, М.Б.Кенжеғозин, Ж.Ш.Кенжалина, Ш.К.Көпешов, Ж.К.Қорғасбаев, А.К.Қошанов, А.Қатарбаева, Н.К.Мамыров, М.К.Мельдаханова, А.Қ.Мейірбеков, А.Б.Молдашев, Т.Ж.Нұрымбетов, Н.А.Омаров, А.К.Отаров, Ж.Ж.Сүлейменов, С.Д.Тәжібаев, М.Э.Тілеужанова, Ө.Қ.Шеденов және т.б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.

Жамбыл облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т.б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік және жинақталған тәжірибелік материалдар өзіндік ғылыми зерттеу жұмысын іске асыруға ықпал етті.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Жамбыл облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Диссертациялық зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

-еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;

-еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік – экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;

-облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;

-Жамбыл облысындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасап, тиімділік деңгейі мен салааралық ерекшіліктерін анықтау;

-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасының қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын негіздеу.

Зерттеу пәні болып еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.

Зерттеу нысаны. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып отырған экономикалық қатынатар.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде еңбек нарығын реттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы талдау, материалдарды графикалық өңдеу, экономикалық-математикалық болжамдау, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді.

Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика Агентігінің, Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Жамбыл облысы статистикалық басқармасының және Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Облыстың еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары бойынша ғылыми тұрғыда белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.

Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер келесідей:

-еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық негіздері қарастырылып, авторлық анықтамасы нақтыланды;

- еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың қызмет ету тетіктері және әлеуметтік – экономикалық мазмұны мен факторлары анықталды;

-Жамбыл облысындағы еңбек нарығын реттеудің қазіргі жағдайына талдау жасалып, еңбек нарығына әсер ететін факторлары айқындалды;

-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасын жасауға ұсыныстар негізделді;

- Экономикалық-математикалық үлгі жасау арқылы халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге ұсыныстар жасалды.

Қорғауға шығарылған диссертацияның ғылыми тұстары:

-Жамбыл облысы бойынша еңбек нарығын ретеу және халықты жұмыспен қамтудың ұйымдық-экономикалық механизмдерін жетілдірудің бағыттары анықталды;

- еңбек нарығы көрсеткіштерін болжаудың экономика-математикалық үлгісі құрастырылып облыстағы халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге ұсыныс ретінде болжам жасалынды;

-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасының қажеттілігі мен мазмұны ашылып, жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдары ұсынылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысындағы тұжырымдар мен ұсыныстар еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыпен қамту мәселелерін шешуде теориялық жүзінде қолдануға және экономика ғылымының дамуына өз үлесін қосады.

Зерттеу материалдарын облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларында, жоғарғы оқу орындарының оқу үрдісінде: «Экономикалық теория», «Кәсіпорын экономикасы» және «Еңбек нарығы экономикасы» пәндері бағдарламалық шеңберінде нұсқаулық тұжырымдар қолданылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері сынақтан өткізу. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары келесідей халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы: сараптама, басымдықтар және бағыттар»( (Тараз қ, 2006 ж.); «Жаңа Қазақстанның инфрақұрылымдық кешеніндегі экономикалық, қаржылық және есеп саясатының тұрақтылығымен бәсеке қабілеттілігі» ( Алматы қ , 2007ж.); «Білім беру саласындағы және жаратылыстану-техникалық ғылымдары бойынша мамандар дайындаудағы инновациялық технологиялар» ( Тараз қ, 2007 ж.). Сонымен қатар автордың ғылыми зерттеу нәтижелері Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінде және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды.

Зерттеу нәтижелерінің жариялымдығы. Диссертация жұмысының тақырыбы бойынша 8 ғылыми еңбек, оның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің ұсынған баспаларында 3 мақала, халықаралық және республикалық конференцияларда 5 мақала баспаға шықты. Жалпы көлемі- 3,2 баспа табақ.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және компьютерде терілген 123 беттен тұрады.

Диссертациялық жұмыста сандық материалдар 22 кестеде, 11 суретте келтірілген.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т.с.с.

Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз тартады.

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан

еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.

Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған.

Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір – бірімен үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен модельдері болады.

Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:

- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);

- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).

Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма

арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма

ішінде жылжуына бейімделген.

Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :

1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;

2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану;

3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.

Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады. Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.

Қазақстандық экономикалық әдебиеттерде зерттеушілердің біреуі “еңбек нарығы” терминін қолданса, ал екінші біреулері “жұмыс күшінің нарығы” терминін қолдануда. Соған байланысты осы екі терминнің біреуін, яғни “еңбек нарығы” терминін қолданған дұрыс деп ойлаймын.

Еңбек нарығы шетелдік әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттеліп, айқындалған. Ал, ресейлік Саткина М.А., Гибриков Г.Г. және қазақстандық Н.К. Мамыров және т.б. бір топ ғалымдар еңбек нарығы анықтамасын ғылыми тұрғыдан беруде әр түрлі көзқарасты ұстанады.

Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады. Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-шаруашылық тәжірибеде «жұмыс күші нарығы» мен «еңбек нарығы» деген ұғымдар бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.

1945жылы капиталистік елдің экономикалық жағдайы анық түрде ерекшеленді. АҚШ өзінің территориясында әскери қимылдар болмағандықтан өндіріс қуаты және рекордты түрде экономикалық өсу байқалған. Ал керісінше, Батыс Еуропа және Жапония елдері біршама қирауға ұшыраған. Ол елдердің халқы интенсивті құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып шығындарға төзуге тура келді. Бұл жағдайлар мысалы, Германия және Жапония елдерінде 40-ші жылға дейін жалғасқан. 30-жылдары экономикалық өсу бүкіл аймақта болды және жұмыссыздықты болдырмады.

Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару. «Өмірлік жалдану» жүйесінің мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді, бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату.

Швециядағы жұмыспен қамтуты басқару.

Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың Шведтік түрі экономикалық және өмірлік деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель ерекше «технологиялық рента» алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта елдің алатын

өнімінің жоғары сапасы мен инновациялығы. Әрине Швеция өте жақсы әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді.

Швецияның тәжірибесі бойынша жұмыссыздыққа жәрдемақы беру іс-шараларына келесілер жатады:

- кіші және жанұялық кәсіпорынға мемлекеттік субсидиялар мен несилерге жағдай жасау, яғни бастапқы капитал 10 пайызды ғана құрайды, 70 пайызы субсидия, 20 пайызы несие, егер кәсіпорын пайда ала алмаса 4 жылға салықтан босатылады;

- географиялық мобильділік, яғни жұмыс күші тапшылық жерлерге жанұяларды көшіріп апарады. Оларға үй, жұмыс тауып береді , жағдай жасайды;

- қоғамдық жұмыс, негізінен жастарға , құрылыс, жол, қызмет көрсету, 6 айға дейінгі кепілдеме түрде жалақысы 50-100 пайыз болатын ( сол кәсіптің орташа жалақысын есептеп ) жұмысқа алу;

- жеке фирмаларға көмек көрсету, жарты жылға дейінгі 50 пайыздық субсидия беру;

- арнайы техникалық жабдықтау, кәсіпорында мүгедектерге арналған жұмыс орнын дайындау және кәсіпорын иелеріне жұмысқа алғаны үшін субсидиялар төлеу және мүгедектердің жалақысына да субсидиядан ақша шамамен қосылады.

Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін болады.


Еңбек нарығын реттеу үлгісі

Қолданыстағы үлгісі

Ерекшелігі

Ескерту

Америкалық үлгі

Жұмысқа алу мен жұмыстан шығу еркіндігі;

Фирма деңгейінде ұжымдық-келісімдікті реттеу

Тұрғындардың еңбек нарығына кірудің қиындығы

Жұмыссыз кедейлердің көптігі

Шведтік үлгі

Жұмыс орындарын құруға, кәсіби даярлау мен қайта даярлауға көп шығын жұмсау

Еңбек нарығына жастардың жұмысқа орналасу қиындығы

Еңбек ақы төлеудің төмен болуы

Жапондық үлгі

«Өмірлік жалдану» жүйесінің қолданылуы

Бұл жүйе жастардың еңбек етуіне өз әсерін тигізуі

Жастардың қызмет ету аясының тар

болуы

Қазақстандық үлгі

Еңбек нарығын белсенді түрде жүргізу, жұмыспен қамту саясатын іске асыру

Еңбекке орналастыру бойынша жалпы қоғамдық жүйенің жұмыс істемеуі

Жас маманды жұмысқа алу кезінде мемлекет тарапынан кәсіпорындарға қолдау көрсетудің жоқтығы

Ескету-Шетел тәжірибесіне байланысты автордың құрастырған үлгісі


Сурет 1-Еңбек нарығын реттеу үлгілері
Осы шетел тәжірибесін қолдана отырып Қазақстанның еңбек нарығын реттеу жүйесін жасауға болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты тәжірибесін қарастыра отырып Қазақстан өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша үлгісін құруы қажет.
.
  1   2   3   4

Похожие:

Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) iconКуангалиев берикбол кожахметович
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) iconСадыкбекова айжаркын абдразаккызы
Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру (Оңтүстік...
Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) iconБасқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) жұмыспен қамтуды үйлестіру...
Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) iconАпиев қанат серикович жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары (Алматы облысы материалдары негізінде)

Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) iconАтырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
Комитет еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік...
Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) icon1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында атқарған жұмыстары...
Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) iconОблыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар-ламалар басқармасы
Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) iconОблыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар-ламалар басқармасы
Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) iconЕ. А. Букетова Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық ЖӘне халықТы жұмыспен қамтылуын мемлекет тарапынан реттеу жолдары
Азақстан республикасындағы жұмыссыздық ЖӘне халықТы жұмыспен қамтылуын мемлекет тарапынан реттеу жолдары
Кайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) iconАқтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
Ақтөбе қаласының тұрғындарын 2008-2010 жылдары жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008 жылғы 15 ақпандағы №541 шаралар жоспарымен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница