Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»




НазваниеТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
страница6/7
Дата конвертации26.11.2012
Размер0.86 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7

Конкурстық құжаттаманың №10 қосымшасы 



Әлеуетті жеткізіп беруші бағаларының кестесі

_______________________________________

(әлеуетті жеткізіп берушінің атауы)

 (лот нөмірі көрсетіле отырып, әр лотқа жеке толтырылады)

 

№ р/с

Мазмұны

Қызметтер

атауы

1.

Қысқаша сипаты

 

2.

Өлшем бірлігі

 

3.

___________ бірлік бағасы _______ ИНКОТЕРМС 2000 (межелі орын) талаптарында _________


 

4.

Саны (көлемі)

 

5.

Барлық бағасы =__________ 3б. х 4б.

 

6.

ИНКОТЕРМС 2000 талаптарында _________ жалпы бағасы (бар болса, жеңілдіктер ескерілген), межелі орын, әлеуетті жеткізіп берушінің тасымалдау, сақтандыру, кедендік баж салығын, ҚҚС мен басқа салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеу шығыстары, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектер, өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімі ішінде қызмет көрсету құны, басқа да шығыстары қосылады

 

 

Біз конкурстық құжаттамада аталған төлем талаптарыңызға келісеміз.
________________________      _______________________

(Қолы)                       (лауазымы, тегі)

 

М.О.

 

Ескертпе: әлеуетті жеткізіп беруші жалпы бағаны құраушыларды көрсетпесе де болады, мұндайда бұл жолда көрсетілген бағаны конкурстық комиссия әлеуетті жеткізіп берушінің бүкіл шығыны, бар болғанда жеңілдіктері ескеріліп анықталған баға ретінде қарастырады және қайта қарастырылмайды.

Конкурстық құжаттаманың №11 қосымшасы 

ТВ-ға жарнама орналастыру қызметтерін

мемлекеттік сатып алу туралы

№__________ ШАРТ



_________ қ. «___» _______________2012 ж.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталады, ________________________________ негізінде іс-әрекет жасайтын ______________________________________________________ арқылы бір жағынан және ________________________________________, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталады, _______________ негізінде іс-әрекет жасайтын __________________ арқылы екінші жағынан, бірге Тараптар деп атала отырып 20___ жылғы «__» ___________ конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде __________________ мемлекеттік сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт немесе осы шарт) төмендегілер жайлы жасады:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ



1.1. Шартқа сай Орындаушы Тапсырыс берушінің ТВ-ға жарнамасын (бұдан әрі – жарнамалық материал) _______ (__________________) _______ көлемінде телеарналарға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) осы шарт мерзімдері мен басқа талаптарына сәйкес көрсетеді, ал Тапсырыс беруші Орындаушы көрсеткен қызметтерді қабылдайды және ақысын төлейді.

Орындаушы қызметтерді осы шарттың №1 қосымшасы болып табылатын Медиа-жоспарға сәйкес көрсетеді. (бұл азатжол шартқа қол қою сәтінде Медиа-жоспар дайын болғанда көзделеді)

2) Қызметтер құнына жарнамалық материалды орналастыру, ұйымдастыру, рәсімдеу және жеткізуге байланысты барлық ілеспе қызметтер мен қосымша шығыстар кіреді.

3) ________________________________ (Орындаушы конкурсқа қатысуға арналған өтінімде берген растаушы құжат көрсетілсін) сәйкес қызметтердегі жергілікті қамту үлесі - ___________________. (Орындаушы конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсеткен жергілікті қамту үлесі көрсетілсін).

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Орындаушы:

  1. ____ (___________________) жұмыс күні ішінде шарттың №2 қосымшасы болатын Қызметтер көрсетудің медиа-жоспарын дайындауды және Тапсырыс берушімен келісуді; (бұл тармақша шартты орындау барысында медиа-жоспар дайындау көзделген кезде көрсетіледі)

2) қызметтерді осы шарт талаптарына, Медиа-жоспарға және Тапсырыс берушінің бекітілген материалдарына қатаң сәйкес түрде көрсетуді;

3) Тапсырыс беруші берген жарнамалық материалдағы ақпаратты бұрмаламауды;

4) Орындаушы кінәсінен туындаған жарнамалық материалды орналастырмау немесе орналастыру талаптарын сақтамау, сонымен қатар көлемінің кемуі немесе ақпараттың бұрмалануы немесе кез келген басқа қайшылық жағдайында (мұндайда Тараптар орын алған қайшылықтар көрсетілетін акті жасайды), жарнамалық материалды орналастыру талаптарын толық сақтап, Тапсырыс берушімен жарнамалық материалды орналастыру күні мен уақытын келісе отырып, оның екі есе көлемде өз есебінен орналастырылуын қамтамасыз етуді;

5) жарнамалық материалды орналастыру мерзімдері Орындаушыға тәуелсіз өзгерген жағдайда, Тапсырыс берушінің жарнамалық материалын орналастыру үшін тең уақыт ұсына отырып, алдағы өзгерістерге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіні бұл туралы хабарландыруды міндеттенеді. Осы тармақша профилактикалық жұмыстар (телеарналарда) жүргізілген жағдайларға да қолданылады;

6) есепті айдан кейінгі айдың ____ жұлдызынан кешіктірмей көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актісі мен шот-фактураға қол қоюды және Тапсырыс берушіге беруді;

7) әрбір күнтізбелік ай аяқталған соң 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушіге шарт бойынша жарнамалық материал орналастырылатын барлық телеарнадан фирмалық бланкілердегі ресми эфирлік анықтамалар беруді міндеттенеді. Жарнамалық материалдарды республикалық ТВ-ға орналастыруға қатысты эфирлік анықтамаларды БАҚ-ты зерттеу саласындағы тәуелсіз маркетингілік агенттік растауы тиіс;

8) жарнамалық материалды орналастыру осы шарт талаптарына және бекітілген Медиа-жоспарға сәйкес болмаған жағдайда, осы шарт бойынша Тапсырыс беруші мәлімдеген наразылықты (талаптарды, ескертулерді) қарастыруға қабылдауды;

9) осы шартты орындау барысында қолданылатын жарнамалық материалдарға Тапсырыс берушінің бірегей авторлық мүліктік құқығын бұзбауды міндеттенеді. Тапсырыс берушінің жарнамалық материалын осы шарт талаптарында көрсетілгеннен басқа қандай да бір тәсілдермен тұтас та, бөліп те қолданбауды, сондай-ақ Тапсырыс берушінің жазбаша келісімінсіз жарнамалық материалын үшінші тұлғаларға бермеуді;

10) қажеттілігіне орай Тапсырыс берушінің жазбаша сұранысы негізінде жарнамалық материалды бейімдеуді немесе өзгертуді (телефондарды, мекенжайларды, лицензияларды, мөлшерлемелердің %-ын, лого және т.б. өзгерту) міндеттенеді, бұл Тапсырыс берушінің жарнамалық материалын орналастырудың жалпы құнына кіреді;

11) қажеттілігіне орай өзгертілген жарнамалық материалды тираждауды және аймақтық телекомпанияларға жеткізуді міндеттенеді, бұл Тапсырыс берушінің жарнамалық материалын орналастырудың жалпы құнына кіреді;

12) қажеттілігіне орай Тапсырыс берушінің жазбаша өтінімі бойынша қосымша ақысыз шектеусіз сандағы жарнамалық материал ротациясын ауыстыруды;

13) Тапсырыс берушінің жазбаша сұранысы түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарнамалық материалды бейімдеуді және өзгертуді, сонан соң жарнамалық материалға енгізілген өзгертулер бекітілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды орналастырылатын телеарнаға жеткізуді міндеттенеді.

Бейімдеусіз немесе өзгертусіз жарнамалық материал ротациясын ауыстыру қажет болған жағдайда, жарнамалық материалды ауыстыру мерзімі – 10 (он) күнтізбелік күн.

14) толық көлемде көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізу актісіне қол қою кезінде Тапсырыс берушіге осы шарттың №2 қосымшасына сай нысан бойынша растаушы құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып, Орындаушының уәкілетті өкілі қол қойған және Жеткізіп берушінің мөрі басылған (бар болса) жергілікті қамту бойынша есептілік беруді міндеттенеді.

2.2. Орындаушы:

      1. Тапсырыс беруші осы шарт бойынша төлемді уақытылы және толық жасамаған жағдайда, Тапсырыс берушіні нақты бұзу күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша ескерте отырып, шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы, мұндайда Орындаушы Тапсырыс беруші жасаған төлем көлеміне пропорционал қызметтер көрсетуді міндеттенеді.

2.3. Тапсырыс беруші:

  1. Орындаушыға жарнамалық материалды ТВ-ға орналастырғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімде беруді;

  2. жарнамалық материалға өзгертулер енгізу (телефондарды, мекенжайларды, лицензияларды, мөлшерлемелердің %-ын, лого және т.б. өзгерту) қажет болған жағдайда, жазбаша сұраныспен қатар тиісті өзгертулер өндірісі үшін қажет барлық жарнамалық материалды және жарнамалық материалдың бастапқы материалдарын (бір арнаға тоғыстырылмаған) беруді;

  3. жарнамалық материалды орналастыру көлемі мен мерзімдері өзгерген жағдайда, оның шығу күні дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Орындаушыны бұл туралы хабарландыруды міндеттенеді. Бұл өзгерістер осы шартқа қосымша келісім жасау арқылы енгізіледі;

  4. осы шартқа сәйкес орналастыруға берілген жарнамалық материалдың мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрі оларды орналастыру үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтарын бұзбайтынына кепілдік беруді;

  5. жарияланатын жарнамалық материалдың дұрыстығын қамтамасыз етуді;

  6. Орындаушы аралық (ай сайынғы) қабылдау-өткізу актілерін берген кезде, оларға алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қол қоюды не осы мерзімде Орындаушыға негізді ескертулер және/немесе көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актісінің жаңа мәтінін жіберуді міндеттенеді. Көрсетілген акті бойынша ескертулерді Тарап өзіне қол қоюға берілген актінің мәтінінде көрсете алады;

  7. шарт талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтердің ақысын уақытылы төлеуді;

  8. Орындаушы шарт бойынша міндеттемелерін толық әрі тиісінше орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Орындаушы салған шарттың орындалуын қамтамасыз етудің қайтарылуын жүзеге асыруды міндеттенеді.

    1. Тапсырыс беруші:

  1. Орындаушының осы шарт талаптарында көзделген міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асыруға;

  2. жарнамалық материалды орналастыру осы шарт және бекітілген Медиа-жоспар талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, наразылық (талаптар, ескертулер) білдіруге;

  3. Орындаушы берген эфирлік анықтамалар мен жарнамалық материалдардың шығу фактілерінің дұрыстығын тексеруге;

  4. Орындаушының кінәсінен орналастырылған жарнамалық материал шындыққа сәйкес болмаған жағдайда, Орындаушыдан шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалық материалдарға тиісті өзгертулер енгізу мен өзгертілген жарнамалық материалдарды Орындаушы есебінен орналастыруды, сондай-ақ бұрын телеарнаға орналастырылған шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалық материалдың теріске шығарылуын жүзеге асыруды талап етуге;

  5. Орындаушыны бұл туралы нақты бұзу күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын ескерте отырып, шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы, мұндайда Тапсырыс беруші шығыстарды растайтын құжаттар негізінде нақты көрсетілген қызметтер құнын толық төлеуді міндеттенеді;

  6. Орындаушы шарт бойынша міндеттемелеррін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс берушінің бұл туралы Орындаушыны нақты бұзу күнінен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын хабарландыра отырып, бірдақты тәртіппен осы шартты бұзуға құқығы бар;

  7. Орындаушы қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша дұрыс емес ақпарат берген жағдайда, шартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға және шығынның өтелуін талап етуге құқылы. (Орындаушы конкурсқа қатысуға арналған өтінімде тиісті құжаттармен расталған жергілікті қамту үлесін көрсетсе, осы тармақша көрсетіледі)

    1. Тараптар бірін-бірі осы шарт бойынша заңды мекенжай, банктік деректемелерге қатысты мәліметтердің, сондай-ақ осы шартта көзделген міндеттемелерді орындауларына ықпал ететін басқа талаптардың барлық өзгерістері туралы жазбаша хабардар етуді міндеттенеді.

2.6. Кез келген Тараптың көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актісіне қол қоюдан негізсіз бас тартуына жол берілмейді. Көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актісіне қол қоюды 10 (он) күнтізбелік күннен артық мерзімге негізсіз кешіктіру, Тараптың осы актіде көрсетілген талаптар мен ережелерге келісімін білдіреді.

Егер Тарап көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің осы аралық (ай сайынғы) актісінде баяндалған талаптармен және ережелермен келіспесе, ол бұл актіге негізді ескертулер жасай отырып қол қояды.
3. ҚЫЗМЕТТЕР ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
3.1. Осы шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы құны ҚҚС сомасы ескерілген ________ (______________________) теңге көлеміндегі соманы (бұдан әрі – Шарттың жалпы сомасы) құрайды.

Шарттың жалпы сомасы нақты және өсу жағына қарай өзгермейді. Барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ шартты орындауға байланысты басқа да мүмкін шығыстарды Орындаушы дербес өз есебінен төлеуі тиіс.

Егер қызметтер көрсету кезеңінде ҚҚС мөлшерлемесі ҚР салық заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес азаю жағына қарай өзгерсе, шарттың жалпы сомасы ҚР салық заңнамасындағы мұндай өзгерістерге байланысты көрсетілетін қызметтерді іске асырудан алынатын айналымның жаңа мөлшерлемесі бойынша ҚҚС сомасына тиісінше төмендетілуі тиіс.

3.2. Тапсырыс беруші төлемді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

Тапсырыс беруші төлемді көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актілеріне қол қойылған соң медиа-жоспарға сай жарнамалық материалдың айда нақты орналастырылған көлемінде көрсетілген қызметтер құнының сомасында Орындаушы нақты көрсеткен қызметіне дұрыс төлемге шот, шот-фактура және эфирлік анықтамалар берген күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде жүзеге асырады.

3.2. Шарттың жалпы сомасының 30% (отыз пайызы) көлеміндегі алдын ала төлем шарттың орындалуын қамтамасыз ету салынған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде төленеді. (Бұл тармақша отандық қызмет жеткізіп беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда көрсетіледі)
4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
4.1. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және шартқа сәйкес жауап береді.

4.2. Орындаушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушының шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған әрбір күні үшін Орындаушыдан шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде өсімпұл өндіреді.

4.3. Орындаушының кінәсінен орналастырылған жарнамалық материалдар шындыққа сәйкес болмаған жағдайда, Орындаушы шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалық материалдарға Тапсырыс берушінің наразылығына (талабына, ескертуіне) сәйкес тиісті өзгертулер енгізеді және шартта көзделген БАҚ-қа өзгертілген жарнамалық материалдарды өз есебінен орналастырады, сондай-ақ бұрын ТВ-ға орналастырылған шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалық материалдың теріске шығарылуын жүзеге асырады.

4.4. Орындаушы қызмет көрсетуден бас тартқан және/немесе қызмет көрсетуді шартта көзделген мерзімнен _____ күнтізбелік күннен артық мерзімге кешіктірген жағдайда, Тапсырыс беруші шарттың жалпы сомасының 10% (он пайызы) мөлшерінде айыппұл мен шарт бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының сомасын төлеуді талап етуге міндетті. Орындаушы Тапсырыс берушінің бұл талабын қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

4.5. Шарт талаптарында белгіленген мерзімдерде Медиа-жоспар берілмеген жағдайда, Тапсырыс беруші әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн ішін Орындаушыдан шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіреді. (бұл тармақша шартты орындау барысында медиа-жоспар дайындау көзделген кезде көрсетіледі)

4.6. Орындаушы Медиа-жоспардың, жарнамалық материалды орналастырудың талаптарын бұзған кезде Орындаушы Тапсырыс берушімен жарнамалық материалды орналастыру күні мен уақытын келісе отырып, өтемақы ретінде өз есебінен екі есе көлемде қызмет көрсетеді.

Орындаушы шарттың осы тармағының талаптарын бұзған кезде Тапсырыс беруші Орындаушыдан шықпаған (уақытылы шықпаған) жарнамалық материалдардың орналастыру құны мөлшерінде айыппұл өндіреді.

Осы тармақтың бірінші азатжолы Орындаушы Медиа-жоспарда көзделген уақытта шықпаудың әрбірін Тапсырыс берушімен келісілген басқа уақытта бір рет шығару арқылы өтейтін, құжатпен расталған телеарнадағы техникалық олқылықтар, телеарнаның тарату торының өзгеруі жағдайларында қолданылмайды.

4.7.Тапсырыс беруші шарт бойынша төлем мерзімін бұзған жағдайда, ол әрбір кешіктірілген операциялық күн үшін Орындаушыға төленуі тиіс соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде өсімпұл төлейді.

4.8 Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді уақытылы қайтармаған жағдайда, Орындаушы әрбір мерзімі өткен жұмыс күні үшін Тапсырыс берушіден шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіреді.

4.9. Шарт талаптарында көзделген жергілікті қамту бойынша есептілікті беру мерзімдерін бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін Орындаушыдан шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіреді.

4.10. Орындаушы жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін шарттың жалпы сомасының 5% (бес пайызы), сондай-ақ орындалмаған жергілікті қамтудың әрбір 1% (бір пайызы) үшін 0,15% (нөл бүтін жүзден он бес пайызы) мөлшерінде айыппұл төлейді. (Орындаушы конкурсқа қатысуға арналған өтінімде тиісті құжаттармен расталған жергілікті қамту үлесін көрсетсе, осы тармақ көрсетіледі)

4.11. Орындаушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші төлемді жүзеге асыру кезінде Орындаушының келісімінсіз тұрақсыздық айыбының сомасын өз бетінше ұстап қалуға құқылы.

4.12. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
5. ШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ САЛУ ТӘРТІБІ
5.1. Орындаушы шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шарттың жалпы сомасының 3% (үш пайызы) мөлшеріндегі шарттың орындалуын қамтамасыз етуді салуға міндетті.

5.1. Орындаушы шарттың жалпы сомасының 30% (отыз пайызыына) тең мөлшердегі мемлекеттік сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз етуді салуға міндетті. (Бұл тармақша отандық қызмет жеткізіп беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда көрсетіледі)

5.2. Орындаушы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:

1) Тапсырыс берушінің банктік шотына салынатын кепілдік ақша жарнасы;

2) банктік кепілдеме.

5.3. Тапсырыс беруші туындауына орай шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаратын осы шартта көзделген міндеттемелер туындағанша Тапсырыс берушінің үшінші тұлғалардың салынған кепілдік ақша жарнасының тұтас немесе бір бөлігіне талап қою құқығының туындауына апарып соқтыратын іс-әрекеттерді жасауына жол берілмейді.

5.4. Тапсырыс беруші Орындаушы салған шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ол шарт бойынша міндеттемелерін толық әрі тиісінше орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады.

Кепілдік ақша жарнасы Тапсырыс берушінің банктік шотына салынған жағдайда шарт Орындаушының шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты бұзылса, Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды. Орындаушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді банктік кепілдеме ретінде берген кезде шарт Орындаушының шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты бұзылса, Тапсырыс беруші Орындаушының банкіне шарт бойынша қамтамасыз ету сомасын төлеу туралы тиісті талап қояды.
6. ДҮЛЕЙ КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ
6.1. Тараптар жауап бермейтін дүлей күш жағдайлары, атап айтқанда: табиғат апаты, заңнама өзгерістері, соғыс, ылаңкестік актілер, Тараптарға тәуелсіз, еркінен тыс орын алған төтенше және тежеу мүмкін емес жағдайлардың орын алуы себебінен осы шарттың орындалуы мүмкін болмаған және бұл жағдайлар осы шарт бойынша міндеттерді орындауға тікелей ықпалын тигізген жағдайда, оларды орындау дүлей күш жағдайларының болу мерзіміне жылжытылады.

Дүлей күш жағдайларына шартты орындау үшін қажет тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің нарықта болмауы, басқа валюталарға қатысты ұлттық валюта бағамының өзгеруі және кәсіпкерлік тәуекелге жататын басқа да ұқсас жағдайлар жатпайды.

6.2. Дүлей күш жағдайларының әрекеті нәтижесінде міндеттемелерін орындау мүмкіндігінен айырылған Тарап дүлей күш жағдайлары орын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі Тарапты бұл туралы жазбаша хабарландыруы тиіс. Дүлей күш жағдайларының туындағаны туралы хабарландырмау, тиісті Тарапты шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату негізі ретінде көрсетілген жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

6.3. Жалпыға танымал сипаттағы дүлей күш жағдайлары қосымша дәлелдерді немесе хабарламаларды қажет етпейді. Дүлей күштің басқа барлық жағдайларын дәлелдеу мүдделі Тарапқа жүктеледі.

6.4. Дүлей күш жағдайлары туындаған күннен бастап қатарынан 60 (алпыс) күнтізбелік күннен астам уақытқа созылса, Тараптардың кез келгені шартты болжалды бұзу күнінен кемі 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын келесі Тарапқа бұл туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы шартты бұзуға құқылы. Мұндайда, Тараптар осы шарттың бұзылу күніне дейін барлық өзара есептесулерді жүзеге асырады.
7. ХАБАРЛАМА
7.1. Шартта көзделген хабарламалар жазбаша нысанда беріледі. Бұл хабарламалар алғанын растаған қолхат алу арқылы жеке қолға тапсырылады, сондай-ақ артынан жеке қолға не жіберілгені мен алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін басқа тәсілмен бере отырып телефакс арқылы жіберіледі. Шарттың осы бабына сәйкес берілген барлық хабарламалар:

1) жеке қолға, пошта немесе курьер қызметі арқылы тапсырылса - алған күні;

2) телефакс/телеграф арқылы жіберілсе және факсты алғаны туралы алушының жазбаша растауы бар болса - факсимильді хабарламада көрсетілген мерзімде алынды деп саналады.

7.2. Тараптардың мекенжайы, телефакс немесе телефон нөмірі, банктік деректемелері өзгерген жағдайда, олар бұл туралы бірін бірі мұндай өзгерістерден кейін 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарландырулары тиіс.

7.3. Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылған болса, Тараптар факсимильді байланыс арқылы түскен құжаттарды қабылдайды және мойындайды.
8. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
8.1. Тараптардың әрқайсысы осы шарт мәтінін, сондай-ақ Тараптардың осы шартты жасау кезінде және осы шарттан туындайтын міндеттемелерін орындау барысында бір-біріне берген және беретін бүкіл ақпарат көлемін құпия ақпарат (ал Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілетін шектерде - коммерциялық құпия) деп санауға келісті.

8.2. Тараптардың әрқайсысы осы шартты жасау кезінде және шарттан туындайтын міндеттемелерін орындау барысында рұқсат алған келесі Тараптың құпия ақпаратын ешқандай тәсілмен жарияламауға (үшінші тұлғалардың заңның тікелей нұсқауымен тиісті өкілеттігі бар жағдайларды не келесі Тарап құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге жазбаша нысанда келісім берген жағдайларды қоспағанда, кез келген үшінші тұлғаларға білдірмеуге) міндеттеме қабылдайды. Тараптар бұл міндеттемені осы шарттың қолданылу мерзімі ішінде және басқаша келісілмесе, қолданылуы тоқтатылған соң орындайды.

8.3. Тараптардың әрқайсысы келесі тарапқа шарттың осы бөлімін бұза отырып құпия ақпаратын жариялау арқылы соңғысына келтірген бүкіл шығынды толық көлемде өтеуді міндеттенеді.
9. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
9.1. Шарт, сондай-ақ шартта реттелмеген, алайда одан шығатын қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсініледі.

9.2. Тараптар арасында осы шарт бойынша немесе оған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөз арқылы шешіледі.

9.3. Келісімге келмеген жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.


1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconБАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚкж жабдығын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚызметтерін сатып алу бойынша ашық тендердің
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі Банк)
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconЖарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Жарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconАлдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алудың талаптары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница