Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»




НазваниеТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
страница2/7
Дата конвертации26.11.2012
Размер0.86 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7

3.2. Конкурсқа қатысуға өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

14. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі (тігілген, беттері нөмірленген, соңғы беті әлеуетті жеткізіп берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған) және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы бөлек салынады.

15. Конкурсқа қатысуға өтінімдер басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізіп берушінің қолы қойылып, мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

16. Конкурстық өтінімде әлеуетті жеткізіп берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қыстырмалар, өшірулер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

17. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізіп берушінің толық атауы мен почталық мекенжайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекенжайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуі тиіс: «ТВ-ға ЖАРНАМА ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС. 2012 жылғы «02» тамызға алматы уақытымен «11» сағат «00» минутқа ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».
3.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізіп берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, 1009 бөлме мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып, 2012 жылғы 02 тамызға қоса алғанда алматы уақытымен 10 сағат 00 минутқа дейін береді, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мен тіркеу үшін жауапты тұлға – конкурстық комиссия хатшысы Әкімшілік департаменті Сатып алу басқармасының 1-санатты маманы Иманбердиев А.С.

19. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен соң алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті жеткізіп берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті жеткізіп берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

20. Әлеуетті жеткізіп берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

21. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдері бар конверттерді рәсімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

  

3.4. Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

 

22. Әлеуетті жеткізіп берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады. Енгізілетін өзгеріс конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті жеткізіп беруші қол қойған және мөрімен бекітілген (жеке тұлға үшін егер ондай болса), сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде рәсімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

23. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі аяқталған соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алуға да, өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге де болмайды.

24. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінімнің қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзарту туралы әлеуетті жеткізіп берушілерге сұраныс жасауға құқылы. Әлеуетті жеткізіп беруші төмендегілерге құқықтарды жоғалтпастан мұндай сұраныстан бас тартуға құқылы:

1) конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға оның конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталған соң өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

25. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысына қарамастан осы шығыстарды өтеу міндеттемелерін көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды барлық келген әлеуетті жеткізіп берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2012 жылғы «02» тамызда алматы уақытымен 11 сағат 00 минутта 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, 1011 бөлме мекенжайында жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті жеткізіп берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуы тиіс.

Егер конкурсқа (лотқа) бір ғана конкурсқа қатысуға арналған өтінім ұсынылса, онда осы конкурсқа қатысуға арналған өтінім де ашылады.

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті жеткізіп берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуі және әлеуетті жеткізіп берушілерді тіркеу журналына тіркелуі тиіс. Әлеуетті жеткізіп берушілердің өкілдерін тіркеу 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, 1011 бөлме мекенжайында 2012 жылғы 02 тамызда 10 сағат 00 минуттан 10 сағат 45 минутқа дейін жүргізіледі.

Әлеуетті жеткізіп берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазып алу үшін пайдаланғысы келетін аудиожазба және бейнетүсірілімнің техникалық құралдары туралы хабардар етуі тиіс.

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті жеткізіп берушілердің және олардың уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

29. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:

- конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

- конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізіп берушілердің саны;

- әлеуетті жеткізіп берушілердің сұраныстарының бар не жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті жеткізіп берушілермен кездесу өткізгені;

- конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар не жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

- тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті жеткізіп берушілер туралы хабардар етеді;

2) конкурстық комиссияның төрайымы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан өкіл деп белгіленген тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімдегі құжаттар тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

- конверттерді ашудың тиісті хаттамасын рәсімдейді;

- әлеуетті жеткізіп берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасының әр бетіне конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті жеткізіп берушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұранысы бойынша сұраныс алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

  

5. Конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін қарастыруы және әлеуетті жеткізіп берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
30. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыруды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізіп берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізіп берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында жүзеге асырады.

31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыру кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізіп берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыруды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұрауға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұрауға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұраныстары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше рәсімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия ұсынылған өтінімнің мәніне тиіспей түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателері болса, конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап береді деп қарастырады.

32. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті жеткізіп берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті жеткізіп берушінің және ол тартатын ортақ орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті жеткізіп берушінің бермеуі не тиісінше рәсімделмеген күйде беруі;

2) әлеуетті жеткізіп берушінің сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздігінің, сондай-ақ ол тартатын ортақ орындаушының біліктілік талаптарына сәйкессіздігінің анықталуы;

3) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру.

Әлеуетті жеткізіп берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 87-1, 87-2 тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

Конкурстық комиссия соманың бір пайызынан астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес деп таниды.

33. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) банктік кепілдеме түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінің жеткіліксіз болуы;

2) конкурстық комиссияның:

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

қатысу үшін банктік кепілдеме түрінде берілген өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;

банктік кепілдеме түрінде берілген өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру талаптарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиісінше рәсімделмеуі.

Енгізілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді басқа негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізіп беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның ортақ орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті жеткізіп беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

- конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада осындай әлеуетті жеткізіп берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамау негіздемесі көрсетіледі;

- Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті жеткізіп беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың тиянақсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуі тиіс.

35. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыру нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) әлеуетті жеткізіп берушілерді айқындайды;

2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген белгілердің пайыздық мәнін қолданады.

Конкурстық комиссия барлық берілген конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде конкурстық құжаттаманың осы тармағында аталып, Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған белгілерді ескереді және оларды барлық конкурстық өтінімдерге бірдей қолданады, бұған конкурсқа бір ғана конкурстық өтінім берілген жағдайлар қосылмайды.


р/с

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін белгілер

Конкурстық өтінім бағасын шартты төмендету

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін белгілерді растайтын құжаттар

1

Әлеуетті жеткізіп берушінің

1.1

Әлеуетті жеткізіп берушінің осы конкурста сатып алынатын қызмет көрсету нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы


Әлеуетті жеткізіп берушінің бір жылдан бастап сатып алынатын қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін 0,5% (нөл бүтін оннан бес пайызға), алайда 5% (бес пайыздан) аспауы тиіс. Жұмыс тәжірибесі бір жылға дейін болған немесе болмаған жағдайда, мұндай пайыз белгіленбейді.

Конкурстық өтінімнің шартты бағасына осы белгінің жиынтық пайыздық әсері 5% (бес пайыздан) аспауы тиіс.

Заңды тұлға (жеке кәсіпкер) ретінде мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

1.2

сатып алатын қызмет бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің сертификатталғанын растайтын құжат

3% (үш пайызға)

мемлекеттік стандарттардың талаптарына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігі туралы тиісті сертификаттың нотариат куәландырған көшірмелерімен расталады.

1.3

мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесінің сертификатталғанын растайтын және (немесе)

сатып алынатын қызмет бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат

2% (екі пайызға)

Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесінің тиісті сертификатының нотариат куәландырған көшірмесімен және (немесе)

сатып алынатын қызмет бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжатпен расталады

2

Жергілікті қамту кезінде

Жергілікті қамтудың әрбір пайызы үшін 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызға)

Конкурстық комиссия отандық қызмет жеткізіп берушінің конкурстық өтінімінің бағасын 5% (бес пайызға) шартты төмендетеді.

Қызметтерде жергілікті қамтудың болуы осы конкурстық құжаттаманың №5 қосымшасы болып табылатын №4 біліктілік туралы мәліметтер тармағымен расталады.













1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconБАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚкж жабдығын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚызметтерін сатып алу бойынша ашық тендердің
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі Банк)
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconЖарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Жарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconАлдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алудың талаптары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница