Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі




Скачать 59.19 Kb.
НазваниеШымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Дата конвертации26.11.2012
Размер59.19 Kb.
ТипДокументы
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңдарына және бөлімнің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес жұмыс жүргізеді.

Бөлімде штат бойынша – 6 мемлекеттік қызметкер бар.

2012 жылғы 1 шілдеге бөлімнің және оған қарасты кәсіпорындардың жұмысын қамтамасыз етуге қалалық бюджеттен бөлінген қаржы 171393,0 мың теңгені құрайды, есепті кезеңге қаржыландыру жоспары бойынша кассалық шығыс 171374,8 мың теңге. Орындалуы 100 пайызды құрайды.

2011-2012 жылдары бөлімге облыс (179) және қала (277) әкімдіктерінен келіп түскен тапсырмалар уақтылы орындалып, жеке тұлғалардың өтініштеріне (605) заңда белгіленген мерзімде жауап берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, қолданыстағы заңдылықтар мен жалпыға бірдей құқықтық оқытуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары және сабақ өткізу кестесі белгіленген жоспарға сәйкес іске асырылды.
МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР

Ресми және көпшілік мәдени іс-шаралар ұйымдастырып өткізуге 2012 жылдың 6 айына 14447,0 мың теңге қаржы қарастырылып игерілді.

2011 жылы жоспарлы 9 мерекелік іс-шарадан басқа, «Тәуелсіздік мерейім» облыстық фестивалі, Ш.Қалдаяқовтың әндеріне арналған «Арыс жағасында» ретро фестивалі, қазақстандық «Диззий» және «Орифлэйм» сауда белгілерінің мерей тойлары, қала күнінің қарсаңында жас ақындардың мүшәйрасы ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылы ресми 5 мерекелік іс-шарамен қатар қалалық «Таңшолпан» би байқауы, «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу митингісі мен Рәміздер күніне арналған күніне» арналған іс-шаралар өткізілді.
ОНОМАСТИКА

Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасының 2 тармағында «Аудан әкімдерінің актпен бекітіп берген «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізілмеген геонимдерді (көше, даңғылдар, шағынаудандар, және т.б.) хаттамамен растап, 15 мамырға дейін ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз ету» жөніндегі тапсырмаға сәйкес Абай, Әл-Фараби, Еңбекші ауданы әкімдіктерімен қала аумағындағы көшелер, даңғылдар, шағынаудандарға түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде (Абай ауданы-333, Әл-Фараби ауданы-103, Еңбекші ауданы-33) қала бойынша негіздемесі жоқ 469 (көшелер, даңғылдар, шағынаудандар, және т.б.) хаттамамен расталды. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне негіздемесі жоқ 469 (көше, даңғылдар, шағынаудандар, және т.б.) толығымен енгізілді.

2012 жылғы 24 мамырдағы №1 хаттамалық тапсырманың 3.4 тармағындағы «Қаладағы атауы жоқ көшелерге атау немесе номер беру мәселесін зерделеп, ұсыныс берілсін» деген тапсырмасына сәйкес Абай, Әл-Фараби, Еңбекші ауданы әкімдіктерімен қала аумағындағы атауы жоқ көшелерге түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қаланың аумағында жаңадан қосылған: Ұлағат, Мирас, Нұртас, Бадам, Сәуле, Қайтпас, Ақжайық, Солтүстік-Батыс, Қызылжар-2, Ынтымақ-2 шағынаудандар бойынша атауы жоқ 176 көшенің бар екені анықталды. Бүгінгі таңда, «ҚР Мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасы туралы» ҚР Үкіметі қаулысының күші жойылуына байланысты көшелерге жаңадан атау беру немесе номер беру жұмыстарын мораторий алынғаннан кейін іске асыру мүмкіндігі болып отыр.
КӨРНЕКІ АҚПАРАТ

2012 жылы Шымкент қаласындағы маңдайша және сыртқы (көрнекі) жарнамалар мәтіндерінің ҚР «Тіл туралы» Заңы талаптарына сай ретке келтіру мақсатында ОҚО әкімінің орынбасары (Ә.Бектаев), ОҚО тілдерді дамыту (Б.Көмекбаева), ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармаларымен (Б.Әшірбаев) келісілген және қала әкімімен (А.Жетпісбаев) бекітілген жұмыс кестесіне сай жұмыстар жүргізілді.

Заң талаптарының сәйкестігіне мониторинг жүргізетін жұмыс тобының құрамына 2012 жылдың сәуір айында қайта өзгерістер енгізілді.

Жұмыс тобының құрамында ОҚО тілдерді дамыту, ОҚО сәулет және қалақұрылысы, Шымкент қалалық ішкі істер басқармаларының және ОҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің, «Нұр-Отан» ХДП ШФ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілген.

Жұмысшы топ үстіміздегі жылдың сәуір және мамыр айларында қаладағы негізгі 23 көшенің бойында орналасқан коммерциялық нысандардың маңдайша және жарнама жазуларының «Тіл туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкестігін зерделеу мақсатында 26 рет рейдтік шаралар жүргізді. Коммерциялық нысандардың жалпы саны – 2183 болса, оның ішінде Заң талаптарына сай келетіні 88 пайызды (1918) құрады.

Маңдайша және жарнама жазулары Заң талаптарына сәйкес келмейтін 265 нысанның басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 187 нысан ретке келтірілді. Заң талаптарын сақтамаған 78 коммерциялық нысан басшыларына ескертулер беріліп, олармен жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.

Сонымен қатар жаңадан іске қосылатын коммерциялық нысандарға қазақстандық мазмұндағы атаулар беру жөнінде және қала көшелерінде маңдайша, жарнама жазулары мен көрнекі ақпарат мәтіндерінде грамматикалық, орфографиялық, стильдік қателерге жол бермеу мақсатында 2011 жылдың 24 мамырында Шымкент қаласындағы 20 жарнамалық агенттіктермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, меморандумға қол қойылды.
ТІЛ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ

«Қазақ тілін оқыту, салт-дәстүрді және өнерді насихаттау орталығының» жұмысын қамтамасыз етуге 2011 жылы - 26953,0 мың теңге, 2012 жылдың 5 айына – 11134,0 мың теңге қаржы бөлінді.

2011 жылы 71 топта -702 адам арнайы курстарда оқыса, 2012 жылдың 5 айында 36 топта 377 тыңдаушы тіл оқыту курсында оқыды. Оның ішінде қарапайым деңгей бойынша 8 топта - 94 адам, жалғастырушы деңгейдегі 1 топта -8 адам, базалық деңгейдегі 1 топта - 12 адам, орта деңгейдегі 2 топта – 32, ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді оқыту топтарындағы 13 топта -148 адам, ағылшын тілі бойынша 12 топта -101 адам. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер -168, азаматтық қызметшілер – 209 адам.

Шымкент қаласы бойынша мақсатты индикаторлардың орындалуы туралы мәліметті ай сайын ОҚО тілдерді дамыту басқармасына жолданады.

2011 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың саны – 309523 (74,0 %), орыс тілін – 317889 (76,0 %), ағылшын тілін – 65000 (11.2 %), үш тілді меңгерген – 60000 (10,4 %) құрап, жоспарға сай көрсеткіштер толығымен орындалды.

Ағымдағы жылдың 5 айында мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың саны – 321, орыс тілін – 350, ағылшын тілін – 450 , үш тілді меңгерген – 350 адамды құрады.

Мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін ақысыз оқытуды насихаттау мақсатында 2012 жылы бейнеролик түсіріліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.

ЗООБАҚ ТУРАЛЫ

Зообақтың жұмысын қамтамасыз етуге 2012 жылдың 6 айына 41662,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі уақытта зообақ жинағында 1500 жануардың 170 түрі бар. Оның ішінде 28 түрі «Қызыл кітапқа» енген аңдар.

2011 жылы Алматы, Қостанай және Көкшетау зообақтарымен жасалған келісімшарттардың негізінде аңдармен алмастырулар жасалып, нәтижесінде зообақ 40 жаңа аңның түрімен толықтырылды.

2010 жылы зообақ – Зообақтар мен Аквариумдардың Еуроазиялық Аймақтық Қауымдастығының (бұдан әрі – ЗАЕАҚ) мүшелігіне қабылдануына байланысты зообақта жүргізілетін қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге ЗАЕАҚ-ының бас сәулетшісі тартылды. Құжатты әзірлеу барысында ЗАЕАҚ-ының талаптары мен ұсыныстары толық енгізілді.

Зоологиялық саябақты қайта жаңғырту бойынша жобалық сметалық құжат әзірленіп 2011 жылдың қазан айында мемлекеттік сараптамадан өтті. Қайта жаңғырту жұмыстарына жұмсалатын 897 904,0 мың теңге қаражатты 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасарының (Б.Оспанов) қолымен ҚР мәдениет министрлігіне хат (2012 ж. 26 қаңтар № 15/199) жолданды.
КІТАПХАНАЛАР ТУРАЛЫ

Қала кітапханаларының жұмысын үйлестіруге - 2012 жылдың 6 айына - 94947,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.

Кітапханалардың кітап қорын толықтыру және жаңарту үшін 2012 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 1300,0 мың теңге қаржыға - 600 дана кітап алынды.

Кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында «Рабис» бағдарламасын орнату үшін қалалық бюджеттен 2011 жылы 9,5 млн. теңге бөлініп, көпшілік кітапханалар жүйесіне 20 дана компьютер, балалар кітапханалар жүйесіне 14 дана компьютер сатып алынып, «Рабис» бағдарламасы орнатылды. 34 компьютер толығымен интернет желісіне қосылды.

2011 жылдың маусым айында Абай және Гайдар орталық кітапханаларына және №2 және №11 кітапхана бөлімшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің ЖСҚ-сын дайындауға 11500,0 мың. теңге бөлініп, 2012 жылға күрделі жөндеу жұмыстарына – 56 512,0 мың теңге қаржы қарастырылды.

Күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 16 кітапхана бөлімшелерінің ЖСҚ-сын дайындауға 2012 жылға – 24190,0 мың теңге қаржы қарастырылды.

Ағымдағы жылдың 6 айында кітапханалар жүйесінде оқырмандардың қатысуымен 550 іс-шаралар; дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар, тақырыптық кітап сөрелері, кездесулер, радиохабарлар және т.б көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Бөлім бастығының

міндетін атқарушы Р.Айғазиева

Похожие:

Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі iconКурчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі
Курчатов қаласында 3 мәдениет объектісі бар: қалалық кітапхана, қалалық мәдениет үйі, Достық үйі
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі iconУспен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
Успен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қол жетімді қызметтер көрсету;...
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі iconШымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «18» мамыр
«Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын...
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі iconҚызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының 2012 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі атқарған жұмыстары жайлы
Атап айтқанда, басқармада 2012 жылдың 10 қаңтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңнамасын орындау бағытындағы мекеменің іс-шаралар...
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі iconСатып алынатын жұмыстардың техникалық спецификасы Павлодар облысы “ Ақтоғай ауданының әкімдігі, Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет
Павлодар облысы “ Ақтоғай ауданының әкімдігі, Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет, халық шығармашылығы...
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі iconАбай ауданының ішкі саясат бөлімінің 2011 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауларынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Басты мақсат Жолдауды халыққа...
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі icon2011 жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылуы туралы және 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандарға ақпарат
С. Ф. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Сарбасов Қ.Қ. мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныктыру және...
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі icon2010 жылғы нашақорлық пен есірткі бизнесіне күрес туралы қалалық Комиссияның жұмыс Жоспары
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жастардың бос уақыттын ұйымдастыруы және нашақорлыққа қарсы насихат өткізу туралы жұмысы
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі iconКонкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы
Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаков қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мм жанындағы «Қалалық мәдениет және спорт орталығы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница